Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
24-жаттығу. Аралап тексеру, оқыту.
ІІІ. Өткенді қайталау (Кубизм).
Зат есім дегеніміз не?
Үстеу деген не?
Шылау деген не?
Зат есімнің септіктерін ата.
Етістіктердің шақтарын ата.
Есімдік деген не?
-Шылау деген не?
-Қандай шылауларды білеміз? Мысал келтірейік.
мен (бен, пен), және да (де), та (те)
Шылау
ма(ме), ба(бе), па (пе)
ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс.
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?
-Біздің ағашымыздың жапырақтары әлі өспепті.
-Балалар, бізге құстар ұшып келе жатыр екен. Бірақ біздің ағаштарда жапырақ болмағаннан соң, олар ағашқа қонғылары келмейді екен. Құстардың ауыздарында не бар екен? Яғни, құстарда тапсырмалар бар екен. Тапсырмаларды орындаса, ағашта жапырақтар өседі екен.
-Кәне, балалар, құстарға көмектесеміз ба?
-Тапсырма орындаған сайын әрқайсымыз бір жапырақтап ағашқа жапсырамыз.
-Күн ретін жазу.
1-тапсырма. Сөйлемдерді тақтаға жаз, шылауларды тап.
Көп білу үшін көп оқу керек. Дәурен туралы сенімен ақылдасайын деп едім. Жақып Рабиғаны үйіне дейін шығарып салды. Кешке шейін үйірмеге қатысамыз.
Ережемен жұмыс.
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары өзі қатысты сөзге үстеме мағына береді. Бұл шылаулар өздері қатысты сөздің септік жалғауда тұруын қажет етеді.
мен (бен, пен), және да (де), та (те)
Шылау
ма(ме), ба(бе), па (пе) үшін, туралы, дейін (шеійн)
-Жапырақтарды жапсыру.
Дәптермен жұмыс.
2-тапсырма. Мақалды жатқа жаз.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
-Жапырақтарды жапсыру.
Ү. Сергіту сәті.
3-тапсырма. Ойын «Үйін тап»
Зат есім Сын есім Үстеу Шылау Етістік
дәрігер биік түнде және оқыды
дәптер жуан жоғары туралы биледі
балалар қызыл тез шейін жүгірді
тақта сары алға да жазды
-Жапырақтарды жапсыру.
4-тапсырма.
28-жаттығу. Көп нүктенің орнына дейін, шейін, туралы, үшін шылауларың тиістісін қойып, көшіріп жазу.
Айжан түске дейін кітапханада болды. Барлаушылар туралы кино көрдім. Жақсы оқу үшін тыңғылықты дайындалу керек.
-Жапырақтарды жапсыру.
5-тасырма.Ребусты шешу. Шешуіндегі сөзге әңгіме құрау. Ребустың шешуі: Отан-ана.
-Жапырақтарды жапсыру.
-Балалар, біз барлық тапсырманы орындадық та?
-Ағашымыз қандай болып шықты?
-Енді құстар ағашқа қонамыз дейді.
-Кәне балалар құстарды ағашқа қодырайық.
ҮІ. Қорытындылау.
-Балалар, бүгін қандай шылаулармен таныстық?
-Олардың қызметі қандай?
-Туралы, дейін, шейін, үшін шылауларымен сөйлем құрау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 27-жаттығу. Ережені жаттау.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |