Қарағанды 2021 Д. А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметі және Қазақстанға сіңірген еңбектері


Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы (Талдау жасау)



бет3/4
Дата29.12.2021
өлшемі79,15 Kb.
#106619
1   2   3   4
Байланысты:
6-тапсырма
654de29c81654
3. Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы (Талдау жасау)

Қазақ тілі- дүниенің төрт бұрышынан ең озық өркениетке жеткен ұрпақтармен терезесі тең халқы бар тіл, ұлт мәдениетінің қайнар бұлағы, халықтың рухани айнасы, мәңгі жанданған мұрамыз. Жоқ болып кету қаупіне ұшыраған тіліміз қазіргі таңда өрісін тауып, өркенін жайып өз дәрежесіне сай құрметке бөленуде.

1993 жылғы 5-сәуірде Министрлер Кабинеті жанынан мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізетін орган – Тіл комитетін құру туралы ҚР Президентінің Жарлығы шықты. Тіл жөніндегі комитеттің құрылуы Елбасы мен Үкімет тарапынан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуінің айғағы. Ал 1997 жылы 24 қаңтарда ҚР «Тіл туралы» Заңы қабылданды, ол сол жылдың жазында күшіне енді. Бұл тіл тұжырымдамасы мемлекеттің оңтайлы тілдік кеңістігін құрудағы басты қиындықты - өзінің лайықты орнын алуға жол ашты. Барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілін одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерді салу, сонымен қатар, елде тұратын барлық этнос өкілдері еркін сөйлей алатын, ана тілінде білім алатын және оны дамытатындай қолайлы жағдайлар жасау жолын мақсат етіп, осы Заңды күшіне енгізді. Заңның 4-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болып бекітілді. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

2007 жылғы 18 қаңтарда Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіл мәселесіне орай арнайы жиын өткізіліп, 2007 жыл – Қазақ тілі жылы деп жарияланды.

Бүгінгі таңда қоғамда қабылданған жаңа «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан тұрғындарының тек қазақ емес, орыс және ағылшын тілдерін дамытуға бағытталған үштілділік саясаты белсенді жүргізілуде. Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы туралы Н.Ә.Назарбаев әр түрлі ресми басқосу кезеңдерінде бірнеше рет атап өтті. Алғаш рет бұл идея 2006 жылдың қазан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының XII сессиясында жарияланды. Қазіргі кезде қазақ мектептерінде қазақ және орыс тілдерімен қатар республикада тұратын халықтардың 10-нан астам ұлттық тілдері оқытылуда. Бұл Қазақстанның барлық ұлттық азшылықтарының өкілдеріне ана тілінде білім ала отырып, өздерінің мәдениеті мен тарихын жетік меңгеруіне мүмкіндік береді.2009 жылғы ұлттық санақ бойынша Қазақстанның жалпы халқының 84,8% -ы орыс тілін, 62% -ы қазақ тілін, ал ағылшын тілін тұтынушылар халықтың 7,7% -ын құраған.

« Туған тілім тіл болудан қалса егер,жүрегімді суырып-ақ алыңдар» демекші тірлігімнің айғағына айналған тілімді биік шыңдарға құлаш ұрған жүрегіммен мәңгі сүйіп өтемін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет