Болмыс және материя. Болмыстың негізгі түрлері Болмыс ұғымының тарихи сипаттамасы және философиялық мәні Болмыстың негізгі түрлері



бет7/8
Дата07.02.2022
өлшемі48,88 Kb.
#83170
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
aaa8064c-dd48-4862-a135-5385c0e9c465

Кеңістік пен уақыт та қозғалыс сияқты материяның ішкі ажырамас (атрибуттық) қасиеттері, өмір сүру формалары болып табылады. Әлемде тек қозғалыстағы материя ғана бар делік, ендеше ол қозғалыс кеңістікке және уақытта ғана іске асады, өзін айқындайды, мәнге ие болады. «Кеңістік» және «уақыт» ұғымдары тек бір қарағанда ғана өзінен-өзі түсінікті, қарапайым сияқты көрінеді, ал шын мәнінде олар күрделі, мағынасы терең ұғымдар. Сондықтан да бұл ұғымдарға байланысты философия тарихында алуан түрлі көзқарастардың орын алуы әбден заңды еді. Мәселен, көне грек философтары Демокрит пен Эпикур кеңістікті атомдарды орналастыратын бос қуыс деп ұқты.
Неміс философы И. Кант (VIII ғ.) кеңістік пен уақытты адамдардың сырттан алған әсерін қабылдаудың априорлық (тәжірибеге дейінгі) сезімдік формасы деп қараған. Яғни, И. Канттың пікірінше, кеңістік пен уақыт санадан тыс, объективті өмір сүре алмайды. Э. Мах және оның жақтастары уақыт пен кеңістікті ретімен тізілген түйсіктердің жүйесі деп есептейді.
Мәселен, И. Ньютон кеңістікті ішінде заттар қозғалыста болатын, бірақ ол заттармен ешқандай байланысы жоқ қойма ретінде қарастырды. Сөйтіп, материя мен қозғалыстың, қозғалыс пен кеңістіктің және уақыттың бір-бірімен байланыстары бір-біріне тәуелсіз құбылыстардың сыртқы қатынастары сияқты сипатталады.
Дүниенің құрылымдық қасиеттерін, материалдық объектілердің және жүйелердің, оларды құрайтын бөлшектердің аумағын басқа заттардың, денелердің, тұбылыстармен процестердің арасындағы алтын орын, олардың өзара орналасуы мен байланысын кеңістік ұғымы сипаттайды. Қозғалыстағы материя бір қалыпта тұрмайтын, үнемі өзгеріп, дамып, бір күйден екінші күйге, бір жағдайдан келесі жағдайға ауысып жататынын білеміз. Осы процесті уақыт ұғымы сипаттайды. Басқаша айтқанда, уақыт материялдық объектіллердің өмір сүруінің ұзақтығын, олардың күй-жағдайларының өзгеру ретін білдіреді. Кеңістік пен уақыт санадан тыс, объективті өмір сүреді.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарында орыстың ұлы математигі Н. И. Лобачевский геометрия саласындағы зерттеуіндегі кез келген үшбүрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 градустан кем болуы мүмкін, паралель түзулер белгілі бір жағдайда қиылысады деген қорытындыға келді. Мұның себебін де өзі түсіндіріп береді. Сөйтіп, евклидтік емес геометрияны жасаушы Н. И. Лобачевский кеңістіктің қасиеттері әрқашанда және барлық жағдайда тұрақты емес, олар материяның қасиеттеріне байланысты өзгереді деген өте батыл тұжырым жасаған болатын. ХХ ғасырдың басындағы физикадан жасалған күрт өзгерістер, басқа да ғылыми жаңалықтар кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы материяға, материалдық объектілерге тәуелді екенін дәлелдеп берді. Әсіресе, А. Эйнштейннің салыстырмалық теориясы бұл жөнінде үлкен жаңалық әкелді: микробөлшектердің кеңістіктегі қозғалысы сәуленің жылдамдығына жақындаған сайын оның кеңістік және уақыт сипаттары өзгереді. Сөйтіп, кеңістік пен уақыттың өзгеруі қозғалыстағы материяға байланысты.
Ғылым тарихында тұжырымдалған тағы бір маңызды түйін: материя кеңістікте шексіз; уақыт жағынан мәңгі. Бұл не деген сөз? Себебі материяның кеңістікте аяқталатын немесе таусылатын шегі жоқ. Адамдар өздерінен тыс әлемнің тек аз ғана бөлігін біледі. Шынында да материяның, кеңістік таусылар шегі болса, оның арғы жағында қандай дүние болуы мүмкін? Материяның уақыт жағынан мәңгілік деудің мәні: ол жалпы алғанда ешқашан пайда болмайды және еш уақытта жоғалып кетпейді, ол әрқашан да болды, бар және бола береді. Материя тек бір түрден, бір қалыптан екіншісіне ауысып, өзгеріп отырады.
Кеңістік үш өлшемнен-ұзындық, ен және биіктік өлшемдері.Бұл өлшемдер тек заттарға ғана емес, процестерге де тән. Уақыт бір өлшемді. Бірақ негізінде уақыт қайта оралмайды, кері жүрмейді.
Кеңістік пен уақыт тек табиғаттағы адамға қатысы жок заттардың, құбылыстардың барлық формаларымен, материяның барлық түрлерімен, қалыптарымен тығыз байланысты. Әрине, қозғалыстың жоғары биологиялық және әлеуметтік формаларында кеңістік пен уақыттың сипаты мәнді түрде өзгеше болады. Мәселен, жеке адамның тіршілігі мен санасына, қоғамдық даму процестеріне байланысты әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік уақыт туралы сөз етуге болады. Айталық, тауар айналымы өрістеуіне сай нарықтық кеңею емес, адамдардың қарым-қатынасы шеңберінің кеңеюі. Ғылым мен техника жетістектерін молынан пайдалану барысында қазіргі кезде әлеуметтік практиканың ырғағы да әлдеқайда шапшаңдада, уақыттың да мән-мағынасы, қоғамдық рөлі жаңа сипатқа ие болды. Яғни кеңістік пен уақыттың әлеуметтік формалары адамзаттың қошаған ортаны, табиғаттағы кеңістік пен уақыт түрлерін өз практикасында игеріп, одан әрі дамытуы барысында қалыптасады да, қоғамдық даму процесінде тарихи тұрғыдан өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет