3.3 Жарық көзі Жарық көзі эндохирургиялық опреациялар кезінде ішкі қуыстарды жарықатандыру үшін қажет. Жарық қуысқа лапароскоп арқылы түседі., жарық көзі онымен жарық бағыттаушы майысқыш жүздеген шынылы талшықтардан тұратын, жалпы бір қабықпен қапталған жгут арқылы байланысқан.
28 - сурет. Эндобейнекамера
Бір жағында жарықөткізгіш жгуттын торцтық беткейінде түйістірудің ажыратушы элементі және жарық түсіргіш орналасқан, ал екінші жағында лапароскоп орналасады. Жарық өткізгіш жгутты өте ұқыпты ұстаған жөн, кенеттен бүгіліп қалуларды болдырмау керек, ондай жағдайда оның өте нәзік және жіңішке шыны талшықтары сынып кетуі мүмкін. Жарық түсіргіште жарық көзі - шам Ең арзан бағалы және тиімді шам – галогенді. Бірақ оның кемшіліктері бар – аз жұмыс қоры (100 сағаттан артық емес ) және сарғыш- қызыл сәлелену спектрі бейненің сапасын төмендетіп теріс әсер береді. Шам-ның спектрінде инфрақызыл құрамдас сәулеленуі бар, жарық түсіргіштің арнайы сүзгішін қолданбаған жағдайда ,лапароскопты ішкі мүшелерге жақындатқанда тіндердің күйігіне әкелуі мүмкін.
Перспективі жағынан жоғары жарық түсіргіш – кесенондық шам жата-ды, галогенді шамға қарағанда сәулеленуі табиғиға жақынырақ. Оның жұмыс істеу қоры 1000 сағатқа дейін. Ксенонды лампаның жарық көзі объекттердің жақсы жарықтандыруын аз электроэнергия жұмсау арқылы қамтамасыз етеді, оның пайдалы әсер коэффициенті жоғары (ПӘК). Қазіргі замаңғы жарық көз-дері ауыспалы шығарғыш адаптерлермен қамтамасыз етілген, осының арқа-сында жарық түсіргіштерге әр түрлі фирмалардың жарық өткізгіш жгуттарын қолдануға болады. Шығаберіс жарықты жарық көзі қолмен немесе бейнека-мерадағы бейнебелгі арқылы автоматты түрде реттейді. Соңғы жағдайда бейне қаншалықты күңгірттеу болса, жарық көзі автоматты түрде жарықты көптеп береді. Тағы бір айта кететін жағдай жарық көзі ретінде соңғы кезде металлогалоидты шамдарды қолдануда. Олардың жарық спектірі өте кере-мет, бейнекамераның ЗБҚ -матрицаларына оптими-зацияланған, өте жоғарғы жұмыс қоры 1000 сағатқа дейін және жоғары ПӘК. 50Вт қуаттылықта бұл шамдар жақсы жарықтандырады, мұндай жарықты ксенондық шамдар 150 – 200Вт, ал галогенді шамдар 250 – 300ВТ бере алады.
29- сурет. Жарық көзі
30 - сурет. Бейнекамера жарық түсіргішпен біріккен
Сонымен қатар аз габаритті жарық түсіргіш бейнекамерамен бір корпуста орналастыруға болады.Осы арқылы біз аяқталған эндобейнекомплесті ала аламыз.
3.4 Инсуффлятор Инсуффлятор – операция кезінде қажетті кеңістікті жасау үшін қажетті қысымды ұстап тұру үшін іш қуысына газ беретін аспап. Аспапта келесі функцияларды реттейтін басқару панелі бар:
тұрақты түрде құрсақ ішілік қысымды ұстап тұру (0 ден 30 мм. сынап. бағ.)
газды жіберу жылдамдығын ауыстырып тұру (көп және аз жіберу)
берілген қысым көрсеткіші
шынайы құрсақ ішкілік қысым көрсеткіші
қоланылған газ мөлшерін көрсеткіші
газ беруді қосу
Соңғы буын инсуффляторлары операция кезінде реттеуді және ауыстырып отыруды қажет етпейді. Ол автоматты түрде берілген қысымды ұстап, газдың кеміп қалуы болғанда, газ беру жылдамдығын өзгертіп, әсер ету кезінде болатын авариялық жағдайларда жарықтық және дыбыстық белгілерді береді (баллонда газдың болмауы, шлангының үзілуі,шлангының қысылып қалуы).
31- сурет. Инсуффлятор
Оперативті лапароскопия үшін өте күшті газ беру жылдамдығы 9 л\мин Инсуффлятор қажет. Бұл қажетті кеңістікті ұстап тұру үшін инструменттерді ауыстыру кезінде,тігетін құралдарды енгізгенде, препаратты шығарғанда, қан кеткен кезде сорғанда, яғни барлық газдың шығып кетуіне әсер ететін және оны тез арада толтыру қажет болатын жағдайларда қажет.