Ќараѓанды Мемлекеттік Медицина Академиясы


Қосымша 4. Су сығындысын дайындау және оны талдау



бет9/10
Дата16.01.2023
өлшемі150 Kb.
#165600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
?ä³ñòåìåë³ê í?Ñ?ÀÓ. Òà?ûðûáû «Òîïûðà?òû ñàíèòàðëû? – ãèãèåíàëû?

Қосымша 4.
Су сығындысын дайындау және оны талдау.
Салмақтық ара қатынасы 1:5 болатын топырақтың су сығындысын дайындау үшін

  1. фарфор ыдысқа (жаңа алынған( 150 – 100 гр топырақты өлшеу.

  2. оны воронканың көмегімен түбі жалпақ, сыйымдылығы 500 – 700 мл колбаға салу.

  3. үстінен 450 – 500 мл дистильденген, 2 рет айырылған??? және аммиактан тазартылған су құйылады.

  4. колбаны тығынмен жауып, 3 минут шайқау.

  5. 13 % 1 мл алюминий ерітіндісін қосу, 30 секунд шайқау.

  6. егер сығынды мөлдірленбесе, 7 % - 0,5 мл ащы калий ерітіндісін қосу.

(сығынды әбден мөлдірленіп ұйығанша ерітінділерді қоса береді).

  1. тұнған сығындыны ыстық сумен шайып сүзгішпен сүзу.

  2. алынған ерітіндіні 2 бөлікке бөлу.

  3. Нитриттер, нитраттар, хлориттерді анықтау үшін бір бөлігіне алюминий, күкірт қышқылы, ащы калий қосу.

  4. Келесі химиялық зерттеулер үшін сығындыны сақтау.



Қосымша 5.
Топырақты гельминтологиялық зерттеу әдістемесі.
Қажетті құралдар:

  1. 5 – 10 мг топырақ үлгісі

  2. 20 мл 5 % ащы натрий ерітіндісі

  3. центрифуга, пинцет

  4. нитратты натрий ерітіндісі

  5. Гольдман немесе Зейтц сүзгіштері

Жұмыс барысы:

  1. 5 – 10 мг топырақ үлгісін 20 мл 5 % ащы натрий ерітіндісімен 1 сағат көлемінде араластыру.

  2. Алынған массаны центрифугада 1 – 2 минут айналдыру.

  3. Ерітіндінің артық көлемін төгіп тастау.

  4. Алынған топырақты нитратты натриймен қанықтырылады.

  5. Үлгіні 2 минуттан 5 рет центрифугалау.

  6. Центрифугадағы әр айналымнан кейін, сынаманың бетіндегі қабыршағын ішінде суы бар стаканға салу (құрт жұмыртқаларын нақты жинау үшін 15 – 20 рет қабыршақ жинаған жөн).

  7. Стакандағы қабыршақты Гольдман сүзгіші арқылы сүзу.

  8. Сүзгішті пинцеттің көмегімен шынының үстіне салу.

  9. Сүзгіні түссіздендіру үшін үстінен 50 % глицерин ерітіндісі құйылады.

  10. Алынған мәліметтер нәтижесін мына қатынаста оқу:

а) топырақ сау – аскарида жұмыртқалары табылмайды.
ә) топырақ әлсіз ластанған 1 кг топырақта 10 құрт жұмыртқасы табылады.
б) топырақ лас 1 кг топырақта 100 – ге дейін құрт жұмыртқалары табылады.
в) топырақ қатты ластанған1 кг топырақта 100 – ден көп құрт жұмыртқалары табылады.

  1. Зерттеу нәтижесін хаттамада толтыру:

Топырақ үлгісі ___________ учаскесінен алынады (мекеменің аты).
Топырақта табылған құрт жұмыртқасының саны _________________
Гельминтологиялық зерттеу нәтижесі бойынша топырақтың тазалық деңгейі: « __________________________________________________»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет