Қарағанды 2010 Әож 615. 471/472 кбж 54. 5Я7 а 44 рецензенттер: О. Б. Оспанов №3 хирургиялық кафедрасының профессорі Қмбф ақ «муа», «Ұлттық ғылыми медициналық орталық»



бет17/19
Дата24.01.2023
өлшемі2,39 Mb.
#166223
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
А Е Алибеков ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР@kaz medical students

Эндостич – механикалық жіпті тігіс салуға арналған құрал. Ол гернио-пластика, фундопластикадағы асқазан қабырғасын тігуге, әртүрлі анастомоз салғанда іштікті тігуге ыңғайлы. Ол эндохирургиялық тігістің алтернативасы ретінде қолданылуы мүмкін, уақыт пен тігіс материалдарын үнемдеуге мүмкіндік береді.Құрал екі металл «саусақтан» тұрады, олар тіндерді тіге отырып жібі бар инені бірінің арасынан бірін ауыстыруға мүмкіндік береді.
Қосымша құралдардың құрамына аспиратор-ирригатор (шайғыш), ретрактор, миоматозды түйіндерге арналған штопор, биопсияға арналған инелер мен қысқыштар, сачок, зондтар (жатырлық, холангиографиялық), жара кеңейткіштер жатады.
Тілік жарақатын азайтуға мүмкіндік беретін диаметрі кіші құралдар тобы жасап шығарылған.
Өңдеу мен стерилизация
Көпреттік құралдар әр операциядан кейін бірнеше кезеңдерден тұратын арнайы өңдеуді қажет етеді.
Механикалық тазарту. Операция бітуімен құралдарды реттеп ағынды суда ерш және щеткамен тазалайды.
Дезинфекция. Құралдарды 15 минутке дезинфекциялық ертіндіге салады. Ол үшін «Сайдекс», «Виркон», «Лизетол» қолданады. Металл даттануын тудыратын заттарды қолданудан сақтаймыз: сутек тотығы, хлоры бар заттар, «Пливасепт». Кейін құралдарды ағынды суда дезинфекциялық ертінді исі жойылмағанша тиянақты жуады.
Стерилизация алдында тазалау. Оны құрамында 3% сутек тотығы, жуғыш зат, натрий олеаты және суы бар жуғыш ертіндіде жүргізеді.



47- сурет. Үш жапырақшалы жара кеңейткіш



48- сурет. Кеңейткіштер, аспиратор-ирригаторлар және ретрактор




49- сурет. Диаметрі 2 мм. Эндохирургияға арналған құралдар.


Тазалау ұзақтығы 50ºС температурада 15 минут .Бұл кезеңді құралдарды ағынды суда, кейін 2 рет қайнатылған суда шаюмен аяқтайды.


Құралдарды залалсыздандыру немесе сақтауға дайындау кезінде оларды дәкелік тампондармен немесе 85ºС аспайтын температурада ажыратылған күйде, төсенішсіз құрғатқыш (құрғақ ыстық) шкафта тиянақты кептіреді.
Заласыздандыру. Құралдарды диэлектрикалық жамылғысыз әдеттегідей құрғатқыш шкафта 170-180ºС температурада 1 сағат бойы заласыздандырады. Диэлектрикалық жамылғысы, оптика мен төсеніштері бар құралдарды «Сайдекс» ертіндісінде залалсыздандырады (10 сағат), одан кейін залалсызданған 2 рет қайнатылған сумен шайып, дәкелік тампондармен құрғатады да, жинап, операция алдында операциялық үстелге жаяды.
Құралдардың пайдалану ұзақтығы көбіне оларды өңдеу ережелерін сақтауына байланысты екендігін есте сақтаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет