Қарағанды облысы мәслихаттың 2014 жылы 11 желтоқсандағы ХХХІ сессиясының №356 шешімімен бекітілген


ж. 2010 ж. 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж



бет2/12
Дата13.02.2017
өлшемі3,48 Mb.
#9187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2009 ж. 2010 ж. 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж.
Барлық өнеркәсіп,

Барлық өнеркәсіп НКИ, %


Оған қоса, облыстың жалпы өңірлік өніміндегі өнеркәсіптің жалпы қосымша құнының үлес салмағы өсімнің тұрақты динамикасына ие, 2012 жылы 50,2% жетті (2010ж. – 48,9%).

Сонымен қатар, 2010-2013 жж. өнеркәсіпте 110965 бастап 129755 дейін жұмысшылардың өсу динамикасы көрініс тапты, ол 16,9% құрайды.




Көрсеткіш

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

2013ж

Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ), млрд. теңге

1 515,8

1 872,8

2 397,9

2 459,0

-

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млрд.теңге

808,9

1032,1

1325,4

1336,1

1324,7

Өнеркәсіптің ЖҚҚ, млрд. теңге

755,0

914,5

1 185,3

1 234,7

-

ЖӨӨ-дегі өнеркәсіптің ЖҚҚ үлес салмағы, %

49,8

48,9

49,4

50,2

-

Жылына орташа есеппен жұмысшылардың тізімдік саны, адам

113 688

110 965

112 320

128 579

129755

Тау-кен өндірісі

Республикалық тау-кен өндірісінің жалпы көлеміндегі тау-кен өндірісі саласының үлесі – 18%.

2010-2013 жж. жаңа бағадағы тау-кен өндірісінің көлемі 88,5 бастап 193,6 млрд. теңгеге дейін немесе 2,2 есе артты.

2010-2012 жж. тау-кен өндірісінің жалпы қосылша құны 26,7% артты немесе 267,9 млрд. теңгені құрады.

2013 жылы тау-кен өнеркәсібінде өнім өндірісінің көлемі 193,6 млрд. теңге құрады, 2012 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 122,2%. Тау-кен өндірісінің өсу қарқыны қайта өңдеуші кәсіпорын өндірісіне қарағанда жоғары, атап айтқанда көмір өндіру (105,1%), мыс (105,7%), көмір концентраттары (107,0%), мыс концентраттары (174,7%), темір кені (104,3%), марганец (104,1%), мыс және мыс концентраты (109,2%).

2010-2013 жж. көмір өндірісі біршама өсті, 2010 жылы 35,6 млн. тонна, 2013 жылы – 37,2 млн. тонна, темір кені 4,3 есе, мыс 15,2%, қорғаныс-мырыш кені 21%, марганец концентраты 1,5% өсті.

Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі тау-кен өндірісі саласының үлесі – 14,6%.

Тау-кен өндірісі секторында облыстың марганец, темір-марганец және темір кен орындарын барлап және игеріп жатқан «Жайрем кен байыту комбинаты» АҚ, РУ «Қазмарганец», ТНК «Қазхром» АҚ, «Өркен» ЖШС, «Өркен-Атасу» ЖШС негізгі кәсіпорындары сияқты бар.

Қорғасын-мырыш кені бойынша кен қазушы және қайта өңдеуші негізгі кәсіпорын «Nova-Цинк» ЖШС ОК болып табылады. Оған қоса, қорғасын мен мырыш «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-де кешенді мыс кенінен қосымша өндіріледі.

Алтын қоры бойынша облысымыз республикада 5-орынға ие. 2009 жылы облыста 4519 кг алтын өндірілді.

 Сирек металдар кенінің негізгі қоры (Көктенкөл, Қайрақты, Қараоба, Солтүстік Қатпар және т.б.). Ағадыр кен аймағында орналасқан.

Көмір өндіру кәсіпорындарына «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы, «Сарыарқа Energi» ЖШС, «ГРК Қамбар» ЖШС, «ГРК Дархан» ЖШС, «ГРК Недра Казахстана» ЖШС және басқалары жатады.



 2010 - 2013 жылдар аралығында тау-кен өндірісі өнеркәсібіне 163,0 млрд. теңге мөлшерінде инвестиция салынды: көмір, 2010 жылға өсім 2,05 есе (2010 жыл – 26,5 млрд. теңге).
2009-2013 жылдардағы тау-кен өндірісі өнеркәсібіндегі маңызды өнім түрлерін өндіру динамикасы




Өнім атауы

Өлш. брл.

Жылдар

2009

2010

2011

2012

2013

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Көмір және көмір концентраты

мың тонна

30 722,2

32 584,5

35 241,3

35 387,8

37 210,8

2

Мыс кені

мың тонна

27 405,6

27 764,9

27 671,9

30 266,6

31 984,3

3

Қорғасын-мырыш кені

мың тонна

1 145,1

990

1 320

1 464,2

1 198,5

4

Мырыш концентратындағы мырыш




42,6

45,2

40,5

37,3

35,2

5

Мырыш кені

мың тонна

2457,4

3 044,7

2 948,4

2 964,1

2 823,9

6

Мырыш концентраты

мың куб.м.

982,4

1 094,4

1 091,3

1 067,3

1 111,1

7

Табиғи құм

мың тонна

76,7

36,8

90,7

102,5

93,2

8

Тас түйіршігі, қиқымы, малтатас, қиыршықтас

мың куб.м.

1677,4

1 864,3

2 363,2

2 373,5

2 765,8



2009-2013 жылдардағы тау-кен өндірісі өнеркәсібіндегі тауарлық өнім өндірісінің айғақты көлем индексінің өзгеру динамикасы

2010-2013 жж. салалық еңбек нарығында 19500 бастап35482 дейін жұмысшылардың өсу динамикасы белгіленді, ол 82% құрайды.

Еңбек өнімділігі бір жұмыс істеушіге 26,3 АҚШ долларына дейін артты немесе 2010 жылғы деңгейге 111,4 пайыздық тармақта.

Келешекте 2015 жылға дейін «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС және т.б. кәсіпорындарымен Қарағанды бассейінінің минералды-шикізат базасын дамыту бойынша шамамен 8 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Тұтас алғанда Қарағанды облысының шикізат базасының мүмкіндігі енді анықталған және барланған кен орындарымен тоқтап қалмайды, сондықтан геологиялық барлау жұмыстарының басты міндеті шикізат базасының құрылымын жақсартудан тұрады, яғни оның ішінде құрамында пайдалы компоненттері бар жеңіл қол жетімді кен орындарын (ашық өндіру үшін) іздеу және барлау.



Марганец кені. Атасу кен ауданының марганец кенінің барланған қорының едәуір бөлігі (90% артығы) тек жер асты тәсілімен әзірлеуге жарамды болғандықтан, геологиялық барлау жұмыстарын Сүйіртісудың шығыс бөлігі мен Шығыс-Сүйіртісудың оңтүстік бөлігіндегі үстіңгі қабатты жоғары сапалы кен табуға бағыттау қажет: Тур және Богач және Сарысу-Теңізшіл рудалық ауданында жақын алаңдарда, Жезқазған ауданында Жақсықотыр кенішінде.

Мыс кені. Қарағанды облысы мыс қоры мен оны өндіру бойынша Республикада алдыңғы орынға ие. Облыста әртүрлі геологиялық типтегі мыстың шамамен 30 кен орны бар. Мыстың негізгі өнеркәсіптік қоры Жезқазған және Балқаш маңындағы кен аудандарында орналасқан. Облыстың барлық келешегі бар мыс кенді аудандарында мыс кенін игеру және өндірумен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС айналысады.

2009-2016 ж. кезеңінде корпорация кен базасын одан әрі дамытуды және жаңғыртуды жоспарлап отыр, ол мынадай кеніштер негізінде: Абыз (ПГР) 2015ж., Жомарт (II кезек) 2016ж., Шығыс Сары-Оба 2011ж. («Жезказғантүстімет» ӨБ); Саяқ IV (алтын, кобальт, мыс) 2015ж. («Балқаштүстімет» ӨБ).



Қорғасын-мырыш кені. Қорғасын мен мырыш қоры және оны өндіру бойынша Қарағанды облысы Республикада алдыңғы орынға ие. Қорғасын-мырыш өнеркәсібінің шикізат базасы артуы мүмкін, ал оның құрамы жаңа кен орындарын, оның ішінде Ақжал және Ақбастау құрылымдық-формациялық аймақтар шегіндегі Ағадыр және Атасу кенді аудандарында, Алашпай синклинали шегінде, Жайылмін грабен-синклинидің оңтүстік бортында, Бестөбе кен орны ауданында жаңа геологиялық-өнеркәсіптік түрлерін іздеу және барлау есебінен жақсаруы мүмкін.

Қазіргі уақытта облыста қорғасын-мырыш кенін өндіруді тек Ақжал кен орнында «Nova Trading & Commerce AG» фирмасы жүргізуде (еншілес кәсіпорын - «Nova цинк» ЖШС ОК).



Темір кені. Облыста темір және кешенді құрамында темірі бар кендердің 100-ден артық кен орны анықталды, оның ішінде 18 өнеркәсіптік темір кенді кен орны барланды және балансқа тіркелген.

2014 жылға дейін өндірісті дамытудың кешенді бағдарламасы шеңберінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2010 жылы Темір кені мен концентратына перспективті сұранысты қанағаттандыру үшін Атасу кенішін кеңейтуге инвестиция салуды көздеп отыр.

Қаражан қаласында 2014 жылғы 1 жартыжылдықта «Өркен» ЖШС (2 кезек) «Батыс Қаражал» 44 шахтасын іске қосу жоспарланған. Жобаның мақсаты - «Батыс Қаражал» шахтасындағы кеміген қуаттың орнын толтыру, жылына 2 млн. тонна темір маргенец кенін өндіру.

Өңдеуші өнеркәсіптің негізін келесі салалар құрайды: металлургиялық өнеркәсіп және дайын метал бұйымдарын өндіру (саладағы үлес салмағымен 73,8%), сусындарды қосқанда тамақ өнімдерін өндіру (9,9%), машина жасау (5,8%), өзге бейметал минералды өнімдерін өндіру (4,1%), резеңке және пластмасс бұйымдар өндірісі (1,7%), химия өнеркәсібі (2,3%), фармацевтикалық сала (0,05%), қағаз және қағаз өнімдерін өндіру (0,1%), ағаш бұйымдарын өндіру (0,3%), жеңіл өнеркәсіп өндірісі (0,4%) және өнеркәсіптің басқа да салалары.

Өңдеуші саланың ірі кәсіпорындары мыналар болып табылады: өндірістің аяқталған циклімен көпсалалы тау-кен металлургиялық кәсіпорындары бар және бірқатар зауыттар, кеніштер мен энергия нысандарын біріктіретін «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС және өзіне толық металлургиялық циклдің барлық кәсіпорындарын, Қарағанды бассейінінің көмір шахталарын, ЖЭО, қосалқы және қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылымды қосатын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.

 Машина жасауда және метал өңдеуде алдыңғы қатарлы кәсіпорындар «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС, «Курылысмет» ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалы «Қарағанды құю-машина жасау зауыты» АҚ, «Имсталькон» Қарағанды металл конструкциялар зауыты» АҚ, «ЗПХ «Техол» ЖШС, «Kazcentrelectroprovod» ЖШС және басқалары жатады.

Резеңке және пластмас бұйымдарын өндіретін негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындар «Қарағандырезинотехника» ЖШС және «Восход» ЖШС, химия өнеркәсібінде: «Теміртау электр металлургиялық комбинаты» ЖШС, «ЗСМ «Скиф» ЖШС, «Трек» ЖШС, «Максам Қазақстан» ЖШС, «Эгофом» ЖШС, «Тиатр» ЖШС, «Жакко Караганда» ЖШС жұмыс істейді.

Цемент өндірумен «Central Azia Cement» АҚ және «Қарцемент» АҚ айналысады.

Жеңіл өнеркәсіптің озық кәсіпорындары «Smartex» ЖШС және «Ютария Ltd» ЖШС, «СШТФ «Galex plus» ЖШС, «Азия Тех» ЖШС, «TemirtauAssociatesandAncillaries» ЖШС, тамақ - «Евразиан фудс» АҚ, «Қарағанды кәмпиттері» АҚ, «Нәтижесүтфабрикасы» ЖШС, «Аян-М» ЖШС «Ren-Milk» ЖШС, «Қарағанды –Нан корпорациясы» ЖШС және басқалары.

2010-2013 жж. өңдеуші салалар көлемі 843,1 –ден 953,5 млрд.теңгеге дейін өсті немесе 13,1 пайыздық тармақта.

2013 жылы облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 72% құрайды.



Бұл ретте, 2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында өңдеуші саланың жалпы қосымша құны 1,4 есеге артты және 864,2 млрд. теңгеге жетті. Өнеркәсіптің ЖҚҚ–да өңдеуші саланың ЖҚҚ үлес салмағы 2,1 п.т. артты.
2009-2013 жылдардағы өңдеуші өнеркәсіптегі тауарлық өнім өндірісінің (динамикасы) өсу қарқыны



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет