Апталардың сұрақтары


Ж.Ж.Руссоның радикалды демократизмі



бет5/25
Дата21.10.2022
өлшемі62,76 Kb.
#154231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Апталарды с ра тары

Ж.Ж.Руссоның радикалды демократизмі.

Қоғамды түсінуде радикалды позицияда, яғни феодалды сословиені сынап, мүлік теңсіздігін, жеке меншіктің керек еместігін айтты.

  1. И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары.

Азаматтық қоғам жəне құқықтық мемлекет ортағасырлық теократия идеалына қарсы реакция ретінде қалыптасып дамыды. Олардың негізгі сипаттамаларының бірі — зайырлық бастамасы. Дін, өнеге, ғылым, өнер жəне басқада рухани феномендер саяси сипаттан арылған жағдайда ғана, шынайы түрде толыққанды өмір сүре алады.
Кант — құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін калыптастыру деп түсіндірді.
Гегель - қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқықпен моральдың бірлестігін дамытып халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсартуы.

  1. Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары.

Əр халықтың өз заманының ойшылдары дүниенің, болмыстың, өмірдің, адамның жай-күйін жете түсінуге ұмтылғаны, əрине, белгілі. Бірақ олардың ойларына сол бір кезеңде қалыптасқан дүниетаным мен жалпы өркениеттік өзгерістер əсер тигізгені де қазіргі таңда біз үшін айдан анық болып тұр.
Қазақстандағы XIX ғ. қоғамдық-саяси, философиялық жəне ағартушылық ой-пікірінің бірінші өкілі Ш. Уəлиханов (1835–1865) өз дəуірінің белгілі ғалымы, ағартушы-демократы болды. Шоқан Уəлиханов Қазақстандағы ағартушылық ойдың басында тұрды. Ол бірінші болып ХІХ ғасырдың ортасындағы қазақ қауымның дамуына сəйкес ағартудың саяси, философиялық жəне социологиялық принциптерін негіздеді.
Шоқанның ағартушылық көзқарастары бай мазмұнға толы. Ол қазақтардың кедейлік тұрмысының жəне саяси белсенділігінің төмендігінің себебі ретінде надандықты санады. Осыдан ол ағартуды аса жоғары бағалаған. Оның пікірінше, білімді адамдар кедейшілікпен нəтижелі түрде күресе алады. Халықтың дамуы үшін ең бірінші бостандық пен білімді қажет еткен ойшыл, патшалық биліктің қазақ даласына ғылымды жəне мəдениетті жібермеу саясатына қарсы тұрды. Бұл мəселеге байланысты қазіргі ғылыми зерттеулерде кездесетін мына пікірмен келісуге болады: «Қазақ ойшылы өзінің «білімсіз, мəдениетсіз, тұрлаусыз» халқының ауыр жағдайына күйзеліп, отарлық езгі мен ұлттық тепкінің астында жүрген елінің күреске шығуға мүмкіндігінің мүлдем жоқ екенін ашына жазады» [5]. Дегенмен, ағартушы осындай отарлық езгіден этникалық ерекшеліктерінің эволюциялық даму жолында өз сапалық түрлерін сақтап қалуға тырысқан, қазақ халқы ешуақытта басқа өркениеттік ұлттардың жетістіктерінен аулақ болған жоқ деп есептейді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет