Гормондардың жіктелуі.
Гормондарды әртүрлі критериилеріне байланысты жіктейді.
Ерігіштігі бойынша – гидрофилді, липофилді.
Химиялық құрылымы бойынша:
Аминоқышқылдардың туындылары: Мысалы, тирозиннің туындылары: адреналин, тироксин, дофамин, норадреналин, трийодтиронин, дофамин, адреналин, норадреналин.
Протеиндік-пептидтік гормондар:
полипептидтер: глюкагон, кортикотропин, меланотропин, вазопрессин, окситоцин, асқазан мен ішектің пептидтік гормондары;
жай протеиндер: инсулин, соматотропин, пролактин, паратгормон, кальцитонин;
күрделі протеин (гликопротеидтер): тиреотропин, фоллитропин, лютропин
стероидтық гормондар: олар кортикостероидтар (альдостерон, кортизол, кортикостерон) және жыныс гормондары – андрогендер (тестостерон), және эстрогендер мен прогестерон.
Сигналдарды беру механизмі және рецепторларының орналасуы бойынша негізгі екі топқа бөлінеді:
рецепторлары цитоплазма мен ядро мембранасында орналасқан, цитоплазмалық немесе жасушаішілік әсерлесуші суда еритін гормондар ( мысалы, стероидтар, йодтирониндер, кальцитриол)
рецепторлары плазмалық мембранада орналасқан, жасушасыртылық әсер етуші немесе мембраналық әсерлесуші гормондар (мысалы, үлкен молекулалы гормондар - жасушаға өте алмайтын гормондар);
Сигналдардың табиғаты бойынша: - гормоналдық әсерді жасуша ішіне тікелей берушілер.
Биологиялық қызметі бойынша: – протеиндер, аминоқышқылдар, липидтер, көмірсулар алмасуын реттеуші гормондар (инсулин, глюкагон, кортизол, адреналин), су-тұз алмасуын реттеуші гормондар (вазопрессин, альдостерон). Кальций, фосфат алмасуын реттеуші гормондар (паратгормон, кальцитриол, кальцитонин), репродукция қызметін реттеуші гормондар (эстрадиол, тестостерон, прогестерон). Тропты әсер етуші гормондар – гипоталамустың либериндері, статиндері және гипофиздің кейбір гормондары басқа бездерден бөлінетін гормондардың синтезін реттейді.
Гормондардың химиялық құрамы әр түрлі болғанымен де оларға кейбір жалпы ортақ биологиялық қасиеттер тән.
Достарыңызбен бөлісу: |