Ерлердің жыныс гормондары (андрогендер) Аталық бездің интерстициалдық жасушасы (Лейдиг жасушасы) ерлердің жыныс гормондарын өндіреді. Олар аздаған мөлшерде ерлер мен әйелдердің бүйрек үсті безі қыртысының торлы аймағында және әйелдердің аналық безінің (жұмыртқалардың) сыртқы қабатында өндіріледі. Барлық жыныс гормондары - стероидтар және бір ғана алғызат - холестериннен синтезделеді.
Андрогендердің ең маңыздысы – тестостерон. Тестостерон бауырда ыдырайды, ал оның метаболиттері несеп құрамында 17-кетостероид түрінде экскрецияланады. Қан плазмасындағы тестестерон концентрациясы тәуліктік ауытқушылықта болады. оның максимальді мөлшері таңертең сағат 7-8 кездерінде болады, ал минимальді мөлшері сағат 24-03 мезгілінде болады.
Тестостерон гонадтардың жыныстық дифференцировкасына қатысады. Бірінші реттік (аталық жыныс мүшесі мен жұмыртқалардың өсуін) және екінші реттік (түктенудің еркектік типін, төмен дауысты, дене бітімінің сипатын, психика мен мінез-құлық ерекшеліктерін) жыныс белгілері дамуына, жыныс рефлекстері пайда болуына қатысады.
Гормон сперматозоидтардың жетілуіне де қатысады. Тестостерон айқын анаболиттік әсерге қабілетті, немесе, ол протеиндер синтезін, негізінен бұлшықеттерде жоғарылатады. Бұл бұлшықет массасының ұлғаюына, өсу мен физикалық даму үдерістерінің үдеуіне әкеледі. Сүйектің протеиндік матрицасы түзілуін үдету арқылы, сонымен бірге онда кальций тұздары тұнуын тездетіп гормон сүйектің өсуі, қалыңдауы мен мықтылығын қамтамассыз етеді. Эпифизарлық шеміршектердің сүйектенуін қабілеттендіріп жыныс горомндары сүйек өсуін практикалық тұрғыда тоқтатады.
Тестостерон ағзадағы май мөлшерін азайтады. Эритропоэзді стимулдейді, сондықтан ерлердегі эритроциттер мөлшері әйелдермен салыстырғанда артық мөлшерде болады. Орталық жүйке жүйесі қызметіне ерлердің типтік психофизиологиялық белгілері мен жыныстық мінезді қалыптастыру арқылы ықпал етеді.
Тестостерон өндірілуі аденогипофиздің лютеиндеуші гормоны арқылы кері байланыс механизмі бойынша реттеледі. Қанда тестостеронның артық мөлшерде болуы лютропин өндірілуін тежейді, концентрациясының төмен болуы жоғарылатады.
Ерлердің жыныс гормондары өндірілуінің жетіспеушілігі аталық без паренхималарында патологиялық үдерістер дамуымен (бірінші реттік гипогонадизм) және гипоталамо-гипофизарлық жетіспеушілік салдарларымен (екінші реттік гипогонадизм) байланысты. Аталық без қызметінің жүре пайда болған бұзылысы туындайды: - хирургиялық кастрация; - жарақат; - туберкулез; - мерез ауруы; - гонорея ауруы салдарынан. Аурудың байқалуы жасқа, бездің зақымдалу мезгіліне тәуелді болады.