Қарабатырова толқын әбдікерімқызы қызамықты вакцинамен алдын алу нәтижесін бағалау және осы инфекцияның туыла пайда болатын синдромға әсері



бет2/4
Дата12.03.2018
өлшемі0,73 Mb.
#38470
түріАвтореферат
1   2   3   4

Екі аумақта да вакцинацияға дейінгі (I, II, III-кезеңдер) уақыт мерзімі бірдей – 25 жылдан. Алматы қаласы бойынша сырқаттанушылық диаграммасына қарап, қызамықтың таралу заңдылығын аңғару мүмкін емес. Сондықтан жылдық нақты көрсеткіштермен қатар теориялық көрсеткіштер де есептелді. Бұл ретте динамикалық қатар құрған жылдық көрсеткіштерді түзеу үшін «ең төменгі квадраттар» әдісі қолданылды (Павлушков И.В., т.б. 2004). Күрделі есептеулер нәтижесінде екі аумақ үшін де қызамық эпидемия барысына тән бірінші реттік парабола формуласына сәйкес түзу сызықтың бағыттары анықталды. Салыстырылып отырған екі аумақта да түзу сызық тенденциясы бағыттас, бірақ төмендеу қарқындары (жылдамдығы) бірдей емес: ҚР-да жылына көрсеткіш 1,16 ғана кемісе, Алматыда 2,63 бірлікке азайып отырды.

Аэрозольдік механизммен берілетін инфекциялардың көпшілігіне циклділік тән екені белгілі. Осы тұрғыдан алып қарағанда (2-сурет) Алматыда қызамық инфекциясының 2 циклі анық байқалады: біріншісі – 1981 жылдан басталып, 1996 жылмен аяқталады, екіншісі –1996 жылдың орта шенінен басталып, 2005 жылдың басымен шектеледі. 2 циклдің ұзақтығы әртүрлі:

I – 15 жылды, II – 10 жылды қамтиды. Екінші циклдің қысқаруына жаппай егу кампаниясының айтарлықтай әсер еткені байқалады.

Қазақстан Республикасында эпидемия барысының бірінші циклі жай басталып (1984ж), ұзаққа созылды – аяқталуы 2000 жылға тура келді (3-сурет). Жалпы ұзақтығы 16 жылды қамтиды. Бұл факт ҚР-да, Алматымен салыстырғанда, қызамық эпидемия барысының өте баяу іске асырылатынын растайды. Қызамық инфекциясының таралуына әлеуетті тосқауыл болатындай шара – Ұлттық Егу кампаниясы 2005 жылдың ақпан айында басталғандықтан, бұл жыл да түгелдей иммунизация кезеңіне кіргізілді.



3-сурет – Қазақстан Республикасы бойынша қызамықпен сырқаттылықтың көп жылдық динамикасы

Сынық сызық – сырқаттылықтың нақты көрсеткіштері

Түзу сызық – сырқаттылық тенденциясы



Алматы қаласы (2008 жылға дейін) 6 ауданнан тұратыны белгілі, ал әр ауданның, басқасын былай қойғанда, географиялық-климаттық айырмашылықтары бар. Оның үстіне біздің негізгі зерттеулеріміз бір ауданда тұратын жүкті әйелдер болмағандықтан, қызамық эпидемия барысын аудан аралық салыстыруды жөн санадық. 4,5-суреттерде иммунизация жүргізілген 3 жыл және оған дейінгі 3 жылға әр ауданға тән қызамықпен сырқаттылықтың түзу сызықтық тенденциялары Алматы қаласы фонында берілген.

4-сурет – 2002-2007 жылдардағы Алматы қаласы және оның аудандарындағы қызамықпен сырқаттылық тенденциясы



ҰЕК – Ұлттық егу кампаниясы

5-сурет – 2002-2007 жылдардағы Алматы қаласы және оның аудандарындағы қызамықпен сырқаттылық тенденциясы

ҰЕК – Ұлттық егу кампаниясы


Бұл тенденция сызықтары суреттерінен мынандай қорытындылыр туындайды:

  • Алматы қаласы сияқты оның барлық аудандарында да қызамықпен сырқаттылық тенденциялары төмен қарай бағытталған;

  • үш ауданда (Алмалы, Әуезов, Бостандық) қызамық инфекциясының басталу және аяқталу (2007 жыл соңына) екпінінде Алматы қаласынікімен айырмасы жоқ;

  • Жетісу ауданында қызамықтың таралу жылдамдығы өте күшті қарқынмен төмендеуде;

  • Медеу ауданындағы қызамыққа тән қалыптасқан эпидемиялық жағдай мәз емес. Сырқаттылық көрсеткішінің басталуы да (2002ж.) аяқталуы да (2007ж.) әлі де әлдеқайда жалпы қаланыкінен жоғары, (Медеу ауданы – Алматы қаласы t-айырмасы=14,13);

  • Түрксіб ауданында да тұрақтылық деңгейге әзірге қол жете қойған жоқ. Түрксіб ауданы – Алматы қаласы t-айырмасы=10,02;

Сонымен, соңғы екі ауданда да қызамықпен сырқаттылықтың төмендеу жылдамдығы, Алматы қаласымен салыстырғанда, айқын аз (t-айырмалары 3,0 сенімділік коэффициент 2,0-ден анағұрлым жоғары).

Келесі кезекте әр аудан және Алматы қаласы өз ішінде иммунизацияға дейінгі және одан кейінгі кезеңдерде сырқаттылық деңгейі бойынша салыстырылды (6-сурет). Сырқаттылық деңгейлері айырмашылығы көрнектірек болуы үшін аудан бойынша әр кезеңге сенім шектері есептелді. Нәтижесінде Алматы қаласы мен 5 ауданда сенім шектері ешбір қиылыспады, тек Медеу ауданы бойынша ғана иммунизацияға дейінгі кезеңнің төменгі сенім шегі, иммунизация кезіндегі жоғарғы сенім шегімен аз мөлшерде (>30%) қиылысты. Сонымен, бұл ауданда да сырқаттылықтың төмендеуі иммунизацияға байланысты деуге болады.



6-сурет – Иммунизация (II) және оған дейінгі (I) кезеңдердегі қызамықпен сырқаттылықтың әр аудан бойынша сенім шектері


Аэрозольдік беріліс механизмнің жеңіл іске асырылуы маусымға байланысты сырқаттылық деңгейінің тез көтерілуіне өз ықпалын тигізбей қоймайды. Сондықтан маусымдық көтерілудің басталуына жіті эпидемиологиялық қадағалау өте қажет. Осы себепті көптеген жұқпаларда сырқаттылық жыл ішіндегі айлық динамикасын талдауда оның абсолюттік мәні пайдаланылады. Алматы қаласында қызамыққа қарсы вакцинация кампаниясын жүргізудің әртүрлі схемасын енгізу 2005ж. ақпан-наурыз және қыркүйек-қазан айларында іске асырылды. Яғни, аталған жылы қызамықтың бұрыннан келе жатқан эпидемиялық барысына жаңа шара – иммунизация қосылып, оның барысын түбегейліге жақын өзгертті. Осы себепті 2005 жылды шекаралық жыл деп санап, бөлек қарастырдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет