Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы



бет19/20
Дата12.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#196411
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
LгормонKZ (1)

Плацента гормондары
Плацента - жүктілік кезінде уақытша пайда болатын мүше. Ол ұрықтың ана ағзасымен байланысын қамтамассыз етеді: оттек пен қоректік зат түсуін реттейді, зиянды ыдырау өнімдерін шығарады. Плацента ұрықты оған зиянды заттардан қорғайтын тосқауылдық қызметті атқарады.
Жүктіліктің 16-шы аптасында жұмыртқадағы сары дене практикалық тұрғыда өшеді. Гормон өндіру қызметін плацента алады. Ол бала ағзасын гормондармен: - прогестерон, эстрогендердің алғызаттары, хориогонадотропин, хориолық соматотропин, хориолық тиреотропин, адренокортикотроптық гормон, окситоцин, релаксин қамтамассыз етеді.
Плацента гормондары жүктіліктің қалыпты өтуін қамтамассыз етеді. Хориолық гонадотропин біршама жақсы зерттелген. Өзінің физиологиялық қасиеті бойынша ол гипофиздің гонадотропиніне ұқсас. Гормон ұрықтың дифференцировкасы мен дамуы үдерістері мен анасындағы зат алмасуына әсер етеді: - су мен тұзды ұстайды, антидиуреттік гормонның өндірілуін стимулдейді және өзі де антидиуреттік әсер береді, иммунитет механизмдерін стимулдейді.
Эпифиз (сүйектің жоғары және төменгі басы) гормондары
Эпифиз (жоғарғы мидың қосалқысы, пинеальдық без, томпақша без) нейроглиалдан шыққан без болып табылады. Бірінші кезекте, серотонин мен мелотонинді синтездейді, сонымен бірге норадреналин, гистаминді өндіреді. Эпифизде пептидтік гормондар мен биогендік аминдер анықталған, бұл оның жасушаларын (пинеалоциттер) АПУД –жүйе жасушаларына жатқызуға негіз береді. Мысалы, оларда аргинин-вазотоцин (пролактин секрециясын стимулдейді); эпифиз-гормон, немесе, «Милке» факторы, эпиталамин – қосынды пептидтік комплекс және т.б..
Эпифиздің негізгі қызметі: - циркадтық (тәуліктік) биологиялық ритмді, эндокриндік қызметті, метаболизмді, ағзаның қоршаған жарықтың өзгерісіне бейімделуін реттейді. Жарықтың артық болуы серотониннің мелатонинге және метоксииндолдарға айналуын тежейді және серотонин мен оның метаболиттерінің жиналып қалуына әкеледі. Қараңғыда, керісінше, мелатонин синтезі күшейеді. Бұл үдеріс белсендігі жарықтануға тәуелді ферменттердің әсерінен өтеді. Эпифиз ағзаның бір қатар маңызды реакцияларын реттейтінін есепке алып, ал жарықтану ауысуына байланысты бұл реттелу циклді болатындықтан, оны ағзаның «биологиялық сағаты» деп атауға болады.
Эпифиздің эндокриндік жүйеге әсері негізінен тежеуші сипатта болады. Оның гормондарының гипоталамус-гипофиз-гонад жүйесіне әсенрі дәлелденген. Мелатонин гонадотропиндер секрециясын гипоталамус либериндерінің секрециясы деңгейінде де, аденогипофиз деңгейінде де басады. Мелатонин гонадотроптық гормондар ырғақтылығын айқындайды, соның ішінде әйелдердің менструциялық цикл ұзақтығын да.
Эпифиз гормондары мидың биоэлектрлік активтілігін және жүйке-психикалық әрекетті ұйықтату, анальгетикалық және седативтік әсер беру арқылы басады. Экспериментте эпифиз экстрактісі инсулинтәріздес әсер (гипогликемиялық), паратиреоидтәріздес әсер (гиперкальциемиялық), диуреттік әсерлерді дамытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет