Болмыс және материя. Болмыстың негізгі түрлері Болмыс ұғымының тарихи сипаттамасы және философиялық мәні Болмыстың негізгі түрлері



бет1/8
Дата07.02.2022
өлшемі48,88 Kb.
#83170
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
aaa8064c-dd48-4862-a135-5385c0e9c465



Болмыс және материя. Болмыстың негізгі түрлері
1.Болмыс ұғымының тарихи сипаттамасы және философиялық мәні
2.Болмыстың негізгі түрлері
3.Материя ұғымының философиялық мәні
4. Материяның өмір сүру тәсілдері мен формалары
1.Болмыс ұғымының тарихи сипаттамасы және философиялық мәні
Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік-әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас дүниенің бар екендігіне еш шүбә келтірмейді, бір қарағанда бұл өзінен-өзі түсінікті сияқты көрінеді. Сонымен юірге адамдар табиғат пен қоғамда үнемі өзгерістер болып, оның толысып жататынына қарамастан, дүние біршама тұрақты нәрсе ретінде сақталатын да анық аңғарады. Алайда қоршаған табиғи және әлеуметтік дүние бір қалпында тұрмайды, мезгіл-мезгіл адамдардың алдына шешуін іздеуді талап ететін алуан түрлі қиын мәселелер қояды, нақты тіршіліктің күңгірт жақтарына үңілуге мәжбүр етеді, қалыптасқан әдет-дағдыдан ілгері өтіп, мүлде басқаша ойланып-толғануға итермелейді. Бұл орайда бұрын бұлжымас әрі шүбәсіз болып көрінетін тіршілік негіздерінің іргесі сөгіліп, ыдырап, күдік келтірілуіерекше мәнге ие болады. Осындай өмір туғызған күдіктер мен толғаныстар адам санасында болмыс ұғымының қалыптасып айқындалуына әкеледі. Мәселен, адамзат ақыл-ойының, қолөнерінің біздің дәуірдегішырқау дамуының нәтижесінде, ядролық апат қаупінің туындауына байланысты милиондағанжылдар бойы өмір сүріп келген адамзат қоғамының жер бетінде аман қалу-қалмау мәселесі баршамыздың алдымызда тұрғаны белгілі. Кейінгі кезде халықтар арасында жаңа қарым-қатынас қалыптастыру барысында бұл қауіпті сейілтуге болатынына көз жеткізіп отырамыз. Немесе жер құрлығының «алтыдан біріне» ие болып, әлемді аузына қаратқан, дүниеге күш- қуатымен,айбарымен аты мәлім болған «шынайы социализм құрылысын жүршізіп келген» КСРО менмлекетінің тарихи тұрғыдан алғанда «қас пен көздің арасында» ыдырауы, қоғамды бірбеткей емін-еркін билеп- төстепбасқарып келген Компартияның саяси тұғырдан таюы, бұрынғы Одақ құрылымындағы республикалар негізінде тәуелсіз жаңа ұлттық мемлекеттердің тарих сахнасына келуі, экономикалық, саяси дағдарыстар,ұлтаралық кикілжіңдер мен қантөгістер, т.б. болмыс туралы,өмірдің мәні жайлы, заманның сарыны жайлы әрбірі адамдды терең толғанып, көп ойлануға жетектегені белгілі.ХХІ ғасырдың бастапқы кезеңі жаһандану процесінің қарқындық сипат алуымен ерекшеленуде. Ғылым мен техниканың үздік жетістіктерінің өмірдің барлық саласына етене әсер етуіне байланысты елдер мен халықтардың өзара ықпалдасуы барған сайын күшеюде. Әлді алпауыт елдердің дүниенің басқа бөлігіндегі даму жолына аяқ басқан жұрттарға өктемдік жүргізуге, өз мәдениетін, өмір салтын, ой-санасын сыналып ендіруге ұмтылуы арта түсуде. Бұл ретте әлемдік ақпарат кеңістігінің қалыптасуы, Интернет жүйесінің қанат жаюы үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ бүкіл адамзатты халықаралық лаңкестік, діни экстремизм және есірткі саудасы, онымен уландырудыңетек алуы сияқты құбылыстар ерекше алаңдатып отырғаны белгілі. Міне, осының бәрі дүниенің болмысы деген ұғыммен астасып жатқан мәселелер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет