Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы



бет6/20
Дата12.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#196411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
LгормонKZ (1)

Гормондардың биосинтезі


Протеин-пептидтік гормондар көбінесе активсіз алғызат түрінде синтезделеді, келесі схема бойынша белсенеді: препрогормон — прогормон — активті гормон. Препрогормон рибосомада синтезделеді. Препрогормонның N-соңында сигналдық пептид бар, ол молекуланы бұдырлы эндоплазмалық ретикулумға, сонан кейін Гольджи комплексіне тасымалдау үшін қажет. Гольджи комплексінде препрогормон сигналдық пептидті бөліп прогормонға айналады.
Гольджи комплексіндегі прогормон секреторлық везикулаларда жинақталады және сол жерже оның активті горомнға айналатын шектеулі протеолизі өтеді.
Күрделі протеиндер гликопротеиндік гормондар синтезі кезінде (мысалы, фолликулостимулдеуші гормон (ФСГ), тиреотроптық (ТТГ) гипофиз гормондары) жетілу үдерісі кезінде гормонның құрылымына көмірсулық компонентті енгізуі өтеді.
Стероидтық гормондар холестериннен немесе оның туындысы – дегидрохолестериннен синтезделеді. Кортикостероидтардың жалпы алғызаты холестерин болып табылды. Кортикостероид синтезінде 40-тан астам құрылысы және биологиялық активтілігі бойынша ерекшелінетін қосылыстар түзіледі.
Айқын гормондық белсендікке қабілетті негізгі гормон кортикостероидтарға - кортизол – глюкокортикоид, альдостерон-минералокортикоид және андрогендер жатқызылады.
Кортикостероидтар синтезінің алғашқы этапында холестерин прегненолонға холестериннің бүйір тізбегі фрагментінен С6-көміртегін бөлу және С20-көміртегін тотықтыру жолымен айналады.
Прегненолон прогестеронға (С21 стероидтардың алғызаты, мысалы кортизол, альдестеронның) және С19-стероидқа (андрогендердің алғызаты) айналады. Қай стероидтың соңғы өнім болатындығы жасушада қандай ферменттердің жиынына және қай гидроксилдендіру реакциясының кезектесу ретіне байланысты.
Прогестеронды, алғашқыда 17-гидроксилаза арқылы, сонан кейін түзілген кортизолды 21- және 11-гидроксилазалар арқылы гидроксилдендіру нәтижесінде кортизол түзіледі.
Альдостеронның түзілуі реакциясы: - прогестеронды алғашқыда 21-гидроксилаза, сонан кейін 11-гидроксилазалар арқылы гидроксилдендіру нәтижесінде өтеді.
Қанда стероидтық гормондар тасымалдаушы протеиндермен байланысып комплекске айналады және сол формада тасымалданады.
Кортизолдың секрециясы мен синтезінің жылдамдығы гипоталамус-гипофизарлық жүйенің қызметі арқылы, кері теріс байланыс механизмі бойынша реттеледі.
Бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты гормондарының катаболизмі бауырда басталады. Мұнда гидроксилдендіру, тотықтыру, тотықсыздандыру реакциялары жүреді. Кортикостероидтар катаболизмінің өнімдері (кортикостерон және альдостероннан басқа) 17-кетостероид түрінде зәр құрамында шығарылады. Бұл өнімдер негізінен глюкоурон және күкірт қышқылдары конъюгаттары түрінде шығарылады.
Ер адамдарда кортикостероидтардың 2/3 бөлігі кортикостероидтар және тестостерон есебінен (барлығы 12-17мг/тәул.) түзіледі. Әйелдерде 17-кетостероидтар кортикостероидтар есебінен (7-12мг/тәул.) түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет