Қарағанды 2010 Әож 615. 471/472 кбж 54. 5Я7 а 44 рецензенттер: О. Б. Оспанов №3 хирургиялық кафедрасының профессорі Қмбф ақ «муа», «Ұлттық ғылыми медициналық орталық»



бет15/19
Дата24.01.2023
өлшемі2,39 Mb.
#166223
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
А Е Алибеков ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР@kaz medical students

3.5 Сору ирригация жүйесі
Лапароскопиялық және кез келген дәстүрлі хирургиялық операциларда да операция аймағында сору мен ирригацияны қажет етеді. Ол үшін арнайы аспаптар мен құрылғылар ойлап шығарылған. Аспаптық жуу үшін сұйықтық беретін және сорып алатын бір ғана каналы немесе екі бөлек канал болуы мүмкін.

Соңғы жағдайда бір уақытта сұйықтықты беріп және сорып алуға болады, бұл аспирация мен ирригацияның уақытын қысқартып, ем- шараның эффективтілігін жоғарылатады. Аспиратор–ирригатор стерильді сұйықтықты реттеп беру мен вакуумдық сора алатын өте күшті құрал. Қажетті қуаттылық парметрлерін индивидуальді оперция түріне байланысты өзгертіп отырады. Аспап жинақтаушы сыйымдылықпен (2 л аз емес) және ол толған кезде автоматты түрде сөндіретін құрылғыдан тұрады. Ол ішкі түйіндердің қатардан шығуын алдын алып, қызмет ету уақытын ұзартады.



    1. Электрохирургиялық аппарат

Барлық дүниежүзілік операциялық блоктарда кеңінен қолданылатын радиотолқынды электрлік энергия тіндерді кесу үшін және гемостазыды қам-тамасыз ету үшін таптырмайтын құрал. Жоғарғы толқынды импульстерді алу үшін қолданылатын аспаптарды электрохирургиялық генератор (ЭХГ) неме-се электрлік пышақ деп атайды. Қазіргі замаңғы элктрлік пышақтар моно немесе биполярлы режимде жұмыс жасайды, өте жоғары қуаттылығы бар (200 Вт дан аз емес), эндохирургиялық араласу кезінде науқастың және хирургтың зақымдалуының алдын алу үшін белгі беру жүйесі жақсы дамы-ған. Элетрлік пышақтың алдыңғы панелінде кесудің және коагуляцияның қуаттылығын реттеуші, моно-және биполлярлы құралдарды және науқастың электродың ауысытрып қосуға арналған шығарғыштар бар. Сол жерде кесу мен гемостаз аралас режимін қосушы кнопка мен моно-дан биполярылы коагуляциялы режимге ауыстырушы бар.

34- сурет. Бейнеманитор

    1. Бейнемонитор

Бейнемонитор–бейне ақпаратты қабылдаушы құрылғы, бейнелерді беру-дегі ең соңғы буын. Бейне ақпаратты көру үшін қажетті ең арзан және тиімді аспап,ол тұрмыстағы теледидар. Бірақ ол қажетті қабілеттілігі аз, (300 ТВС-дан көп емес),және электрлік қаупсіздік стандарттарына (олармен жұмыс істеу кезінде тоқ соғуы мүмкін)жауап бермейді.Медициналық мониторда бұл кемшіліктер болмайды. Оның қабілеттілігі 500–600 ТВС қа тең, электрлік қорғанысы барлық жағынан сенімді. Экранның өлшемі диагональ бойынша 14 тен 25 дюймға тең. Эндохирургияда қолданылатын монитордың өлшемі диагональ бойынша 21 дюймға тең.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет