Қарағанды қалалық білім бөлімі Әдістемелік кабинет Теңдеулер тақырыбына арналған алгебрадан есептер жинағы. 8-9 сынып ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ Орындаған : № 66 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Искакова Т.Н.
2016
Алғы сөз Бұл құрал жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сыныптарына арналған «Алгебра» оқулығына қосымша болып табылады.
Құралдың мақсаты:оқушылардың алгебра пәніне деген қызығушылығын арттыру, келесі сыныптарда алгебра және геометрия курстарын, сонымен қатар жаратылыстану-математикалық циклі пәндерін жүйелі түрде игеруге негіз жасау.
Құралдың міндеттері: –қарапайым , күрделі теңдеудің шығару жолдары көрсетілген
–сандар және олардың практикалық есептеу қызметіндегі рөлі туралы түсініктерін дамыту;
–ауызша және жазбаша есептеудің практикалық дағдыларын дамыту;
–есептеу мәдениетін қалыптастыру;
–күрделі теңдеулерді шығару жолдары
–санды және әріпті өрнектерді түрлендіру дағдыларын қалыптастыру;
–бір айнымалысы бар теңдеулерді шығару біліктерін дамыту;
–бір айнымалысы бар теңсіздіктерді шығару біліктерін қалыптастыру;
Құрал бірнеше бөлімге бөлінген. Бөлімдер жоғарыда көрсетілген сыныптардағы математика курсының негізгі тарауларының материалдарына сәйкес құрастырылған және әр бөлімде оқу қызметтерінің түрлері бойынша топтастырылған тапсырмалар жүйесі берілген.Айнымалысы бар сызықтық теңдеулер,квадрат теңдеулер, бөлшек- рационал теңдеулері. Жаңа айнымалы енгізу арқылы шешу әдісі көрсетіліп, есептер берілген.
Шығарылған есептердің алгоритміне қарап, өздері шығару үшін есептер топтамасы берілді.
Берілген тапсырмалардың дұрыс орындалғанын тексеру үшін құрал соңында есептердің жауаптары берілген.