Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Бүйрек үсті бездерінің гормондары



бет14/20
Дата12.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#196411
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
LгормонKZ (1)

Бүйрек үсті бездерінің гормондары

Бүйрек үсті бездері жұп бездер болып табылады. Бұл эндокриндік мүше, тіршілік үшін аса маңызды. Бүйрек үсті безі екі қабаттан тұрады: қыртысты қабат және милы қабат.


Бүйрек үсті безі қыртысты қабатының гормондары
Бүйрек үсті безінің қыртысы 3 аймаққа (зона) бөлінеді: сыртқы (түбірлі), ортаңғы (бүршікті) және ішкі (торлы). Сыртқы аймағында, негізінен, минералокортикоидтар, ортаңғыда – глюкокортикоидтар, ішкіде - жыныс гормондары (андрогендер) өндіріледі.
Бүйрек үсті безі қыртысының гормондары химиялық құрылысы бойынша стероидтар болып табылады. Барлық стероидтық гормондардың әсер ету механизмдері: - жасуша ядросының генетикалық аппаратына тікелей ықпал етуі, сәйкес РНҚ синтездерін стимуляциялау, катиондарды тасымалдаушы протеиндер мен ферменттердің синтезін активтендіру, аминоқышқылдар үшін мембрана өткізгіштігін жоғарлату.
Минералокортикоидтар. Бұл топқа альдостерон, дезоксикортикостерон, 18-оксикортикостерон, 18-оксидезоксикортикостерондар жатқызылады. Бұл гормондар минералдар алмасуын реттеуге қатысады. Минералокортикоидтардың негізгі өкілі - альдостерон болып табылады. Альдостерон бүйректің дистальдық каналшаларында натрий мен хлор иондары реабсорбциясын күшейтеді және калий иондарының кері сіңірілуін төмендетеді. Мұның нәтижесінде натрийдің несеп құрамында бөлінуі азайып, калийдің шығарылуы жоғарылайды. Натрийдің реабсорбциясы үдерісінде судың реабсорбциясы да жоғарылайды. Судың ағзада ұсталынуы нәтижесінде айналымдағы қан көлемі жоғарылайды. Артериялық қысым деңгейі жоғарылайды. Диурез төмендейді. Альдостерон осыған ұқсас ықпалды слекейде және тер шығарушы бездерде де жүргізеді.
Қандағы альдостерон деңгейі реттелуінде бірнеше механизмдер кездеседі: - оның негізгісі – ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі. Альдостерон өндірілуіне аздаған дәрежеде аденогипофиздің АКТГ стимулдейді. Гипонатриемия немесе гиперкалиемия кері байланыс механизмі бойынша альдостеронның өндірілуін стимулдейді. Альдостеронның антогонисті жүрекшенің натрий уретикалық факторы (гормоны) болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет