8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу
8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу
Оқу мақсаты
Сабақтың мақсаты:
1
Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардың реттілігін құру және орындау.
.
2
Қауіпсіздік ережесі. Жеңіл атлетика сабағының пайдасын, ерекшелігін және маңыздылығын біледі.Оқушылар қысқа қашықтыққа жүгіруді біледі. Жеңіл атлетикада тактикалық әрекеттерді қолдану және түсінеді
3
Төменгі сөреден шығу және мәреге жету жолдарын әдістерін түсіндіру және тәжірибелік тұрғыда үйрете отырып дене мәдениті туралы білімін арттыру.Қысқа қашықтыққа жүгіру арқылы оқушылардың жылдамдық, шапшаңдық, ептілік,төзімділік, батылдық, қасиеттерін жетілдіру.
Белсенді оқыту
Білім алушыларды әрдайым тапсырмалар беру арқылы ілгерілету,топқа бөлу;(Қауіпсіздік ережелері, Саптық жаттығулар,ЖДД жаттығулары. Карточкалар арқылы жұмыс.
Оқушыларды жұпқа бөліп спорт алаңын айналдыра жүгірту;)
Білім алушылар карточкалар арқылы тапсырмалар беріп белсенділікке тарту;(Оқушылар «Сөреге»!, «Дайындал»!, «Жүгір»! Командаларын орындайды;
Кеудені дұрыс ұстау, қолдың дұрыс сілтеуі мен аяқтың жиі-жиі адымдарын, дұрыс тыныс алу жаттығуларын өз бетімен орындайды.Білім алушылар карточкалармен жұмыс жасайды;)
Көшбасшыларды анықтап күрделі жаттығу тапсырмаларын беру;
Оқушылардын ішкі уәждерін үнемі ескеру,пікір талас;
Бірлесе отырып сабақта кездесетін қиындықтарды дер кезінде шешу;
Жұптық және топтық жұмыстар арқылы оқу тапсырмаларын орындау.
Саралау
Жаттығу барысында оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Оқушыларды екі топқа бөлінеді;
Жүгіру ережесі бойынша оқушыларды жылдамдыққа белгіленген мәреге жылдам барып келуде өз рөльдерін біліп, басқаларға кедергі жасамай орындайды;
Жұптық жұмыста балалар техникалық әдіс-тәсілдерді өз беттерімен жасап машықтанады дұрыс меңгереді
Cөреден дұрыс шыға білудің маңызы зор екенін біледі.
Оқушылар төменгі сөрелік қалыпты дұрыс пайдаланады.
Сөре сызығында тұрғанда тіреуішке алдыға итерілуге ыңғайлы күшті деп есептелетін аяқты қою керек.
Сөреге деген пәрменде төменгі сөреге тұрады , Дайындал пәрмені бойынша аяқты денесін жоғары көтереді. Жүгір деген пәрменде сөреден шығады және жылдам жүгіруге тырысады.
Жүгіру қашықтықтығы қысқа болғандықтан оқушылар бар шамасымен неғұрлым жылдам жүгіруге тырысады.
Көшбасшы оқушылар сөреден дұрыс шығады және мәре жасайды дұрыс тыныс алады