Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Кальцитонин немесе тиреокальцитонин



бет12/20
Дата12.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#196411
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
LгормонKZ (1)

Кальцитонин немесе тиреокальцитонин, қалқанша маңы безінің паратгормонымен бірге кальций алмасуының реттелуіне қатысады. Оның әсерінен қандағы кальций мөлшері төмендейді (гипокальциемия). Бұл гормоннның сүйекке әсер етуі нәтижесінде өтеді. Сүйекте ол остеобласттар қызметін белсендіреді және минералдендіру үдерісін күшейтеді. Остеокластардың қызметі (сүйек ұлпасын ыдырату), керісінше, тежеледі. Бүйректер мен ішекте кальцитонин кальций реабсорбциясын басады және фосфаттардың кері сіңірілуін күшейтеді. Тиреокальцитониннің өндірілуі қан плазмасындағы кальций мөлшерінің деңгейі бойынша кері байланыс типі бойынша реттеледі. Кальций мөлшері төмендеген кезде тиреокальцитониннің өндірілуі тежеледі және керісінше.


Қалқанша маңы (парақалқанша) безі гормондары.
Адамда екі жұп қалқанша маңы безі болады. олар қалқанша безінің артқы жақ беткейіне немесе оған батырылып орналасады. Бұл бездің негізгі жасушалары паратиреоидтық гормонды (паратгормон, паратирин, ПТГ) өндіреді.
Паратгормон ағзадағы кальций алмасуын реттейді және оның қандағы деңгейі ұсталуына қатысады. Сүйек ұлпасында паратгормон остеокластар қызметін күшейтеді. Бұл сүйектің деминеральденуіне және қан плазмасындағы кальций мөлшерінің жоғарлауына (гиперкальциемия) әкеледі. Паратгормон бүйрек пен ішекте кальций реабсорбциясын күшейтеді. Паратгормон кальций алмасуына ықпал етумен бірге ағзадағы фосфор алмасуына да қатысады: фосфаттардың кері сіңірілуін басады және олардың несеп құрамында шығарылуын күшейтеді (фосфатурия).
Қалқанша маңы безінің белсендігі қан плазмасындағы кальций мөлшері бойынша айқындалады. Егер қандағы кальций концентрациясы жоғарлайтын болса, онда бұл жағдай паратгормон секрециясының төмендеуіне әкеледі. Қандағы кальций деңгейінің төмендеуі паратгормоннның күшті өндірілуін дамытады.
Қалқанша маңы безінің гиперқызметі сүйек ұлпасының деминералденуіне және остеопороздың дауына әкеледі. Гиперкальциемия бүйректе тас түзілуіне бейімділікті күшейтеді, жүректің электрлік белсендігі бұзылысы дамуын қабілеттендіреді, асқазан-ішек трактісінде гастрин мен асқазандағы НCl мөлшері жоғарлауы нәтижесінде (олардың түзілуін кальций ионы стимулдейді) ойық жара дамуын күшейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет