Қарағанды 2020 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет14/24
Дата18.09.2024
өлшемі0,74 Mb.
#204656
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
Оқу құралы 2020 жыл (2)

3.4 Еркіндік философиясы

Еркіндік негізгі философиялық категориялардың бірі ретінде адамның мәні мен оның өмір сүруін сипаттайды. Әрбір дәуірде еркіндік мәселесі туралы сұрақтар қоғамдық қатынастардың сипатына, өндірістік күштердің даму деңгейіне, қажеттіліктер мен тарихи міндеттерге байланысты қойылып, шешімін тауып отырды. Антикалық еркіндік - бұл табиғи және ғарыштық тәртіптің атрибуты болды. Діни философияда шынайы еркіндік - Құдайда. Жаңа дәуір философиясынан бастап (Спиноза, Гегель, марксизм) еркіндік «таным қажеттілігі» немесе адам тұлғасының бастапқы автономиясы (Кант, Ницше, Бердяев) ретінде қарастырылады. И.Канттан бастап, еркіндікті түсіндірудің екі аспектісі қалыптасты: «еркіндік» және «еркіндік үшін». Біріншісі, сыртқы бостандықты, яғни физикалық, экономикалық, саяси процестерге байланысты анықталды. Екіншісі, ішкі еркіндік - интеллектуалдық, рухани, адамгершілік тұрғысында зерттелді. Адам еркіндігінің философиясы И.Кант пен Г.Гегель, А.Шопенгауэр мен Ф.Ницше, Ж.П.Сартр мен К.Ясперс, Н.Бердяев пен С.Соловьев сынды ойшылдардың зерттеу пәніне айналды.


Антикалық классикалық философияда ерік ұғымы болмаған деген сөз жиі айтылады. Кейбіреулер тіпті «Аристотель психологиясында ерік жалпы болған емес, ол он бір ғасырдан кейінгі философиялық рефлексияның нәтижесіне шығарылтан концепт» деп те бой бермеді. Әрине, Аристотельде ағылшын тіліндегі «ерік еркіндігі» деген түсінікке сәйкес ұғым болған жоқ, мұны ғалымдар да мойындап отыр.
Аристотельдің атына айтылтан мұндай сынның сыры еріктің табиғатына деген өзіндік ерекше көзқарасына байланысты болса керек. Қазір философтар ерік-жігерді интроспективті сана көрінісі деп есептейді. Ерік әрекеті - адамның белгілі бір ісін алдын ала жорамалдайтын және соған себепкер болатын санадағы әрекет; оның болу-болмауы әрекеттің ерікті немесе еріксіз екенін анықтайды.
Ерік еркіндігі осындай интроспективті әрекеттердің дүдәмал жағдаятында болады.
Эпикурлықтар мен стоиктердің адам іс-әрекетіндегі себептілік туралы мұндай байламды қаншалықты қабылдағаны әлі де айқын емес, бірақ Аристотельде еріктің бұл тұжырымдамасының болмағаны анық. Алайда кейінгі кезде осы идеяның кемшіліктері анықталып, беделі де біршама түсіп кеткен кезде, мұның өзі ол үшін артықшылық бола бастады. Философтардың ерік-жігерге берген қанағаттанарлық бағасы адам әрекетін қабілетпен, ықыласпен және сеніммен байланыстыруы керек. Ерікті, ниетті және рационалдықты зерттеп, зерделеуге тиіс. Демек, Аристотель трактаттарында ерік жөнінде ой қозғаған материалдар жетерлік, әрине, оның пікірлері қазір қолданылатын идеялармен сәйкес келмейтіні түсінікті.
Аристотель еріктілік туралы мынадай анықтама береді: мәжбүрлеуден немесе қателіктен ада әрекеттен туындаған нәрселер - ерікті. Мұндағы моральдық жүйеде мақсатты түрде таңдау идеясы (prohairesis) маңызды рөл атқарады: әрекетті таңдау - тұтастай өмірлік жоспардың бір бөлігі. Оның еріктілік туралы байламы рабайсыздау түзілген, prohairesis туралы тұжырымы да біздің өмірімізді құрайтын күнделікті моральдық таңдауларды сипаттау үшін тым тар. Ағылшын тілінде prohairesis деген сөзге сәйкес келетін термин де жоқ, мұның өзі бұл тұжырымның қолайсыздығын көрсетеді: Аристотельдің мораль терминологиясының көп бөлігі бүкіл Еуропа тілдеріне ыңғайластырып, бейімделді [6, 318 б.].
Еркіндік ұғымы өте көп қырлы, қарама-қайшы және тарихи өзгермелі.
Еркіндік идеясының қиындығы туралы айтатын болсақ, Гегель былай деп жазған: «бірде-бір идея туралы толық құқықпен айтуға болмайды, ол белгісіз, көп мағыналы, үлкен түсініспеушілікке қол жетімді және сол себепті шын мәнінде оларға еркіндік идеясы сияқты бейімделген».
Еркіндік философиясын қарастырған кезде Н.А.Бердяевтың еңбегін атамай өтуге болмайды. Ол: «еркіндік идеясы мен үшін ең алдымен жетілдіру идеяларынан, өйткені мәжбүрлі, зорлық-зомбылықты қабылдауға болмайды», - деп жазды.
Оның көзқарастарына деген қызығушылықтың туындау себебі - еркіндік тақырыбын философиялық ойлаудың орталық мәселесі етіп қойғандығынан және оның шешу жолдарын ұсынғандығынан болуы мүмкін.
Жан-Пол Сартр (1905-1980) ұсынған «экзистенциализм» тұлғаның бостандығы мен жауапкершілігі мәселелерін қарастыра отырып, тікелей өмірмен жақындасуға шақырады. Адам, Ж.П. Сартрдың айтуынша, «өзге емес, өз істерінің жиынтығы ретіндегі тіршілік иесі». Экзистенциализм аясында адами шындық адам өзі жасайтын экзистенция (тіршілік ету) процесі ретінде қарастырылады. Осылайша, яғни адамды анықтайтын негізгі дүние. Демек, танымдық емес, уайымды шындық басым.
Өмір сүру - бұл әрқашан мүмкіндіктен шындыққа, әрекетке көшу, яғни қалыптасуы.
Экзистенциалистер философиясындағы тіршілік ету (қалыптасуы) мәннен бұрын тұрмақ, демек мән тіршілік етуге тікелей тәуелді. Адам тіршілік еткеннен кейін ғана өзін толығымен көрсете алады. Тіршілік - бұл ерекше адами сипаттама, өйткені біз атап өткендей, сыртқы әлемнің заттары мен құбылыстары жоқ, олар тек сырт кейпінде ғана сақталған.
Әлем - бұл бөтен және дұшпандық нәрсе, дегенмен әлемсіз адамның өмір сүруі мүмкін емес, өйткені «болу – әлемде болу дегенді білдіреді». Бірақ, бұл әлемде адам мүлдем жалғыз, ол осы әлемге тасталған және осы әлемде тасталынған. Жатсыну, адам болмысының негізі бола бастайды. Дәрменсіздік, үмітсіздік, қорқыныш, үрей бұлар тіршілік етудің сипаты болып табылады.
Өмірге келу дәлелі арқылы ғана адам әлемге енгізілген, яғни кейбір нақты жағдайларда «өзгелердің» құрамында болмақ. Бұл жалпы бостандықтың объективті шектелуі, бірақ нақты жағдайда адам мүлдем бос. Оның артында абсолютті таңдау еркіндігі қалады. Бұл таңдау өзіне, «басқаларға», әлемге қатысты таңдау бар, әрі әрбір адам өзі үшін шынайы, әдемі және жақсылық нормаларын еркін белгілейді.
Тіршілік ету -бұл адам үшін ешқашан жат дүние бола алмайды. Шын мәнінде, ол индивидке өзін-өзі, түптеп келгенде, бүкіл әлемді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Адам өзі үшін ғана емес, өзін таңдай отырып, өзгелер үшінде жауапты болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет