Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Фолликул стимулдеуші гормон (ФРГ) немесе фоллитропин



бет9/20
Дата12.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#196411
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
LгормонKZ (1)

Фолликул стимулдеуші гормон (ФРГ) немесе фоллитропин, фолликуллардан жұмыртқаның дамуы мен жетілуін стимулдейді және оларды овуляцияға дайындайды. Ерлерде ФСН әсерінен сперматозоидтар (шәует) түзіледі.
Лютеиндеуші гормондар (ЛГ) немесе лютропин жетілген фолликулла қабықшалары жарылуын немесе овуляцияны және сары денешік түзілуін қабілеттендіреді. ЛГ әйелдердің жыныс гормоны – эстрогендердің түзілуін стимулдейді. Ерлерде бұл гормон ерлердің жыныс гормондары - андрогендердің түзілуін қамтамасыз етеді.
ФСГ және ЛГ гипоталамустың гонадолиберинімен стимулденеді. Гонадолиберин, ФСГ, ЛГ түзілулері эстрогендер мен андрогендер мөлшерлеріне тәуелді және кері байланыс механизмі бойынша реттеледі. Аденогипофиз гормоны пролактин гонадотроптық гормондар өндірілуін басады. Глюкокортикоидтар ЛГ бөлінуіне тежеуші әсер береді.
Соматотропты гормон (СТГ) немесе соматотропин немесе өсу гормоны - өсу үдерісін реттеуге және физикалық (дене бітімі) дамуына қатысады.
Өсу үдерісінің стимуляциясы ағзадағы протеиндер түзілуін күшейту, РНҚ синтезін жоғарлату, аминоқышқылдардың қаннан жасушаға тасымалдануын күшейту қабілеті арқылы атқарылады. Гормонның әсері негізінен сүйек пен шеміршек ұлпаларына айқын байқалады. Соматопротеиннің әсері «соматомединдер» арқылы өтеді. Ол бауырда соматотропин әсерінен түзіледі. Пигмей тайпаларында, соматотропиннің қалыпты мөлшері соматомедин С түзілмейді. Бұл зерттеушілердің пікірі бойынша олардың бойының қысқа болуының себебі.
Соматотропин көмірсу алмасуына инсулин тәрізді әсер етеді. Гормон май депосынан майлардың мобилизациясын күшейтеді және оның энергия алмасуында пайдаландырады.
Соматотропин өндірілуі гипоталамустың соматолиберині мен соматостатині арқылы реттеледі.
Егер гипофиздің алдыңғы бөлігінің гиперқызметі бала кезден басталса, онда бұл ұзындық бойына пропорционалды өсуді күшейтеді – гигантизмге әкеледі. Егер гиперқызметі ересек адамда басталса (оның дене өсуі толық аяқталған болса), онда дененің өсуге қабілеті сақталған бөліктерінің ары қарай дамуы өтеді. Олар: қол мен аяқ саусақтары, қол ұшы мен табан, мұрын мен төменгі жақ, тіл, кеуде мен құрсақ қуысы. Бұл ауру акромегалия деп аталады. Аурудың себебі гипофиздің қатерсіз ісігі.
Балалық кездегі гипофиздің алдыңғы бөлігінің гипоқызметіндебой өсуінің тежелуі - ергежейлік («гипофизарлық нанизм») байқалады. Ақыл-ес дамуы бұзылмайды.
Пролактин сүт бездері дамуын және сүт бөлінуі қабілеттенуін реттейді. Гормон, сүттің лактальбумин протеині, майы мен көмірсулары синтезін стимулдейді. Пролактин сары дене түзілісі мен оның прогестеронды өндіруін де стимулдейді. Ағзадағы натрий мен суды ұстау арқылы оның су-тұз алмасуына ықпал етеді, альдостерон мен вазопрессин әсерлерін күшейтеді, майлардың көмірсулардан түзілуін күшейтеді.
Пролактин түзілуі гипоталамустың пролактолиберин және пролактостатині арқылы, сонымен бірге, аз көлемде гипоталамус пептидтерімен де реттеледі.
Пролактин секрециясы босанғаннан кейін күшейеді және емізу кезінде рефлекс бойынша реттеледі. Эстрогендер пролактин синтезі мен секрециясын стимулдейді.
Пролактиннің артық мөлшері гипофиздің қатерсіз ісігінде, менингитте, энцефалитте, ми жарақатында, эстрогеннің артық мөлшерінде, кейбір жүктілікке қарсы препаратты қолданған кездерде байқалады. Оның байқалуларына емізбейтін әйелдерде сүт бөлінуі (галакторея) және аменорея жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет