Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Бүйрек үсті безінің милы қабатының гормондары



бет16/20
Дата12.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#196411
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
LгормонKZ (1)

Бүйрек үсті безінің милы қабатының гормондары
Бүйрек үсті безінің милы қабаты катехоламиндерді өндіреді: адреналин және норадреналинді. Адреналиннің үлесіне - 80%, норадреналинге - 20% гормондық секреция мөлшері келеді. Адреналин мен норадреналин секрециясы хромаффиндік жасушаларда тирозин аминоқышқылынан синтезделіп атқарылады.
Адреналин бауыр мен бұлшықетте гликогеннің ыдырауын күшейту арқылы көмірсулар алмасуының реттелуіне қатысады. Нәтижесінде, қан плазмасындағы глюкоза мөлшері жоғарылайды.
Адреналин липолизді актвитендіреді. Катехоламиндер термогенез активтенуіне қатысады.
Адреналин мен норадреналинннің әсері олардың α,- және β-адренорецепторларға әсерлесуі арқылы өтеді. Бұл рецепторлар фармакологиялық түрде бөлінеді: α1 -,α2 -,β1 -,β2-рецепторлар. Адреналиннің β-адренорецепторға байланысушылығы, ал норадреналиннің α-адренорецепторға байланысушылығы жоғары болады.



Катехоламиндердің артық секрециялануы бүйрек үстілердің – феохромацитомасында хромаффиндік жасушаларының ісігі болған кезде байқалады. Оның негізгі белгілері: артериялық қысымның пароксизмалдық жоғарлауы, тахикардия приступы, ентігу.


Ағзаға әртүрлі табиғаттағы төтенше немесе патологиялық факторлардың (жарақат, гипоксия, тоңазыту, бактериялық интоксикация және т.б.) әсерлері кезінде ағзада бейспецификалық біртипті өзгерістер жүреді. Олар жалпы бейімделушілік синдромы (Г. Селье) деп аталатын, ағзаның бейспецификалық резистенттігі жоғарылауына бағытталған. Бейімделушілік синдромы дамуында негізгі рольді гипофизарлық-бүйрек үстілік жүйе атқарады.


Жыныс бездерінің гормондары
Жыныс бездері немесе гонадтар – ерлерде аталық без (аталық жұмыртқа) және әйелдерде аналық без (аналық жұмыртқалар) - аралас секрециялаушы бездерге жатқызылады.
Ішке секрециялау қызметі: ерлер мен әйелдердің жыныс гормондарын синтездеу мен оларды қанға секрециялау. Аталық та, аналық та ерлердің де әйелдердің де жыныс гормондарын синтездейді, бірақ ерлерде - андрогендер, ал әйелдерде – эстрогендер басым мөлшерде болады.
Жыныс гормондары эмбрионалдық дифференцировка өтуін қабілеттендіреді, ары қарай жыныс мүшелері дамуын және екінші реттік белгілері пайда болуын қамтамассыз етеді, жыныстық жетілуі мен адамның мінез-құлқы қалыптасуын айқындайды. Әйелдер ағзасында жыныс гормондары овариалдық-менструациялық циклді реттейді, сонымен бірге, жүктіліктің қалыпты өтуі мен сүт бездерінің сүтті секрециялауға дайындалуын реттейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет