Қарағанды 2020 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет3/24
Дата18.09.2024
өлшемі0,74 Mb.
#204656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Оқу құралы 2020 жыл (2)

Алғы сөз

Ұлттық мәдениетіміздің тарихи аясының кеңейіп, қайта жаңарып өркендеуі халқымыздың рухани мұралары мен дәстүрлерін қастерлеуі, оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігінің айғағы.


Көне тарихымызға көз жүгіртер болсақ, халқымыздың тағдыры мен болашағы хақындағы даналық ой-толғамдары мен ой-тұжырымдарында пайымдаушы философиялық рефлексиялардың қажеттілігі өзінен өзі туындап тұр. Ежелден қазақ баласы үшін мағынасы қаншама тұңғиық ғибратнамаға толы философиялық ойлар - халық даналығының жетістігі. Қалай болған күнде де ұлттық философия - дүрбелең дәуірлердің небір қатал сынынан сүрінбей өтіп, жаңарып, жаңғырып, тәрбиелік маңызы зор рухани қазына. Даналықтың сан салалы қыруар сырын, сөз сиқырын меңгерудің өзі құдірет болып табылады. Ежелгі дүниедегі Сократ, конфуциандық ілімдердің негізгі түп-қазығы ізгілік және тәрбиелік мәселелерге қатысты көзқарастар жүйесі екендігі бізге белгілі.
Қазақ даласында талай елдерді философиялық көзқарастарының терең танымдылық қасиеттерімен танылған қаншама ұлы ғұламалар дүниеге келген. Солардың бірі есімі бәрімізге танымал болған - әбу Насыр әл-Фараби.
Кең байтақ қыпшақ даласынан нәр алған бабамыз әл-Фараби көне грек ойшылдарын, олардың ішінде Платон мен Аристотельдің мол мұраларын барынша игере отырып, философиядағы даналық мәселесіне ерекше мән беріп, оларды зерттеуге көп көңіл бөледі.
Даналық - көне замандағы грек философиясынан бастап бүкіл Дешті-Қыпшақ сахарасына кеңінен тараған ұғым. Жалпы даналықтың негізі қоғамдық өмірді, оның әлеуметтік қайшылықтарын, адамдар мен адамдар арасындағы, адам мен қоғамның терең мағыналы байланыстарын ашып беретін философиялық құбылыс. Олай болса, даналық жан-жақты көп білімділікті негіздеп, ғылымның барлық салаларын жоғары деңгейде қамтуға тырысады. Көне грек заманындағы Гераклит айтқандай, «көп білімділік ақылға әкеле бермейді» деген де бар. Міне, осы қағиданы негізге алған данышпан ойшыл әл-Фараби философиялық және әлеуметтік-этикалық трактаттарында өзі өмір сүрген дәуірдегі ғылыми ілімдер мен жоғары дамыған мәдениетке сүйене отырып, даналықтың ғылым мен өнерге негізгі тұтқа болатынын көрсеткен.
Осы мәселеге байланысты әл-Фараби ұлы грек ойшылдары Платон мен Аристотельдің саяси-әлеуметтік көзқарастарына сүйеніп өзінің даналық ойларын негіздеген. Ұлы ғұлама өзінің әлеуметтік-этикалық трактатында философия «даналық атаулының даналығы, өнер атаулының өнері», барлық ізгілік, ақыл-парасат, бір сөзбен айтқанда, даналықтың барлық түрлерін, қасиетін бойына дарытқан, жинақтаған ұлы даналықты ерекше атап өтеді. Сол себепті философияны қадір тұтқан адам дана ретінде танылған. Өйткені адам баласы өнердің ең үлкені - даналық деп білсе керек. Тапқыр да ұшқыр ойлы адам ой толғамын, ой тұжырымын, сөздің қадірі мен қасиетін жан-жақты дұрыс көрсете білген салада дана ретінде танылған. Осының бәрін жете талдай келе Фараби: «Алайда, шынайы мағынасы жағынан алғанда, даналық деп осы ғылымды және оны меңгерушілікті айтады» деген пікірі қазіргі заман сұранысы болса керекті.
Жоғары білім беру саласында еліміздің болашақ білімдері жан-жақты, әрі өзі өмір сүріп отырған қоғамның қырларын өзіндік ой-тұжырымдарымен қорытындылауда, өзіндік рефлексия негізінде ой-қарымы жетілген мамандарды, оны тек кәсіптік деңгейімен бірге рухани-адамгершіліктік және әлеуметтік тұлғасының да жоғары дәрежеде көрінуі бүгінгі күнде ерекше қажет. Осы тұрғыдан алғанда жоғарғы оқу орнының қабырғасында білім алушы студент жастардың өзіне, қоғамға, өмірлік процестерге деген терең көзқарасқа ие дербес әрекет ететін субъект болып қалыптасуына жол салатын, таным-түсініктеріне әсер ететін философия ғылымының маңызы зор. Философия рөлі, орны бүгінде адамзаттық қоғамның аса маңызды құрамды бөлігі ғана емес, қоғам дамуын анықтауда, бағыт-бағдар көрсетуде, қоғамдағы процестерді талдауда өзекті күш-қуат болып табылатындығы сөзсіз. Жаһандану дәуірін бастан кешіп жатқан сәтте адамзат баласына, ең бастысы, рухани құндылықтар, адаммен-адамның өзара қарым-қатынасы, ұлы тұлғалардың рухани мұрасын игеруде, ұрпақтар сабақтастығының тәрбиелік мән-мазмұны зор мәдени нұсқаларды танытуда философия пәнінің орны ерекше. Ерте дүние тарихынан «даналыққа құштарлық» мағынасына ие болған бұл мирасқорлық танымы - жастар үшін жауапкершілікті іс. Қарапайым ой-түсініктен жол салып қазіргі жаһандану заманына жеткен ізгілік жөніндегі философия пәнінің мән-мазмұнын да сол уақыт лебіне орай күрделенуімен қатар, қоғамдағы рөлі де білімді адам үшін жоғарылай бермек.
«Философия» оқу құралында дүниеге деген ғылыми көзқарас пен ойлаудың диалектикалық жүйесі баяндалып, Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың модернизациясы», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының аясында өскелең ұрпақты болашаққа сеніммен қарауға жетелейді. Сондай-ақ, философиялық ғылымдар жүйесінің орны мен рөлін, әлемдік философияның даму тарихы мен түрлі ағымдарын, философияның теориялық негіздерін және қазақ болмысына тән ой - сананың қырлары қамтылған.
Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне тәржімаланған оқулықтар пайдаланылды. Тәлімгерлердің санасында білім және ғылыми танымды қалыптастыру - заманауи ұлттың бәсекеге қабілетті болуының басты шарты. Философия пәнінің ұстанымы жастарға әділдік, намыс, еркіндік және тағы басқа дүниетанымдық ұғымдарды игеруіне, сонымен қатар, толеранттық құндылықтарын, мәдениетаралық сұқбат және бейбіт өмір сүру мәдениетін нығайтуға, әрі дамытуға бағытталған тәрбиемен астасып жатқандығын атап өтпеске болмас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет