Әйелдің жыныс гормондары Бұл гормондар әйелдің жыныс безі – аналық безде, жүктілік кезінде – плацентада (баланың жолдасында) және аз мөлшерде ерлердің жыныс безінің жұмыртқаларындағы Сертоли жасушаларында өндіріледі. Аналық без жұмыртқаларының фолликулаларында эстрогендердің синтезі атқарылады, ал жұмыртқаның сары денесінде прогестерон өндіріледі.
Эстрогендерге жатқызылады: - эстрон, эстрадиол мен эстриол. Эстрадиол ең басым физиологиялық белсенділікке қабілетті. Экстрогендер әйелдің бірінші және екінші реттік жыныс белгілерінің дамуын стимулдейді. Олардың әсерінен аналық без жұмыртқалары, жатыр, жатыр түтігі, қынап пен сыртқы жыныс мүшелері өсіп жетіледі. Эндометриядағы пролиферация үдерісі күшейеді. Эстрогендер сүт бездерінің өсуі мен дамуын стимулдейді. Эстрогендер сүйек қаңқасы дамуына оның жетілуін үдету арқылы ықпал етеді. Олар эпифизарлық шеміршекке әсер ету арқылы сүйектің ұзындыққа өсуін тежейді. Эстрогендер айқын анаболиттік әсерді - майлар түзілуі мен олардың таралуын күшейту (әйел денесі типіне сәйкес фигураны қалыптастырып), әйел типіндегі түктену арқылы байқатады. Эстрогендер ағзада азот, су және тұздардың ұсталуын қамтамассыз етеді. Бұл гормондардың әсерінен әйелдердің психологиялық және эмоциялық жағдайлары өзгереді. Жүктілік кезінде эстрогендер жатырдың бұлшықет ұлпасының өсуін, жатырлық-плацентарлық қанайналысының тиімді болуын, прогестерон және пролактинмен бірге сүт бездері дамуын қабілеттендіреді.
Жұмыртқалардың сары денесінің овуляциясы кезінде (ол жарылған фолликулла орнында дамиды) прогестерон гормоны өндіріледі. Прогестеронның негізгі қызметі – эндометрияны ұрықтанған жұмыртқаның имплантациясына дайындау және жүктіліктің қалыпты өтуін қамтамассыз ету. Егер ұрықтану өтпеген болса сары дене дегенерацияланады. Жүктілік кезінде прогестерон эстрогендермен бірге жатыр мен сүт бездерінде пролиферация үдерісін және секреторлық белсендікті күшейту арқылы морфологиялық қайта құрылуды қамтамассыз етеді. Соның нәтижесінде эндометрия бездерінің секретінде, эмбрионның дамуына қажетті, липидтер мен гликогеннің концентрациясы жоғарылайды. Гормон овуляция (ұрықтану) үдерісін басады.
Эстрогендер мен прогестерон өндірілуі аденогипофиздің гонадотроптық гормондары арқылы реттеледі.