Негізгі капиталға инвестициялар
2010 жылдан бастап Қарағанды облысының экономикасына 1 192,9 млрд. теңге инвестицияланды, соның ішінде өнеркәсіпке инвестиция 724,4 млрд. теңгені, өңдеуші өнеркәсіпке 409,9 млрд. теңгені құрады.
2010 жылдан бастап 2013 жыл бойынша өнеркәсіпке инвестиция 139,6 млрд. теңгеден 202,5 млрд. теңгеге дейін немесе 45% ұлғайды, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемі 93,1 млрд. теңгеден 103,45 млрд теңгеге дейін немесе 11% ұлғайды.
Негізгі капиталға инвестициялар405 млрд.теңгеге 2013 жылы облыстың кәсіпорындарымен игерілді, бұл бастап 2010 жылғы деңгейден 52,1% артық (2010ж. – 211,1 млрд.теңге).
4 жылда (2010-2013 жж) негізгі капиталға инвестициялаудың негізгі қаржыландыру көзі кәсіпорындардың өз қаражаты болып табылады (68,5%). Бюджеттік қаражат үлесі 14%, шетелдік инвестицялар – 3,7%, қарыз қаражат – 13,7%.
Негізгі капиталға инвестицияның барынша бөлігі 2010 жылдан бастап 2013 жылды қоса алғанға дейін облыс бойынша Қарағанды қаласында (21,3%) және Теміртау қаласында (21,7%) игерілді.
Инвестиция көлемінің ұлғаюы жалпы 2010 жылдан бастап 2013 жылды қоса алғанға дейін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Жайремский ГОК» АҚ, «Сарыарқа Energy» ЖШС, «Қазақстан – Қытай құбыр» ЖШС сияқты кәсіпорындардың қаражат бөлуі есебінен жүргізілді.
Проблемалық мәселелер:
экономиканың шикізаты емес секторына қажетті инвестициялық қызықтырушылықтың жоқтығы (әкімшілік кедергілер, дамымаған көлік және коммуникациялық инфрақұрылымдар, білікті жұмыс күшінің жоқтығы, қазақстандық нарықтың төмен сыйымдылығы);
шетелдік мемлекеттерде отандық инвесторларды қолдау және қорғау механизмінің қажетті деңгейде дамымағандығы;
инвестиция жасау бойынша әлеуетті нарық және қазақстандық компаниялар үшін осы нарықтарға шығу тәсілдері туралы толық ақпараттың жоқтығы.
Жергілікті қамтуды дамыту
2013 жылдың қорытындылары бойынша Қарағанды облысының жүйеқұрушы кәсіпорындары жалпы сомасы 336,6 млрд. теңгеге сатып алу жүргізді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді қазақстандық қамту 221,5 млрд. теңгені немесе 65,8% құрады, соның ішінде:
- тауарлар бойынша – 113,3 млрд. теңге немесе 51,2%;
- жұмыстар және қызметтер бойынша – 108,1 млрд. теңге немесе 93,8%.
2011 жылме салыстырғанда ұлғаю 45% құрайды.
Республиканың 116 жүйеқұрушы кәсіпорындарынан Қарағанды облысы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді қазақстандық сатып алудың жалпы сомасы бойынша 1 орында.
2011 жылдың басынан бірқатар жүйелі шаралар ұйымдастырылды, сол арқылы оң нәтижеге қол жеткізілді.
2011 жылдың 25 ақпанында Қарағанды облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
2011 жылдың 18 наурызында Қарағанды облысының әкімдігі мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасында ШОБ қолодау бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, 2012 жылы 1 шілдеде Қарағанды қаласында Индустрияландыру күні аясында отандық жеткізушілер мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізуге «Өзара ынтымақтастық туралы» Меморандумға қол қойылды.
Осы кәсіпорындармен ТЖҚ жеткізу бойынша отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім шарттар, шарттар жасалды.
Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін әйгілеу үшін Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2013 жылы Қарағанды облысының өндірушілерін 13 түрлі, соның ішінде өңіраралық және халықаралық конкурс – көрмелерге қатысуын ұйымдастырып көмек көрсетті.
2013 жылғы 9 тамызда Қарағанды облысы әкімінің қатысуымен Қарағанды облысының құрылыс индустриясын дамыту бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар 2013 жыл ішінде облыс әкімінің орынбасары А.М.Ахметжановтың қатысуымен жеңіл өнеркәсіп, машинажасау және химия өнеркәсібі сияқты өнеркәсіптің басым салаларын дамыту бойынша бірқатар мәжілістер өткізді.
Сонымен қатар, Қарағанды облысының тауар өндірушілерінің тізімі құрастырылды, облыс әкімдіктеріне, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне және ұлттық компанияларға ұзақ мерзімді ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру үшін жолданды. Осы тізім Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында және Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық – инновациялық даму басқармасының сайтында жарияланды.
Сонымен қатар, Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы арасында Қарағанды облысының тауар өндірушілерін қолдау бойынша 2013-2015 жылдарға арналған «Жаңа импорт алмастырушы өндірісті дамыту бойынша орталық» іс – шаралар жоспарына қол қойылды.
Өңіраралық ынтымақтастық бойынша жұмыс жалғасуда, мәселен, Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық – инновациялық даму басқармасы Шығыс Қазақстан, Алматы және Павлодар облыстарының тиісті басқармаларымен бірлесіп 32 тауар жайғасымынан тұратын өнімдерді өндіру және тұтыну теңгерімінің бірыңғай форматын құрастырды, оның ішінде 16 жайғасым Қарағанды облысында өндіріледі. Бүгінгі таңда осы жайғасымдар бойынша қуаттылық теңгерімі құрастырылды.
Осы қуаттылық теңгерімі Қазақасан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне және бірлескен облыстар әкімдіктеріне жолданды.
Өңіраралық ынтымақтастық бойынша Республикалық форум аясында және ағымдағы жылдың 12 шілдеде Өскемен қаласында өткен Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының бірігуі аясында Қарағанды облысының кәсіпорындары жалпы сомасы 1 млрд. 130,8 млн. теңгеге 16 ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға және ынта қою хаттамалар жасалды, бүгінгі таңда осы келісімдер бойынша жалпы сомасы 2 млрд. 652,7 млн. теңгеге шарттар жасалды.
Сонымен қатар өндірістік қуаттылықтарды қосымша жүктеу үшін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на Шығыс Қазақстан және Қостанай облысының қорылысы салынып жатқан және құрылысын салуға жоспарланған нысандар туралы ақпарат жолданды.
Сонымен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның металлургия комбинатында тұрақты сұранысқа ие 415 тауарлық жайғасымнан тұратын шығын (пайдаланылатын) материалдарының тізімі жасалды. Осы шығын материалдар бұрын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ импорттаған өнімдерді жеткізу мүмкіндігі қарастыру үшін біріккен облыстарға жолданды.
Сонымен қатар Павлодар облысының әкімдігіне Павлодар облысының «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру кезінде Қазақстанда өндірілген құрылыс материалдарына тапшылықты толық немесе ішінара жабу мүмкіндігін қарастыру үшін Қарағанды облысының құрылыс индустриясының кәсіпорындары туралы ақпарат жолдады.
2013 жылы Сауда – өнеркәсіптік палата 913 СТ-KZ сертификаттары берілді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 176 сертификатқа көп.
Жүйеқұрушы кәсіпорындардлан басқа, Қарағанды облысының 92 ірі кәсіпорындарын мониторинг жүргізіледі. 2013 жылдың қорытындылары бойынша осы кәсіпорындар жалпы сомасы 107,9 млрд. теңгеге тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алды,соның ішінде отандық тауар өндірушілерден 88,7 млрд теңге немесе 82,1% сатып алу жүргізілді. 2012 жылмен салыстырғанда 10,2% ұлғайды.
Техникалық реттеу
Қарағанды облысы бойынша 662 кәсіпорындар мен мекемелер 1032 сапалы жүйе менеджментін енгізді, соның ішінде 590 мекеме - ИСО 9000, 237- ИСО 14000, ISO 22000 – 4, OHSAS 18000 – 201.
Облыста сапа менеджменті жүйесін енгізген кәсіпорындар санын ұлғайту үшін семинарлар мен форумдар өткізілуде. Сонымен қатар жыл сайын облыста «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс өткізіледі. Конкурс жеңімпаздары «Алтын Сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алу бойынша республикалық конкурсқа қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін сапа жүйесін енгізу кәсіпорынның экономикалық әлеуетін көтеруге жол береді. Осы фактор бүгінгі таңда отандық кәсіпорындар үшін аса маңызды, себебі бұл Әлемдік Сауда Ұйымына кіру үшін өзіндік рұқсатнама секілді.
Агроөнеркәсіптік кешен
Аймақта жоғары сапалы астық, картоп, мал шаруашылығы өнімдерін өндіреді. Облыстың халқы аймақтың ішкі өндірісі есебінен бидай, картоп, қызылша, ет, жұмыртқа, сүт өнімдері түрлерімен толықтай қамтамасыз етілген.
Облыста 6 мыңнан аса ауыл шаруашылығы құрылымдары және 125 жуық жеке қосалқы шаруашылықтар жұмыс істейді. Олармен республиканың 5,7 пайызға жуық ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі. Яғни, бұл мемлекет тарапынан және «ҚазАгро»ҰБХ» АҚ институттары тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасы.
Техникалық жаңғырту және шаруашылықтарды ірілендіру, өнімді қайта өңдеу сатысын арттыру, қосалқы шаруашылықтарды құру негізінде осы сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру басты міндеттің кілті болып табылады.
Облыста ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты ет, сүт, жұмыртқа, астық, картоп және көкөніс өндірісі болып табылады. Облыс аумағында мал шаруашылығы өнімінің өндірісі басым, мал шаруашылығының үлесі 55,4 пайызды құрады.
Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 58 пайызға өсіп, 2013 жылы 142,9 млрд.теңгені құрады, физикалық көлем индексі – 111,9 пайыз. Өсімдік шаруашылығы – 44,3 пайыз, мал шаруашылығы – 57,7 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өндірісінде Бұқар жырау, Абай, Нұра, Қарқаралы және Осакаров аудандарының үлесі басым, ал Ақтоғай, Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының үлесі аз.
Өсімдік шаруашылығы.Облыста өсімдік шаруашылығы саласында өндірістік әлеует сақталды. Табиғи-климаттық жағдайлар ауыл шаруашылығы дақылдарының тиімді сорттарын өндіруге мүмкіндік береді. Агродақылдардың деңгейін арттыру, өсімдікті өңдеудің заманауи технологияларын, яғни түсімділікті 1,5 есе арттыратын (2011-2013жж.- 64 пайыз) ылғалқорүнемдеу технологиясын қолдану басты міндет болып табылады.
Астықтың тұқымдық қорын жақсартудың маңызы зор.
Өсімдік шаруашылығында маманданудадың негізі – астық өндірісі, оның ішінде бидай, арпа, барлық егістік алқабынан 98,5 пайызды алады. 2013 жылы астықтың егістік алқабы 685,6 мың гектарды құрады, яғни 2012 жылға қарағанда 3,7 мың гектарға кеміді. Астық өндірумен аудандардың барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері айналысады, негізгі егістік алқаптар Нұра ауданында (облыстың 30,4 пайызын құрайды), Осакаров (34,7 пайызын), Бұқар жырау ауданында (17,3 пайызын).
Картоп және көкөніс дақылдарының алқаптары 2013 жылы 15,8 мың гектарды құрады, 2009 жылға қарағанда 2,8 мың гектарға көбейді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 377,2 мың тонна картоп және көкөніс дақылдары өндірілді, 2011 жылға қарағанда 12,0 мың тоннаға артты. Картоп өндірумен облысымызда Абай (32,6%), Бұқар жырау (21,7%), Шет (7,8%) аудандарының шаруа қожалықтары айналысады. Облыста басты өсірілетін көкөніс дақыдары – сәбіз, қызылша, қырыққабат. Олардың үлесі – 75 пайыз. Көкөніс алқаптары Бұқар жырау (13,8%), Абай (31%), Осакаров (3,4%), Шет (1,4%) аудандарында шоғырланған.
2011 жылы облыста 3 гектарлық жылыжайдың құрылысы аяқталды.
2012 жылы сиымдылығы 8 тонна болатын көкөніс қоймасы «АстраАгро» ЖШС іске қосылды.
2013 жылы қазіргі заманғы технологияларды қолданумен 8 гектар алаңына Топар жылыжайының құрылысы басталды, бұл жылыжай шаруашылығының өнімінің жалпы көлемін жылына 6500 тоннаға дейін жеткізуге жол береді.
2013 жылы 8 мың га алқапта арам шөптер мен өсімдік ауруларына қарсы гирбицидтермен өңдеу жүргізілді, 3305 тонна көлемінде минерлады тыңайтқыштар сатылып алынды.
2013 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінде өндірістік заманауи технологиялары мен техникасын енгізген ірі агроөнеркәсіп өндірістерін дамытуға қолдаулар көрсетілді. Осының арқасында 2013 жылы егістік алқаптарының 100 пайызына сорттық тұқымдар себілді. Облыста 14 тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылық бар. Олар бидайдың «Карагандинская 22», «Карагандинская 70» жоғары өнімді тұқым түрлерінің өндірісін енгізді. Облыста 2 соны тұқымын өндіруші, 3 элиталық тұқым өндіруші және 14 ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары өнімді тұқымын өндіру бойынша 14 шаруашылық жұмыс істейді.
Саланы механикаландыру. Машина-трактор паркін жаңарту бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы жылда 2011-2013 ж.ж. ауыл шаруашылығы техникаларының 1043 бірлігі сатылып алынды, оның ішінде 72 егістік кешені, әр түрлі 324 трактор және 171 жоғары өнім беретін комбайн. Шетелден шығарылған техникаларды пайдалану арқылы энергиямен қамтамасыз ету 2011 жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артты.
Заманауи инновациялық технологияларды қолдану. Тамшылатып суару алқабы 230 гектарды құрайды. Астық өндіретін ылғалқорүнемдеу технологиясын енгізген алқап 440 мың гектарды құрайды.
Қарағанды облысы жағдайында картоп тұқымына биотехнологиялық әдісті вируссыздық негізін пайдалану арқылы инновациялық жобаны Абай ауданында «АстраАгро» ЖШС іске асыру жоспарланып отыр және отандық селекциялы картоптың тұқымын болашақта дамыту, яғни жоба іске асса картоп түсімі 40-45 пайызға артады. Табиғи-климаттық жағдайларды есере отырып, жылыжай құрылысын салу артық болмас еді.
Өсімдікті карантині және қорғау. Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамытуға халықаралық талаптарға сәйкес жалпы 43,9 млн.теңге бөлінді, зинкестердің, өсімдік аурулары мен арам шөптердің ошақтарын табу, таратпау және жою үшін 7,4 млн.теңге бөлініп, игерілді.
Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау базасы нығаюда. Бүгінгі күні облыста жалпы сыйымдылығы 143,4 мың тонна 110 картоп және көкөніс қоймалары бар. Оның ішінде, істеп тұрған қоймалар, 2012 жылы 2 көкөніс қоймасы іске қосылды, жалпы сиымдылығы 9,1 мың тонналық және 7,2 мың тонналық 7 қойма қайта жөндеуден өткізілді.
2013 жылы өсімдік шаруашылығын дамытуға 1434,6 млн.теңге көлемінде бюджеттік қаражат бөлінді, 2011 жылмен салыстырғанда 5 пайызға артты ,яғни 8067,2 тонна 1 репродукциялы тұқымының көлемін 30-40 пайызға арзандатылды, және 202 тонна көп жылдық шөп, және 4468 тонна минералдық тыңайтқыштар алынды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдейтін прогрессивті технологиялар енгізіліп жатыр. Олар: ылғалқорүнемдеу және тамшылатып суару технологиялары. Егер 2009 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ылғалүнемдеу технологиялары 282,3 мың га алаңына қолданылданылса, 2013 жылы 440 мың га алқапқа қолданылды. Тамшылатып суару әдісі 2010 жылы 80 га алқапта қолданылды, 2013 жылы 230 га енгізілді.
Мал шаруашылығы. Қарағанды облысы мал шаруашылығында ет, сүт, жұмыртқа және жүн өндірісінде мамандандырылған. Соңғы 25 жыл ішінде аймақта мал басының барлық түрі азайып, сүзілмеген сүт өнімдерінің өндірісі азайды.
Сол жылдары аймағымызда мал шаруашылығының қайта дамуына арналған жерлердің 80 пайызы жайылымдық жерлер болды. Ет және сүт өнімдеріне сұраныс көп болғандықтан мал басыныңы барлық түрлерін қайта көбею үшін мақсатты жұмыстар жүргізілді. Ет өнімдерін қайта өңдеу үшін ет комбинатын жаңғырту жоспарлануда. Құс шаруашылығын қайта дамуына жоспарланып отырған, яғни қайта құру мен жаңадан салынатын бройлерлік құс фабрикаларының құрылыстары сияқты инвестициялық жобалар салыну жоспарлануда.
Мал шаруашылығы негізінен ет және сүт мал шаруашылығымен, өнеркәсіпті құс және шошқа шаруашылығымен сипатталады.
2011 жылға қарағанада жылқы 27 пайызға (209,6 мың басқа), құс саны - 14,3 пайызға (3144,8 мын.. басқа), ірі қара малдың басы (9,7 пайызға) (443,3 мың басқа), қой мен ешкі саны- (5,9 пайызға). Ірі қара малдың басының, құстың, жылқының басы бойынша облыс республикада 3-ші орында, қой мен ешкі саны бойынша 6-шы орында.
Облыс бойынша 41 асыл тұқымды шаруашылықтар жұмыс істейді, олардың 18 ірі қара мал, 12 қой, яғни оның ішінде 6 зауыт, жылқы 3 (оның 1 асыл тұқымды зауыт), шошқа 2, (оның 1 зауыт), құстан 2 шаруашылық.
Асыл тұқымды субъектілерде ірі қара малдың басы 4031 немесе жалпы мал басынан үлес салмағы 1,0%, қой саны – 55632 мың бас (6,0%), 21463 мың шошқа саны – 28%, 2700 мың жылқы саны – 2,0%, және құс саны 116756 немесе 4,0 %.
Сүт бағытындағы негізгі тұқымдардың бірі– Қырдың қызыл тұқымы (красная степная), ет бағытында – Қазақтың ақ бас тұқымы, Әулиекөл тұқымы, қой шаруашылығында – Қазақтың қылшық жүнді тұқымы, Дегересс, Едільбай, Сарыарка, Қазақтың құйрықты, жылқы шаруашылығында – Қазақтың «Жабе» типі, Мұғалжар, шошқадан ірі ақ тұқымы, құс шаруашылығынан – Хайсекс белый, Росс 308.
Бес жыл ішінде сүт өндірісі 1,1 пайызға өсіп, немесе 357,9 мың тоннаны құрады, жұмыртқа 2 есеге (468,5 млн. дана). Мал шаруашылығының негізгі үлестері Бұхар Жырау, Каркаралы, Нұра, Шет және Жанаарка аудандарында.
Облысымыз ауыл шаруашылығы малдарының аса қауіпті жұқпалы аурулармен сәттілік жағдайда.
Ветеринариялық –профилактикалық шаралар жиі жүргізіледі.
Бруцеллез бойынша эпизоотиялық шараларды қаматамасыз ету үшін биыл 343 мың ірі қара мал басы және 771,9 мың ұсақ қара мал басы зерттелді, жұқтырылғандар пайызы сәйкесінше 1,0 және 0,06%.
Облысымздаға барлық құс фабрикалары жабық режимде жұмыс атқарады, яғни құс тұмауы тіркелмеген.
Ет өнімдерінің сапасын көтеру мақсатында, сойылатын салдарға ветеринариялық талаптар қатаң бақылауға алынды және мал сою алаңдары мен бекеттері жұмыс атқарады. Облыс бойынша 184 мал сою объектілері жұмыс істеуде, оның ішінде 6 етті қайта өңдеу кәсіпорындарында мал сою пунктерімен бірге, 13 мал сою пункті.
Облыс бойынша мал қорымдары 106.
Қазіргі уақытта азық базасының негізін жайылымдық жерлер, шабындық және алаңдық азықтандыру құрайды. Облыс бойынша жайылымдық жерлер 33496,2 мың га, шабындық – 382,4 мың. га, көпжылдық шөптер – 239,4 мың. га, бір жылдық – 15,1 мың. га. 2013 жылы 1029,4 мың тонна шөп, оның ішінде көпжылдық шөп 176,6 мың тонна.
Өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу. Бүгінгі күні қайта өңдеу өнеркәсібі облыстың тамақ өнеркәсібі дамуының маңызды құрамдасы болып табылады. Қайта өңдеу өнеркәсібі дамуының басты катализаторы ретінде жаңа цехтар, технологияларды енгізу, экспортқа бағытталған өнім шығару болып табылады. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдейтін цехтардың негізгі үлесін өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар құрайды.
Облыста өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін негізгі, тұрақты жұмыс істейтін жалпы қуаттылығы жылына 786 мың тоннадан астам бидайды қайта өңдейтін 19 ұн өндірумен айналысатын кәсіпорын бар. Олардың бір бөлігі маусымдық түрде қызмет етеді. Кәсіпорындар негізінен Қарағанды қаласында, 1 – Бұқар жырау ауданында, 1-Осакаров ауданында орналасқан. Бидай Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен сатып алынады.
2013 жылы олармен 217,9 мың тонна ұн өндіріліп, қуаттылықтарының орташа қамтамасыз етілу деңгейі 85%-ды құрады. Кәсіпорындар жоғары, 1- және 2 сортты ұн шығарады. Өткізу нарығы – Қазақстан Республикасы, ТМД елдері және алыс шетел.
Бидай өңдеу кәсіпорындарының өнімі бәсекеге қабілетті болып келеді. Бидайды терең өңдеумен облыста 2 орташа және бірнеше шағын кәсіпорындар айналысады. Олар 2013 жылы 2,1 мың тонна макарон бұйымдарын өндірді. Аталмыш кәсіпорындарда жаңа заманауи құрал жабдықтар орнатылған.
Облыста 136 наубайхана жұмыс істейді, 2012 жылы жалпы өнімнің көлемі 37,4 мың тоннаны құрайды. 2013 жылы 43,5 мың тонна нан өнімдерін өндірді.
Сонымен қатар, «Номад» ЖШС ұн өндіру кәсіпорынының базасында «Бидайды терең қайта өңдеуді ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылуда. Онда жылына 5443 тонна құрғақ бидай клейковинасын, 17903 тонна құрғақ жем-шөп қосындысы өндірілетін болады.
Өсімдік шаруашылығының қайта өңделген өнімінің бәсекеқабілеттілігі жоғары тұтынушылық сұраныспен, заманауи технология мен құрал-жабдықтармен, кадрларды дайындаумен, дамыған маркетингтікинфрақұрылыммен, қолданылатын шикізаттың экологиялық тазалығымен, өндіріске ИСО 9001, ИСО -22000 халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін (ТОО «Корпорация Караганды-Нан», ТОО «Карагандинский мелькомбинат», АО «Хлебопродукты», ТОО «Сарыарка Нан» и ТОО «Карагандинская хлебная компания», ТОО фирма «Акнар», ТОО «Номад», ТОО «Ынтымак 2030», ТПК «Достык») басқару жүйесін енгізумен және шығарылатын өнімге бәсекеқабілетті бағаның болуымен байланысты.
Мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу. Сүтті өңдеумен 7 орта және шағын кәсіпорындар айналысады, жылына толық қуатпен 35 мың тонна сүт шығарады, олар Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалалары мен Бұқар жырау аудандарында орналасқан. 2012 жылы 8,2 мың тонна сүт өндірілген, май 229 тонна, ірімшік пен сүзбе 1,4 тонна. 2013 жылы 7,3 мың тонна сүт өндірілген, май 185 тонна, ірімшік пен сүзбе 1125 тонна. Жұмыс деңгейінің қуаты 2013 жылы 50 пайыздан 100 пайызға дейінгі көрсеткішті құрды. Шикізат дайындау облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мекемелерінде жүзеге асырылады. Сүт өнімдерінің түрлері, шұжықты ірімшік және «Сулгуни» ірімшігі Қарағанды облысында және аз мөлшерде Астана қаласында сатылады. 6 кәсіпорынға ИСО және ХАССП сапа менеджменті жүйелері енгізілген.
Ет пен шұжық өнімдерін қайта өңдеумен және сүрлеумен 19 кәсіпорын айналысады, бір тәуліктегі шұжық өнімдерін шығарудың жалпы қуаттылығы 35 тонна. Кәсіпорындар Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Саран, Шахтинск, Сатбаев қалаларында және Бұқар жырау ауданында орналасқан. 2012 жылдың ішінде олармен 3 мың тонна шұжық өнімдері мен қақталған өнімдерінің түрлері, ет және субөнім – 1,1 мың тонна өндірілген. Кәсіпорынның ісбастылығы 2012 жылы 60 пайыздық көрсеткішті көрсетті.
2013 жылы кәсіпорындардыі ісбастылығы орташа 81% құрайды, сонымен қатар нан, нан өнімдерін өндіру және май саласы – 100%, бидайды өңдеу%, балық өнімі - 75%, сүт - 67% и етті өңдеу - 60% құрайды.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен және Қазақстанның басқа да аймақтарынан шикізат сатылып алынады. Өнім Қарағанды аймағында, Астана, Алматы қалаларында сатылады.
ИСО 9001 және ХАССП 22000 сапа менеджменті жүйелерін етті қайта өңдеу кәсіпорындарына енгізу өндірілген өнімнің бәсекелестігін арттыруға септігін тигізеді («Ақнар ҚФ» ЖШС, «А-Алтын» ЖШС, ЖК «Дәулетбаева», «Агрофирма Құрма» ЖШС, «Нәтиже сүт фабрикасы» ЖШС, «Балқаш Сүт» ЖШС, «Жезқазған Сүт иК», «Орталық Құс»ЖШС, «Аян м»ЖШС, «Медео» ПКФ ЖШС, «Сомер 2» ШҚ, «Рен Милк» ЖШС және т.б.
Құс етін өңдеумен облыста «Акнар ПФ» ЖШС жылына 7,2 мың тонна қуатпен шұғылданады, ісбастылық – 90 пайыз, сондай-ақ құрама жемді өңдеумен айналысады, өндірістік қуаты тәулігіне 200 тонна.
Облыс бойынша азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарының барлығы 106 бар.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеуші кәсіпорындарының саны:
нан және нан өнімдерін өндіру (39%);
астық өнімдерін (макарон өнімдері) терең өңдеу (18%);
сүтті өңдеу (9%).
2013 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша азық-түлік өнімінің (сусындарды қоса алғанда) айғақты индекс көлемі 100,2%, өнімді шығару көлемі 87,8 млрд.теңгені құрайды, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңінен 17,7 млрд.теңгеге артық.
Азық-түлік өнімдерінің барлық түрлері бойынша 2011 жылдан бастап 2013 жыл бойынша өндіріс өнімдерінің өсімі күтілді.
Маргаринді өндіру 10%, сары май - 18%, ірімшік және сары ірімшік - 28%, ет және ет өнімдері - 12%, ұн – 3,3% ұлғайды.
Ауыл шаруашылығын дамытудың басты проблемалары:
өсімдік шаруашылығындағы бытыраңқылық және жер үлесінің шағын болуы ғылыми-негізделген егіс айналымын сақтауға, заманауи технологияларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік бермейді;
суару жүйелерінің техникалық жағдайының нашарлауы суарылатын егістік жерлердің тиімсіз пайдаланылуына және ауыл шаруашылығы дақылдары түсімінің азаюына әкеліп соқты;
ауыл шаруашылығы техникаларының 97,3 пайызы тозған;
мал шаруашылығында орта және ірі тауарлы өндірістердің дамуы жеткіліксіз, селекциялық-асыл тұқымды жұмысты ірі масштабты жүргізуді тежейді, ауыл шаруашылығы жануарларын балансталған азықтандыру, өнімді өндіру үрдістерін механизациялау және автоматтандыру деңгейі;
ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары тозған, сапалы шикізаттың жоқтығынан және дайындау-өткізу желілері нашар дамығандықтан жұмыс қуаттылығы төмен;
еттің (64% жуық), сүттің (74% жуық) жеке аулалардағы ауыл тұрғындарында шоғырланған, бұл шикізаттың сапасына әскер етеді;
өңдеуші өнеркәсіптерде айналым қаражаты жеткіліксіз;
көліктік жеткізуге жоғарғы тарифтер;
өндірісті дамытуға несие беру кезінде жоғарғы пайыздық банк мөлшерлемелері.
Құрылыс
«Құрылыс» экономикалық қызмет түрімен 2011-2013 жылдар кезеңіне 8845 ірі, орта және шағын ұйымдар тіркелген, оның ішінде:
2011 жылы «Құрылыс» экономикалық қызмет түрімен 2814 ірі, орта және кіші ұйымдар тіркелген. 2011 жыл ішінде 2010 жылға қарағанда 7 % көбірек тіркелген. Оның ішінде 2011 жылы 2014 кәсіпорын (71,6%) жұмыс жасады, 865 (30,7%) уақытша бос тұрды. 2011 жылы Қарағанды қаласында 45,7% мердігерлік жұмыстар болды.
2012 жылы «Құрылыс» экономикалық қызмет түрімен 2932 ірі, орта және кіші ұйымдар тіркелген. Оның ішінде 2012 жылы 1895 кәсіпорын (64,6%) жұмыс жасады, 978 (33,4%) уақытша бос тұрды. 2012 жыл ішінде 118 ұйымға немесе 4% көбірек тіркелген немесе 2010 жылға 11,2% құрайды. 2012 жылы Қарағанды қаласында 39,1% мердігерлік жұмыстар болды.
2013 жылы «Құрылыс» экономикалық қызмет түрімен 3099 ірі, орта және кіші ұйымдар тіркелген. Оның ішінде 2041 кәсіпорындар (65,9%) жұмыс жасады, 1057 (34,1%) жұмысы уақытша тоқтап тұрды.
2013 жылы Қарағанды қаласында мердігерлік жұмыстардың барлық көлемінен 25,3% болды.
Соңғы жылдаоблыстық орталықта құрылыс белсенді жүргізіліп жатыр. 3 жылда құрылыс жұмысының көлемі орташа 27,8% өсті. 2011 жылы құрылыс жұмысының көлемі өткен жылдың деңгейіне 11,1% өсті, 2012 жылы – 17,7%, 2013 жылы – 54,7%.
Негізгі үлес жеке меншік субъектілеріне келеді.
2011 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді іске қосу жоспары – 248,8 мың ш.м. 2011 жылдың қорытындысы бойынша Облыста тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысында – 257,2 мың ш.м. тұрғын үй іске қосылды немесе жоспарға 103% немесе 2010 жылдың фактісіне 111%.
Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бекітілді, осыған сәйкес Қарағанды облысы бойынша 2012 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 269,3 мың ш.м. тұрғын үй іске қосылды немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 104,7%.
2013 жылы - 299,1 мың ш.м.тұрғын үй іске қосылды немесе 2012 жылдың деңгейіне 111,1%. 2,5 мың пәтер берілді (оның ішінде 1,3 мың пәтер мемлекеттік пәтерлер).
Берілген негізгі көлемнің 49% жекеменшік тұрғын үй үлесінде (146,7 тыс.ш.м), 19,5% - коммерциялық (58,4 тыс.ш.м.) және 31,5% - мемлекеттік тұрғын үй секторы (94,0 тыс.ш.м.).
Облыс бойынша 3 жылға 825,6 мың ш.м. тұрғын үй енгізілді немесе жыл сайын жоспарланған көлемнен 11,3% артық. Тұрғын үйдің аздаған бөлігі жеке салушылармен енгізілді.
Құрылыстың негізгі мәселелері.
Құрылыс саласын тұрақты қалыптастыру үшін құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрылымдарының өндірісін дамыту, құрылыс индустриясын жоғары технология мен халықаралық стандарттардың сапасына ауыстыру қажет. Құрылыс индустриясын дамыту және отандық құрылыс материалдарын шығарудан қалуды әзірше жеңген жоқпыз. Құрылыс материалдарының көп бөлігін басқа жақтардан әкеледі, бұл құрылыстың қымбаттауына әкеледі.
Тұрғын үй құрылысының негізгі проблемалары болып:
жеке тұрғын үй құрылысының құлдырауы;
жеке тұрғын үй құрылысын тұрақты дамыту үшін коммуникациялардың жоқтығы;
қаржыландырудың жетіспеушілігінен кезектегілер үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысыныңәлсіз дамуы;
құрылыс индустриясының тиімді нарығы қалыптаспаған;
экономикалық белсенді халықтың негізгі көлемін қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етпеу.
Шағын және орта кәсіпкерлік
ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметі бойынша 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 56987 бірл. құрады, оның ішінде – 5297 шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары ( жалпы санынан 9,3%), 46596 – жеке кәсіпкер (81,7%) және 5094 шаруа (фермерлік) шаруашылық (8,9%).
2013 жылы кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 62151 бірлікті құрады, ол 2011 жылғы көрсеткіштен 5599 бірлікке немесе 109,9% артық.
2012 жылы шағын және орта бизнесте қамтылғандырдың жалпы саны 200,7 мың адамды құрады, ол 2011 жылдан 6,5%-ға (188,5 мың адам) және экономикалық белсенді халықтан 27,1% жоғары.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта бизнесте қамтылғандырдың жалпы саны 217,0 мың адамды құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда 108,1% (200,7 мың адам) және экономикалық белсенді халықтан 28,9%.
2011-2013 жылдар аралығында шағын және орта кәсіпкерлік саласында әрекет ететіндердің саны 28466 мың адамға немесе 115,1% артты.
2012 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім, жұмыс, қызметтің жалпы көлемі 494,0 млрд. теңгені немесе 104,9% құрады.
2013 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім, жұмыс, қызметтің жалпы көлемі 548,7 млрд. теңгені немесе 103,4% құрады.
2011-2013 жылдар аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім, жұмыс, қызметтің көлемі 444,0 млрд. теңгеден 548,7 млрд.теңгеге дейін артты.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы кәсіпкерлік арасында тиімділігі мен қажеттілігін көрсетті.
Бағдарлама Қазақстанды 2014 жылға дейін үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл ретте, екпін дағдарыстан кейінгі дамуға, жаңа тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және ашуға түседі.
Оның басты мақсаты – экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың басынан бастап (2010 жылдан бастап) бағдарлама шеңберінде сомасы 65,5 млрд.теңгеге 322 жоба мақұлданды.
Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға ӨҮК-мен 59,5 млрд. теңгеге 259 жоба мақұлданды.
Несиелерді ішінара кепілдендіру бойынша кепілдіктер сомасы 1,17 млрд. теңгеге 19 жоба мақұлданды.
Жетіспей тұрған индустриалды инфрақұрылымды жеткізуге ӨҮК-мен 4,8 млрд. теңгеге 40 жоба мақұлданды.
Гранттық қаржыландыруға сомасы 10 млн.теңгеге 4 жоба мақұлданды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
Бағдарлама бағыты
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
Барлығы
|
Саны (бірлік)
|
Кредит сомасы (млн.
теңге)
|
Саны (бірлік)
|
Кредит сомасы (млн.
теңге)
|
Саны (бірлік)
|
Кредит сомасы (млн.
теңге)
|
Саны (бірлік)
|
Кредит сомасы (млн.
теңге)
|
Саны (бірлік)
|
Кредит сомасы (млн.
теңге)
|
Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау
|
30
|
9444,6
|
79
|
15344,5
|
98
|
20931,4
|
52
|
13790,5
|
259
|
59511
|
Кепілдік беру
|
5
|
547,8
|
3
|
371,0
|
3
|
26
|
8
|
230,5
|
19
|
1175,3
|
Өндірілген инфрақұрылымды дамыту
|
4
|
403
|
9
|
1305
|
22
|
2049
|
5
|
1100,2
|
40
|
4857,2
|
Гранттар
|
|
|
|
|
|
|
4
|
10
|
4
|
10
|
Барлығы
|
39
|
10395,4
|
91
|
17020,5
|
123
|
23006,4
|
69
|
15131,2
|
322
|
655553,5
|
2012 жылдың 27 қаңтарында «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру басталды.
Бағдарлама «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы 2020», Жұмыспен қамту 2020 және басқа да бағдарламалардың шеңберінде шараларды көп бейінді қалаларға (бұдан әрі - моноқалалар) шоғырландыра және толықтыра отырып, елдің дағдарыс жағдайында ұзақ мерзімді негізде өңірлерді дамытуды мемлекеттік қолдау бойынша шаралардың логикалық жалғасы болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты – орта және ұзақ мерзімді келешекте моноқалалардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту болып табылады.
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» (бұдан әрі - бағдарлама) екінші бағытының шеңберінде - Экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту сомасы 1,96 млрд. теңгеге 60 жоба қолданды.
Пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға сомасы 1789 млн. теңгеге 21 жоба мақұлданды, онда 294 жұмыс орындары құрылды.
Гранттық қаржыландыруда 102,5 млн.теңгеге 37 жобаға қолдау көрсетілді.
70,7 млн. теңге сомасында жетіспей тұрған инфрақұрылымды жеткізу Индустриаландыру картасының 2 жобасына мақұлданды, онда 160 жұмыс орындарын құрылды.
Проблемалық мәселелері:
- Өнеркәсіп өнімінің өндірісінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің төмен белсенділігі;
- Заңнамалық актілерге енгізілетін жиі өзгерістер (ережелер, қағидалар, нұсқаулықтар);
- Шағын және орта кәсіпкерліктің сыртқы нарыққа шығудың қиындығы;
- Бастауыш кәсіпкерлерге өзінің ісін құру үшін бастапқы капиталдың болмауы.
Материалдық құндылықтарды міндетті сақтандыру туралы заңнамалық акті қабылдау
қажет (өндірістік өнімдер, шығарылатын тауарлар және т.б.).
Сауда
Сауда экономикалық қызметтің маңызды салаларының бірі болып табылады. Облыста 2011 жылға сауда қызметін 8418 объектілер іске асырды, оның ішінде 7078 сауда объектілері, 1578 қоғамдық тамақтану объектілері, 61 сауда базарлары, 2012 жылы - 8729 объектілер, оның ішінде 7139 сауда объектілері, 1534 қоғамдық тамақтану объектілері, 58 сауда базарлары, 2013 жылы– 8703 объектілер, оның ішінде 7139 сауда объектілері, 1508 қоғамдық тамақтану объектілері, 56 сауда базарлары.
3 жыл ішінде сауда объектілерінің саны 283 бірлікке артты.
Сауда желісі дамыған облыста 33 супермаркет (ірі супермаркеттер: «Южный», «Юма», «Рамстор», «Аян», «Корзина», «Магнум», «METRO»), 44 әлеуметтік (коммуналдық) павильон жұмыс істейді.
2011-2013 жылдар аралығында бөлшек сауда айналымы 1,2 есеге, көтерме сауда айналымы 1,3 есеге артты.
2011 жылы бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі 406 млрд.теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 15,2%-ға артты (салыстырмалы баға), 2012 жылы 458,0 млрд.теңгені құрайды және 2011 жылмен салыстыру бойынша 4,2% (салыстырмалы баға) артты.
2013 жылы бөлшек сауда айналымының 510,1 млрд.теңгені құрайды және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыру бойынша 7,5% (салыстырмалы баға) артты.
Сауда айналымының негізгі көлемін базарларда жеке сауда қызметімен айналысатын жеке тұлғалар және сататын жеке тұлғалар қамтамасыз етті, 2011 жылы олармен 264,0 млрд.теңге сомасына (бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінен 65,1%) тауарлар іске асырылды, оның ішінде базарларда өткізукөлемі 74,0 млрд.теңгені құрады, 2012 жылы 288,0 млрд.теңгеге (бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінен 62,8%) тауарлар өткізілді, оның ішінде базарларда өткізу көлемі 86,0 млрд.теңгені құрады.
2013 жылы жеке тұлғалармен 318,0 млрд.теңге сомасына (бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінен 62,2%) тауарлар өткізілді, оның ішінде базарларда өткізу көлемі 98,0 млрд.теңгені құрады.
2011-2013 жылдар аралығындажеке тұлғалардың тауар айналымы көлемінің артуы 54 млрд.теңгені немесе 20% құрады.
2011 жылы Сауда кәсіпорындарының (заңды тұлғалар) тауар айналымы 142,0 млрд.теңгені, 2012 жылы - 170,0 млрд.теңгені, 2013 жылы - 193,0 млрд.теңгені құрап, 3 жыл ішінде 51 млрд.теңгеге немесе 35% артты.
Облыстың көтерме сауда базарында 2011 жылы 628,3 млрд. теңгеге тауар сатылды, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңінен 7,9% жоғары (тұрақты бағаларда). Іске асырылған өнімдердің негізгі көлемі заңды тұлғаларға келеді – 597,5 млрд. теңге (жалпы бөлшек сауда айналымынан - 95,1%),жеке кәсіпкерлермен 31 млрд. теңгеге (жалпы бөлшек сауда айналымынан - 4,9%) тауар өндірілді.
Көтерме сауда базарында 2012 жылы 687 млрд. теңгеге тауар сатылды, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңінен 5,8% жоғары (тұрақты бағаларда). Өткізілген өнімдердің негізгі көлемі заңды тұлғаларға келеді – 652 млрд. теңге (жалпы бөлшек сауда айналымынан -95,0%),жеке кәсіпкерлермен 35 млрд. теңгеге (жалпы бөлшек сауда айналымынан - 5,0%) тауар өндірілді.
Көтерме сауда базарында 2013 жылы 710 млрд. теңгеге тауар сатылды, бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңінен 1,3% жоғары (тұрақты бағаларда). Өткізілетін өнімдердің негізгі көлемі заңды тұлғаларға келеді – 684 млрд. теңге (жалпы бөлшек сауда айналымынан -96,3%),жеке кәсіпкерлермен 26 млрд. теңгеге (жалпы бөлшек сауда айналымынан - 3,7%) тауар өндірілді.
Көтерме сауда айналымы 3 жыл ішінде 81,7 млрд теңгеге немесе 13% өсті.
Облыста шығарылмайтын азық-түлік тауарларының (жарма, қант, сұйық май, тұз, шай, ірімшік) облыстағы 27 көтерме жеткізушісі әрекет етеді.
Қоғамдық тамақтану қызметінің көлемі 2011 жылы 9 млрд. теңгені, 2012 жылы – 10,1 млрд.тңгені, 2013 жылы – 12 млрд. теңгені құрады, 3 жыл ішінде 3,1 млрд.теңгеге немесе 34%-ға өсті.
Сауда айналымын арттыру және облыс халқын жергілікті тауар өндірушілердің ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету үшін облыс қалаларында жәрмеңке өткізіледі:
- 2011 жылы 295 жәрмеңке өткізіліп, жалпы сомасы 1,7 млрд.теңгеге ауыл шаруашылық өнімі сатылды;
- 2012 жылы 204 жәрмеңке өткізіліп, жалпы сомасы 1,2 млрд.теңгеге ауыл шаруашылық өнімі сатылды;
- 2013 жылы 490 жәрмеңке өткізіліп, жалпы сомасы 1,5 млрд.теңгеге ауыл шаруашылық өнімі сатылды;
2011 жылмен салыстырғанда өткізілген жәрмеңкелер 2 есеге өсті.
Облыста азық-түлік тауарларының тұтынушы нарығында 40 азық-түлік және әмбебап сауда базарлары қызметін жүзеге асырады. Облыста Қарағанды қ., Сәтпаев қ., Қаражал қ., Жезқазған қ. және Жаңаарқа ауданында 5 коммуналдық базар құрылды. Бұл өнімдерді коммуналдық базарларда меншікті базарларға қарағанда 10-15% төмен бағамен іске асыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, сауда базарларында және ірі дүкендерде жеңілдік жағдайларда саяжайлық өнімдерді сату үшін орындар беріледі, облыс бойынша барлығы 800 осындай орын беріледі.
Проблемалық мәселелер:
- сауда қызметін реттеу саласында әлсіз заңнамалық қамтамасыз ету;
- сауда базарларында көлеңкелі айналымның жоғары деңгейі;
- ішкі сауда инфрақұрылымын дамытудың төмен деңгейі (қазіргі заманға сай көлік-логистикалық орталықтардың жоқтығы);
- ірі қазіргі заманға сай сауда объектілерінің құрылысын мемлекеттік кредиттеудің болмауы.
Мәселелерді шешу жолдары:
- сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамаға ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде сауда базарларының қызметі бойынша; -Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жайма сауда түсінігін анықтау туралы, жалға берушіге салық органдарында тіркелусіз сауда орнын субъектіге бергені үшін жауапкершілік жүктеу туралы, тауардың бағалары болмағаны үшін жауапкершілік туралы ұсыныстар жолданды (2013 жылғы 13 мамырдағы №3-1/1270);
- сауда базарларын стандарттарға сәйкес келтіру бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
- 2013 жылы «2013 жылға арналған сауда базарларын стандарттарға сәйкес келтіру бойынша іс-шаралар жоспары» іске асырылды;
- қазіргі заманға сай көлік-логистикалық орталықтың құрылысын аяқтау. «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ қатысуымен көтерме-азық-түліктік базарларды, сауда объектілерін, қоймаларды, рефрижираторларды, үлестіру желісін, тоңазатқыш құрылғыларын көздейтін 20 га артық көлік-логистикалық кешен салынуда.
Туризм
Саланың дамуы Қазақстан Республикасының Жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы бойынша 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасымен, «Қазақстан Республикасы туристік индустриясының келешекті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы» (салалаық бағдарлама), сонымен қатар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасымен айқындалады.
Туристік салада өңірлік саясаттың негізгі міндеті туристік инфрақұрылымның дамуын қамтамасыз ету, туристік қызметтердің көлемін арттыру, кіретін және ішкі туризмді дамыту болып табылады.
Облыста туризмді дамытудың алғышарттары бар: табиғи ландшафтар, 160 астам орналастыру орны, 2000 астам тарихи және мәдени ескерткіштер, олардың 1500 астамы мемлекеттік қорғалуда, республикалық мәртебелі 25 ескерткіш бар.
Облыста туризмді дамытудың негізгі бағыттары жаға жай туризм (Балқаш ауданы), экологиялық туризм, тарихи туризм, туризмнің белсенді түрлері (Қарқаралы МҰТС, Кент таулары, Қызыларай), мәдени-танымдық туризм және іскерлік туризм (Қарағанды қаласы) болып табылады.
Жалпы алғанда облыстың туристік-рекреациялық әлеуеті зор, алайда инфрақұрылым дамуының деңгейі төмен. Оның жаппай ішкі өнімінің үлесі шамамен 0,2% құрайды. 2012 жылы туризм саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 4473,0 млн.теңгені құрап, 2010 жылдан 44% (2010 жылы – 2498,2 млн.теңге), 2011 жылдан 24,3% (2011 жыл – 3386,1 млн.теңге) артты. Облыста туристік ұйымдарда қызмет ететіндердің саны 2 634 адамды құрады.
2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыста туристік қызметпен айналысатын 136 туристік фирма және жеке кәсіпкерлік әрекет етті, олар 23 мың келушілерге қызмет көрсетті, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6%кем. 1973 млн.теңге сомасына жолдамалар сатылды.
2012 жылы облыста туристік қызметпен айналысатын 113 туристік фирма және 44 жеке кәсіпкер әрекет етті, 33,7 мың келушілерге қызмет көрсетіп, ол көрсеткіш 33,2% артты. 2531,1 млн.теңге сомасына жолдамалар сатылды, ол 2011 жылмен салыстырғанда 37,5% артық.
Туристік қызметтің құрылымында ішкі туризм басым бөлігін алады – 84,9%, кіретін туризм – 5,6%, шығатын туризм – 9,5%.
2010-2013 жылдарға арналған туризм көрсеткіштерін
дамыту динамикасы
Көрсеткіштердің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2010
жыл
|
2011
жыл
|
2012
жыл
|
2013
жыл
|
Орналастыру орындарының саны
|
бірлік
|
129
|
139
|
148
|
165
|
Номерлі қордың саны
|
бірлік
|
3221
|
3335
|
3451
|
4582
|
Орналастыру орындары көрсететін қызметтер көлемі
|
млн.теңге
|
2228,6
|
2381,0
|
2706,4
|
2884,6
|
Туристік ұйымдардың саны
|
млн.теңге
|
94
|
112
|
157
|
189
|
Шығу туризмнің келушілеріне көрсетілген қызмет көлемі
|
мың адам
|
13,8
|
15,4
|
13,7
|
15,9*
|
Ішкі туризмнің келушілеріне көрсетілген қызмет көлемі
|
мың адам
|
193,0
|
216,2
|
209,0
|
199,1*
|
* 2013 жылы кіретін және ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілгендердің саны тек орналастыру орындарында қызмет көрсетілген туристер ғана белгіленген, алайда алдыңғы жылдары туристердің жалпы саны көрсетілген.
Кіретін туристік ағымдардың талдауы облысымыздың тартымдылығы шетел туристері үшін жеткілікті деңгейде еместігін көрсетеді, облысымыздың туристік өнімі бәсекеге жарамдылығы төмен және шетелдің аналогтарынан әжептәуір артта.
2013 жылғы жағдай бойынша облыста орналасу орындарының 165 бірлігі әрекет етті, 2010 жылдан 33% артты. 2013 жылы орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 2 884 647,3 мың теңгені құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда 6,6% артық, 2011 жылмен салыстырғанда 21,1%, 2010 жылмен салыстырғанда 22% артық.
Туристерді орналастыру орындарындағы номерлі қор 2010 жылдан 42,2% артып, 4582 бірлікті құрады.
Облыста орналастыру орындарының санаттары бойынша қонақүй шаруашылығының материалды-техникалық базасы: 52,1% санатсыз қонақ үйлер, 17% - 1*-4* аралығындағы санатты орналастыру орындары, 31% басқа орналастыру орындары. 1*-4* санатты орналастыру орындарының үлкен бөлігі Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалаларында орналасқан.
Болмашы төмендеуге туризм саласында ұсынылатын қызметтердің қымбаттауы, шетелге туристік турлардың арзандауы әсер етті, соған байланысты облыста шығу туризмі жоғары тұр, облыстың тарихи-мәдени орындары бойынша туристік бағыттардың әлсіз насихатталуы және жылжуы, жол бойындағы бизнес объектілерінің сервисінің саны мен сапасының жеткіліксіздігі.
Туристік өнімдерді дамытудың, мамандандырылған қызметтердің, туристер үшін жабдықталудың жетіспеушілігінен Туристік ұсынстардың жалпы деңгейі өте төмен. Ол визит-орталықтарының бар болуына, туристік қашықтықтарда белгілер мен көрсеткіштерді орнатуға қатысты.
Дегенмен, облыста жабдықталған орналастыру орындарын салу бойынша жобаларды іріктеу жұмыстары жалғасуда, осылайша 2013 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Қарағанды қаласында «Ақсамал» қонақ үй кешенін және «Метелица» қонақ үй кешенін салуда көмек көрсетілді.
Облыста туристік имиджді қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, Қарағанды облысы өңірлік және халықаралық көрмелерге қатысады.
Өңірде туризмді дамытуға кедергі келтіретін проблемалы мәселелер:
- туристік және көліктік инфрақұрылымдардың жеткілікті дамымауы (орналастыру нысандарына қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын, сондай-ақ санаториялық-курорттық мекемелердің материалдық базасын енгізе отырып, туристік нысандардағы сервистік қызмет көрсету мен туристік өнімдер сапасының төмендігімен, бағасының жоғарылығымен, материалдық-техникалық базасының дамымағандығымен сипатталады. Бүгінгі күні туризм масштабы, туристердің тұратын орнына ұсыныстар мен сапа түрлері халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді);
- туристік объектілерде сервистік қызметтердің және туристік өнім сапасының төмендігі, жоғары бағалары;
- белгілі тарихи орындарына қол жеткізудің қиыншылықтары;
тартымды және бағалы экскурсиялық нысандарға және көркем ландшафтарға баратын автомобиль жолдарының нашарлығы, нәтижесінде өңірдің көптеген нысандарына ішкі бұқаралық көп күндік туризм үшін қол жетпейді;
- облыста экологиялық және ауылдық туризмді дамыту үшін аудандарда жергілікті тұрғындар арасында білікті қызмет көрсету мамандарының жоқтығы (гид-аудармашылар, экскурсоводтар, қонақ қабылдау үйлері және аңшы үйлері, кемпингтерде қызмет көрсететін мамандар);
- аймақтың шет елдердегі аз танымалдылығы. Облыста шығу туризмі басым дамуда, осыған байланысты кіретін туризмді дамыту үшін шетелде өңірдің туристік өнімдерін жылжыту бойынша іс-шараларды белсендіру және жүйелендіру қажеттілігі пайда болуда.
Еңбек нарығы
Еңбек нарығында жағдайды жасқартуға тікелей ықпалды облыста өткізілген 2011-2015 жылдарға арналған аймақтық стратегиялық жоспарларды және Облыстың 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықты жұмыспен қамту белсенді саясаты көрсетті.
2011 жылдан бастап 2013 жылдары кезеңіне 2011-2015 жылдарға арналған аумақтардың дамуы бағдарламсын іске асыру шеңберінде қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту қызметіне 120 896 адам жүгінді (2011 ж. – 41 845 адам, 2012 ж. – 41 011, 2013 ж. – 38 040 адам). Жалпы жүгінгендер саны 62 243 әйел (жүгінгендер санынан 51,5%), 16-дан 29 жас аралығындағы 59 750 жас адамдар (жүгінгендер санынан 49,4%).
105 268 адам жұмыс орналастырылды (2011 ж. – 37 773 адам, 2012 ж. – 34 617 адам, 2013 ж. – 32 878 адам), оның ішінде: 53 322 – әйел (жұмысқа орналасқандардың жалпы санынан 50,7%), 16-дан 29 жас аралығындағы 50 857 жас адамдар (жұмысқа орналасқандардың жалпы санынан 48,3%). 2011 жалдан бастап 2013 жыл аралағанда жұмысқа орналасқан азаматтар үлесі жүгінген азаматтардың жалпы санынан 87% құрайды.
Қоғамдық жұмыстарға 30 619 адам қатысты (2011ж. – 10 790 адам, 2012 ж. – 10 735 адам, 2013 ж. – 9094 адам), оның ішінде: 22 415 әйел (қатысқандардың жалпы санынан 73,2%), 16-дан 29 жас аралығындағы 15 656 жас адамдар (қатысқандардың жалпы санынан 51,1%).
Оқуға 9290 адам жіберілді (2011 ж. – 4076 адам, 2012 ж. 2833 адам, 2013 ж. – 2381 адам), оның ішінде: 5005 әйел (оқытуға жіберілгендердің санынан 53,8 %), 16-дан 29 жас аралығындағы (оқытуға жіберілгендердің санынан 58,6 %).
Белсенді саясат нәтижесінде аймақтық еңбек нарығында экономикалық белсенді халық санының тұрақты динамикасының өсімі сақталды.
Қарағанды облысының Статистика департаментінің деректері бойынша 2011 жылдан бастап 2013 жыл аралығында Қарағанды облысында экономикалық белсенді халықтың саны 4,9 мың адамға 739,2 мың адамнан 744,1 мың адамға өсті.
Экономикалық белсенділіктің жоғары деңгейі байқалуда (69,7%), оған негізінен жалданбалы қызметкерлердің маңызды үлесі есебінен қол жеткізеді. Жұмыспен қамту деңгейі 94,7%-дан 95,6%-ға дейін өсті (2011 және 2013 жылдарына деректері).
Халықты жұмыспен қамту саны 6,8 мың адамға артты 700,4 мың адамнан 707,2 мың адамға. Жұмыссыздар саны 2,0 мың адамға төмендеді 38,9 мың адамнан 36,9 адамға дейін төмендеді.
Өз-өзін жұмыспен қамтығандар саны 27,0 мың адамға 130,9 мың адамнан 106,9 мың адамға дейін төмендеді.
Облыс бойынша жалпы жұмыссыздар деңгейі 0,3 пайыздық тармаққа төмендеді және 5,0% құрады (2011 ж. – 5,3%); жұмыссыз әйелдер саны 1,6 пайыздық тармаққа төмендеді және 5,2% құрады (2011 ж. – 6,8%); жастар жұмыссыздығының деңгейі 0,6 пайыздық тармаққа төмендеді және 4,4% құрады (2011 ж. – 5,0%).
Ішкі еңбек нарығы есебінен жұмыс күшіне сұранысты қанағаттандыру мүмкіндігінің жоқтығы кезінде еңбек бойынша уәкілетті органмен таратылған квота шегінде шетелдік жұмыс күші тартылады.
Уәкілетті органмен шетелдік мамандарды тартуға 2011 жылы – 429 рұқсат, 2012 жылы – 162 рұқсат, 2013 жылы – 130 рұқсат берілді.Шетелдік жұмыс күшін тартатын ұйымдарда еңбек жолын 2011 жылы – 106 694 қазақстандық азаматтары, 2012 жылы – 92 591 қазақстандық азаматтар, 2013 жылы – 89 545 қазақстандық азаматтар жүзеге асырды.
Облысқа келген оралмандар отбасының талдауы көрсеткендей, 2011 жылы оралмандар көші-қонының ағынының төмендеуі, оның ішінде еңбекке жарамды жастағылары белгіленді. 2011 жылы 3524 оралман келді, оның ішінде еңбеккке жарамды жастағы 1930 оралмандар, 2012 жылы 1877 оралмандар келді, оның ішінде еңбекке жарамды жаста 1126 оралмандар, 2013 жылы 1173 оралмандар келді, оның ішіндегі еңбекке жарамды жаста 710 оралмандар белгіленді.
Облыстың белгіленген еңбек нарығында мамандықтар мен мамандар бойынша жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы тепе-теңсіздігінің байқалуы жалғасады.
01.01.2014 жылғы жағдай бойынша қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде есепте 1761 жұмыссыз тұрды, облыстың жұмыс берушісімен 865 бос орынға өтініш берілді (01.01.2012 жылға – 1761 жұмыссыз, 1101 бос орынға өтініш берілді; 01.01.2013 жылы – 2024 жұмыссыз, 848 бос орынға өтініш берілді), яғни бір бос орынға 2 жұмыссыз үміткер.
Еңбек нарығында сұраныс жұмыс күшінің сапасына, оның кәсібилігіне, жоғары деңгейдегі біліктік деңгейі жоғары мамандарға жоғары талаппен сипатталады.
Еңбек нарығының аса тапшы жұмыскерлері: медицина қызметкерлері; облыста биология, ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы біліктілік деңгейі жоғары мамандар, білім, денсаулық сақтау және табиғи ғылымдар саласындағы біліктілік деңгейі орта мамандар; тау-кен, күрделі тау-кен, құрылыстық-монтаждық жарнамалық-құрылыс жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар; операторлар, аппаратшылар, машинистер, жинақтаушы – слесарлар, жылжымалы жабдықтар машинистері және жүргізушілер.
Достарыңызбен бөлісу: |