Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Катехоламин мен дофаминнің биосинтезі



бет7/20
Дата12.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#196411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
LгормонKZ (1)

Катехоламин мен дофаминнің биосинтезі. Шығу көзі болатын қосылыс тирозин. Катехоламиндер синтезінің негізгі ферменті тирозингидроксилаза, ол тирозинді ДОФА-ға (L-β-3,4 дигидроксифенил) - α – аланин) айналдырады. Оның дофаминге айналуын ароматтық аминоқышқылдардың декарбоксилазасы катализдейді.
Дофаминнің норадреналинге айналуын дофамин-β-гидроксилаза катализдейді. Норадреналиннің адреналинге айналуын –N- метилтрансфераза (фенилэтаноламин N-метилтрансфераз) ферменті катализдейді. Синтезі аяқталған соң катехоламин мен дофаминдер арнайы секреторлық гранулаларға жинақталады.
Йодтирониндердің биосинтезі.
Йодтирониндердің биосинтезін гипофиздің ТТГ стимулдейді. Йодтирониндер тироглобулин протеині құрамында синтезделеді. Тироглубин –гликопротеин, жасушаның базальдық бөлігінде синтезделеді және жасушадан тыс коллоидта сақталады. Бұл коллоидта протеиндегі тирозиндік қалдықтар йодтанады, нәтижесінде йодтирониндер түзіледі.
Тиропероксидазаның әсерінен тотыққан йод тирозин қалдығымен әсерлесіп монойодтиронинді (МИТ) және дииодтиронинді (ДИТ) түзеді. ДИТ екі молекуласы конденсацияланып тироксинді (Т4) түзеді, ал МИТ және ДИТ конденсацияланғанда йодтиронин (Т3) түзіледі. Йодтиреглобулин жасушаға эндоцитоз жолымен тасымалданады және ол лизосома ферменттері арқылы гидролизденіп Т3 пен Т4 босатылады.
Йодтирониндер қанда тироксинбайланыстырушы протеинмен байланысқан комплекс түрінде болады. Тек Т4 - 0,03%, Тз - 0,3% бос күйінде кездеседі. Йодтирониндердің биологиялық белсендігі оның бос формадағы фракциясы атқарады. Тасымалдаушы протеиндер бос гормондарды қосымша қамтамассыз ете алатын өзіндік депо қызметін атқарады. Йодтирониндер секрециясы мен синтезі гипоталамо-гипофизарлы жүйе арқылы реттеледі.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің (аденогипофиздің) гормондары
Аденогипофизде келесі гормондар түзіледі: аденокортикотропты гормон (АКТГ) немесе кортикотропин; тиретропты гормон (ТТГ) немесе тиреотропин, гонадотропты гормондар: фолликулстимулдеуші гормон (ФСГ) немесе фоллитропин және лютеиндеуші гормон (ЛГ) немесе лютропин, соматропты гормон (СТГ) немесе өсу гормоны, немесе соматотропин, пролактин. Бастапқы 4 гормон ішке секреттеуші шеткейі бездер қызметін реттейді.
Соматотропин мен пролактин нысана-ұлпаға өздері әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет