Қарағанды 2020 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет11/24
Дата18.09.2024
өлшемі0,74 Mb.
#204656
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
Оқу құралы 2020 жыл (2)

Өмірдің мәні, болмыстың мәні - тіршіліктің түпкі мақсатын, адамзаттың мақсатын, адамды биологиялық түр ретінде анықтаумен байланысты философиялық және рухани проблема, сонымен бірге адам жеке тұлға ретінде, адамның рухани-адамгершілік сипатын қалыптастыру үшін үлкен маңызы бар дүниетанымдық тұжырымдамалардың бірі. Ұғымдарды біржақты анықтау күрделірек, өйткені олар көбіне діни, атеистік, философиялық, этикалық және, кем дегенде, адам мен өзі өмір сүретін қоғамның тәжірибелік көзқарастарына байланысты. Қысқасы, бұл адам неге және не үшін өмір сүретіні туралы сұрақтар. Әр адам - бұл адамзат ұрпағының кішкентай бөлігі, адамдардың өткен және болашақ ұрпақтарын байланыстыратын буын. Бұл адамға талаптар ұсынатын объективті қыры болмақ: оның өмірі адамзаттың қалыпты дамуына ықпал ететін кейбір жалпы талаптарға сәйкес келуі керек. Берілген имеративтің өзектілігі айқын – адамзат баласының жаппай құрып кетуіне шынайы қауіп баршылық, мысалыға, экологиялық апат. Өмірдің мәні туралы мәселенің субъективті жағы біржақты шешілмейді. Бұл мәселе әрбір адаммен өз алдына дербес ерікті көңілмен таңдау жолымен сезінілуі және шешілуі қажет. Алайда, егер ол біздің планетада толыққанды өмір сүру міндетінен туындаған табиғи талаптарға қайшы келсе, шешім қате, елес болуы мүмкін. Өмірдің мәні туралы тек өз өміріңді ғана емес, бөтеннің өмірін құрметтеп, бағалағанда ғана айтуға болады. Өмір мәні адамның қабілеттерінің жан-жақты дамуынан, адамдардың көпшілігіне пайдасын тигізетін іске анағұрлым барлық күш-жігеріңді салудан тұрады.
Ел аузындағы қара өлеңдер әсемдік, сұлулық, сезімділік түсініктерімен шектелмей, адамзат баласына қатысты небір мейлінше терең танымдылық қасиеттерді көрсете білген. Сол себептен ұлтымыздың дәстүрлі поэзиясы болсын, аңыз әңгімелері болсын, сазды әуен, сазды күйі болсын ұдайы философиямен, даналықпен шендесіп жатады. Міне, сондай ұлтымызға тән ауызша поэзиялық шығармашылығындағы ең құндыларының бірі - Қорқыт туралы аңыздар болып табылады. Қорқыт халық түсінігінде - болашақты көре білетін сәуегей философ, ұлы қобызшы, сазгер, бір сөзбен айтқанда қобызға алғаш тіл бітіріп, оның қыл ішегіне жаһандағы жаратылыс атаулының үнін күй етіп сөйлеткен өнер иесі, күй атасы. Халқымыз бір ғана адам бойынан осыншама асыл қасиеттерді дәріптей көрсете отырып, оның қайталанбас жарқын тұлға екенін түсіне білсе керек.
Қорқыт жырларының мазмұны табиғаттың тылсым күштерін, адам жанының көңіл-күйлерін, жүрек сезімін қобыз сарынымен үндестіре отырып, үлкен бір философиялық ой-арнаны асқан сұлулықпен, нәзіктікпен, ең алдымен асқан даналықпен жеткізе білген. Мұндағы философиялық даналықтың терең ойлылығы - өліммен күресу, өлімді өнермен жеңе білуінде. Аңыздардағы Қорқыт философиясының негізгі түйіндерінің бірі - ажалды өмірдегі бар зұлымдық пен жауыздықтың басы деп тану, онымен күресу, өмірдің тұрлаусыздығын мойындамау, мәңгілік ғұмырды аңсау. Бұл қазақ ойлау тәсілінің метафоралығының бір көрінісі. Қорқыт күйі шынында тым әсерлі, сазды, мазмұны жағынан (өнер барда өлім жеңбек емес) терең. Күйші қобызы бірде тағдырдың қайғы-мұңын шертіп, ботадай боздайды, бірде мәңгілік өмір мен сұлулық жырын төгіп, аққудай сызыла сұңқылдайды. Өмірдің мәні, бақытты ғұмыр жайында тебіреніп ой толғайды. «Күй өз тыңдаушысын мелодиялық саз, әсемдігі, шабыттылығымен билеп жетеді» [11, 253 б.]. Адам өмірін табиғат дүниесімен бірлікте, үйлесімде қабылдауға бағытталған қазақ халқының танымы халық ауыз әдебиеті мен музыкада, сана мен сезімнің бірлігінің негізінде қарастырылған. Қорқыт бір адам емес. Оның аңыз болатын себебі, Қорқыт - бүкіл мәдени болмысты біріктіретін түсінік, яғни мәңгілік уақытқа бағынбайтындығын көрсетеді. Қорқыт туралы аңыздар жай дүние емес, даналық шежіресі. Негізгі мазмұны-мәні мен мағынасының дұрыстығы мәңгі ескірмейтін келер ұрпақ ғибрат алатын, үлгі ететін даналық сөздер. Мұның бәрі халқымыздың ұлттық болмысымен ұштасып жатқан құнды дүниелер. Қорқыт түсінігі арқылы біз қазақ философиясындағы экзистенциализм бағытын байқаймыз. Қазіргі заманның негізгі мәселесі - өмір сүрудің өмірдің мағынасына, мәніне сәйкес келмеуінде жатыр. Және де экзистенциалистердің айтуы бойынша өлім адам өмірін шектеуші және анықтаушы күш болып табылады. Қорқыт түсінігі өлім арқылы адам өмірінің көкжиегінің шектеулілігіне күмән келтіреді. Сөйтіп, адам болмысын шексіздікке жетелейді. Міне, даналықтың негізі қайда жатыр [12, 25 б.].
Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесін қарастыратын бағыттар - фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет