ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
№ апта
|
Дәріс тақырыбы және тезистер
|
Сағат көлемі
|
№ 1
дәріс
|
№ 1 ДӘРІС. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. Ерте замандағы дене тәрбиесі.
2. Орта ғасырдағы дене тәрбиесі.
3. Капиталистік кезеңдегі дене тәрбиесі.
Дене тәрбиесі дамуының тарихи тәжірибесі және адамның дене дамуын зерттеудің эксперименталды әдістері, дене қызметінің ой қызиетіне қатысын айқындау дене тәрбиесінен білім берудің өскелең ұрпаққа қатысты мақсаты мен мәнін айқындауда көптеген ғасырлар бойы жол берілген қараңғылық пен негіздікті жоюға көмектесті.
Дене тәрбиесінен білім берудің даму тарихындағы ғылыми кезең өзге тарихи кезеңдерден басқаша. Ең басты айырмашылықтары: 1) ақиқатты тексеріп, айқындау үшін сан алуан әдістерді қолдану; 2) тәрбиелеу мен үйретуде тұлғаның құқықтарын мойындау.
XVI жүзжылдықта дене тәрбиесі педагогика мен спортқа қатысты ғылыми ақиқатты жасау кезіңінде, осы шыңдықты іздеп табуға бел байлаған батыл ойшылдар, данышпан тұлғалар пайда болды. Бүгінгі білім биігінен қарағанда, олардың тәжірибелері оймен тану дәрежесінде болғанымен, адамға «жоғарыдан» берілетін терең, «жұмбақ сырлы» даналығы да жоқ емес.
Бұл ойшылдар мен ғалымдардың өзара тек олардың ішкі көңіл-күйлеріне ғана бағынған. Олар бір елден бір елге өз білімін, пәлсапалық ойларын, ғылыми ізденіс тәжірибелерін арақалап өте берген. Өмірі табиғи өліммен аяқталғандары сирек. Көптеген данышпан тұлғалардың есімдері, көрген азаптары мен еңбектері Помпонацийден Джордано бруноға дейін философия тарихынан, медицинадан және әдебиеттерде жазылған шығармаларда қалған.
Үш ойшыл Бэкон, Декарт және Спиноза ақиқаттармен зерттеулердің объективті әдістері жинағынан тұратын ғылым құрған. Бұл ғылымның әсері Исаак Ньютон мен Джон Локктың дүние тануында айқын із қалдырған. Тәрбие және дене тәрбиесінен білім беру саласында Джон Локк есімі ерекше маңызды.
Джон Локк 1632 жылдың Урингтон қаласында туылған. 14 жасқа дейін әкесінің тәрбиесінде болады. Классиккалық білімді Вестминстерская коллегиясында алды. Бұл жерде ол өз дене дамуына көп уақыт бөлді: доп, крокет ойнап, жұгірумен, ескек есумен айналысты. 1652 жылы Локк Оксфорд университетіне оқуға түсті. Бірақ 1683 жылы саяси себептер салдарынан университетті бітірмей, ол өз елінен кетіп, Голландияға қоныс аударуға мәжбүр болады.
1690 жылы ол «Балаларды тәрбиелеу жөнінідегі ойлар» деген педагогикалық шығармаласын басып шығарды. Мұнда ол тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін зерттеп, білім беруді баланың қабілеттері және бейімділіктеріне орай бағыштау қажет деген негізгі ойын білдірді. Локктың пікірінше, жеке беімділіктер ойын кезінде айқынырақ ашылады және оны не мазалайтынын білу үшін, локк тәрбие процесінде кездойсоқтық пн өзімбілермендіктің болмауы тиіс, тәрбиенің барлық шаралары негізделуі керек деген пікір білдіреді.
Тәжірибе және бақылау кезінде Локк өте пайдалы кеңестер берді: балалр қыста да өте жылы киінбеуі керек, бас киімсіз, жаяу көп жүру, күнделікті мұздай сумен жуыну пайдалы.
Жан-Жак Руссо айтқан педаггикалық ойлар өз нәтижесін берді: Германияда «филанторпиндер» мектептері ашылды, онда тәрбиелеу жүйесі еі алдымен тәрбиеленушіге мейіріммен қарауға негізделген. Мұнда алғашқы мектеп Дессау қаласында 1774 жылдың 24 желтоқсанында ашылған.
Дене жаттығуларын оқыту Г. У. Фитқа тапсырылған еді. Ал ол Гутс- Мутспен бірге неміс гимнастикасының негізін қалаған.
Г. У. Фит 1763 жылдың 8 қаңтарында Гооксилде, Евердің Ангальт-Церь қожалығында туылған. Ол княздік жоғары мектебіне ұстаз болып 1786 жылы ьтағайындалған. 1799 жылы Дессаудағы барлық мектептердің директоры болды.
Өзінің гимнастикалық еңбектерінде Фит оқушылардың дене тәрбиесінен білім алуына зор мән беріп, жаттығулардың пайдасы мен әсерін негіздеген. «Дене жатттығулардың мақсаты,- дейді Фит, -барлық қимылдарды жасау және адам ағзасындағы оның жетілуіне қызмет ететін күштерді іске қосу, сөйтіп өз денесін қалыптастыруға жұмылдыру».
Гутс-Мутс Фитпен тығыз бірлесе отырып, Шнепфенталь мектебі жағдайында неміс гимнастикасының негізін қалады.
«Бәрінен бұрын- деп жазады Гутс-Мутс,- дене жаттығуларымен жоғары білім мекемелерінде, әсіресе біздің университеттерде танысыу тиіс. Себебі, оларды бітірген дінбасылары қала мен ауылдарға оқытушы ретінде жіберіледі. Басқа барлық қоғамдық топтарға гимнастика аса қажет, өйткені олардың денесі ең алдымен мемлекетке қызмет етуі керек. Бұл әсіресе жауынгерлерге қатысты. Жасөспірімдердің ептілігі мен шынығуын дамыту менің ұлттық тәрбие жоспарымның ең маңызды бөлігін құрайды».
Өз жүесінде Гутс-Мутс дене жаттығуларының білім берудегі мәнін арттыру үшін оларды топтаудың тектік әдісіне сүйенген. Бұл топтау мынадай ретте келеді:
Секірулер: бір орыннан (екпінсіз), жүгіріп келіп (10қадам).
Жүру мен жүгіру: гимнастикалық алым (минутына 50 адым); еселенген адым (10 адым); жүгіру жылдам адым (минутына 150 адым); жүгіру – жылдам, созылмалы, жыландап, тізбектеп, ұлулап, бұрыстылармен, өрге қарай (тауға).
Лақтыру: тастарды және тас шарларды лақтыру, тастарды төменнен құлаштап лақтыру; дискі, найза лақтыру.
Күрес: қарсыласты күрес орнынан ығыстыру; оны жерден көтеру; құлаштап жерге тастау ( осыған сәйкес, күрестің үш түрі ерекшеленген: жартылай шайқас, жеңіл шайқас, толық шайқас). Күрделі шайқас барлық үлгілерді біртұтас жиынтыққа біріктіру.
Өрмелеу: кедір-бұдыр сырықта, ағашта, жұмыр бөренеде, жіп сатыда, қанатта.
Тепе-теңдіктегі жаттығулар: бір аяқта және аяқ ұштарында тұру; жатқан ағашпен, жіңішке тақтай және қанат бойымен жылжу; ағаш аяқта жүру; конькиде жүгіру; параллель брустарда және әткеншекте жаттығу.
Бұған қоса жүру және жүзу жаттығулары.
П. Г. Клиас өзінің гимнастикасы бойынша- «Гимнастиканың бастапқы негіздері немесе «турнен өнері» атты тұңғыш шығармасы басып шығарды. Кейінірек Клиасс гимнастикасы бойынша бірнеше кітап жазған, олар Франция, Англия, Швейцария елдерінде басып шығарылған.
Жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, күресу, жүзу жаттығуларынан басқа, Клиасс өзінің сабақ беру жүйесіне жаңа: үшбұрышты трапеция үстіндегі жаттығулар; қиғаш тартылған параллель қанаттардағы, жіп сатыдағы сияқты жаттығулар енгізді.
Клиас қолданылатын дене жаттығуларының шеңберін кеңейтті де, соның арқасында гимнастикалық білім тарату саласындағы оқытушы қызметінің аясын кеңейтті. 1807 жылдан бастап дене жаттығулары барлық корольдік кадет корпустарына, теңіз және артиллерия оқу орындарына, азаматтық мектептерге енгізілді. Ал 1827жылдың басынан бастап дене жаттығуларымен 7 ден 15жасқа дейінгі ұлдардың барлығы айналысуы міндеттелді. 1813 жылы Нахтегаль дат үкіметінің алдында 1799 жылы-1830 жылдары аралығында гимнастиканың даму жағлайы жөнінде есеп берді. Есеп беру «Даниядағы гимнастиканың 1799-1830 ж.ж. енгізілу сәтінен ілгерілуі» деген тақырыппен жарық көрді. Нахтегаль мынандай еңбектерін басып шығарды: «Гимнастика әдістемесі мен лекцияларға алғыссөз», «Халықтық және қалалық мектептерге арналған гимнастика оқулығы».
Германияда дене жаттығулары насихаттауд, осы жаттығулардың ұлттық ерекшеліктерін көрсетуде үлкен ықпал жасаған Фридрих Людвиг Ян болды. Гимнастика дамуындағы Л. Янның ұлтшылдық ойлары осы нәннін теориялық негіздерін жасаудағы оның еңбегін еш кемітпейді. Ян әдісі бойынша жаттығулар бүкіл германияда таралды. Неміс университетінде олар кенінен таралды. 1817 жылы көктемінде Ян дене жаттығуларының ұлттық рөлі жөнінде өзінің 21лекциясын оқыды. Дәл осы жылы Киль және Иен неміс университеттері дирекциялары оған құрметті доктор атағын берді.
Ян параллель брустарда жасалатын жаттығуларды мынадай жолмен жүйелейді: а) тіреуіштегі жаттығулар; б) «сермеу» жаттығулары; в) ілініп тұрудағы жаттығулар; г) өз денесін брустардан асыра тастау жаттығулары; көлденен сырықта жасалаиын жаттығуларды ол 6 топқа бөлді; 1) ілініп тұрудағы жаттығулар, 2) тіреуіштегі жаттығулар, 3) «сырыққа сермеу»; 4) сырықта «отырған және жатқан қалыпта» жасалатын жаттығулар; 5) күрделі жаттығулар; 6) сырықта айнала асыра тастаумен немесе аударылып түсумен орындалатын жаттығулар. Көлденең сырық үшін Ян 335-тей жаттығу ойлап тапқан. Немістік мектеп гимнастикасының негізін қалаушылардың бірі- Адольф Шписс. Шписс жасөспірім шағында Оффенбах қаласындағы жекеменшік тәрбие мекемесінде оқыған. Сол кезде ол Гутс-Мутс және Янның дене жаттығулары жүйелерімен алғаш танысты. Шписс енгізген негізгі жаңалықтар оның «Гимнастика жөніндегі ілім. Еркін жаттығулардағы гимнастика»; «Жалпы жаттығулардағы гимнастика»; «Мектептерге арналған гимнастиканы үйрету құралы ретіндегі гимнастика бойынша кітап» деген іргелі еңбектерінде сипатталған. Оларда ол өзінің негізгі ойын көрсеткен: мектептерде қолданылатын дене жаттығулары балалар денесінің дамуы ерекшеліктерін, жынысын және жасын ескеруі қажет. Аталмыш еңбектерде баяндалған оқытушы Шпис әдісі ұлдар үшін де , қыздар үшін де жаттығуларды олардың жасына қарай білуді қарастырады. Бұл жерде Шписс дене жаттығуларын топтастырғанда барынша қарапайым етіп, мектеп талабына бейімдеген: алтыдан он жасқа дейін және оннан он алты жасқа дейінгілерге арналған жаттығуларды сипаттаған. Алтыдан он жасқа дейінгі балаларға төмендегідей оқу материалдары ұсынылған: реттік (саптық) және еркін жаттығулар; тепе теңдіктегі жаттығулар; тереңге секіру, сырықпен және «текеден» секірулер; тіреуіште және ілініп тұрып жасалатын жаттығулар; «ауыр салмақты жылжыту, көтеру және тасу» түріндегі жаттығулар: күрес, лақтырулар, жүзу және ойындар.
Оннан он алты жасқа дейінгі балаларға қиынырақ жаттығулар ұсынылған: саптық және еркін жаттығулардың күрделілеу формалары: билер, тепе-теңдіктегі жаттығулар, гантельдермен секіру, паралель брустарда, бөренеде және перекладинада орындалатын жаттығулар, «ат» және «текеден» секіру, сырықпен секірулер, нысанаға лақтыру, т.б. Шписс нағыз эмпирик еді. Ол балалардың ойы мен денелерінің жетілуіне әсер ету үшін неғұрлым көп дағдыларды, тәжірибелерді жан-жақты игеру қажет деп есептеді. Сондықтан жалпылама түсініктерді ө бетімен игеруге, жаттығуларды таңдаудың жалпы прициптерін, игеру әдістерін, орындау тәсілдерін тануға аз көңіл бөлді. Дене тәрбиесін оқыту тарихының ғылыми кезеңінде орын алған тағы бір құбылыс-дене жаттығуларының «швед әдісі» немесе «швед гимнастикасы» еді. Оның негізін қалаушы-Генрих Линг(1776-1839ж. ж ). Тәуелсіз, өткір мінезді бозбала Генрих Линг Вексода гимназияны тәмамдаған соң, бүкіл елді аралап Еуропаның көптеген қалаларында болды: Упсада, Стокгольмде бір көрініп, Берлин немесе Копенгагеннен бір шығып, 1797 жылдың 21 желтоқсанында Линг дін ілімі кандидаты дәрежесіне емтихан тапсырып, Стокгольмде үй оқытушысы болғаны белгілі; көп ұзамай ұстаздықты қойып Германия және Данияда саяхаттады; Франция мен Англияға да барды. Осы дүние кезу арасында ол әскери қызмет те атқарды.
Линг құрастырған швед гимнастикасы былай ерекшеленеді:
педагогикалық гимнастика (субъективті-белсенді);
әскери гимнастика (субъективті-пассив);
дәрігерлік (объективті-пассив);
дәрігерлік (объективті-белсенді).
Линг жүйесі бойынша дене жаттығулары сабақтары құрылымының қазіргі заманғыларға өте жақын екені П. Ф. Лесгафтың шығармасының мәтінінен көрінеді. «Мысал үшін өзім қатысқан бір сабақты суреттеп берейін. Бұл сабақты Яков әулиенің халақ мектебіне Зманн ханым жүргізді. 32 оқушы қыз болды. Сабақ 45 минутқа созылды. Тек еркін қимылдарда және жүруде олар бірге жаттықты, ал барлық басқа жаттығуларда олар 6-9 оқушыдан 4 топқа бөлінді»,-деп жазады Лесгафт.
1888 жылы П. Ф. Лесгафт өзінің «Мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесі білімін беру бойынша құрал» атты іргелі еңбегінің бірінші бөлімін, 1901 жылы екінші бөлімін жарыққа шығарды. Лесгафт құрған бүкіл дене жаттығулар жүйесі балалармен жұмыс істегенде гимнастикалық мәселелермен қатар дене тәрбиесі білімін берудің маңызды мәселелерімен шешіп отыруды көздейді. Ол мұндай мәселелер өзіндік білім беру бағыты бар арнайы дене жаттығуларын үйрету жолымен шешіле алатынын меңзейді. Оқушының рухани өсуі, денесінің жетілуі факторлары ретінде дене жаттығулары шартты түрде былайша бөлінеді:
қарапайым жаттығулар;
күрделі жаттығулар;
үйлесімді жаттығулар;
жүйелі, кешенді жаттығулар.
|
2
|
№ 2
дәріс
|
№ 2 дәріс. Дене тәрбиесі бойынша білім берудің әлемдік білім беру кеңістігі мен бірлестігі
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі
саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты. Қазіргі кезеңде жалпы орта мектептердегі оқу бағдарламаларын құрастыру бағыт-бағдары өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп оқушыларын қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар көрсетілген. Денені шынықтыру жаттығуларының орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады. Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды дайындаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр. Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін- өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.
Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:
а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс;
ә) сабақ барысында әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше қатпарлы әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі қажет;
б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс.
Дене жүктемелерін бірте-бірте және жоғары деңгейге арттыру ұстанымы олардың көлемі мен қарқындылығының, оқушыны дайындауға қойылатын талаптардың бірте-бірте күрделенуінің үздіксіз арта түсуімен байланысты болып келеді.
Сабақтарды бір-бірте күрделендіру оқушыны дайындаудың мүмкіндіктері мен деңгейлеріне сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта түсуін қамтамасыз етуі тиіс. Дене жүктемелерінің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың динамикасының толқынды сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алғанда оқу – тәрбие үдерісінің кіші-гірім үзіндісіне, немесе сабақтардың кезеңдері мен тұтас бір дәуіріне де тән болуы мүмкін.
Спорттық техника мен оны жаңа тұрғыда жетілдіруге үйрету әдістерінің кез-келген түрінің жағымды жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді үйретуді толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан спорттық техниканы меңгеру барысында барлық әдістер бірін-бірі толықтыратын түрде қолданылады. Олар жиірек бір уақытта пайдаланылады.
Қимыл-қозғалыстарды белгілі реттілікте игеру. Атап айтқанда: дайындалып жүрген оқушылардың оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру; қозғалыс қимылының мәні туралы білімді қалыптастыру; әрбір спорт түрлері бойынша үйренетін қозғалыстар туралы толық түсінікті қалыптастыру; үйренетін қозғалыс қимылын тұтастай игеру. Сөйтіп, қимылға үйрету дегеніміз - бұл білім алу, қозғалыс икемділігін қалыптастыру және тиісті дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін тәрбиелеу.
Талдау, жалпы білім беру мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басқаруға білім беру мен спорттық мекемелерге тән құрылымдар - мақсат, жалпы және арнайы (арнайылық) міндеттер, әдістер мен қағидалар, оқу кеңістігінде жүзеге асатын, нақты бағыттылығы бар, оқу материалының теориялық және тәжірибелік мазмұны кіретінін көрсетті. Оқушы-спортшының осы білім беру кеңістігіндегі таңдаған жолының басы, мектептегі оқу мерзіміндегі бастапқы кезеңнің де нақты құрылымы немесе мазмұны болады.
Дене тәрбиесі сабағында оқытудың дәстүрлі емес құралдарын қолдану барсында оқушылардың дене тәрбиесін дамыту технологияларын жетілдіруге; дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге, дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның психофизиологиясын өзгеруге: өзін-өзі реттеуін қалыптастыру; дене тәрбиесі сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы жетілдіру; дене қабілетін рухани құндылықтар арқылы дамыту; релаксация арқылы жеке тұлғаның психофизиологиялық қабілеттерін дамыту; психикалық қуат мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастырып дамытуға т.б. қол жеткізуге болады.
|
2
|
№ 3
дәріс
|
№3 дәріс. Дене шынықтыру және спорт саласындағы заманауи маманның қызметіне қойылатын талаптар
Мектептегі ұжымдық жүйенің құрылымы - мұғалімдер коллективі, оқушылар коллективі - жеке сынып, түрлі үйірмелер бірлестігі тұрғысында топтасады. Ал дене шынықтыру мұғалімінің міндеті - жалпы мектептік және сыныптық ұжым қалыптастырып және оның әдістемелік жолдарын шешеді. Ұжымдық дамудың деңгейі, сипаты педагогтің қоятын талабына үйлесімді өрістейді. Дене шынықтыру мұғалімі алдымен ұжымның өмірін ұйымдастырады, топта не істелуге тиісті екендігін түсіндіріп, мақсатты айқындап, міндетті шешкеннен кейін оның жүзеге асып орындалуын талап етеді. Бұл дене шынықтыру мұғалімінің бірінші кезеңде атқаратын ісі болса, екінші кезеңде топтағы активті қолдап, қойылатын талапты орындаудағы олардың белсенді әрекетіне сүйеніп, жолдастарына әсер етіп, ықпал жасауына мән береді. Ал үшінші кезеңде іріктелген белсенді топ өзіне де, басқаларға да талап қойып белгіленген міндетті жүзеге асырып, оны орындаудың тиімді жолдарын да іздестіреді және әркімнің іс-әрекеттегі шама мүмкіндігіне де мән береді. Коллективтік үрдіс барысында олардың өзіне және топтағы басқалардың да бір-біріне деген қарым-қатынасы жетіліп, тиісті дәрежеде дәстүрлік таным-түсінік, бәріне ортақ құндылықтар дамиды.
Ұжымды құру мен оны тәрбиелеудің әдістемесі оқушыларды бірлескен іс-әрекетке тарту болып табылады. Бірлескен іс-әрекет оларды топтастырып, еңбектену барысындағы бірлігі нығайып, ынта жігері өрістейді. Болашақта жалғастық табады. Ол үшін мына мәселелерге мән беру керек: қойылатын талапты орындау оқушының қолынан келетіндігіне сенім білдіріп. жүзеге асырылатын міндетке байланысты ережелер мен оның деңгейін ұқтырып, иландыра білу басты шарт. Ұжым мүшелеріне әсерлі ықпал етерлік оқушылар активін құрғанда оларды психологиялық жағынан демеп, консультация беріп, түрлі тәжірибелерді таныстырып, ұйымдастыруға бағдар сілтеп, атқарған істерін қадағалау қажет. Ұйымдастыру ісіне ертеңгі үмітке былайша айтқанда перспективаға назар аударылуға тиіс мұның теориялық негіздері мен практиклық жолдары А.С.Макаренко еңбектерінде жан-жақты сипатталган. Ұжымның дамуын ұйымдастыру жүйесі бүгінгі, ертеңгі, болашақтағы әрекет нәтижесіне негізделсе, тұлғаны ынталандырып, іс-әрекетке деген олардың кұлшынысын жебеп жігерлендіреді. Педагогикалық кағидаға саналарын егіз ықпал, яғни параллелдік әсерді де естен шығармаған жөн. Мысал үшін айталық, оқу жылын аяқтау құрметіне бірнеше күнге созылатын саяхат өткізілетін болды делік. Мұндай жағдайда педагогтің тікелей әсері ғана емес, онымен қосарлана атқарылатын қоғамдық ортаның талабы егіздесе келіп, параллелдік ықпал етеді. Оқушының егіз ықпалға риза болмағанның өзінде дөрекілік көрсетпей, ұжымның талап тілегіне үйлеспейтін кейбір ауытқулар болған жағдайда да төзімділік көрсетуге және оған шыдай білуге баулу керек. Егіз ықпал қарым-қатынаста әдептілік көрсетіп, ұстамды болумен қатар ынтымақтылық ниетті тілейді. Сондай-ақ оқушының алған тәрбиесі тағылымдық өнегені білумен ғана шектелмейді, меңгерген дәстүрлік тағылымын нақты жүзеге асыру, іс-әрекет барысында түрлі ереже талаптарын орындау кезінде ұқыптылық сақтай білетін әрекетінен көрінеді. Педагогтің өз тарапынан әрбір оқушыны қорғап, қолдап сеніммен қарай білуі, оларды жігердендіріп қандай күрделі тапсырманы да өздігінен орындауға ықыластандырады. Қазіргі оқу орындарында ұжымдық тәрбиені өркендетерлік және тұлғаның тәлімдік өнегесіне бағдар беріп басшылық жасап дербестігін дамытарлық жол жетерлік. Атап айтқанда, оқушының білім алу саласындағы еңбек түрлері, қоғамдық жұмыстар, көркемөнер, спортқа байланысты іс-әрекеттері, түрлі саладағы үйірмелер мен өнімді еңбекке барар жолдар баршылық.
Оқушылар ұжымындағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С.Макаренко еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. Ол ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді. Олар: ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.
Балалар ұжымы алғашқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Балалар ұжымы деп мақсатты бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-әрекет негізінде оқушыларды біріктірудің ұйымдастырушылық формасы деп түсініледі. Мұндай іс-әрекет оқушылар үшін ең алдымен оқу іс-әрекеті болып табылады.
Оқушы ұжымының бірнеше кезеңдері бар. Ұжымды дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайтадан келген балалар жинақталған “құрама сынып” оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан оқушылар ұжымымен жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.
Айтылған кезеңде дене шынықтыру мұғалімі сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып белсенділері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады.
Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.
Балалар ұжымының дамуының үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділердің мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруының жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.
Ұжымның барлық даму сатыларында мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болатындығында.
Педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктерін жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, біртұтас педагогикалық процестің нәтижелілігі “педагогтар-оқушылар” жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. “Оқушы” жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. “Оқушылар” жүйесінде қарым-қатынас “педагогтар-оқушылар” жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады.
Ұстаздың ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара қарым-қатынас өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.
Дене шынықтыру мұғаліміне, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет: Оларға жататындар.
Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалану.
Мектепте және мектептен тыс уақыттарда алғашқы ұжымды басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.
Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа (сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ықпалдасу жүйесі) жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
Алғашқы (сыныптық) ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін-өзі басқаруды үйрету.
Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.
Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдану.
Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күштерінің және тәрбиелеу механизмдерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білім.
Мұғалімдердің балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Қайта құру кезеңінде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс-әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардың оған жауапкершілік, белсенділік, ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды.
Оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға оң көзқарас танытпайтындар да аз емес. Оның негізгі себебі ұйымдастырылатын жұмыстардың бірыңғайлығы, ондағы формальдылық, жұмыстың пайдасыздығының айқындығы, педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы белсенділігі мектепте ұйымдастырылатын жұмыстардың тиімділігіне, сұранысқа ие болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.
Тапсырмалар мұғалім тарапынан емес белсенді топ мүшелері, сынып ұжымы тарапынан берілуі тиіс.
Негізгі тапсырмалар сабақта және сабақтан тыс орындалатын жұмыстарға байланысты берілуі қажет; мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушылардың өздері таңдағандары орынды. Орындалған тапсырма мен оның орындалу сапасы жөнінде ұжым алдында есеп берілуі қажет.
Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі, әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындаған жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандық, жоспар жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің маңызы ерекше.
|
2
|
№ 4
дәріс
|
№4 дәріс. Дене шынықтырудың және спорттың біртұтас педагогикалық үдеріс құрамындағы мәні
Педагогика ғылым ретінде өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту–тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым ( категория) ,заңдар,заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту–тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.
Педагогикалық ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады.
Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибенің өсіп келе жатқан мұрагерлердің меңгеруіне байланысты. Тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады әлеуметтік тәжірибенің меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары болып саналады.
Жоғарыдағы педагогикалық процестің төмендегідей заңдары болатындығын айтуға болады.
1. Бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері – тек қана өзінің белсенді творчестволық шығармашылық іс - әрекетінің арқасында ғана бола алады;
2. Индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік–азаматтық дәрежесі бар тұлға.
3. Мұғалімдер мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс - әрекеттері.
Педагогикалық процестің заңдылықтары ол оның мәндік ерекшеліктері болады. Ол, ең алдымен, педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымының ерекшеліктері неде деген ұғымды түсіну керек.
Қандай да болмасын қиыншылықтарды кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып,оның жалпы құрылымын көре алады. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы біртұтас педагогикалық процестің жүйелі-құрылымдық сипаттау алда болатын іс-әрекеттің ойша моделін жасауға нақтылы жағдайды ескере отырып, “ұстаздар – оқушылар” жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады. Педагогикалық процестің белгілері болады. Оған жататындар:
1. Жүйенің жалпы мақсаты ,оның қызметі атқаруы тиімділік сипат әкелді;
2. Өзара тәуелді компонентерден бөліктерден тұрады;
3. Жүйенің белгілі бір қоры.
4. Жүйенің ішкі құрылымы
5. Ішкі қайшылықтар есебінен жүйенің дамуы.
6. Басқару орталығы
Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарымен көрінеді. Процесс ( латынның processus - қозғалыс) алға басу, жағдай, белгілі бір нәтижеге жетудегі бірізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген “процесс”деген ұғымның мағынасы “ұстаздар–оқушылар” жүйесіндегі түпкі мақсатқа бірізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуі керек.
Педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады.
Қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнын іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамгершілік факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі, маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтанда процестің бөліктері “ұстаздар мен оқушылар” жүйесінің құрамы және олардың іс-әрекетінің бөліктері болады.
Мақсат –идеал немесе іс-әрекеттің нәтижесінің өте оңды тамаша моделі аралық мақсаттарға жету арқылы қол жетеді, оларды мақсат-міндеттер деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сай мақсат идеалға жету осы нақтылы бөлікке шешуге көздейтін кейбір шартты сатыларға бөлумен байланысты.
Мақсат–міндеттер арасындағы айырмашылықтарына қарамастан міндеттер қойылған мақсат бағытында жасалған ерекше қадам болады және белгіленген нәтиже алу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Ұстаз үшін оқушылармен бірге тек қана қандай нәтижелерге жетудегі қозғалыс қайтып ұйымдастыру ғана емес, сонымен бірге алда істелінетін жұмыстың (не істеу керек) міндеттерін мұқият үйілестіру арқылы қойылған мақсатқа саналы қозғалысын қамтамасыз ету өте маңызды.
Педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған іс-әрекет олардың творчестволық белсенділігін қалыптастыру жағдайы. Әдеттегі іс-әрекеттер түрлері қарым - қатынас; ойын, еңбек ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондықтан педагогикалық ықпал деңгейінің қалыптасу барысындағы тұлғаның ортамен (тек қана әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық , рухани) алдын–ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу. Бізге тұлғаның қалыптасуы іс-әрекет барысында қалыптасуындағы , іс-әрекет қандай болса тұлға да сондай. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бірғана іс-әрекет маңызды болып қалмайды, іс-әрекеттің маңызын барлық адамның саналы өмір кезеңдерінде байқауға болады.
Бұл айтылғандардан мынадай қорытынды жасаймыз:
қандайда болмасын аяқталған салыстырмалы мектеп жұмысының формасы болатын уақыт жағынан шектелген педагогикалық процесте ( сабақ, экскурсия , мектеп кештері және т.б.) жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлі құралдарының қарым-қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б. объективтік алғы шарттарын көруге болады;
комплексті түрде педагогикалық ықпал ету құралын қолдану мақсатпен міндеттерді мұқият үйлестіруді жұмыстың барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек жетекші, негізгі, өзекті іс-әрекетті анықтауды талап етеді;
Педагогикалық процесс компонентерінің ерекшеліктерін талдау олардың арасында ішкі бірліктері мен өзара байланыстылығының бар екендігі көрсетіледі, ол ескерілмейінше педагогикалық процестің жүйе ретіндегі құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес. Бұл әрине бөліктер арасындағы байланыстар анықтаумен бірге, белгілі бір нәтижеге әкелетін, яғни процеске тән заңдылықтарды ақылы білім жағдайларды да анықтауды шамалайды.
Педагогикалық процестің заңдылықтары дегеніміз “ұстаздар–оқушылар” жүйе байланысын көрсету болады: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер (мектепті қоршаған әлеуметтік орта , қоғам). Көрсетілген себеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін жағдай ,байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын, заңдылықтары анықталады.
Педагогикалық процестің негізгі мынадай заңдылықтары болады:
оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады;
педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетеді ,ол әлеуметтік тапсырыс ретіндегі,білім беру заңдары арқылы талап етіледі;
педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздармен оқушылардың өзара тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет;
оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі;
педагогикалық процестің қызметі оның жасалуымен ұйымдастырудың оқушылар коллективі, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты ;
педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі, олардың бір–біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір–біріне әсері бар;
педагогикалық процесс бір қас қағым сәттік емес,ұзақ мерзімге бағытталған;
педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады.
Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді,олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процесс негізгі жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу-тәрбие жұмысының сапасынан бағалауына әкеледі.
Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарын айқындалғандарды ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік–экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін мұғалімнің басшылыққа алуға тиісті сол анықтамаларды принциптері.
Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде творчестволық ықпал көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:
педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы;
іс-әрекеттің санамен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;
педагогикалық процестегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;
педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым - қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;
оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты (индивидуалдық) психологиялық физиологиялықты жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру;
педагогикалық басшылықты оқушылардың инициативасымен, қайраткерлігімен ұластыру;
оқушылардың іс-әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектеседі;
ұстаздардың, оқушылар ұжымының және отбасыларының оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі;
әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау.
Заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері өзара байланыста болады. Бұл өзара байланыстылықты процестің мәнінен оған қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді. Педагогикалық процестегі мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру моделі ретінде ұсынылады. Ол:
Н әтиже
|
|
Ұстаздар
|
|
Мақсаттар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М індеттер
|
|
Міндеттер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқу
|
Оқудан тыс
|
|
Оқу
|
Оқудан тыс
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мазмұн
|
Мазмұн
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ақыл ой
|
адамгершілік
|
еңбек
|
дене тәрб
|
заң
|
экономикалық
|
және т.б.
|
Ақыл –ой
|
адамгерш.
адамгерш
|
еңбек
|
дене
|
эстетика
|
Заң
|
экономика
|
және т.б.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Құрал
|
|
Құрал
|
|
|
|
|
|
|
|
қ арым- қатнас
|
ойын
|
еңбек
|
өнер
|
табиғ-ты қорғау
|
қарым- қатынас
|
ойын
|
еңбек
|
өнер
|
табиғ - ы қорғау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Формалар
|
|
Формалар
|
|
|
|
|
|
|
|
жеке
|
жеке еңбек
|
колл-в топтық еңбек
|
|
жеке
|
жеке еңбек
|
колл- в топтық еңбек
|
|
|
|
Ә дістер мен тәсілдер
|
|
Әдістер мен тәсілдер
|
|
|
|
|
|
|
|
Т апсырма
|
|
Оқушылар
|
|
Тапсырма
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалпы практикада мұғалімнің екі тәуелсіз оқыту және тәрбиелеу іс-әрекеттер саласы бар деп есептелінеді. Осыған сай мұғалім екі роль атқарады: пән мұғалімі және сынып жетекшісі. Оқытудың тәрбиелік мүмкіншілігін жоспарда қарастыру әрекеті көбінесе оқылатын материалдың мазмұнымен байланыстырады, немесе оқушыларда қайсарлықты, мақсаттылықты, жауапкершілікті және т.б. қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
|
2
|
№ 5
дәріс
|
№5 дәріс. Жеке тұлғаның дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану барысында дамуы
Ғылыми материалистік тұрғыдан қарағанда адам биологиялық табиғат перзенті. Іс-әрекет, қарым-қатынас, еңбектің, қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға ретінде танылады. Бұл жағынан мынадай төрт жүйені атап көрсеткен жөн:
1) Психикалық жаратылыс қасиеттері – жас ерекшеліктеріне қарай дамуы, темпераменті, болмыс бітімінің жетілуі.
Психикалық процесс – зейін, ес, ерік, ойлауы т.б.
3) Тәжірибенің өрістеуі – дағды, білік, әдет.
4) Танымдық бағдар алуы – көзқарас, қызығушылық, ынта-ықылас.
Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғары сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым-қатынас иесі. Демек, оның іс-әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайға да тәуелді. Осыған байланысты тәрбие беру мақсатын анықтап, оның мазмұнын, ұйымдастырудың нақты жолдары мен әдістерін белгілеу – тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды мәселе. Тәрбиенің ықпалды әсері барысында тұлғаның рухани және дене қабілеттері дамып, эстетикалық танымы, сезімі жетіліп, дүниеге деген көзқарасы өрістейді. Ал көзқарастың дамуы – дүниенің даму заңдылықтарын терең ашып, өзінің оған деген қарым-қатынасын белгілеуге жол ашады. Сонымен, адамның жалпы дамуына өзара екі бағыт –биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.
Тұлғаның дамуы – педагогика мен психологиядағы ең басты категорияның бірі. Даму заңдылықтарын психология психиканың дамуы деп түсіндірсе, педагогтар адамның дамуына мақсатты түрде басшылық жасау деген теорияны ұсынады. Сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен тұлғаның дамуы сапалық және сандық үрдіске түседі. Тұлғаның өзгеруі оның жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды меңгеріп қарым-қатынас жасауға араласа бастаудағы тәлім-тәрбиесі мен өнегесіне байланысты. Оның басты салалары мынау:
Денесінің өсуі – бұлшық еттерінің жетіліп, барлық дене мүшелері өркен жайып, пішін болмысы дамиды.
Психикалық дамуы – ойлау, қабылдау, зейін, ес т.б.
Әлеуметтік жағынан дамуы – адамгершілік, имандылық, таным түсінікті сезіну, әлеуметтік қарым-қатынасты саралай білу тб.
Тұлғаның дамуына ықпалды әсер ететін факторлар және оның қозғаушы күштері жөнінде ғалымдар арасында пікірталас жетерлік. Оның ішінде екі салаға назар аударған жөн: Тұлғаның дамуы биологиялық, табиғи, тұқым қуалау факторларына байланысты деп санайтын биологизаторлық көзқарасты ұстанушылар. Ал екінші саладағы тұлғаның дамуындағы басты фактор әлеуметтік (социологизаторский) жағдай деп санайтындар. Бұлардың пайымдауынша тұлғаның дамуын шыққан тегі мен ортасына байланысты, балаға білім бергенде осы ерекшелікті ескере отырып топтастыру керек деген бағдарды ұстанады.Осыған байланысты кеңестік дәуірдің 20-30 жылдарында педология деген ғылым болды да, бірақ кейіннен тоқтатылды.
Қазіргі кезеңдегі педагогика тұлғаның дамуына ықпал ететін екі факторды – биологиялық және әлеуметтік жүйені бірлікте қарайды. Биологиялық тұрғыдан келгенде тұқым қуалау жағы, ал әлеуметтік тұрғыдан отбасы, әлеуметтік және қоғамдық жағдай ескеріледі. Әрине, бұл екі фактор тепе-тең деген түсінік болмау керек. Өйткені тұлғаның табиғи болмысындағы нышандар, оның даму мүмкіндіктері өзінен өзі шешіле салмайды. Қалай болғанда да балаға тәрбие берудің рөлі зор екендігін педагогика ғылымы айқындап та, жан-жақты дәлелдеп те отыр. Тәрбиенің жүзеге асып, баланың бойына дарытудағы басты фактор – оқыту мен білім беру екені белгілі.
Тұлғаның дамуындағы ішкі факторларға байланысты белсенділікке, былайша айтқанда, іс-әрекеті, еркі, қызығушылығы, сезімі, қабілетіне мән беру керек. Осы орайдан тәрбиелей отырып оқыту, оқыта отырып тәрбиелеу деген қағида өріс алған. Демек, көрсетіліп отырған ішкі факторлармен біріккен нәтижесінде тұлға дамып, өркен жаяды. Тәлімгерлік жасаушы адам алдымен тұлғаның жас ерекшелігіне, дербес өзгешелігіне, психологиялық болмысындағы сипатына зейін қойып, тәрбие мен білім берудің мақсатын, мазмұнын және әдіс-тәсілдерін нақты жағдайға үйлесімді басшылық жасай білсе, оның нәтижесі айтарлықтай, жоғары деңгейде болады.
|
2
|
№ 6
дәріс
|
№6 дәріс. Ұжымның және оқушылардың жеке басылық мәселелерін шешудің заманауи тәсілдері
Ұжым дегеніміз – бір мақсат көздеген бірнеше адамнан құрылған топ.
Ұжымда жеке адамның жан-жақты дамуына жақсы жағдайлар жасалады.Бұл туралы А.С.Макаренко былай деген: «Егер балалар ұжымының нағыз ұйымы болса, онда ғажайып нәрселер жасауға болады».
Нағыз топтасқан ұжымға мынадай сипаттар тән:
- идеялық-нысаналық;
- оның іс-әрекетін жалпы ұйымдастыру;
- оқушының өзара тығыз әрекет етуі;
- жеке мүшелеріне жекелеген талаптар қою.
Жақсы ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі:
- дені таза;
- қоғамдық пікір;
- сенім;
- жоғары талап.
Сондай оқушылар ұжымы толық қалыптасуы үшін оған:
- игі дәстүр;
- перспектива қою;
- сергек көңіл-күй;
- жоғары тәртіп орнату;
- сын мен өзара сынды дамыту керек.
Мұндағы педагогтың міндеті – оқушылардың бір-бірімен араласуын
ұйымдастыру, олардың өзара дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру.
Топта өз-өзінен шағын топтар (микроұжымдар) пайда болатыны аз емес. Мұнда Ө.О.Ш. сол шағын топтардың жұмысын орта мақсатқа бағыттау керек. Осы топтағы оқушылардың жалпы топтық, жалпы мектептік істерден тыс қалмауына ұмтылу керек. Ұжымның өсу және даму процесінде онда топ пен мектеп өмірінің маңызды мәселелері жөнінде немесе оқушылардың ісін бағалауда қоғамдық пікір қалыптасады.
Топтасқан ұжым қоғам пікірінің ұшы мен әр оқушыға оның мінезі мен тәртібі мен игілікті әсер жасайды. Оқушылар жолдастарының пікірін бағалайды, олардың кеңестерін тыңдайды. Әрине қоғамдық пікірдің барлығы жақсы роль атқара бермейді. Мысалы, кейбір топ тәртіп бұзатындарды бүркемелейді, жасырады. Ұжым өз ішінде байсал сын, өзара сын оның мүшелерінің теріс қылықтары ұжым болып айыптау бар жағдайда ғана тәрбие берудің қуатты құралына айналады.
Ұжымды құру мен оны тәрбиелеудің әдістемесі оқушыларды бірлескен іс-әрекетке тарту болып табылады. Бірлескен іс-әрекет оларды топтастырып, еңбектену барысындағы бірлігі нығайып, ынта жігері өрістейді. Болашақта жалғастық табады. Ол үшін мына мәселелерге мән беру керек: қойылатын талапты орындау оқушының қолынан келетіндігіне сенім білдіріп. жүзеге асырылатын міндетке байланысты ережелер мен оның деңгейін ұқтырып, иландыра білу басты шарт. Ұжым мүшелеріне әсерлі ықпал етерлік оқушылар активін құрғанда оларды психологиялық жағынан демеп, консультация беріп, түрлі тәжірибелерді таныстырып, ұйымдастыруға бағдар сілтеп, атқарған істерін қадағалау қажет. Ұйымдастыру ісіне ертеңгі үмітке былайша айтқанда перспективаға назар аударылуға тиіс мұның теориялық негіздері мен практиклық жолдары А.С.Макаренко еңбектерінде жан-жақты сипатталган. Ұжымның дамуын ұйымдастыру жүйесі бүгінгі, ертеңгі, болашақтағы әрекет нәтижесіне негізделсе, тұлғаны ынталандырып, іс-әрекетке деген олардың кұлшынысын жебеп жігерлендіреді. Педагогикалық кағидаға саналарын егіз ықпал, яғни параллелдік әсерді де естен шығармаған жөн. Мысал үшін айталық, оқу жылын аяқтау құрметіне бірнеше күнге созылатын саяхат өткізілетін болды делік. Мұндай жағдайда педагогтің тікелей әсері ғана емес, онымен қосарлана атқарылатын қоғамдық ортаның талабы егіздесе келіп, параллелдік ықпал етеді. Оқушының егіз ықпалға риза болмағанның өзінде дөрекілік көрсетпей, ұжымның талап тілегіне үйлеспейтін кейбір ауытқулар болған жағдайда да төзімділік көрсетуге және оған шыдай білуге баулу керек. Егіз ықпал қарым-қатынаста әдептілік көрсетіп, ұстамды болумен қатар ынтымақтылық ниетті тілейді. Сондай-ақ оқушының алған тәрбиесі тағылымдық өнегені білумен ғана шектелмейді, меңгерген дәстүрлік тағылымын нақты жүзеге асыру, іс-әрекет барысында түрлі ереже талаптарын орындау кезінде ұқыптылық сақтай білетін әрекетінен көрінеді. Педагогтің өз тарапынан әрбір оқушыны қорғап, қолдап сеніммен қарай білуі, оларды жігердендіріп қандай күрделі тапсырманы да өздігінен орындауға ықыластандырады. Қазіргі оқу орындарында ұжымдық тәрбиені өркендетерлік және тұлғаның тәлімдік өнегесіне бағдар беріп басшылық жасап дербестігін дамытарлық жол жетерлік. Атап айтқанда, оқушының білім алу саласындағы еңбек түрлері, қоғамдық жұмыстар, көркемөнер, спортқа байланысты іс-әрекеттері, түрлі саладағы үйірмелер мен өнімді еңбекке барар жолдар баршылық.
|
2
|
№ 7
дәріс
|
№7 дәріс. Жаттықтырушының және дене шынықтыру мұғалімінің педагогикалық шеберлігінің мәні
Жаттықтырушы қызметінің ерекшеліктері. Педагогикалық әрекеттестік – дене шынықтыру мұғалімі қызметінің негізі. Қазіргі дене шынықтыру пәні мұғалімінің оқу-әдістемелік, тәрбиелік, ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Педагогикалық мәдениет мұғалім-жаттықтырушының кәсіби іс-әрекетінің мәндік сипаты ретінде. Педагогикалық шеберлік туралы түсінік, оның құрылымдық элементтері.
Педагогикалық шеберлік – дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың сипаттамасы ретінде.
Дене шынықтыру да бұқаралық спортта да адамдардың іс-әрекеті өзіне, өздерінің физикалық және психологиялық сапаларын жетілдірруге бағытталған. Бұл іс-әрекеттің негізгіу мақсаты-тұлғаның гармониялық дамуының ажырамас бөлігі болып табылатын физикалық өркендеу.Негізгі мақсатқа жету күнделікті арнайы физикалық жаттығуларды талап етеді. Жаттығулардың тиімділігі мен жүйелілігі, физикалық сапалар дыбыстарының белгілі бір деңгейінде айқындалады.
Адамның жеке басының қасиеттері іс-әрекеттерінде, қылықтарында көрінеді: ол өзінің пайдалы немесе зиянды сапаларын көрсетеді. Н.Г.Чернишевскийдің сөзіне қарағанда, адамның ақылы мен мінез-құлқы туралы ең анық мәліметтерді ол адамның іс-әрекеттерін зерттеу арқылы ғана білуге болады.
Сонымен қатар адам өзінің іс-әрекетінде қалыптасады. Бұған мысал ретінде А.С.Макаренко басшылық еткен колонияның еңбек тіршілігін алуға болады. Ақылмен ұйымдастырылған іс-әрекет, бұл колонияда тәрбиешілерге ықпал жасау мен оларды тәрбиелеу шараларынгың терең ойластырылған жүйесі оларда адамның бағалы сапаларын қалыптастырады.
Адамның іс-әрекеті теориялық және практикалық формада жүзеге асырылады. Теориялық іс-әрекетінің мсалы ретінде ғылымның теориялық формула, ереже, сурет және т.с.с. құбылыстардың жалпы заңдылықтарын белгілейді. Сондай-ақ проактикалық іс-әрекеттің мысалы ретінде табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылап, эксперимент жасау арқылы зерттейтін ғалымдардың жұмысын алуға болады.
Бірақ қандай іс-әрекетте болса да теориялық және практикалық іс-әрекеттің компоненттері бар. Іс-әрекеттің құрылымындағы мақсат қоя білу, жоспарлауды, жұмыс әдістерін іріктеп алуды теориялық іс-әрекетке, ал қалғандарын практикалық іс-әрекетке жатқызуға болады.
Адамның іс-әрекетінің маңызды бір формасы-адамның бір-бірімен қарым-қатынаста болуы. Бұл тек сөз сөйлеуде ғана жүзеге аспайды, сонымен қатар іс-әрекеттің басқа формаларында да, айталық дене тәрбиелік және спорттық өнермен шұғылдануда да жүзеге асады. Олардың іс-әрекеті мыңдаған басқа адамдарға қуаныш әкеледі., сүйсіндіреді, олар белгілі спорт қайраткерлерімен қарым-қатынаста болып, шығармашылық қабілеттерін оданр шыңдауға кеңестер алады, елімізге жеңіс пен мәртебе сыйлайды.
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
«Тәуелсіз елге - білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.
|
2
|
№ 8
дәріс
|
№ 8 дәріс. Педагогикалық үдерістің жүзеге асырылу технологиясы
Педагогика ғылым ретінде өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту–тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар,заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теориясын жасауға және оқыту–тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.
Педагогикалық ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады.
Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибенің өсіп келе жатқан мұрагерлердің меңгеруіне байланысты. Тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары болып саналады.
Жоғарыдағы педагогикалық процестің төмендегідей заңдары болатындығын айтуға болады.
1. Бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері – тек қана өзінің белсенді шығармашылық іс-әрекетінің арқасында ғана бола алады;
2. Индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік–азаматтық дәрежесі бар тұлға.
3. Мұғалімдер мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс-әрекеттері.
Педагогикалық процестің заңдылықтары ол оның мәндік ерекшеліктері болады. Ол, ең алдымен, педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымының ерекшеліктері неде деген ұғымды түсіну керек.
Қандай да болмасын қиыншылықтарды кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы біртұтас педагогикалық процестің жүйелі-құрылымдық сипаттау алда болатын іс-әрекеттің ойша моделін жасауға нақтылы жағдайды ескере отырып, “ұстаздар–оқушылар” жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады. Педагогикалық процестің белгілері болады. Оған жататындар:
1. Жүйенің жалпы мақсаты ,оның қызметі атқаруы тиімділік сипат әкелді;
2. Өзара тәуелді компонентерден бөліктерден тұрады;
3. Жүйенің белгілі бір қоры.
4. Жүйенің ішкі құрылымы
5. Ішкі қайшылықтар есебінен жүйенің дамуы.
6. Басқару орталығы
Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарымен көрінеді. Процесс ( латынның processus - қозғалыс) алға басу, жағдай, белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген “процесс”деген ұғымның мағынасы “ұстаздар–оқушылар” жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуі керек.
Педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады.
Қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнын іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамгершілік факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі, маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтанда процестің бөліктері “ұстаздар мен оқушылар” жүйесінің құрамы және олардың іс-әрекетінің бөліктері болады.
Мақсат–идеал немесе іс-әрекеттің нәтижесінің өте оңды тамаша моделі аралық мақсаттарға жету арқылы қол жетеді, оларды мақсат-міндеттер деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сай мақсат идеалға жету осы нақтылы бөлікке шешуге көздейтін кейбір шартты сатыларға бөлумен байланысты.
Мақсат–міндеттер арасындағы айырмашылықтарына қарамастан міндеттер қойылған мақсат бағытында жасалған ерекше қадам болады және белгіленген нәтиже алу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Ұстаз үшін оқушылармен бірге тек қана қандай нәтижелерге жетудегі қозғалыс қайтып ұйымдастыру ғана емес,сонымен бірге алда істелінетін жұмыстың (не істеу керек) міндеттерін мұқият үйілестіру арқылы қойылған мақсатқа саналы қозғалысын қамтамасыз ету өте маңызды.
Педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған іс-әрекет олардың творчестволық белсенділігін қалыптастыру жағдайы. Әдеттегі іс-әрекеттер түрлері қарым-қатынас; ойын, еңбек ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондықтан педагогикалық ықпал деңгейінің қалыптасу барысындағы тұлғаның ортамен (тек қана әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық , рухани) алдын–ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу. Бізге тұлғаның қалыптасуы іс-әрекет барысында қалыптасуындағы, іс-әрекет қандай болса тұлға да сондай. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бірғана іс-әрекет маңызды болып қалмайды, іс-әрекеттің маңызын барлық адамның саналы өмір кезеңдерінде байқауға болады.
Бұл айтылғандардан мынадай қорытынды жасаймыз:
қандайда болмасын аяқталған салыстырмалы мектеп жұмысының формасы болатын уақыт жағынан шектелген педагогикалық процесте (сабақ, экскурсия, мектеп кештері және т.б.) жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлі құралдарының қарым-қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б. объективтік алғы шарттарын көруге болады;
комплексті түрде педагогикалық ықпал ету құралын қолдану мақсатпен міндеттерді мұқият үйлестіруді жұмыстың барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек жетекші, негізгі, өзекті іс-әрекетті анықтауды талап етеді;
Педагогикалық процесс компонентерінің ерекшеліктерін талдау олардың арасында ішкі бірліктері мен өзара байланыстылығының бар екендігі көрсетіледі, оны ескермейінше педагогикалық процестің жүйе ретіндегі құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес. Бұл әрине бөліктер арасындағы байланыстар анықтаумен бірге, белгілі бір нәтижеге әкелетін, яғни процеске тән заңдылықтар ақылы білім жағдайларды да анықтауды шамалайды.
Педагогикалық процестің заңдылықтары дегеніміз “ұстаздар–оқушылар” жүйе байланысын көрсету болады: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер (мектепті қоршаған әлеуметтік орта, қоғам). Көрсетілген себеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін жағдай, байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын, заңдылықтары анықталады.
Педагогикалық процестің негізгі мынадай заңдылықтары болады:
1. оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады;
2. педагогикалық процестің мақсатқа бағытылығы қоғамның мақсатын көрсетеді ,ол әлеуметтік тапсырыс ретіндегі,білім беру заңдары арқылы талап етіледі;
3. педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздар мен оқушылардың өзара тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет;
4. оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі;
5. педагогикалық процестің қызметі оның жасалуымен ұйымдастырудың оқушылар коллективі, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты ;
6. педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі, олардың бір–біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір–біріне әсері бар;
7. педагогикалық процесс бір қас қағым сәттік емес, ұзақ мерзімге уақытқа бағытталған;
8. педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады.
Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процесс негізгі жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу-тәрбие жұмысының сапасынан бағалауына әкеледі.
Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарының айқындалғандарын ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік–экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін мұғалімнің басшылыққа алуға тиісті сол анықтамалардың принциптері.
Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде творчестволық ықпал көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:
педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы;
іс-әрекеттің санамен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;
педагогикалық процестегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;
педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым-қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;
оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты (индивидуалдық) психологиялық физиологиялықты жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру;
педагогикалық басшылықты оқушылардың инициативасымен, қайраткерлігімен ұластыру;
оқушылардың іс-әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектеседі;
ұстаздардың, оқушылар ұжымының және отбасыларының оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі;
әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау.
Заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері өзара байланыста болады. Бұл өзара байланыстылықты процестің мәнінен оған қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді. Педагогикалық процестегі мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру моделі ретінде ұсынылады. Ол: жалпы практикада мұғалімнің екі тәуелсіз оқыту және тәрбиелеу іс-әрекеттер саласы бар деп есептелінеді. Осыған сай мұғалім екі роль атқарады: пән мұғалімі және сынып жетекшісі. Оқытудың тәрбиелік мүмкіншілігін жоспарда қарастыру әрекеті көбінесе оқылатын материалдың мазмұнымен байланыстырады, немесе оқушыларда қайсарлықты, мақсаттылықты, жауапкершілікті және т.б. қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
|
2
|
№ 9
дәріс
|
№ 9 дәріс. Педагогикалық үдерісті басқару ережелері
Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім беру жүйесін басқарушылардың басқару мәдениеті олардың кәсіби-педагогикалық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дәстүрлі көзқараста кәсіби-педагогикалық мәдениет негізінен педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық техника мен шеберлік нормалары мен ережелерін бөліп көрсетумен байланыстырылды. Ал қазіргі кезде педагогикалык құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығармашылық категорияларымен байланыстырыла қарастырылады. Мектеп жетекшісінің басқару мәдениеті оның мектепті басқарудағы құндылықтар мен технологияларды меңгеруге, беруге және жасауға бағытталған әр түрлі басқару іс-әрекеттеріндегі тұлға ретінде өз мүмкіндіктерін шығармашылық деңгейде байқату жолдары мен өлшемі болып табылады. Басқару мәдениеті аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығармашылық компоненттерінен тұрады.
Мектеп жетекшісінің басқару мәдениетінің аксиологиялық компоненті мектепке жетекшілік етуде маңызды және мәні бар басқарупедагогикалык құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Басқару педагогикалық құндылықтар ретінде тиімді басқаруга мүмкіндік беретін идеяларды, тұжырымдамаларды алуға болады. Мектеп директорының басқару мәдениетінің технологиялык компоненті педагогикалық үдерісті басқару жолдары мен тәсілдерін қамтиды. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруды қарастырады. Мұндай міндеттерді атқару менеджер-жетекшінің педагогикалық талдау мен жоспарлау, ұйымдастыру, педагогикалық үдерісті бақылау мен реттеу біліктерін меңгеруіне негізделеді. Мектеп директорының басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйелерді басқаруды шығармашылық акт түрінде негіздейді. Басқару іс-әрекеті шығармашылық сипатты, басқару құндылықтары мен технологияларын меңгеру негізінде ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде түрлендіріледі, өзгереді. Мұндай түрлендірулер мен өзгертулер жетекшінің тұлғалық ерекшеліктерімен де, басқару объектілері ерекшеліктерімен де байланысты.
Білім беру мекемелеріндегі міндетті қызмет атқарушылардың функционалдық міндеттері. Оқу мекемелерін басқаруда басты рөлді — мектеп директоры, ал оқу-тәрбие үдерісін басқаруды директор және оның орынбасарлары атқарады. Директордың функционалдық міндеттері жалпы білім беретін мекемелердің типтік қағидаларында көрсетіледі. Мектептегі жұмыстың жекелеген бағыттары бойынша жұмыс директордың орынбасарларына жүктеледі. Бұлар оқу-тәрбие жұмысы орынбасары, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, профильдік сыныптар немесе жекелеген пәндерді тереңдете оқыту сыныптары бойынша орынбасары, шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары болып бөлінеді. Соңғы жылдары мектептерде ғылыми жұмыстар бойынша директордың орынбасары, әлеуметтік-педагогикалық реабилитация жөніндегі директордын орынбасары, коммерция бойынша орынбасарлары міндетті қызметтерін атқарушылар да тағайындалады.
Мектепішілік бақылаудагы педагогикалық талдау. Тұтас педагогикалық үдерісті басқарудың маңызды бір функциясы педагогикалық талдау болып табылады. Басқару және мұгалімдердің педагогикалық іс-әрекеті тиімд ілігі мектеп жетекшісінің педагогикалық талдау әдістемесін меңгеруі дәрежесіне байланысты. Мектеп директоры іс-әрекетінде талдау дұрыс жүргізілмесе, ол қойылған мақсат, міндеттердің толық орындалмауына алып келуі мүмкін.
Педагогикалық талдау параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдаулар болып бөлінеді. Параметрлік талдаулар білім беру үдерісі ақпараттары негізінде байқалатын құбылыстардың себеп-салдарларын анықтауға мүмкіндік береді. Параметрлік талдау жасауда мектеп директоры мен оның орынбасарлары сабақтарға және сыныптан тыс сабақтарға қатысуды жоспарлайды. Параметрлік талдау нәтижелерін тіркеп, оларды жүйелеу және саналы меңгеру тақырыптық педагогикалық талдауға өтуді негіздейді.
Тақырыптық талдау педагогикалық үдерістердің өзіндік компоненттері бойынша іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді талдау барысында тұрақты, қайталанып отыратын байланыстарды, тенденцияларды анықтауға ықпал етеді. Параметрлік талдау бір сабақ немесе бір тәрбиелік шаралар бойынша жүргізілетін болса, тақырыптық талдау сабақтар немесе шаралар жүйесі бойынша жүргізіледі. Қорытынды талдау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында жүргізіліп, негізгі нәтижелерді анықтауға бағытталады. Педагогикалық талдаудың негізгі объектілерінің бірі — сабақ болып табылады. Сабақты талдау толық, қысқа және аспектілік талдаулар болып бөлінеді. Сабақты толық педагогикалық талдауда сабақтың барлық элементтері мен. мүмкіндіктері қамтылады. Мұндай талдаулар еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің немесе проблемалы мұғалімдердің жұмысын талдауда қолданылады. Сабақты қысқа талдау мүғалім тұлғасын, әдістемелік және басқару ерекшеліктерін жаксы білуді қажет етеді. Аспектілік талдау сабақтың белгілі бір аспектісін зерттеуге бағытталады. Сонымен бірге мектеп директоры тәрбиелік шараларды да талдауға көңіл бөлуі қажет.
|
2
|
№ 10
дәріс
|
№ 10 дәріс. Педагогикалық үдерісті жоспарлау жолдары және оның болжамы
Жоспарлау дегеніміз мақсаттарды, басымдықтарды ғылыми негіздеу, оларға қол жеткізудің жолдары мен құралдарын анықтау анықтау процесі. Практикада ол жоспарды жасаумен іске асады. Оның ерекше белгісі көрсеткіштер жинақтау. Жоспарлау болашақтың қауіпті аспектілерінің бәрін есепке алып, проблемалар туралы шешім қабылдауға негізделген.
Жоспар дегеніміз- әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу бойынша әртүрлі шаралардың кешені мен көрсеткіштер жүйесі бар құжат. Онда мақсаттар, басымдықтар, ресурстар, оларды қамтамасыз ету көздері, орындау тәртібі мен мерзімі көрсетіледі. Ал, болжамдауда мүмкін не қалауымыздағы аспектілер, күй, шешімдер, болашақтың проблемалары суреттілінеді.
Кез-келген болжамдық зерттеу біртұтас базалық түсініктермен байланысты. Бұл түсініктер болжамның көптеген параметрлерімен сипатталады. Олардың қатарына: 1)болжаудың обьектісі , ол дегеніміз адамның танымдық және практикалық қызметі бағытталған кез-келген құбылыс не процесс болуы мүмкін, яғни қызмет қарқынына қарай мегажобалар, аймақтық, салалық, микроэкономикалық, ал мазмұндық сипатына қарай әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, экологиялық-экономикалық, ғылыми-техникалық; 2)болжаудың формаларын көз алдына келтіру, яғни тапсырушының талабына сай, сондай-ақ оны жасаушылардың обьективті мүмкіндігіне сай болжау нәтижелерінің әртүрлі формалары болуы мүмкін (нүктелік, тренд т.б.); 3) болжауды алдын-ала білу кезеңі, яғни болжау жасалып отырған кезең алдын-ала білу кезеңі деп аталады және болжамдау мақсатына сай ағымдағы, қысқа, орта, ұзақ, өте ұзақ мерзімді деп бөлінеді; 4) болжаудың алғашқы негізі, яғни зерттелетін обьект не құбылыс туралы фактілік материалдардың болуы (фактографиялық құжат, эксперт пікірі); 5)Болжаудың әдістері мен құралдары өте алуан түрлі, ең көп таралған түрі экстраполяция, сараптау, нормативтік, ізденістік әдіс, т.б.; 6)Болжаудың сапасы, бұл дегеніміз кең мағынада алғанда болжамның негізділік, сенімділік, дәлдік, ақпараттылық, құндылықтарының бірлігі. Ал, болжаудың бағалау әдісін –болжаудың верификациясы деп атайды, ол болжамның бекітілуін қарастырады.
Сапалы әлеуметтік болжам алу үшін болжаудың ғылыми принциптеріне сүйену қажет, яғни жүйенің дамуын болжамдау саласындағы зерттеу жұмыстарының барлығы осы принциптер негізінде іске асырылуы тиісті, атап айтсақ: жүйелілік, келісушілік (ұйғарушылық), варианттық, үздіксіздік, верификациялану, тиімділік принциптері.
Әлеуметтік болжам жасау үшін зерттеуші төмендегідей қадамдарды жүйелікпен жасап отыруы тиісті:1) проблеманы анықтау; 2) ақпаратттарды зерттеу; 3) әдіс таңдау; 4) болжамдық ақпараттың генерторын құрастыру; 5) нәтижелерді талдау; 6) болжамдық ақпараттың генераторын жүйелі эксплуатациялау, обьектіні мониторингтан өткізу.
2. Болжам деп зерттелетін обьектінің болашақтағы мүмкін жағдайлары туралы, оның дамуының альтернативтік жолдары туралы түсінікті айтамыз. Болжамды жасау процесі болжау деп аталады.
|
2
|
№ 11
дәріс
|
№ 11 дәріс. Дене шынықтыру және спорт саласы мамандарының заманауи жағдайларда кәсіби білім алуы
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық – әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық – дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
|
2
|
№ 12
дәріс
|
№ 12 дәріс. Дене шынықтыру және спорт саласындағы педагогикалық үдерістің ұйымдастырылу жолдары
Орта, жоғарғы оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге процесін педагогикалық процесс немесе оқу-тәрбие процесі деп атайды. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу- оқу-тәрбие процесінің басты шарты.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан тәрбие объетісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу-тәрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың творчестволық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Т әрбтенің субъектісі мен объектісі арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді.
Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі.Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.
Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.
Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Оқыту мен тәрбие процестерін бір-бірінен ажыратуға болмайды, бірақ бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тәрбие процесі-бұл күрделі диалектикалық процесс. Оған әлеуметтік ортаның, үй жағдайының, түрлі адамдардың ықпалы ерекше әсер етеді. Сондықтан тәрбие процесін, оқыту процесі сияқты тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау өте қиын.
Тәрбие процесі әр уақытта динамикалы (жылжымалы). Сондықтан да педагогикалық ықпал бір балаға жағымды, ал екінші балаға теріс әсер етеді. Осыған байланысты тәрбие процесінде баланың көңіл-күйін, психикалық жағдайын, тұрған орнын еске алған жөн.
Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тксерілетінпроцесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.
Оқыту мен тәрбие процестері негізгі үш функция бірлігі бойынша іске асырылады. Олар білім беру, тәрбиелеу және дамыту функциялары.
Оқыту мен тәрбиелеу процестері оқытудың даму функциясын жүзеге асырудың негізі. Бұл екі процесс жеке адамды жан-жақты дамытып, қалыптастырудың үстем функциясы болады.
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады. Оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту-тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.
Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оның нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады.
Жалпы философиялық бағытта «заң универсалының қозғалысындағы мәнді көрсету» (В.И.Ленин). Заң сондықтан, мәннің нақтылы дәлірек айтқанда, танымның құрамының бірін көрсетеді, ал ол эмпирикалық деңгейден теорияға көшуге мүмкіндік береді. Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибенің өсіп келе жатқан мұрагерлердің меңгеруіне байланысты. Демек, тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары.
Осыдан педагогикалық процестің мынадай заңдары болуы мүмкін:
- бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері – тек қана өзінің белсенді творчестволық шығармашылық іс-әрекетінің арқасында ғана бола алады;
- индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белнілі бір әлеметтік- азаматтық дәрежесі бар;
- ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс-әрекеттері педагогикалық процесс қатысушылардың әрбіріне және барлығына жетістіктермен қамтамасыз етеді.
Педагогикалық процестің заңдылықтары ол оның мәндік ерекшеліктері, демек, ол тұтастықта да, жеке бөліктерде де өзін көрсетеді. Бірақ, педагогикалық процестегі өзгерістерін реттеу неге сүйенгендігін білу үшін құбылыстардың, бөліктердің, процестіңэлеметтерінің қалай өзара байланысқанын, қалай заңдар заңдылықтарда көрінетінін түсіну керек.
Әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесте олардың төмендегідей белгілері болады ( Абрамова Н. Т., Афанасьев В.П., Блауберг И.В., Садовский В.Н. және т.б.):
- қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсаты, оның қызметті атқаруы тиімділік сипат әкелді;
- жүйе өзара байланыстағы және өзара тәуелді элементтерден, бөліктерден (компоненттерден) тұрады;
- жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оған қызмет істеуімен тұрақтылықты қамтамасыз етеді;
-жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясымен, ортамен байланысын көрсетеді;
-жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;
-жүйе басқару орталығы арқылы басқаруындағы көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек қана сипаттар болатынын, бірақ егер басқалардың арасында оның орнын анықтап және «ұстаздар- оқушылар» жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық ұғым болғанда қалай әрекет етіп шешім қабылдау қиын.
Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарымен көрінеді. Процесс ( латынша processus- қозғалыс ) жағдай;
1. белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген «процесс» ұғымының мағынасы «ұстаздар- оқушылар» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуі керек. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын,өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтарымен байланысты.
2.Педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компоненттері) туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған.Олардың бір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта-қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген проблеманы В.Е.Гурман, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев, және т.б. зерттеген. Г.К.Костюк ұстаздар мен оқушыларды педагогикалық процестің бөліктеріне жатқызады. М.А.Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады.
3. Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұның іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамгершілік факторы болады.Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі, маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтан да процестің бөліктері «ұстаздар мен оқушылар» жүйесінің құрамы және олардың іс-әрекетінің бөліктері болатын.
|
2
|
№ 13
дәріс
|
№ 13 дәріс. Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері
Оқыту «әдістері» мен «тәсілдері» ұғымдары және оқыту әдістерінің жіктелуі. Жалпы алғанда әдіс (метод) — «methodos» деген грек сөзінен шындыққа жету жолы, тәсілі деп аударылады. Оқыту әдісі ұғымы дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқыту үдерісінде мұғалімнің оқу жұмысы мен оқушылардың танымдық іс-әрекеті жолдары байланыстырыла шешілетін оқу іс-әрекеті міндеттерін бейнелейді. Демек, оқыту әдістері — оқыту міндеттерін, яғни дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалімдер мен окушылардың біріккен іс-әрекеті жолдары болып табылады. Сонымен бірге дидактикада оқыту «тәсілдері» ұғымы кеңінен қолданылады. Тәсіл — әдіс элементі, оның кұрамды бөлігі, бір реттік әрекет. Оқыту үдерісінде әдістер мен тәсілдер әр түрлі құрамда қолданылуы мүмкін.
Оқыту әдістері — күрделі, көп жақты, көп сапалы құбылыс. Окыту әдістері арқылы объективтік заңдылықтар, мақсаттар, мазмұн, принциптер, оқыту формалары бейнеленеді. Оқыту әдістері оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылаушы-түзетуші кызметтерді атқарады. Әдістер көмегімен оқыту мақсаты жүзеге асырылады, яғни бұл — үйретуші функцияның байқалуы, оқушылардың даму деңгейі мен қарқыны қамтамасыз етіледі — дамыту функциясы, сол сияқты тәрбие нәтижелерінің анықталуы — тәрбиелік функцияның жүзеге асырылуы болып табылады. Әдістер мүғалім үшін оқушыларды оқуға үмтылдырушы құрал ретінде қолданылады, ал кейде танымдық іс-әрекетті ынталандыру қызметін атқарады. Бұл оның ынталандырушы релін атқаруы.
Қазіргі кезде педагогика ғылымы мен практикасында колданылатын оқыту әдістері өте көп. Мұғалім оқыту әдістерін кеңінен қолдана білуі үшін оларды белгілі бір жүйеге келтірудің мәні зор. Сондыктан оқыту әдістерінің жіктелу ерекшеліктерін қарастырайық. Оқыту әдістері әр түрлі негіздерге байланысты жіктеледі. Ең алғашкы кезде мұғалімнің жұмыс әдістері (әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу) және оқушының жұмыс әдістері (жаттығу, өзіндік жұмыс) деп бөлінді. Кейіннен білім алу көздеріне байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі кеңінен қолданылды. Білім алу көздері бойынша жіктелетін оқыту әдістері:
а) сөздік әдістер (білім ауызша немесе жазбаша сөздерден алынады);
б) көрнекілік әдістер (білім көзі рөлін пәндер, құбылыстар, көрнекілік құралдар атқарады);
в) практикалық әдістер (білімдер мен біліктерді практикалық әрекеттерден алады).
|
Достарыңызбен бөлісу: |