66
Ал
тартыспақ
кейде
аударыспақ
деп аталатын ойындар
синтетикалық тәсілге негізделген:
тарт+ыс+пақ, ау+дар+ыс+пақ
(етістік
негізіне есім тудырушы жұрнақ және есімшенің мақсатты келер шағын
білдіретін қосымшасын жалғау арқылы жаңа атау жасалған).
Шығармадағы бірқатар ойын атауы қазақ тілінде бұрыннан белгілі
сөздердің семантикалық (мағыналық) өзгерісінен туған. Мысалы, Көрші
үйдің баласы есіктен бас сұғып мені шақырды. Сөйтсем
ақсүйек
ойнамақ
екен [1,464]. Мұндағы
ақсүйек
сөзін көпмағыналы лексика ретінде
ұғынамыз.
Ақсүйек:
1) тұқымынан байлық арылмаған текті қауым, төре
тұқымы; 2) ашық алаңда ойналатын ұлттық ойынның бір түрі.
Мен қозы баққан балалармен бірге жүремін.
Шілік
ойнаймыз [1,347].
Шілік
ойыны да лексика-семантикалық тәсілмен жасалған.
Бастапқы
мағынасы: 1) тал тұқымдасына жататын, жіңішке бұтақты бұта; 2) ойын
атауы.
Қысқаша айтсақ, біз жоғарыдағы сөзжасам қағидалары мен
заңдылықтарына сүйене отырып, шығармадағы кейбір ойын атауларының
жасалу жолдарын қарастырып өттік [2,104]. Алуан түрлі сөздің қыры мен
сырын, олардың қалай қалыптасқанын, яғни бай лексикалық қордың
жасалу тетігін жүйелі түрде зерттеу керегін түйдік.
Жалпы, ойын дегеніміз – баланың ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра
отырып ойдан ойға жетелейін,
тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен
қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ойынды көп ойнаған, халық ауыз
әдебиетінен мол сусындаған бала сол халықтың тынысымен дем алатыны
және сол ойындар арқылы өз халқының салт-дәстүріне, туған жерінің
географиялық жағдайына, яғни табиғат ерекшеліктеріне
мән беріп қанық
болып өсері сөзсіз. Бұдан да нақтырақ айтсақ, баланың бірінші әрекеті –
ойын, сондықтан да ойынның мән-мағынасы ерекше, ойын – адамның
өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Яғни ұлттық ойын:
- тәрбие құралы арқылы баланың ақыл-ойын кеңейтеді;
- тілін ұстартады, сөздік қорын байытады;
- өмірді танытып, сезімін кеңейтеді, ерік және мінез қасиетін бекітеді;
- адамгершілік сапаны жетілдіреді, қайсарлық сезім әрекетті өсіреді;
- эстетикалық тәрбие
беру құралының рөлін атқарады;
- еңбек тәрбиесін беру мақсатын шешуге мүмкіндік береді;
- дене күшінің жетілуіне көмегін тигізеді.
Қазақтың бүгінгі баласы ұлттық ойындардан алыстап барады. Қазіргі
рухани қайта жаңғыру кезеңінде ұлт ойындарымыз да қажетке жарап
қалар... себебі салт – ұлттың ғұмыр бойы жиған мәдениеті, ұлттың ұлт
екенін әлем халқы мойындаудағы белгінің бірі. Біз, Аллаға шүкір, асылы
бар, жасығы бар, салтқа бай халықпыз. Яғни ұлттық ойындарымыз да – сол
бай салтымыздың бір дәстүрі.
Елдің іргетасын нығайту үшін бүгінгі ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие
беру – қазіргі міндеттердің бірі. Мұны озық біліммен қатар ұлттық
ойындар арқылы да беруге болады. Оқушының жалпы адамзаттық
67
құндылықтар және қоршаған ортамен
жеке тұлғалық қатынасын
(этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) нығайту мақсатын
халқымыздың мәдени-рухани мұрасы, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның
бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты
халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік т.б. сияқты
қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасты
жас ұрпақ өз халқының
мәдениеті, асыл мұрасымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысады. Халық
ойынды тәрбие құралы деп таныған. Бала тәрбиесінде ұлттық ойындарды
кеңінен қолдану – бұл оқушының ой-өрісін жетілдірумен бірге, төл
халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу
құралы.
Сондықтан біз ұлттық ойын атауының түрлерін, оны жүргізудің
(ойнатудың,
ұйымдастырудың)
әдіс-тәсілін
және
ойындардың
лингвистикалық тұрғыдан жасалу жолдарын, кейбір ойынның шығу
тарихын,
қойылу
уәжділігін,
яғни
этимологиясын
жан-жақты
қарастыруымыз қажет деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: