Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы



бет15/20
Дата12.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#196411
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
LгормонKZ (1)

Глюкокортикоидтар. Глюкокортикоид гормондарға жатқызылады: - кортизол, кортизон, 11-дезоксикортизол, 11-дегидрокортикостерондар. Адамда ең маңызды глюкокортикоид – кортизол. Бұл гормондар - көмірсулар, протеин және майлардың алмасуына ықпал етеді.
Глюкокортикоидтар қан плазмасында глюкоза мөлшерінің жоғарылауын дамытады. Бұл әсер бауырдағы глюконеогенез үдерісін стимулдейді немесе аминоқышқыл мен май қышқылдарынан глюкоза түзілуін. Глюкортикоидтар көмірсулар алмасуы реттелуінде инсулиннің антогонисті болып табылады.
Глюкокортикоидтар протеиндер алмасуына катаболиттік әсер жүргізеді. Майлар алмасуына глюкокортикоидтардың әсері липолизді активтендірумен байланысты, бұл қан плазмасында май қышқылдары концентрациясының жоғарлауына әкеледі.
Глюкокортикоидтар тұз қышқылы секрециясын стимулдейді.
Бүйрек үстілер қыртысты қабатының глюкокортикоидтары түзілуін аденогипофиздің АКТГ стимулдейді. Глюкокортикоидтардың қандағы артық мөлшері АКТГ синтезі мен гипоталамустың кортиколиберинінің тежелуіне әкеледі.
Сондықтан, гипоталамус, аденогипофиз және бүйрек үстілердің қыртысы қызметті біріккен болады. Сондықтан, ол бір жүйе – гипоталамо-гипофизарлы-бүйрек үстілер жүйесі деп аталады. Жедел стресс жағдайлары кезінде қандағы глюкокортикоидтардың деңгейі кенет жоғарылайды. Метаболиттік әсерлермен байланысты олар ағзаны энергиялық материялдармен қамтамассыз етеді. Қандағы глюкокортикоидтардың ең жоғары концентрациясы таңертең 6-8 сағатта айқындалады.
Бүйрек үстілер қыртысының гипоқызметі кортикоидтардың мөлшері төмендеуі (бұл Адиссон (қола, бронза) ауруы) арқылы байқалады. Бұл аурудың негізгі симптомы: адинамия, айналымдағы қан көлемінің төмендеуі, артериялық гипертония, гипогликемия, терінің күшті пигменттелуі, бас айналуы, іш аймағында белгісіз ауырсынулар, ішөту.
Бүйрек үсті безі ісіктері кезінде бүйрек үстілер қыртысының гиепрқызметі глюкокортикоидтар түзілуінің артық мөлшерде болуына байланысты өтеді. Бұл бірінші ретті гиперкортицизм немесе Иценко-Кушинг синдромы деп аталады.
Бүйрек үстілердің жыныс гормондары тек балалар жасында ғана белгілі бір роль атқарады, себебі жыныс бездерінің ішке секреттеу қызметі әлі әлсіз дамыған. Бүйрек үстілер қыртысының жыныс гормондары екінші ретті жыныс белгілері дамуын қабілеттендіреді. Олар да ағзадағы протеин синтезін стимулдейді.
АКТГ андрогендердің синтезі мен секрециясын стимулдейді.бүйрек үстілер қыртысында жыныс гормондарының артық мөлшерде өндірілген кезінде адреногениталдық синдром дамиды. Егер бір текті жыныстағы гормондардың артық мөлшері түзілетін болса, онда жыныстық даму үдерісі күшейеді. Егер қарама қарсы жыныстарда гормондар артық мөлшерде түзілетін болса – онда басқа жыныста екінші ретті жыныс белгілері пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет