Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Гормондардың инактивациясы



бет5/20
Дата12.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#196411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
LгормонKZ (1)

Гормондардың инактивациясы эффекторлық мүшелерде өтеді, негізінен, бауырда. Гормондар ағзада келесі маңызды қызметтерді атқарады:

  1. өсудің реттелуін, ұлпалар мен мүшелердің дамуы мен дифференцировкасын (маманданып бөлінуін), физикалық, жыныстық, ақыл-ой дамуын;

  2. қоршаған ортаның өзгерісіне ағзаның бейімделуін;

  3. гомеостаздың қалыпта ұсталуын қамтамассыз ету.

Гормондардың өзара әсерлесуінің түрлері. Әрбір гормон жеке түрде бөлектеніп қызмет атқармайды. Сондықтан олардың өзара әсерлерінің нәтижесін білу үшін қажет.
Синергизм – бұл екі немесе бірнеше гормондардың бір бағыттағы әсері. Мысалы, адреналин, глюкагон олар бауырдағы гликогенді глюкозаға дейін ыдыратып, қанда қанттың дәрежесін жоғарлатады.
Антагонизм – бұл гормондардың әртүрлі бағыттағы әсері. Ол қашанда салыстырмалы болады. Мысалы, инсулин және адреналин қанда глюкозаның мөлшерін қалыптастырғанда қарама қарсы бағыттағы әсерді көрсетеді. Инсулин гипогликемияны туындатады, ал адреналин гипергликемияны. Бұл әсерлердің биологиялық маңызы біреу ғана, ол ұлпалардың көмірсулармен қоректенуін жақсарту.
Пермиссивті әсер – бұл жағдайда гормон өзі физиологиялық әсерді дамытпайды, бірақ жасушаның немесе мүшенің басқа гормонның әсеріне жауап беру реакциясына ыңғайлы жағдайды жасайды. Мысалы, глюкокортикоидтар қантамырлары бұлшықеттерінің тонусына және гликогеннің ыдырауына ықпал етпестен, адреналиннің аз концентрациясының өзінде оның артериалдық қысымды жоғарлатып және бауырдағы гликогенолиз нәтижесінде гипергликемияны дамытуына әкеледі.


Гормондардың нейрогуморалды реттелуі, иерархиялық жүйелерге жалпы сипаттама.
Қандағы гормондардың физиологиялық деңгейін ұстау үшін (оның активтенуі мен инактивтенуі жылдамдықтарының тұрақтануына) оған гомеостаздың бірнеше механизмдері қатысады. Олар гормон-секреттеуші бездер мен нысана-ұлпаның арасындағы нақты сигнал алмасуын қамтамассыз етіп және қажетті кездегі гормондық әсердің жойылу мерзімін қамтамассыз етеді
Бұл үдерістің атқарылуы тікелей оң байланыс және кері теріс байланыс арқылы реттелу деп аталатын жүйемен орындалады. Ол кейде бір немесе бірнеше эндокриндік бездердің тікелей қатысуымен атқарылады. Жиі жағдайда бұл кері теріс байланысқа негізделген реттелу механизмі болып табылады. Гормондардың секреттелуі тура оң байланыс арқылы іске асады.
Бұл механизм, негізінен, келесі жүйелік жолға тән: гипоталамус — гипофиз — нысана-без.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің барлық гормондарының (соматотропин, тиротропин, кортикотропин, фоллитропин, лютропин, пролактин) секреттелуі гипоталамуста синтезделетін, гипофиздің троптық гормондарының түзілуін төмендету немесе жоғарлатуға қабілетті пептидтік табиғаттағы заттардың бақылауында болады.
Гипоталамус – бас миының гипофизге қиылысатын аймағы. Гипоталамуста жүйке импульстерінің гуморалдыққа айналуы жүреді.
Қазіргі кезде, гипоталамустан бірнеше рилизинг-гормондар (либериндер) бөлініп алынған. Мысалы, тиреотропин-рилизинг-гормон (тиролиберин, ТРГ), гонадотропин-рилизинг-гормон (люлиберин), кортикотроптық гормон түзілуін реттейтін гормон – кортикотропин-рилизинг-гормон (кортиколиберин), пролактин секрециясын дамытатын гормон (пролактолиберин), меланоцит-босатушы гормон және т.б.
Гипоталамус гормондарының арасында гипофиз қызметіне тежеуші әсер ететін гормондар да бөлінген. Оларды статиндер деп атайды, мысалы, соматостатин, пролактостатин, меланоцитостатин және т.б..
Аденогипофиз паренхимасымен гипоталамустың орташа төмпешігіндегі кең тарқатылған капиллярлық торлар арқылы байланысатын қанайналымының порталдық жүйесі бойынша либериндер гипофиздің алдыңғы бөлігіне түседі және гипофиздің троптық гормондарының түзілуін күшейтіп қанға бөлінуін дамытады.
Гипофиздің троптық гормондарының әсерінен шеткері эндокриндік мүшелердің секреттеуші белсенділігі жоғарлайды. Олардың әсерінен болатын нысана-жасушадағы метаболиттік концентрацияның өзгеруі – кері байланыс принципі бойынша гипоталамусқа әсер етіп гормондардың синтезін тежеуге арналған механизмді іске қосады. Сондықтан, троптық гормондардың синтезі және секрециясы шеткейі бездер гормондары арқылы тежеледі.
Басқа жағдайларда кері байланыс жеке метаболиттер немесе субстраттардын қосылуымен атқарылады. Себебі, олардың қан плазмасындағы концентрациясы жоғарлағанда қан тамырлары қабырғасында орналасқан арнайы рецепторлар арқылы орталық жүйке жүйесіне сигнал беріледі (кері теріс байланыс принципі бойынша), ол троптық гормондардың синтезі немесе инактивациясын күшейту арқылы эндокриндік безден бөлінетін гормондардың синтезі мен тежелуін атқарады. Мысалы, қандағы глюкоза концентрациясының жоғарлауы (гипергликемия) инсулиннің өлшемді бөлінуін дамытады, бұл арнайы ұлпалардың глюкозаны қабылдауын және жұмсауын күшейтеді. Соның нәтижесінде қандағы глюкоза деңгейі қалыпқа келеді, ал бұл, өз кезегінде, ұзын кері байланыс принципі бойынша инсулин секреттелуін төмендетеді.



Сурет 1.
Берілген кесте (сур.1.) эндокриндік жүйе – гипоталамус пен гипофиздің, босатушы гормондары арасындағы өздері басқаратын үдерістің схемасы.

Берілген схемада эндокриндік бездер – гипоталамус және гипофиз жүйесінің жоғары реттелу деңгейі байқалады. Гипоталамус пен гипофиз басқа эндокриндік бездердегі гормондар синтезі мен секрециясы үдерістеріне ықпал етеді.


Схема бойынша гипоталамустан нысана-жасушаға дейінгі жолдар тура оң байланыс деп аталады. Оның нәтижесінде метаболиттердің жасушадағы концентрациясы жоғарлайды. Кері теріс байланыстар гормондар бөлінуін тежеу арқылы метаболиттердің түзілуін азайтуға әкеледі. Нәтижесінде қандағы гормондар құрамы және мөлшері ағзаның функциональдық жағдайына тәуелді түрде белгілі бір тепе тендікте сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет