Қарағанды облысы мәслихаттың
2014 жылы 11 желтоқсандағы
ХХХІ сессиясының № 356
шешімімен бекітілген
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ
2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
қ. Караганды, 2014 ж.
МАЗМҰНЫ
№
|
Бөлімінің атауы
|
беті
|
1
|
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
|
3
|
2
|
АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
|
10
|
3
|
ӨҢІРДІ ДАМЫТУ КӨРІНІСІ
|
88
|
4
|
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР МЕН НӘТИЖЕНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ, БАҒДАРЛАМАҒА ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ҚОЛЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
|
91
|
5
|
ҚАЖЕТТІ ҚОРЛАР
|
126
|
6
|
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ
|
127
|
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Атауы
|
2011 - 2015 жылдарға арналған Қарағанды облысының даму бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіз
|
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығы, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелерітуралы»Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы.
|
Аймақтың негізгі сипаттамалары
|
Облыстың аумағы 428 мың.шаршы км (Қазақстан аумағы жалпы алаңының 15,7%) құрайды. 01.01.2014ж. Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық бөлініске облыстық және аудандық маңызы бар 11 қалалар мен 9 аудан ұсынылды.
2014 жылғы 1 қаңтарда халық саны 1 369,8 мың адамды құрады.
Облыс ең ірі индустриялық аймақ болып табылады. Өнеркәсіптің негізгі салалары қара және түсті металлургия, тау-кен өнеркәсібі, өндіріс және таратушылық электроэнергии, газ және су болып табылады.
|
Бағыттар
|
Экономика
Әлеуметтік сала
Инфрақұрылым
Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары
Мемлекеттік қызметтер
|
Бағдарламаның мақсаттары
|
Экономика:
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде қолғабыс ету;
Ұлттық және аймақтық экономикада бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту және экономиканы жаңғырту негізінде өнеркәсіпте құрылымдық ілгерілеу;
Облыстың энергетикалық кешенін тұрақты дамыту;
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Бизнес-ортаны жақсарту;
Ішкі сауда тиімділігін арттыру;
Инвестицияларды тарту және өңірлік инновациялық жүйені дамыту;
Әлеуметтік сала:
Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;
Тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамытуды қамтамасыз ету үшін облыс тұрғындарының денсаулығын жақсарту;
Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі;
Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту;
Бұқаралық спорттың, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысының және жоғарғы жетістіктегі спорттың дамуы;
Туристік инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз ету;
Мемлекеттілікті пен ұлт бірлігін одан әрі нығайту және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;
Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру;
Құқықтық тәртіпті сақтау, жол және қоғамдық, соның ішінде көшелерде және қоғамдық орындарда қауіпсіздікті сақтау;
Жанұя-тұрмыстық қарым-қатынас саласында, кәмелетке толмағандар және бұдан бұрын сотталғандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы әрекет жасау;
Табиғи апаттар мен апаттардан қауіп қатерді және зардаптарды төмендету бойынша жағдайларды жасау.
Инфрақұрылым:
Байланыс және коммуникациялар саласында қызметтердің сапасын арттыру;
Құрылыстың өсуін қамтамасыз ету;
Экономикалық кеңістіктің байланыстылығын жақсарту;
Халықты тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету.
Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары :
Ауылдың қалыпты өмір сүруінің жағдайларын құру;
Қоршаған ортаны ластандыру деңгейін төмендету және табиғи орта сапасын тұрақтандыру;
Жер ресурстарын тиімді пайдалану.
Мемлекеттік қызметтер:
Қызметтерді көрсету сапасын арттыру;
Жергілікті деңгейде мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыру тиімділігін арттыру.
|
Міндеттері
|
Экономика:
Қосылған құнды тұрақты ұлғайту;
Тауарлар және қызметтерге бағаларды өзгеру деңгейі;
Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру;
Өнеркәсіптің басым секторларын әртараптандырудың және бәсеке қабілеттіліктің өсімін қамтамасыз ететіндерді дамыту;
Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының азаймалы қуаттылықтарын толтыру;
Өнеркәсіптегі құрылымдық ілгерілеуді қамтамасыз ету;
Электрэнергетикасын дамыту;
Агроөнеркәсіп кешенің салаларын тұрақты дамыту, бәсекеге қабілеттіліктің жаңа деңгейіне қолжеткізу және облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Бизнес-ортаны жақсарту;
Сауда инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз ету;
Инвестициялық жобаларды іске асыру;
Индустриалдық парктермен, технопарктермен көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін арттыруға жәрдемдесу;
Жергілікті қамтуды дамыту;
Әлеуметтік сала:
Мектептік білім беру кызметтерінің сапасын арттыру **;
Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау үшін жағдай жасау **;
Негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулар жағдайын жақсарту;
Тұрақты жұмыспен қамту;
Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі мемлекеттік емес сектор үлесінің ұлғаюы;
Халықтың мәдениет саланың қызмет көрсетуіне қолжетімдікті қамтамасыз ету;
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және шоғырлану қызметін кеңейту;
Бұқаралық спортты, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту;
Облыстық туристік өнімді қалыптастыру және оны халықаралық және ішкі нарыққа жылжыту;
Этносаралық келісімді сақтау және нығайту, Қазақстан халқы ассамблеясының рөлін одан әрі арттыру;
Жастарды облыстың элеуметтік-экономикалық дамуына белсенді түрде тарту;
Жастарды жұмысқа орналастыруға белсенді жәрдемдесу;
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Көше қылмыстарына қарсы әрекет ету;
Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстарды ескерту;
Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстарды алдын алу;
Рецидивті қылмыстылыққа жол бермеу;
Мүліктік қылмыстарды алдын алу;
Нашақорлық және есірткі бизнесінің алдын алу;
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу бойынша тиімділікті арттыру.
Инфрақұрылым:
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтерді дамыту;
Құрылыстың өсуін қамтамасыз ету;
Көлік құралдарының қауіпсіз және кедергісіз жүріп тұруы үшін осы заман талаптарына сай автожолдар саласындағы инфрақұрылымды дамытудың деңгейін арттыру;
Автобус және теміржол бағыттарында ауданаралық, қалааралық, қала маңындағы көлік бағыттарын ұйымдастыру;
Коммуналдық жүйелерді жаңғырту және дамыту;
Тұрғын үй қорын тиісті пайдалануды қамтамасыз ету,
Халықтың тиімді санына есебімен моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту.
Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары:
Ауылдың өмір сүру жағдайын құруда ықпал жасау;
Атмосфералық ауаны қорғау;
Ормандарды сақтау, қорғау, ұлғайту және орман өсіру;
Ауыл шаруашылығы айналымына пайдаланылмайтын жерлерді тарту жолымен салық салу базасын ұлғайту.
Мемлекеттік қызметтер:
Электрондық нұскауға аударылған көрсетілетін қызметтердің санын көбейту;
Ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту.
|
Іске асыру кезеңдері
|
Iкезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезекті іс-шаралары іске асыру.
II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру
|
Нысаналы индикаторлар***
|
Экономика:
Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, алдыңғы жылға қатысты %-бен, 2015 жылға - 104,0%;
Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі - 2015 жылы 101,5%;
Тау-кен өндірісі өнеркәсібі өнімін шығарудың және кеніштерді игерулердің НКИ - 2015 жылы 102,4%;
Өңдеуші өнеркәсіптің шығаратын өнімінің нақты көлем индексі - 2015 жылы 101,5%;
Энергияны көп қажететуді төмендету - ;
Электр энергиясын өндіруді ұлғайту - 2015 жылы 100,5%;
Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің НКИ - 2015 жылы 102,0 %;
ЖӨӨ құрылымында шағын және орта бизнес үлесін ұлғайту, 2015 жылы 20,8%;
Бөлшек сауданың нақты көлем индексі - 2015 жылы 106,4%;
Өнеркәсіпке негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі,2015 жылы 101,1%;
Инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі, 2015 жылы 9,5%;
Жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алуда жергілікті қамту үлесін 2015 жылы 66,2% ұлғайту;
Әлеуметтік сала:
Балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиелеумен қамту 2015 жылы 99%;
Типтік жастағы жастарды (14-24 жас) техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі 2015 жылы 19,7%;
Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2015 жылға қарай 68,5 жасқа дейін ұзарту;
Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы – 5,0%;
Күнкөрiс минимумынан төмен табысы бар халықтың үлесi 2015 жылы – 1,9%;
Арнауы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (оларды алуды қажет ететін тұлғалардың жалпы санында) 2015 жылы – 90%;
Әлеуметтік инфрақұрылымның паспортталған нысандарының жалпы санынан мүгедектер үшін енуге қамтылған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үлесі 2015 жылы – 15,0 %
Мәдениет саласының қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі (2009 жыл – 38%) 2013 жылға 75%, 2015 жылға 77% ;
Облыстың мемлекеттік тілді меңгерген халқының үлесі 2015 жылға қарай – 72 %;
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың барлық жас топтарын қамтуды 2015 жылы – 0,9% ұлғайту;
Ішкі және кірмелі туризм үшін орналастыру орындарының санын 2015 жылы 167 бірлікке арттыру;
Ішкі және кірмелі туризм үшін жататын орын/тәулік беруді арттыру жолымен орналастыру орындарының толтыруын 2015 жылы 509 дейін төсек орын/тәулік арттыру;
Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара байланысын оң бағалайтын тұрғындар үлесін 2015 жылы 78% ұлғайту;
Жастарға қатысты мемлекеттік саясатпен халықтың қанағаттану деңгейі 14-29 жас аралығында2015 жылы 7,2%;
15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі (NEET, ағылш. – Not in Education. Employment or training) 2015 жылы 6,0 %;
ЖКО қайтыс болғандардың деңгейін 2015 жылы -15,5 бірлікке төмендету (100 зардап шеккенге);
Қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған қылмыс деңгейін төмендету 2015 жылы - 48 бірлікке төмендету (10 мың. тұрғынға);
Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыстылықтың деңгейін 2015 жылы – 0,39 бірліккетөмендету (10 мың тұрғынға);
Қылмыстардың жалпы санынан, қылмыстарды жасаған кәмелеттік жасқа толмағандардың үлесін 2015 жылы 0,12% төмендету;
Рецидивті қылмыстылықтың деңгейін 2015 жылы 4,91 төмендету (10 мың халыққа);
Мүліктік қылмыстардың деңгейін төмендету (10 мың тұрғынға), 2015 жылы 125 бір.;
Халықтың есірткіге тәуелді болу деңгейін төмендету(10 мың тұрғынға), 2015 жылы 0,25 бір. дейін;
Тасқындармен су басуларға, өртерге қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі 2015 жылы -45%;
Инфрақұрылым:
Жергілікті телефон байланысының сандандыру деңгейін 100% жеткізу;
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі алдыңғы жылға %, 2015 жылы– 107%;
Тұрғын үй ғимараттарды пайдалануға беру, жалпы алаңның ш.м. 2015ж. – 310 мың ш. м.;
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылы 75% (2009ж. – 60%);
Жүк айналымы көлемі 2015 жылы – 9402 млн.тонна-км (2009ж. – 4588,4 млн.тонна-км);
Жолаушыларды тасымалдау айналымының көлемі 2015 жылы – 34672 млн.жолаушы-км (2009ж. – 13903 млн.жолаушы-км);
Халықты жылумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз ету деңгейін ұлғайту, 2015 жылға қарай 78%;
Орталықтандырылған сумен қамтуғарұқсаты бар халықтың үлесін 2015 жылға 67% ұлғайту;
Халықты субұру қызметімен қамтамасыз ету деңгейін 2015 жылы 55% ұлғайту.
Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары:
Дамудың жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендердің саны 2015жылы 53 бірлік;
Тіректі ауылдық елді мекендердің (агроқалашықтар) саны 2015 жылы 19 бірлік;
Зиянды заттардың жалпы шығарылуы жыл сайын 2015 жылға дейін 2 мың тонна шегінде төмендету;
Қатты тұрмыс қалдықтарының жалпы көлемінің ҚТҚ өңдеу үлесі 2015 жылы – 0,061%;
Қоршаған ортаға эмиссиясы үшін алынған жергілікті бюджеттің табыстарына экологиялық іс-шараларға бағытталған шығындардың арақатынасы 2015 жылы 3,4%;
Ормандарды және орман өсіру алаңы 2015 жылы 300 га;
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңның ауыл шаруашылығы жерлерінің айналымына тартылған үлесті 2015 жылы 4,7% ұлғайту.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету:
Халыққа әлеуметтік маңызды қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттандырылу деңгейі %;
Жергілікті атқарушы органдардың функцияларын (үдерістерін) автоматтандырудың орташа дәрежесі 2015 жылы 75%.
|
Қаржыландырудың көзі және көлемі*
|
Қаржыландыру көздері: республикалық, жергілікті бюджет және инвесторлардың меншікті қаражаты.
Қаржыландыру көлемдеоі:
- 2011ж. – 208 449,27 млн. теңге:
- 2012ж. – 347 389,49 млн. теңге:
- 2013ж. – 401 867,06 млн. теңге:
- 2014ж. – 326 283,22 млн. теңге:
- 2015ж. – 475352,53 млн. теңге:
Барлығы: 1 759 341,57 млн. теңге.
|
*- 2011-2015 жылдарға арналған бюджетте қарастырылған қаржыландыру көздері мен көлемдері қаражат шегінде нақтылануы және өзгеруі мүмкін.
** - Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамыту мемлкеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде.
*** - Нысаналы индикаторлар және көрсеткіштердің сандық мағыналары ҚР заңнамасына сәйкес қаржылық жылдарға республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау кезінде нақтылануы және өзгертілуі мүмкін.
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1. Өңірлердің позитивтік және келеңсіз жағдайын, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпал етуін бағалау
Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының индустриялық аймақтарының бірі болып табылады. Бұл жерде түсті және қара металлургияның, машиана жасау, тамақ, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібінің, құрылыс индустриясы мен энергетиканың ірі кәсіпорындары шоғырланған.
Қарағанды облысында экономиканың негізі тау-кен және өндіруші өнеркәсіп болып табылады, оларда өңірдің 41%-дан жалпы артық қосылған құны құрылады. Облыс өнеркәсібінің базалық салаларына өнеркәсіптік өндірістің 86,6% тиесілі, оның ішінде:
тау-кен металлургиялық кешені (қара және түсті, бағалы және сирек металлдар кенін өндіру, сондай-ақ қара және түсті металлургия және металл өңдеу) –59,5%;
көмір өнеркәсібі – 7%;
жеңіл өнеркәсіп - 0,4%;
машинанешеге жасау – 4,1%;
химия өнеркәсібі– 1,7%;
фармацевтикалық өнеркәсіп– 0,04%;
бейметалл құрылыс материалдары өндірісі – 2,3%.
Пайдалы қазба байлықтарының кен орнын игеруде Қарағанды облысы Республиканың минералды шикізат кешенінде маңызды орын алады және Қазақстанның темір-мырыш, барит-полиметал, мыс кенді сирек метал провинциясы болып табылады. Қатты пайдалы қазбалардың негізгі түрі бойынша өңірдің баланстық қорының әлеуетті құндылығы 758,2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Жер қойнауының қорлары мен болжамды ресурстары – 1162 млрд. АҚШ доллары.
Қарағанды көмір бассейні ТМД елдерінің көмір бассейіндері бойында табиғи газы бар аймақ болып табылады. Облыста металлургия және құрылыс индустриясы үшін кенсіз шикізаттың ірі қорлары бар.
Ауыл шаруашылығының мүмкіндігі облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сыртқы нарыққа экологиялық таза өнім шығаруға қабілетті. Ауыл шаруашылығында шаруашылықтардың ұсақтауарлығынан, жер телімдерінің аздығынан селекциялық асылдандыру шараларын кең көлемде жүргізуге және ғылыми негізделген егістік жер айналымының сақталуына, кең көлемде замануи жаңа технологияларды пайдалануға, өндіріс процестерін механикаландыруға және автоматтандыруға мумкіндік бермейді. Суару жүйесінің техникалық жағдайы нашар болғандықтан, жыртылған жерлерді ұтымсыз пайдаланылып, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі азайды. Ауыл шаруашылығы техникаларының 97 пайызы тозды, сол себепті еңбек өнімділігі төмендеп, өнімнің өзіндік құны көтеріліп, бәсекеге қабілеттілік деңгейі түсіп қалды.
Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау Комитетінің мәліметі бойынша 2013ж. 4 760,5 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт көлемі 3594,8 млн. АҚШ долларын(немесе 75,5% ДСҮ -ден), импорт көлемі – 1165,7%-ға(немесе 24,5% ДСҮ -ден) құрады.
Сыртқы сауда айналымының үлес салмағы жалпы республикалық көлемде – 4,4%, бұл жалпы республикалық көлемде 8-орынды алады.
Облыстың экспорттық-импроттық операцияларында континеттер қимасында ең үлкен үлес салмағы Азия елдері алады (57,8% немесе 2 млрд. 753 млн. АҚШ долл), елдер Еуразиялық одақ (25,8% немесе 1 млрд. 229,9 млн. долл), ТМД (13,8% немесе 656,3 млн.АҚШ долл.) және Америка (1,7% немесе 80,9 млн.АҚШ долл.).
Басқа елдермен-серіктестер болып Қытай (45,2%), Ұлыбритания (15,4%), Украина (6,5%), Иран (5,9%), Германия (3,7%), Қырғызия (3,0%), Өзбекстан (2,5%), Түркия (2,1%), Финляндия (1,9%), Польша (0,9%), Чехия (0,5%) табылады. 2013 жылы жаңа елдер-серіктестігі болып: Лихтенштейин, Ирак, Непал, Барбадос, Бенин, Бурундин, Маврикия, Свазиленд болды.
Облыстың экоспорт көлеміндегі ең уүлкен үлес салмағын келесі тауарлық топтар алады: металл және одан жасалған бұйымдар – 75,7%; минералдық өнімдер – 12,5%; басқа тауарлар – 8,6%; жануар және өсімдік өнімдерінен өнімдер – 2,2%.
Облыстың көлемінде ең үлкен үлес салмағы келесі тауарлық топтары алады: машина және жабдықтары – 38,6%; маталл жәнен одан жасалған бұйымдар –19,7%; химия саласының өнімдері 19,2%; жануар және өсімдік өнімдерінен өнімдер – 9,8%, басқа тауарлар
2013 жылы экспорт көлемінің жалпы төмендеуі кезінде жеке тауар топтары бойынша экспорт өсімі байқалды: құрылыс материалдары – 118,7%-ға, машина және жабыдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар - 74%-ға, тоқыма және тоқыма өнімдері – 21,5%-ға, минералдық өнімдер – 5,5%-ға,жануар және өсімдік өнімдерінен өнімдер – 1,8%-ға.
Облыста келесі тауар топтарына кейбір ұлғайтулар байқалды: басқа тауарлар 77,6%, металл және одан жасалаған бұйымдар – 17,4%, химия өнеркәсібінің өнімдері – 2,6% ұлғайды.
Аймақтың дамуы көбінесе инвестициялық ағынды тарту үшін қаншалықты қолайлы орта туғызылғанына байланысты болады. Ондай ортаны қалыптастыру нарықта бизнес-үдерістер үшін аса тиімді инфрақұрылым тудыратын компаниялардың болуына, оның дамуына ықпал ететін мемлекеттік органдардың өнімді жұмысына, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін жаңа ресурстар іздейтін жергілікті компаниялар мен кәсіпорындардың белсенділігіне байланысты.
2010 жылдан бастап Қарағанды облысына 1 192,9 млрд. теңге инвестицияланды, соның ішінде өнеркәсіпке инвестиция 724,4 млрд. теңгені, өңдеуші өнеркәсіпке 409,9 млрд. теңгені құрады.
2013 жылы облыс кәсіпорындары негізгі капиталға 405 млрд. теңге инвестиция игерілді, бұл 2013 жылдың деңгейінен 52,7% жоғары (2010 жылы – 211,1 млрд. теңге).
Негізгі капиталға инвестициялаудың негізгі қаржыландыру көзі кәсіпорындардың өз қаражаты болып табылады (68,5%), бюджеттік қаражат үлесі 10,3%, шетелдік инвестицялар – 3,7%, қарыз қаражат – 14,1%.
Өзінің географиялық орналасуы бойынша қолданылып жүрген автомобиль жолдары халықаралық жүк тасмалының негізгі бағытына сәйкес келеді. Оңтүстік-Шығыс Азия және Қытай мемлекеттерінің жоғарғы даму қарқынын ескеріп, Қарағанды облысының аумағында аталған халықаралық көлік коридорлары транзиттік тасмалдау көлемдерін игеруде қолайлы келешектерге ие.
Қарағанды облысының аумағы бойынша Қазақстанның магистралдық көлік коридорлары өтеді. «Сары-Арқа» халықаралық әуежайы облыстың транзиттік әлеуетін іске асыру үшін барлық қажетті инфрақұрылымды орналастырады.
Жана теміржол желілері құрылысы бойынша үлкен жобалар аяқталу кезіңде «Жезказған - Саксауыл», «Арқалық - Шұбаркөл». Бұл желілер тасымалды Шығыс пен Батыс арасында 1200 шақырымға Оңтүстік пен Солтүстік арасын 700 шақырымға азайту арқылы көлік әлеуетін жаксартады. Ағымдағы жылдың тамыз айында Елбасының қатысуымен жаңа теміржол желілерінде жұмыс пойыздарының қозғалысы ашылды.
2015 жылы аталмыш нысаналар толық инфрақұрылысымен эксплуатацияға тапсырылады. Бұл кезеңде облыстан шалғай орналасқан елді- мекендердің дамуына оң әсерін тигізеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, жергілікті елді мекеннің кірісі ұлғаяды.
Моноқалалар және Ұмыспен қамтудың жол картасы -2020 мемлекеттік бағдарламаларын орындау шеңберінде жолды жөндеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Елді мекендерді қосатын жолдармен бірігіп, қала ішілік және кент ішілік жолдарды жөндеу бойынша жұмыстар орындалуда.
2014 жылы аталған бағдарлама бойынша 43 жобаға арналған жұмыстар жүргізілуде, 17 елді мекендерде 61 көше жөнделетін болады.Қайта жөндеуге, күрделі және орта жөндеу, жергілікті маңызы бар автомобтль жолдарын ұстауға 4,6 млрд. теңге қарастырылды (2013 жылдан қарағанда 16,4%-ға артық).
Біздің облыстың аумағында «Орталық-Оңтүстік» (Анар-Теміртау) ұзақтығы 93 км транзиттік коридорын қайта жөндеу жобасын іске асыру жүргізілуде, ол облыстың дамуында экономикалық тиімділікті көрсетеді (рұқсаттама әдісі жақсарады, жол бойындағы сервис дамиды, рұқсаттама қабілеттілігі артады және халықты жұмыпен қамту, кірістерді дамыту) және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттырады.
Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 2010 жылдан 2013 жыл кезеңіне 0,5% төмендеді және 2013 жылы жаңа және қолданыстағы өндірісті кеңейту, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен 5,6% (2010 жылы 5,5%)құрайды.
Облыстың әлеуметтік саласының жағдайы халықтың табиғи өсімінің оңтайлы қарқынымен қолайлы демографиялық жағдайымен сипатталады.
Сонымен қатар, қолайсыз жақтары да бар, ол бар әлеуетті толық пайдалануға және экономиканың дамуын ұстауға жол бермейді.
Кейінгі екі жылда өңдеуші өнеркәсіпте физикалық көлем индесінің төмендеуі әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ түсті және қара металлдар (металлругиялық өндіріс) өндірісінің өткізу көлемінің төмендеуінің әсерінен болды.
Машина жасау саласындағы өнімдердің төмендеуі электрлік аппаратураны өндіру көлемдерін «Kazcenterelektroprov»ЖШС төмендету, «Қазақмыс» Корпорциясы» ЖШС көпір крандары, «Вектор» ЖШС тау-кен өндірісі үшін машина бөлігі, «САЭМ-Орталық» ЖШС дайын металл бұйымдарын орнату бойынша қызметтер, «Энегрияны қорғау» ЖШС, сұраныстың төмендеуімен байланысты «Мит-Энергияжөндеу» ЖШС арнайы тағайындау жабдықтарын орнату бойынша қызметтер.
Жеңіл өнеркәсіпте – «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС және «Ютария Ltd» ЖШС арасындағы Серіктестік бағдарлама шеңберінде 2016 жылға дейінгі келісім шарттың орындалмауы, сондай-ақ жылдың басынан бастап тендерларды өткізумен байланысты тек 2013 жылдың бірінші жарты жылдығының аяғына дейін «Galex Plus» Саран тігін-тоқыма фабрикасы» ЖШС, яғни кәсіпорынға 2012 жылғы көрсеткішке жетпеуіне жол берді.
Химиялық салада мамандандырылған көміртек, күкірт қышқылы диоксидін шығаруда «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ азайуы тарапында өндірістік бағдарламаны оңтайландыру байқалуда, сондай-ақ тапсырыс портфелінің төмендеуіне байланысты «ТЭМК» ЖШС карбид кальцийін өндіру қысқартылды.
Білім берудің жағымсыз жақтары жекелей аймақтарда мектепке дейінгі білім беру қызметтерімен 1-ден 6-жасқа дейінгі жаста балаларды қамтудың төменгі деңгейімен, тиісті жабдықтар және инвентралрамен мекетепке дейінгі білім беру нысандарының қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейінде көрсетеді.
Экономикалық кеңістіктің қалалық жоғары деңгейінде байқалады: қала тұрғынының үлесі 78,7-78,8% құрайды. Қарағанды қалалық агломерациясының ядросы жіті, және оның қалалық зоналары, тірек-қаңқалы құрылымын жаңа жерге орналастыру айрықша дамуда.
Негізгі республикалық басымдықтар бойынша облыста 293,5 млрд.теңге артық инвестиция көлемімен 12 мемлекеттік және салалық бағдарламалар іске асырылуда (2014 жылы - 93,2 млрд.теңге). Бағдарламаны іске асыру өнеркәсіпті әртараптандыру, шағын өнеркәсіпті дамыту, АӨК , тұрғын үй құрылысын, электр энергиясын, автомобиль жолдарын, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға, денсаулық сақтау, білім беру және қоршаған ортаны қорғау салаларын дамыту жолымен тұрақты экономика өсіміне қол жеткізуге бағытталған.
2.2. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау
Өнеркәсіп
2010 - 2013 жылдар аралығында Қарағанды облысының өнеркәсіптік өндіріс көлемі қолданыстағы бағаларда 1032,1-ден 1324,7 млрд. теңгеге дейін немесе 28,3 пайыздық тармаққа артты. ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіптің жалпы қосымша құны 914,5-дан 1234,7 млрд. теңгеге дейін артты немесе 35%.
Өнеркәсіп облыс экономикасының негізін құрайды. Ай сайын Қарағанды облысының кәсіпорындары өнеркәсіптік өнімнің республикалық көлемінің 7-8%, мыс кенін - 77,2%, темір кенін - 26,1%, жазық илектің барлық көлемін, тазартылған мыс - 74%, тазартылмаған болат - 88%, тазартылған күміс - 24%, тазартылмаған алтын - 15%, жылу энергиясы- 15,5%, электр энергиясы-14%, көмір - 31,3% өндіреді.
Қарағанды облысының аумағында 209 ірі және орта тау-кен, өңдеуші өнеркәсіптік кәсіпорындары, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау қызмет атқарады.
2009-2010 жылдардағы айғақты көлем индексінің және өнеркәсіптегі тауарлық өнім өндірісі көлемінің өзгеру динамикасы
Достарыңызбен бөлісу: |