Апталардың сұрақтары


Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары



бет11/47
Дата17.04.2022
өлшемі62,76 Kb.
#139698
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
Байланысты:
Апталарды с ра тары

Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары.

Əр халықтың өз заманының ойшылдары дүниенің, болмыстың, өмірдің, адамның жай-күйін жете түсінуге ұмтылғаны, əрине, белгілі. Бірақ олардың ойларына сол бір кезеңде қалыптасқан дүниетаным мен жалпы өркениеттік өзгерістер əсер тигізгені де қазіргі таңда біз үшін айдан анық болып тұр.
Қазақстандағы XIX ғ. қоғамдық-саяси, философиялық жəне ағартушылық ой-пікірінің бірінші өкілі Ш. Уəлиханов (1835–1865) өз дəуірінің белгілі ғалымы, ағартушы-демократы болды. Шоқан Уəлиханов Қазақстандағы ағартушылық ойдың басында тұрды. Ол бірінші болып ХІХ ғасырдың ортасындағы қазақ қауымның дамуына сəйкес ағартудың саяси, философиялық жəне социологиялық принциптерін негіздеді.
Шоқанның ағартушылық көзқарастары бай мазмұнға толы. Ол қазақтардың кедейлік тұрмысының жəне саяси белсенділігінің төмендігінің себебі ретінде надандықты санады. Осыдан ол ағартуды аса жоғары бағалаған. Оның пікірінше, білімді адамдар кедейшілікпен нəтижелі түрде күресе алады. Халықтың дамуы үшін ең бірінші бостандық пен білімді қажет еткен ойшыл, патшалық биліктің қазақ даласына ғылымды жəне мəдениетті жібермеу саясатына қарсы тұрды. Бұл мəселеге байланысты қазіргі ғылыми зерттеулерде кездесетін мына пікірмен келісуге болады: «Қазақ ойшылы өзінің «білімсіз, мəдениетсіз, тұрлаусыз» халқының ауыр жағдайына күйзеліп, отарлық езгі мен ұлттық тепкінің астында жүрген елінің күреске шығуға мүмкіндігінің мүлдем жоқ екенін ашына жазады» [5]. Дегенмен, ағартушы осындай отарлық езгіден этникалық ерекшеліктерінің эволюциялық даму жолында өз сапалық түрлерін сақтап қалуға тырысқан, қазақ халқы ешуақытта басқа өркениеттік ұлттардың жетістіктерінен аулақ болған жоқ деп есептейді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет