Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Ұйқы безі (асқазан асты безі) горомндары



бет13/20
Дата12.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#196411
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
LгормонKZ (1)

Ұйқы безі (асқазан асты безі) горомндары
Ұйқы безі аралас қызметті безге жатқызылады. Эндокриндік қызметі панкреаттық аралшықтың (Лангерганс аралшығы) гормон өндіруі есебінен атқарылады. Аралшықта жасуша бірнеше типі болады: - α-жасушалар глюкагонды өндіреді, β-жасушалар инсулинді өндіреді, d-жасушалар инсулин мен глюкагон секрециясын тежейтін соматостатинді өндіреді. G-жасушалар гастринді өндіреді. Негізгі массаны инсулин өндіретін β-жасушалары құрайды.
Инсулин зат алмасуының барлық түріне ықпал етеді, бірінші кезекте, көмірсулар алмасуына. Инсулиннің әсерінен қан плазмасындағы глюкоза концентрациясы төмендейді (гипогликемия). Бұл инсулиннің бауыр мен бұлшықетте глюкозаның гликогенге айналуын қабілеттендіруіне байланысты (гликогенез). Ол, бауырда, глюкозаны гликогенге айналдыруға қатысатын ферменттерді активтендіреді және гликогенді ыдырататын ферменттердің ингибирленуін жүргізеді. Сонымен бірге, инсулин глюкоза үшін жасуша мембранасы өткізгіштігін жоғарлатады, бұл глюкозаның жаратылуын күшейтеді. Инсулин аминоқышқылдардан протеин синтезделуін жоғарлатады және протеин катаболизмін төмендетеді.
Инсулиннің түзілуі қан плазмасындағы глюкозаның мөлшері арқылы реттеледі. Гипергликемия инсулин өндірілуі жоғарлауын қабілеттендіреді, ал гипогликемия гормонның түзілуі мен қанға түсуін төмендетеді. Асқазан-ішек трактісінің кейбір гормондары, мысалы, асқазандық ингибирлеуші пептид – холецистокинин және секретин инсулин шығарылуын жоғарлатады.
Көмірсу алмасуына әсерінің сипаты бойынша инсулиннің антагонистері глюкагон, АКТГ, соматотропин, глюкокортикоидтар, адреналин, тироксин. Бұл гормондарды енгізу гипергликемияны дамытады.
Инсулин секрециясының жетіспеушілігі қант диабеті ауруына әкеледі.
Лангерганс аралшығының α-жасушалары инсулиннің антагонисті - глюкагон гормонын синтездейді. Глюкагонның әсерінен, бауырда, гликогеннің глюкозаға дейін ыдырауы жүреді. Осының нәтижесінде қандағы глюкоза деңгейі жоғарлайды. Глюкагон май депосындағы майдың мобилизация жүруіне ықпал етеді. Глюкагонның секрециясы қандағы глюкоза концентрациясына тәуелді болады. Гипергликемия глюкагон түзілуін тежейді, гипогликемия, керісінше, жоғарлатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет