Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Гормондардың жалпы қасиеттері



бет3/20
Дата12.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#196411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
LгормонKZ (1)

Гормондардың жалпы қасиеттері:

  1. Физиологиялық әсерінің қатаң түрдегі спецификалылығы (троптылығы).

  2. Әсерінің жоғары биоактивтілігі: - гормондар өзінің физиологиялық әсерін өте аз дозада (10-6-10-10 моль\л) беретіндігі.

  3. Әсерінің дистанттығы: - гормон әсер ететін нысана-жасуша синтезделетін орнынан алыс орналасқан.

  4. Әсерінің генералділігі (жайылынқылығы)

  5. Әсерінің пролонгациялануы (ұзақ мерзімділігі).

Гормондардың ағзаға физиологиялық әсерінің 4 типі белгілі: - кинетикалық немесе босатушы, мысалы, белгілі бір мүшелердің қызметі атқарылуын дамыту); - метаболиттік (заттар алмасуын өзгерту); морфогенетикалық (мүшелер мен ұлпалардың дифференциациясы, өсуге әсері, пішін қалыптастыру үдерістерін стимуляциялау); - корригациялау (мүшелер мен ұлпалардың қызметінің интенсивтілігін өзгерту).
Гормондардың метаболиттік әсері әртүрлі жолдармен атқарылады. Олардың маңыздылары: - 1. Ферменттердің активтілігін жоғарлату немесе төмендету; - 2. Жасуша мембранасының өткізгіштігін өзгерту; - 3. Биосинтетикалық және энергетикалық үдерістерді реттеуге қатысуы.
Гормондық әсер келесі негізгі этаптар арқылы беріледі: - синтезделуі және қанға түсуі; - тасымалдану түрлері мен жолдары; - гормондар әсерінің жасушалық механизмі бойынша.
Гормондардың тасымалдануы.
Гормондар секреттелуші орнынан нысана-мүшелерге айналымдағы сұйықтықтар: қан және лимфа арқылы тасымалданады. Гормондардың тасымалдануы оның ерігіштік қасиетіне байланысты. Гидрофилді табиғаттағы гормондар, мысалы, (протеиндік-пептидтік гормондар) суда ерігіш болғандықтан қанда бос күйінде тасымалданады. Стероидты, қалқанша безінің гормондары плазма протеиндерімен комплекс түзіп тасымалданады. Олар спецификалық тасымалдаушы протеин болуы мүмкін (тасымалдаушы төмен молекулалы глобулиндер, тироксинбайланыстырушы протеин, кортикостероидтарды тасымалдаушы транскортин), бейспецификалық (альбуминдер), сонымен бірге қанның пішіндік элементтеріне адсорбцияланған түрде тасымлданады.
Гормондардың биологиялық активтілігі бос гормондар мөлшері бойынша анықталады. Гормондардың байланысқан формасы депо, физиологиялық резерв қызметін атқарады, одан гормондар активті формаға өте алады.
Гормондық әсердің байқалуы үшін оның рецептормен байланысуы міндетті түрде өтетін жағдай. Гормон рецепторына тән болады: -1. гормонға жоғары байланысушылық қабілеті; -2. өте жоғары тандаушылығы; -3. шектеулі байланыстырушы қабілеті; -4. ұлпалар бойынша рецепторлардың спецификалық шоғырлануы.
Қызметке белсенді рецепторлар саны әртүрлі жағдайлар мен патологиялар кезінде өзгеріп отырады. Мысалы, жүктілік кезінде миометрияда М-холинорецепторлар жоғалтылады, ал окситоциндік рецепторлар саны жоғарлайды. Қант диабетінің кейбір түрлерінде инсулиндік аппараттың жетіспеушілігі байқалады, немесе, қанда инсулиннің көлемі жоғары болады, бірақ инсулинді байланыстыратын рецепторлар аутоантиденемен байланысып жабылып қалатындықтан олардың бір бөліктері жұмыс істемейді.
Гормондармен байланысатын рецепторлар саны бір жасушада бірнеше мың болады. Рецепторлар гормондарды тануға, селекциялауға қабілетті. Гормон–рецепторлық байланыс өте жоғары байланусышылық пен спецификалық қасиеті бар болуы бойынша, қайтымдылығы және сигналды генерациялауы (сигналдың трансдукциясы), температура мен рН-қа тәуелділігі бойынша сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет