Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Гормондардың әсер ету механизмі



бет4/20
Дата12.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#196411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
LгормонKZ (1)

Гормондардың әсер ету механизмі.
Жасуша деңгейінде гормондардың әсер етуінің 2 негізгі механизмі белгілі: а) сигналды жасуша мембранасы беткейінде орналасқан рецептор арқылы беру; б) сигналды жасуша ішіне енгеннен соң беру.
Биомембрана бетінде орналасқан рецептормен байланысатын гормондардың биологиялық әсері екінші ретті зат немесе аралық сигнал жеткізуші немесе мессенджер деп аталатын зат арқылы атқарылады. Қай месссенджердің сигнал беруге қатысуына байланысты гормондарды жіктейді:

  1. биологиялық әсерін цАМФ арқылы беретін гормондар. Олар: глюкагон, лютеин, ФСГ, ТСГ, кальцитонин, паратиреоидтық гормон, антидиуреттік гормон, адреналин, норадреналин.

  2. биологиялық әсерін цГМФ арқылы беретін гормондар. Оларға азот тотығында қосады.

  3. биологиялық әсерін мессенджер арқылы беретін гормондар, олар – кальций ионы немесе фосфатидилинозитол (инозитолтрифосфат және диацилглицерин). Сонымен бірге оларға антидиуреттік гормон, адреналин, норадреналин, ангиотензин ІІ, гонадотропин-рилизинг немесе люлиберин, тиролибериндер де жатқызылады.

  4. биологиялық әсерін киназалар мен фосфатазалар каскадтарын белсендіру арқылы беретін гормондар. Олар: инсулин, пролактин, эритропоэтин.

Бірақ бұл жіктелу шартты түрде қабылданған. Гормон рецепторлардың түрлеріне байланысты өзінің сигналдарын әртүрлі мессенджерлермен беруі де мүмкін. Мысалы, адреналин бета-2-рецептормен байланысқанда сигналды цАМФ, ал альфа-1-рецепторымен байланысқанда кальций йоны немесе фосфатидилинозиттер арқылы береді.
Гормондардың катаболизмі
Протеиндік-пептидтік гормондар протеолизге түсіп жеке аминоқышқылдарға дейін ыдырайды. Ал бұл аминоқышқылдар әрі қарай дезаминденіп, декарбоксилденіп, трансаминденіп соңғы өнімдерге дейін: NН3, СО2, Н2О ыдырайды.
Аминоқышқылдық туындылардың гормондары тотығып дезаминденіп және ары қарай тотығып СО2, Н2О дейін ыдырайды.
Стероидтық гормондардың ыдырауы өзгеше. Ағзада олардың ыдырауына қатысатын ферменттер жоқ. Сондықтан олардың бүйір радикалдарының түрленуі өтеді. Оларға қосымша гидроксилдік топтар енгізіледі. Гормондар бұрынғысынан да гидрофильді болады. Стеран құрылымды түрдегі қосылысы пайда болады, оның 17 жағдайында кетотоп орналасқан. Осындай түрде стероидтық гормондардың катаболизмнің соңғы өнімдері зәр құрамында шығарылады және олар 17-кетостероидтар деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет