Апат түрлері және олардың Жер шары бойынша таралуы



бет3/3
Дата04.03.2022
өлшемі2,52 Mb.
#134297
1   2   3
Байланысты:
1срс

Германиядағы су тасқыны

Германияның батысындағы Рейнланд-Пфальц және Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық өңірлерінде сел және су тасқыны салдарынан көз жұмған адам саны 156 адамға көбейді.

Су тасқыны салдарынан жүзден астам адамның өлімі расталды. Тағы мыңға жуығы хабар-ошарсыз кеткен. Билік олардың саны аз болуы мүмкін екенін айтады. Алайда жолдарды су басып, ұялы желінің болмауына байланысты көптеген адамдар зардап шеккен аудандарда тұратын туыстарымен хабарласа алмай отыр.

ТАИЛАНДТАҒЫ ІРІ СУ ТАСҚЫНЫ

2011 жылы Таиландтағы су тасқыны - 2011 жылдың шілде-қыркүйек айларында Тайландтың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық провинцияларында, Таиландтың орталық ойпаты арқылы су келген, соңғы 50 жылдағы ең күшті маусымдық муссондық жаңбырдан туындаған табиғи апат (тасқын су тасқыны). Бангкокке. Жалпы, Таиландтың 76 провинциясының 65-і және 13 миллионнан астам адам зардап шекті.

Қазақстандағы су тасқындары

Ақпан және наурыз айларында күннің күрт жылуынан далада жатқан қар ериді. Атап айтқанда, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында тауда жатқан қардың еруінен және өзендердегі мұздардың еру процесінен бірінші су тасқыны кезеңі жүре бастайды. Келесі кезең наурыз айының аяғы мен сәуірдің басында Қазақстанның орталық аймақтарында басқалады.

2022 жылы еліміздің Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны жағдайы күрделі болады деп болжап отырмыз. Ал Қазақстанның оңтүстігінде жағдай әзірге тұрақты. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында жауын-шашын нормадан төмен.

2010 жыл. Наурыздың 11-інен 12-не қараған түні Алматы облысы Қызылағаш ауданында бөгет бұзылып, бірнеше елді мекенді су шайып кетті. 42 млн текше метр су арнасына сыймай, 45 адамның өмірін қиды. Бұл – елімізде соңғы он жылда болған ең ірі апаттардың бірі. Қайғылы оқиғадан кейін стратегиялық нысан мемлекет меншігіне өтті. Ал араға жеті жыл салып, Қызылағаш су қоймасы қайта қалпына келтіріле бастады.

2010 жыл. Наурыздың 11-інен 12-не қараған түні Алматы облысы Қызылағаш ауданында бөгет бұзылып, бірнеше елді мекенді су шайып кетті. 42 млн текше метр су арнасына сыймай, 45 адамның өмірін қиды. Бұл – елімізде соңғы он жылда болған ең ірі апаттардың бірі. Қайғылы оқиғадан кейін стратегиялық нысан мемлекет меншігіне өтті. Ал араға жеті жыл салып, Қызылағаш су қоймасы қайта қалпына келтіріле бастады.


2011 жылдың көктемінде Батыстағы 13 ауыл су астында қалды. Тілсіз жау Зеленый, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарын шырғалаңға түсірді. Су деңгейі күрт көтеріліп, баспаналар тұруға жарамсыз болды. Айдың-күннің аманында далада қалған тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл оқиғадан 2500-ге жуық адам зардап шекті.

2014 жылдың 31 наурызында Қарағанды облысы Көкпекті ауылында бөгет жарылып, қызыл су елді мекенді шайып кетті. Салдарынан 650-ге жуық үй қирап, 5 адам көз жұмды. Ірілі-ұсақты мыңға жуық мал қырылды.

  • 2014 жылдың 31 наурызында Қарағанды облысы Көкпекті ауылында бөгет жарылып, қызыл су елді мекенді шайып кетті. Салдарынан 650-ге жуық үй қирап, 5 адам көз жұмды. Ірілі-ұсақты мыңға жуық мал қырылды.
  • Ал 2017 жылы Қазақстанның бірнеше өңірінде су тасыды. Қыс бойы қалың қар түсіп, жауын-шашынның көп болуынан Атбасар қоймасындағы су арнасына симай бөгетті бұзды. 400 үй қирап, 1500 жуық адам құтқарылды.
  • Дәл осындай жағдай ақтөбеліктердің де басынан өтті. Өңірдегі 600-ге жуық саяжай мен аулаларды су басты. Облыс орталығында төтенше жағдай жарияланды. 2017 жыл солтүстікқазақстандықтардың да есінде қалды. Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, 120 үйге зақым келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет