Зерттеу - нәтижелері және оның анализі.
Мен қуыршақты жан-жақты зерттеу нәтижесінде, алдымен «Көз қорқақ-қол батыр» деген халық мақалының орынды айтылғандығына көз жеткіздім.Қуыршақты жасау барысында әр түрлі қиындықтар болды, Мысалы: етек желбірлерін тегіс орналастыру, оюды камзолға сызу, тігу деген сияқты. Бірақ мен үшін өз қуыршағымды жасау, оны көркемдеу кезеңдері өте қызықты өтті. Енді мен әр түрлі биіктіктегі конустардан қуыршақтарды жасап, оларға түрлі ұлттық көйлек үлгілерін дайындай аламын. Сонымен қатар алдағы уақытта, осы әдіспен мен қуыршаққа өзге де ұлт өкілдерінің киім үлгілерін дайындауды жоспарлап отырмын.
Бұйымның технологиялық орындалу реті.
Қуыршақты дайындау кезеңі 15 кезеңнен тұрады.
Конусты дайындау
Етек желбірлерін пішу
Көйлек етегін пішу
Жең желбірлерін, көйлек алды және артқы бөлшектерін қию.
Етек желбірлерін тігін машинасында тігу.
Көйлек жоғары бөлігін тігу.
Желбірді етекке тігу.
Көйлектің жоғары және төменгі бөлшектерін бір-біріне біріктіру.
Қуыршақ қолын тігіп, конусқа орнату.
Қуыршақтың бас бөлшегін дайындап, конусқа орнату.
Камзолға ою сызу.
Оюды кестелеп тігу.
Камзолды біріктіріп тігу.
Сәукелені және қуыршақ шашын дайындау.
Сәукелені әшекейлеу.
2. Бұйымның негізінің жасалуы және біріктіруі. Қатты қағазға биіктігі 35-40 см., диаметрі 15-20 см. шамасында конустың сызбасын сыздым. Сызбаны қатты қағаздан қиып алып, конусты желіммен және скотч бен біріктірдім. Қосымша № 2
Қуыршақ көйлегінің етек желбірлерін дайындауға шифон мата қолдандым. Көйлек желбірлерін шифон матадан 3 дана және сеткадан 3 дана етіп қиып аламын кейін желбірлерді үтіктедім.. Желбірлердің ені 10 см. желбірлер барлығы 6-дана..
Желбірлер ұзындықтары;
1-желбір ұзындығы 70 см.
2-желбір ұзындығы 90 см.
3-желбір ұзындығы 100 см. Қосымша № 3
Көйлек етегіне алдымен қағаздан үлгі дайындадым. Үлгі ұзындығын 20 см. етіп сыздым. Дайын үлгіні атлас матаға салып қиып алдым. Қосымша № 4
Көйлек жеңінің желбіріне де қағаздан үлгі дайындап, үлгіні матаға салып қидым.Жең желбірінің ұзындығы 10 см. ал ені 5 см. Қосымша № 5
Әдеттегідей көйлектің алды және артқы бөліктеріне қағаздан үлгі дайындадым. Үлгінің ұзындығын 16 см. ені 13 см. Дайын үлгіні атлас матаға салып қиып алдым. Қосымша №6
Алдымен,тігін машинасының жұмысқа дайындығын тексеріп, кейін көйлек желбірлерін тігуді бастадым. Желбірдің екі жақ бөлігінде зиг-заг тігісімен тіктім, себебі бұл тігіс желбірді нәзік-әдемі көрсетеді. Дайын болған желбірлердің жоғары жағынан тура тігіс жүргіздім, бұл тігісті мен желбірді жиыруға пайдаландым. Қосымша№ 7
Көйлектің жоғары бөлігін алдымен қол инешаншымда көктеп тігіп, біріктіріп тіктім. Алдымен артқы және алды бөлшектері біріктіріп тігіледі кейін мойын желбірлері тігіледі. Сонымен қатар көйлектің жең желбірлерінің шеттерін де зиг-заг тігістерімен тіктім. Дайын болған жеңдерді көйлектің дайын болған жоғары бөлігіне тігін машинасында біріктіріп тігіп шықтым. Қосымша№ 8
Желбірлерді кезек-кезегімен жиырып, көйлектің етегіне тігіп шықтым.
Желбірлердің ара қашықтығын 2 см. Қосымша№ 9
Дайын болған көйлектің жоғары және төменгі бөлшектерін, белінен біріктіріп тіктім. Көйлек дайын болды. Қосымша№ 10
Конустың үшкір ұшынан есептегенде 6 см. дей жерді қиып алып тастадым. Қиылған жердеп есептегенде 2см. төмен түсіп, біз бен тестім. Тесілген жерді қайшының көмегімен үлкейтірдім. Қосымша№11
Қуыршақ қолын ені 6 см, ұзындығы 30 см. атлас матадан қиып дайындадым. Қолдың дайын күйіндегі ұзындығы 29 см. Тігілген қолды оң бетіне аударып, ішін синтифонмен толтырдым. Дайын қолдың ішіне проволока кіргіздім. Проволока кіргізілген қолмен, қуыршақ әр түрлі қимыл түрлерін көрсете алады. Дайын болған қолды конусқа орнаттым. Қосымша№12
Қуыршақтың бас көрінісін дайындауға мен қарапайым капрон шұлықтарды қолдандым. Капронның ішін синтефонмен толтыру арқылы басын дайындадым және оған қара түсті моншақтан көздерін тігіп шықтым. Қуыршақтың аузын, кірпігін, мұрнын мулине жіптермен тіктім. Қосымша№ 13
Дайын болған қуыршақтың басынына проволоканы өткізіп алдым. Қосымша№ 14
Дайын болған қуыршақтың басын конусқа орнатып, конустың ішкі бетінен проволоканы қозғалмай тұру үшін скотч пен бекіттім. Қосымша№ 15
Қуыршақ басы және көйлегі дайын,ендігі кезек камзолға. Қосымша№ 16
Матаны кергішке орнатып, камзолдың алды және белдік пішімін сыздым. Камзол ұзындығы 17 см,ені 15 см. Сызбаға «қошқар мүйіз» оюын ритммен орналастырып сызып шықтым. Қосымша№ 17
Сызылған «Қошқар мүйіз» оюын кестелеп тігуге күміс түсті тесманы қолдандым. Қосымша № 18
Камзол бөлшектерін кестелеп болғаннан кейін, матаны кергіштен босатып алып, бөлшектердің теріс жағына флезелинді үтіктеп жабыстырып қиып алдым. Кейін тігін машинасында алды, артқы бөлшектерін және камзол белдігін біріктіріп тігіп шықтым. Қосымша№ 19
Дайын камзолды үтіктедім. Қосымша № 20
Қуыршақтың бас киімі «Саукелені» қатты қағаздан дайындап, сыртын матамен қаптап, желімдеп шықтым. Сәукеле биіктігі 9 см. Сәукеле желегінің шеттерін тігін машинасында зиг-заг тігісімен тігіп, үтіктедім. Қосымша № 21
Дайын сәукелені ақ түсті моншақпен әшекейлейледім. Әрлеуге 40 дана моншақ қажет. Қосымша № 22
Сәукеленің төбесіне желекті біріктіріп тіктім. Қосымша № 23
Дайын сәукелеге «үкіні» орнатамын және қозғалмау үшін ине мен бірнеше бекітіп тіктім. Қосымша № 24
Дайын болған қуыршаққа бас киімді кигіземіз. Қосымша № 25
Шашты тоқуға арналған жіптерден, қарапайым етіп өрдім. Дайын күйіндегі шаш ұзындығы
17, 18 см. Қосымша № 26
Қуыршақ дайын болды. Қосымша № 27
Менің қуыршағым «Қазақ аруы». Қосымша № 28
Қорытынды
Қуыршақ ұстауға, киіндіруге ыңғайлы, сәнді, ерекше өз қалағанымдай болып шықты. Мен қуыршақты дайындау барысында, қазақ халқының баға жетпес ұлттық қолөнері туралы білгенім көбейіп, біліктілігім артты. Ұлттық киім үлгілерінің шығу тарихымен таныстым және қуыршақ көйлегін тігіп дайындау барысында, матаны үнемдеп жұмсауды, тігін машинасында әрлеу тігістерін тігуді үйрендім. Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі ою-өрнекпен толығырақ танысып, камзолға оюды кестелеп тігуді, қолжетімді материалдарды іс жүзінде қолданып ұтымды жұмыс жасауға болатындығына көз жеткіздім. Мен дайындаған бірінші қуыршағымды ата-анама, достарыма көрсетіп,оны қарындасыма сыйладым. Қуыршақ менің достарыма, ата-анама өте ұнады, олар мені мақтаныш тұтады, өйткені мен сөмкені өз қолыммен тіктім.
Қосымша № 2
Қосымша №3
Қосымша №4
Достарыңызбен бөлісу: |