Қосымша 2.
Топырақтан үлгі алу әдістемесі.
Физикалық – химиялық зерттеулер үшін: үлгіні «конверт» әдісі арқылы жинайды. Үлгі алу ауданы 25 м 2 болатын жерден 3 – 5 нүкте белгілеп, тереңдігі 0,25 метрде жүргізіледі (қажет болса 0,75 – 1 м дейінгі тереңдікте).
Қажетті құралдар: күрек, банка, жолдама.
Үлгі «конверт» әдісі арқылы 3 – 5 нүкте белгілеу.
Күректің көмегімен ауданы 25 м 2 жерден тереңдігі 0,25 (0,75 – 1 м) дейін үлгі алу.
Әр нүктеден жиналған үлгіні араластырып, 1 кг жинақталады.
1 кг топырақ үлгісін банкаға салып, жолдама толтыру, лабораторияға тексеруге жөнелту.
Бактериологиялық зерттеу үшін топырақтан үлгі алу.
Қажетті құралдар: стерильді күрек және банкалар (алу тәртібі жоғарыда айтылғандай).
Гельминтологиялық зерттеу үшін топырақтан үлгі алу.
Қажетті құралдар: металды гипател немесе күрек, банкалар.
- 10 -
үлгіні алу көлемі 50 м 2 , ( жалпы салмағы 1 кг құрайтын) 10 үлгі алынады.
алу тереңдігі 2 – 3 см болады.
үлгіге жолдама толтырып лабораторияға жөнелту.
Лабораторияға жөнелтуге немесе сынама өткізуге мүмкіндік болмаса топырақ үлгілерін 3 % формалин ерітіндісімен немесе 3 % тұз қышқылы құйып консервілейді, ашық банкалы 18 – 24 0С – та сақтайды.
Қосымша 3.
Топырақтың «санитарлық санын» анықтау.
Химиялық сараптаманың нәтижесі бойынша таза топырақтың химиялық құрамының өзгергіштігіне байланысты (топырақтың санитарлық бағасын анықтау) өте қиын. Сондықтан топырақтың тазалану процесі мен ластану деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші ретінде «санитарлық сан» қолданылады.
«Санитарлық сан» - топырақтың белоктық азотының органикалық азот санына қатынасы: Қ
С = _--------____
А
Мұндағы, С – «санитарлық сан»; В – «топырақтың белоктық азотының» саны; А – топырақтағы органикалық азоттың саны (100 г құрғақ топыраққа есептелінеді, өлшем бірлігі - мг).
«Санитарлық сан» - бірге тең немесе төмен болса, топырақ таза деп есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |