Қарағанды облысы мәслихаттың 2014 жылы 11 желтоқсандағы ХХХІ сессиясының №356 шешімімен бекітілген



бет10/12
Дата13.02.2017
өлшемі3,48 Mb.
#9187
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Абаттандыру

Облыс аумағында халықтың қолайлы өмір сүруі үшін тұрақты негізде және жыл сайын қалалар мен аудандарды абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша көктемгі және күзгі айлықтар өткізіледі.

2011 жылы айлықтар шеңберінде абаттандыру жұмыстарына шамамен 440 мың адам, 14 мыңнан жоғары кәсіпорындар, ұйымдар және білім беру мекемелері қатысты. 1 761 бірлік автокөлік және жүккөліктері тартылды, 1 078 заңсыз қоқыстар жойылды. Аталған кезеңде барлығы 82 мың бірлік жасыл көшеттер отырғызылды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 889 контейнер орнатылып, 366 қоқыс жинау алаңы салынды. 89 аулалық аумақ абаттандырылды, 2 689 баған мен 5 903 жарықшам ауыстырылды.

2012 жылы 9 саябақ, 27 гүлзар, 16 фонтан, 277 аулалық аумақ абаттандырылды, 2 611 баған, 6 915 жарықшам ауыстырылды.

Абаттандыру жұмыстары айлығы шеңберінде шамамен 809 мың адам, 39 мың 388 кәсіпорындар, ұйымдар және білім беру мекемелері қатысты, 3 мыңнан жоғары мамандандырылған техника тартылды, 1 мың 664 заңсыз қоқыс жойылды, 56 мың бірліктен жоғары жасыл көшеттер отырғызылды.

2013 жылы абаттандырылғандары: 1 саябақ, 13 гүлзар, 137 аулалық аумақ, шамамен 58 мың бірлік жасыл көшеттер отырғызылды, қатты тұрмыстық қалдықтың 1 мыңнан жоғары контейнерлері орнатылды, 2 588 баған мен 257 жарықшам ауыстырылды.

Қарағанды облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 14 наурыздағы 12 сессиясының шешімімен Қарағанды облысының қалалары мен елді мекендеріндегі аумақтарды абаттандыру Ережесі қабылданды.

Аталған ережеде облыс аумағындағы жер телімдерін, құрылыстарды, қондырғылардың меншік иелері немесе пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үшін абаттандыру саласындағы орындауға міндетті бірыңғай нормалар мен талаптар қарастырылған.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының елді мекендеріндегі жасыл көшеттерді күтіп ұстау және қорғау Ережелері бекітілді, онда облыс аумағындағы жер телімдерін, құрылыстарды, қондырғылардың меншік иелері немесе пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үшін абаттандыру саласындағы орындауға міндетті бірыңғай нормалар мен талаптар қарастырылған.

Ережемен Қарағанды облысының елді мекендеріндегі жасыл көшеттерді күтіп ұстау және қорғау бойынша өкілетті органдарының шешілуіне жататын мәселелер анықталған.

Аталған жұмыс түрлеріне рұқсат беруге арналған талаптар, жасыл көшеттерді күтіп ұстау және қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға жауаптылар анықталған.

Проблемалық мәселе:

Өңірлерде облыстың қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Ережесін жеткіліксіз қолдану мен пайдалану ескерілуде, ішкі істер органдарымен және жоғарыда аталған Ережені бұзушыларға айыппұл санкцияларын шығару жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен өзара қарым-қатынас бойынша жұмыстар әлсіз жүргізілуде.
Аумақтық (кеңістік) дамыту.

Облысында экономикалық кеңістіктің кенттенуінің жоғары деңгейі байқалады, қала халқының үлесі 78,7-78,8% құрайды. Ең интенсивті Қарағандының қалалық агломерациясының ядросы және оның кенттену зонасы, қоныстанудың тірек-каркас құрылымы дамуда. Дамудың позитивті динамикасын КГА-ға және «Қарағанды-Теміртау-Астана» «Сарыарқа» өңірі өсіндегі Осакаров ауданындағы Бұқар жырау ауданының кеңістік-тең селолық үлгі қоныстануы көрсетеді. Облыс бойынша жалпы сондай-ақ экономикалық кеңістік көрсеткіштері сапасының өскені байқалады: шаруашылық қызметтері тығыздығының көрсеткіштерінің өсуі, сондай-ақ оның вариациясы көрсеткіштерінің қысқаруы, оның ішінде қала ішілік және селолық жерлерде байқалады.

Экономикалық кеңістіктің төмен сапасы тегіс емес түрдегі қоныстануда байқалады: Қарқаралы мен Нұра аудандарында селолық түрдегі қоныстандыру, Ұлытау мен Ақтоғай аудандарында шаруашылық-игерілмеген аумақтар басымдылығымен Балқаш пен Жезқазған қалалары айналысында орналасудың ошақты түрі, сондай-ақ Шет ауданында тура-ошақты тең емес түрдегі қоныстану түрі.

Экономикалық кеңістіктің даму потенциалы алдындағы деп Қазақстанның орталығындағы Астана-Алматы өсі өсуіндегі шағын көлік байланысы ретінде КГА геоэкономикалық жағдайын бөлуге болады, олар серіктес қалалардың өсу мүмкіндігін және кенттену концентрациясындағы зонаға агломерациялық-жүйені қалыптастырады, сондай-ақ Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш қалаларының экономикалық қарқынды дамуына ықпал ететін темір жолдар мен магистралды автомобиль жолдарын салу жөніндегі КТЖ жобаларын іске асырады.

Өңір дамуының орталық нүктесі «Алматы-Балқаш-Қарағанды-Астана-Көкшетау-Петропавловск» кеңістік каркасының негізгі жоспарлы өсі бойында болады.

Сондай-ақ «Достық – Ақтоғай – Балқаш – Жезқазған – Сақсаул – Шалқар – Бейнеу – Ақтау» 2 санатының өсінің жанында іске асыруды дамыту жоспарлануда.

Қостанай-Жезқазған-Қызылорда-Аягөз-Қарағанды жергілікті өсаралық жүйенің дамуымен орталық нүкте маңында орналасқан аумақтарды игеру, елдің бірыңғай ішкі экономикалық кеңістігін, Ресей Федерациясының Азиаттық бөлігі – Орталық және Оңтүстік Азия (Солтүстік-Оңт.) бағытында сауда-экономикалық коридорлар қалыптастыруының негізі болуы керек.

Өңірдің кеңістік дамуына тұрғын үй құрылысы (оның ішінде жалға берілетіні де) құрылыс негізінде облыстың елді мекендерінің әлеуметтік тартымдылығын көтеру есебінен экономикалық кеңістіктің сапасын жақсартуға, ауылдық елді мекендерді тұрақты дамытуға, ТКШ (сумен жабдықтау және кәрізді қоса алғанда) қызмет көрсетулер облыстың қалалары мен аудандар дамуының экологиялық шектеулеріне бағытталатын болады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен сәйкес ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес ауылдық жерлердегі экономикалық өсім орталықтарын құру арқылы анықтау және тірек ауылдық елді мекендерді жайластыру, сондай-ақ аудан орталықтарының жолымен жүзеге асырылатын болады.

Негізгі тірек АЕМ міндеттері болып – мемлекеттік қызметтерге кепілділік қол жетімділігін арттыру, тірек ауылдарда орналасқан әлеуметтік, қаржылық, сервистік және өндірістік ұйымдардың, қызметтерімен жақын ауыл тұрғындарын қамтамасыз ету радиусын қысқарту.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың жалпы міндеттері болып ТАЕМ аул тұрғындарының тұратын орындарын тарымды ету, онда табысты бизнес жүргізу үшін жағдай құру, ауыл тұрғындарының сауығын құру табылады. Ол үшін қалалық деңгейге мемлекеттік, коммуналдық, әлеуметтік, мәдени және коммерциялық сапалы қызметтер көрсету максималдық жақындату қажет.

Өңірлік даму министрлігімен әзірленген әдістеме негізіндеоблыста 19 тірек ауылдық елді мекендер анықталды және оларды дамыту бойынша Кешендік жоспарлар әзірленді.

Қарағанды облысы халқының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі табиғи экологиялық жүйе қызметіне зиянды әрекеттерді болдырмау және аймақта биологиялық әр түрлілікті сақтау облыстағы экологиялық жағдайдың шиеленісін азайту жөніндегі экологиялық саясаттың бағыттарын анықтайды:


  • тазалау ғимараттарының тиімді жұмыс істеуін көтеру;

  • облыстың ірі су қоймаларын тазалау жөніндегі және судың жоғарғы жақтарына жеткілікті тазаланбаған ағын суларды азайту іс-шараларын өткізу;

  • бұзылған жерлерді тыңайтуды іске асыру, өнеркәсіптік және қатты тұрмыс қалдықтарын орналастыру көлемін азайту;

  • қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмін жетілдіру.

Ауылдық елді мекендерді әлеуметтік – экономикалық дамуының талдауы үш жылдың ішіндегі қалыптасуы (2011-2013ж)., облыстағы мынадай оң серпінді айқындады. Облыста 419 ауылдық елді мекен бар (АЕМ), оның ішінде әлеуеті жоғарғы АЕМ саны 6-ға өсті және 53-ті құрады (2011ж.-47), әлеуеті орта 22-ге өсті және 325-ті құрады (2011ж.-303). Бұл ретте әлеуеті төмен АЕМ саны 69-дан 41-ге дейін төмендеді.

419 АЕМ қызмет етушілер:

- 358 мектеп, оның ішінде 190 мектеп (53%) типтік ғимараттарда, 168 – бейімделген мекемелерде орналасқан (47%);

- денсаулық сақтаудың 234 нысаны, оның ішінде 64 нысан кәдімгі ғимараттарда (28%), 170 – бейімделген (72%). 68 нысан қажет етеді және бейіделгендер орнына 38 нысан бар.

Клубтар (жеке меншіктілерді қосқанда) 217 АЕМ қамтылған, бұл АЕМ (419) 52 пайызын құрайды. Қолданыстағы клубтардың – 123 нысаны жөндеуді қажет етеді. Қосымша 27 АЕМ клубтарды салу қажет.

Барлық аудан орталықтарында балалар-жасөспірімдер спорт мектептері бар (10 нысан Осакаровка ауданында - 2). Спорт залдары - 259, ашық спорт алаңдары – 67, стадиондар – 9, жабық спорт кешендері – 9.

204 АЕМ (48,8%) ауылдық елді мекедер орталықтандырылған сумен қамтылған, 212 АЕМ (50,6%) – орталықтандырылмаған сумен қамту көздерінен алады.

3АЕМ ( 518 адам халқымен) - су тасылады. Бұлар: Бұқар жырау ауданының Асыл, Аюлы а., Сәтпаев селосы.

Облыста 16 АЕМ электр орнатылған. Сондай-ақ электр энергетикасы үшін қиын мәселе электр беру сымдарының тозығының жетуі. 19 АЕМ электр беретн сымдарының ескіруі 85% артық, бұл қайта жөндеу және күрделі жөндеуге көп жұмсауды қажет етеді.

Облыстық және аудандық маңызы бар барлық жолдардың (6071,3 км) 41% автомобиль жолдары қанағаттанарлық емес жағдайда.

Проблемалық мәселелер.

Облыста 11 АЕМ электрлендірілген. Сондай-ақ электр энергиясының проблемасы электр беру желісінің жоғарғы тозығы болып табылады. 19 АЕМэлектрберу желісінің тозығы 85% құрайды, бұл қайта жөндеу мен күрделі жөндеуге үлкен шығындарды қажет етеді.

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарыдың жалпы ұзақтығынан (6071,3 км) автожолдар қанағаттанарлық емес жағдайда.

140 АЕМ (33,5%) аудан орталығына дейінгі жолдар қанағаттанарлық емес жағдайда.

Телекоммуникция жүйесімен 419 АЕМ қамтылған. Ауыл халқына қызмет көрсететін пошта байланысының нысандарымен барлық селолық (кенттік округтер) – 193 стационарлық және 8 жылжымалымен қамтылған.
Мемлекеттік қызметтерді және мемлекеттік органдардың функцияларын электрондық нұсқауға ауыстыру

2011-2013 жылдардағы жұмыс қорытындысы бойынша 45 мемлекеттік қызметтер автоматтандырылды және «электрондық үкіметінің» Порталына шығарылды, 2012 жылдың қорытындысы бойынша 15 мемлекеттік қызмет болған еді.

2012 жылғы 10 қазанынан бастап Қарағанды облысының электрондық қызметтер порталы іске қосылды. Қарағанды облысының электрондық қызметтерінің порталы мен «Электрондық үкіметінің» порталымен өзара қарым-қатынасты каматамсыз ету жұмыстары жүргізілді, Қарағанды облысының электрондық қызметтерінің порталына электрондық нұсқауға аударылған барлық мемлекеттік қызметтер шығарылды.

2011-2013 жылдарының қорытындысы бойынша облыстың электрондық қызметтерінің порталына 19 қосымша қызметтер мен сервистер шығарылды, оның ішінде 10 - 2013 жылда:



  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы алуға кезекті байқау (Қызмет көрсету мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы алу кезегінің жылжуы туралы ақпаратты азаматтарымен алу үшін арналған)

  2. Мемлекеттік тұрғын үй қорыдан баспана алуға өтініштердің статистикасы (Қарағанды облысы аймақтар қиылысында мемлекеттік тұрғын үй қорыдан баспананы алуға өтініштердің саны туралы ақпарат)

  3. Баспананы алуға өтініштердің тізімі (Мемлекеттік тұрғын үй қорыдан баспананы алуға өтініштердің тізімі)

  4. ЖТҮҚ-қа жер учаскесін алуға кезекті байқау (Қызмет көрсету жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу кезегінің жылжуы туралы ақпаратты азаматтарымен алу үшін арналған)

  5. Жеке тұрғын үй құрылысқа жер учаскені алуға өтініштердің статистикасы (Қарағанды облысы аймақтар қиылысында жеке тұрғын үй құрылысқа жер учаскені алуға өтініштердің саны туралы ақпарат)

  6. Жер учаскені алуға өтініштердің тізімі (Жеке тұрғын үй құрылысқа жер учаскені алуға өтініштердің тізімі)

  7. Балабақшаға кезекті анықтау.(Қызмет көрсету Қарағанды қаласының мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне тізімде тұрған баланың кезегі жылжуы туралы ақпаратты алу үшін арналған)

  8. Әлеуметтік калькуляторлар (қызмет мемлекеттік балалар үстемесінің, әлеуметтік маңызды жәрдемін, тұрғын үй көмегінің өлшемін on-line есептеу үшін арналған);

  9. Мұрағаттық құжаттардың орналасқан орның анықтау (Қызмет көрсету қәсіпорындардың мұрағаттық құжаттарының орналасқан орны туралы ақпаратты азаматтармен алу үшін арналған)

  10. Облыстың бірыңғай диспетчерлік қызметінің оперативтік ақпараты (Қызмет көрсету Қарағанды облысының аймағын көріктендіру бойынша қызметтер туралы деректерді, қылмыстық жағдайы туралы деректерді, ауыл шаруашылық мәдениеттерді егу және жинау туралы деректерді, тіршілікті қамтамасыз етудің негізгі объектілердің жай-күйі туралы оперативті ақпаратты ұсыну үшін арналған).

Мемлекеттік қызметтер регламенттерін әзірлеу мен бекіту жұмыстары орталық мемлекеттік органдар деңгейінде бекітілген стандарттары бар мемлекеттік қызметтер бойынша жүргізілді.

«Электрондық үкіметінің» порталын насихаттау және әйгілеу мақсатында облыс бойынша жүйелі түрде e.gov.kz поталы арқылы әртүрлі қызметтерді алу мүмкіндігі жөнінде ақпараттық модульдер жарияланады. Телеараналар және жарықдиодты арналар эфирінде «Электрондық үкіметін» насихаттау жөніндегі 4 бейнероликтер айналдыруы қамтамасыз етілді, арнайы телебағдарламалардың шығуы ұйымдастырылды. 2012 жылы жалпы электрондық БАҚ 30 бейнематериалдар көрсетілді, баспа БАҚ 80 астап басым шығарылды. «Электрондық үкіметін» насихаттау бойынша әртүрлі сыртқы әлеуметтік жарнамаларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта облыс аумағында осы тақырып бойынша сыртқы жарнаманың 8 орналастырылды (3Х6 балборттар), 80 плакат.

Облыс тұрғындарын компьютерлік сауаттылығына оқыту бюджеттік қаржылар бөлінген шамасында жүргізіледі. 2011-2013 жылдар бойы 44 445 адам оқытылды. 2013 жыл бойы облысымызда 25 829 адам оқытылып, оқыту жоспары 104,7% орындалды.

Сонымен қатар, облысымызда «Электрондық үкімет және жэлектрондық қызметтер» курсыбойынша халықты оқыту кестесіне сәйкес 2012-2013 жылдар бойы 9976 адам оқытылды, оның ішінде 2013 жылы – 3700 адам, жоспар орындалуы – 109 %. Оқытуымен барлық категориядағы азаматтар қамтылды, оның ішінде жұмыссыздар, 14-16 жастан бастап кәмелетке толмағандар, қар үйлерінде тұратын зейнеткерлер.

Сонымен бірге жүйелі түрде облыс бойынша әзірленген медиа-жоспарларға сәйкес интернет арқылы қызметтерді қолдану мүмкіндігі жөнінде халықты хабарландыруға бағытталған баяндамалар жарияланады. 2013 жыл бойы электрондық БАҚ арқылы 53 бейне материалдар, баспа БАҚ – 68 таяу баяндама шығарылды.

Облыста «Электрондық үкіметті» насихаттау бойынша сыртқы әлеуметтік әртүрлі жарнамаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күні облыс аумағында аталмыш тақырыпқа сыртқы жарнаманың 8 нысаны орналастырылды (билбордтар 3Х6), 80 плакат. Газет беттерінде жүйелі түрде e.gov.kz портал арқылы әртүрлі қызметтерінің түрлерін алу мүмкіндігі жөнінде жарияланады. Телеарналар мен жарықдиодтық экрандарының эфирінде «Электрондық үкіметті» насихаттау бойынша бейнероликтер көрсетіледі, арнайы телебағдарламалардың шығуы ұйымдастырылды.

ҚР статистика жөніндегі агенттігінң деректері бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарына облыста компьютерлік сауаттылығымен 65,9% экономикалық белсенді халық игерілді (202 жыл қорытындысы бойынша 61,2% қарсы алғанда).

Облыстың жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын 299 атқарушы органдары (жоспар бойынша 259 қырсы қарағанда) электрондық құжат айналым жүйесіне қосылды.

2013 жыл қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарың автоматтандыруға жататын 205 фунциясынан 157 функция автоматтандырылды (немесе 76,6%), оның ішінде 29 – толық, 128- ішінара.

Салыстырғанда 2012 жыл қорытындысы бойынша автоматтандыруға жататын 179 функциядан 121 функция автоматтандырылды (немесе 67,6%), оның ішінде 26 – толық, 95- ішінара.

Осы бағыт бойынша проблемалық мәселелерге келесіні жатқызуға болады:


  • Ақпараттық қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес облыстық ақпараттық жүйелерінің аттесттауын жүргізу;

  • Электрондық үкімет негізгі компоненттерімен (ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ, МТ АЖ, ЖМТ МДҚ) және Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен (ХҚКО ЫАЖ) облыстық ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру;

  • Жергілікті атқарушы органдар функцияларын автоматтандыру.

Проблемалық мәселелерді шешу жолдары:

1) осы мәселені шешуіне тиісті қаржыландыруды жүргізіп облыстың жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын ҚР ақпараттық қауіпсіздігінің мәселері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келтіру;

2) ақпараттық қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес Қарағанды облысы «электрондық әкімдігінің» ақпараттық жүйелерін кезендік аттесттауын жүргізу;

3) осы мәселені шешуіне тиісті қаржыландыруды жүргізіп Қарағанды облысы «электрондық әкімдігінің» ақпараттық жүйелерін электрондық үкіметінің негізгі компоненттерімен және ХҚКО ЫАЖ кезендік ықпалдастыру жұмыстарын жүргізу;

4) осы мәселені шешуіне тиісті қаржыландыруды жүргізіп облыстың жергілікті атқарушы органдардың функцияларын автоматтандыру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу, ішінара автоматтандырылған функцияларды толық автоматтандырылған статусына ауыстыру.

Өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешендік сипаттамасы негізгі проблемаларда, факторларды тежейтін тәуекелдерде, бәсекелесті басымдықтар мен мүмкіндіктерде айқындалған SWOT-талдау басымдылығында көрінеді.

SWOT-талдау басымдылығы


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

А басымдығы

1. Металлургия-металл өңдеу, машина жасау және фармацевтика және химия өнімдері өндірісіндегі инновациялық әлеует айрықша экономикалық әлеует.

2. Минералдық шикізаттың айрықша қорларының болуы тау-кен өндіру өнеркәсібін дамыту үшін негізін құрайды.

3.Экономикалық және саяси тұрақтылық ұстап тұрған елдің қолайлы бизнес-климаты.

4. Бай табиғи және минералдық ресурстардың бар болуының нәтижесінде өңірдің жоғары инвестициялық тартымдылығы.

5. Кеден одағының шеңберінде бірыңғай экономикалық кеңістікті құру.

6. Орталық Азияның, Ресейдің, Үнді және Қытайдың ірі тұтыну нарықтарына облыстың тиімді географиялық орналасуы.

7.Ландшафтардың әртүрлілігі (жазық даладан бастап таулар мен ормандар), сондай-ақ бірегей туристік нысандардың болуы: Қарқаралының тау- орман оазисі, Ұлытау таулары, Балқаш көлі.

8. Медицина ұйымдарының дамыған желісі.

9.Негізгі медицина-демографиялық көрсеткіштерінің оң қарқыны – баланың тууы, табиғи өсім, жалпы өлімнің төмендеуі.

10.Стационарды алмастыратын технологияларды пайдалану және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлық көмек көлемдерін қысқарту үшін кең мүмкіндіктер.

11.Тіркелген кедейлік деңгейін төмендету байқалады.

12.Инновациялық жобаларды қолданудың дамыған инфрақұрылымы.

В басымдығы

1.Елдің аумағындағы орталық жағдай есебінен облыстың айрықша транзитті әлеуеті.

2.ҚТҚ алынатын қайталама қорларын пайдалану әлеуеті.

3.Мектеп жасына дейінгі балаларды қамту қалада (86,4 %-ға дейін), селолық жерлерде (87,7 %-ға дейін) байқалады,

4. Ыстық тағаммен қамту 83,6 %-ды құрайды.

5. Жұмысқа орналасқан колледж түлектері санының өсуі.

6.Облыста білім берудің қалпына келтіру ұйымдарының желілері кең дамыған, бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша 10 арнайы қалпына келтіретін мектеп-интернаттар жұмыс істейді.

С басымдығы.

1.Жұмыссыздықтың төменгі деңгейі.

2.Халықтың жан басына етпен, астықпен және картоппен қамтамасыз етілгендігінің жеткілікті деңгейі.

3.Инновациялық әлеует әлементтері кешенің болуы («Технопрак Сарыарқа» ЖШС, «Караганда-Инвест» («Сарыарқа» АЭА) АҚ).

4.Құрылыс индустриясын дамыту үшін шикізат көздерінің бар болуы.

5.Халыққа кең спекторлы қызмет көрсететін ҮЕҰ белсенді секторлары.

6. Мәдениет мекемелері қызметтерінің талап етілу дәрежелерінің жоспарлы өсімі атап өтіледі.

7.Ірі облыстық медициналық ұйымдардың кадрлық және материалдық-техникалық базасы ЖММК-нің (жоғары мамандандырылған медициналық көмек) шеңберінде қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.

8.Облыста мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қызметтерді көрсететін мекемелердің тұрақты қызмет ететін желілері әрекет етеді; мүгедектердің қоғамдық қозғалысы дамыған; қиын өмір жағдайларына тап болған тұлғалар үшін арнайы әлеуметтік қызметтердің даму әлеуеті бар.

9.Орта мектептерде компьютерлік парктер ұлғаюда.




А басымдығы

1.Өнеркәсіпті дамытуды шектейтін желілерде өсіп жатқан энергия тапшылығы және шығынның жоғары деңгейі.

2. Салалық теңдестірілмеуі: өнеркәсіптің және шағын бизнестің салалық құрылымының төменгі әртараптануы.

3.Фармацевтикадан басқа, өнеркәсіп салаларында іс жүзінде жоғары технологиялы және ғылымды қажет ететін өнімді шығару бойынша өндірістер жоқ.

4.Жоғары энергияны, еңбекті және материалды қажет ететін дәстүрлі және ескірген технологияларды басымдау.

5.Жоғары қосылған құны бар түпкілікті қайт бөлу өнімі үлесінің төмендігі.

6.Инвестицияларды тарту бойынша әлсіз бәсекелестік шарттары (кедендік және валюталық режим).

7.Инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымының дамымауы (арнайы аймақ, қаржы, банктік, ақпараттық-талдамалы, консалтингтік, көліктік және т.б).

8.Инвестицияларды тартумен байланысты мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы.

9.Визалық режим.

10.Кәсіпорындардың экспортқа дайын болмауы (маркетингпен, релевантті ақпаратпен алмасу, басқарумен, сапамен, кадрмен, шикізатпен қамтамасыз ету, энергиямен қамтамасыз ету, оң сауда имиджінің болмауы және т.б. проблемалар).

11.Туристік инфрақұрылымның халықаралық талаптарға сәйкес келмеуі (туристік объектілерге кіру жолдарының болмауы/төменгі сапасы).

12. Шалғайда жатқан және ауылдық өңірлерден кәсіпкерлерді екінші деңгейдегі банктер арқылы кредиттер алу үшін жеткіліксіз ликвидтік залогтық қамтамасыз ету бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына белсенді қатысуға бөгет жасайды.

13. Әлеуметтік маңызы бар аурулармен аурудың жоғары деңгейі – ҚЖА (қан айналу жүйелерінің ауруы), туберкулез, қатерлі ісік аурулары.

14. 18 жастан жоғары мүгедектер үшін оңалту мекемелерінің болмауы.

15.Мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы орындардың тапшылығы байқалады.

16.Білім беру ұйымдарында, оның ішінде орта арнайы да кадрлар тапшылығы аса өткір орын алады.

17.Жастар ортасындағы маңызды жұмысқа орналасу және тұрғын үймен қамту проблемасы.


В басымдығы.

1.Негізгі капиталға инвестициялардың төмен деңгейі кезіндегі негізгі қорлардың жоғары тозуы.

2.Пайдаланылатын шикізаттан пайдалы элементтерді қайта өңдеу кешендігі және алу толықтығының төмендігі.

3.Ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу үлесінің төмендігі: ет – 6%, сүт - 11%.

4.Дәнді дақылдар астығының деңгейінің жылына 0,43 т/га төмендеуі.

5.Жинаудың, оның ішінде ҚТҚ жеке жинау жүйесінің дамумауы.

6.Іс жүзінде облыстың барлық аумағында қалдықтарды алдын ала қайта өңдеусіз көму.

7.Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.


С басымдығы.

1.Азаматтар үшін қолжетімді тұрғын үй деңгейінің жеткіліксіз деңгейі.

2.Қалалық жерлерде кәріз және су өткізу желілерінің 70%-дан 80%-ға дейін тозуы.

3.Кәсіптер мен мамандықтар бойынша еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстардың сәйкессіздігі.

4. Селолық мәденинт объектілерінің материалдық-техникалық базасының нашар деңгейі, мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі.


Мүмкіндіктері

Қатерлері

А басымдығы.

1.«Өнімділік 2020», «Инвестор 2020» бағдарламаларының шеңберіндегі мемлекеттік қолдау өңдеуші өнеркәсіптің үлесін ұлғайтуға және өңірдің экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді.

2. Өнеркәсіптің негізгі салаларын дамыту тұжырымдамасын іске асыру технологияны жаңғыртуға және дамудың инновациялық моделіне көшуге мүмкіндік береді.

3. «Сарыарқа» Технопаркі» ЖШС, «Караганда-Инвест» АҚ, («Сарыарқа» АЭА) қызметтерін жандандыру өнеркәсіп саласын дамытуға және инновациялық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді.

4.КГА-ның Қазақстан орталығында мультикөліктік торап ретінде Астана-Алматы өсімінің өсіндегі қолайлы геоэкономикалық орналасуы серіктес қалалардың өсуі мен урбанистік шоғырлану аймағында агломерациялық желілік орналастыруды қалыптастыру үшін мүмкіндіктерді береді.

5.Инвестицияларды тарту көлемдері бойынша өңірлік көшбасшы ұстанымына шығу.

6.Капиталдың әлемдік нарығында елдің оң инвестициялық имиджін құру.

7.Туризм саласында, оның ішінде ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құру.

8.Кірмелі және ішкі туризм бойынша туристік ағындарды ұлғайту.

9.Кеден одағының басқа қатысушы-елдерімен салыстырғанда Қазақстан Республикасындағы қолайлы салық режимі.

10.Инновациялық-белсенді кәсіпорындар санын ұлғайту.

11.Шетелдік инвестицияларды тжәне ехнологияларды тарту.

12.Монополистік өндірістердің жағымсыз ықпал етуінен индустриялық аймақтардың экономикасын әртараптандыру мақсатында индустриялық аймақты құру; жергілікті халықты жұмысқа орналастыру; кәсіпкерлік әлеуеттің өсімін жандандыру; жергілікті бюджетке салық түсімдерін ұлғайту.

В басымдығы.

1.Теміржол жолдарының және магистральды жолдарды салу бойынша ҚТЖ жобаларын іске асыру Жезқазған және Сәтпаев қалалары мен іргелес жатқан аумақтардың экономикалық дамуына серпін береді.

2.Облысты дамытудың кеңістікті-құрылымдық бір қалыпты еместігін төмендету (Ұлытау, Қарқаралы, Ақтоғай аудандары).

3.Инвестицияларды тарту бойынша жүйелі және дәйекті мемлекеттік саясатты құру.

4.Инвестицияларды тарту бойынша тиімді мемлекеттік және жеке инфрақұрылымды қалыптастыру.

5. Қалдықтарды қайта өңдеудің және кәдеге жаратудің көлемін арттыру.

6.ҚТҚ жинаудың, тасымалдаудың және қайта өңдеудің айтарлықтай және экономикалық жағынан тиімді тәсілдеріне қолжеткізу.

С басымдығы.

1.Орта және шағын қалаларда тұрғын үй құрылысының және жалға берілетін үйлер құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

2.Экономиканың өндіруші секторынан қайта өңдеу секторына инвестицияларды қайта бөлу есебінен елдің тұрақты және теңгерімді экономикалық өсімін қамтамасыз ету.

3.СДО қалыптастыру тетігінің негізінде ауылдық өндірушілер кооперациясының үдерісін жандандыру есебінен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу дәрежесін ұлғайту.



А басымдығы.

1.Энергия тапшылығын сақтау салдарынан облыс экономикасын дамыту қарқындарын бәсеңдету.

2.Өңірлік экономиканың технологиялық дамытудағы және өңірлік экономиканың салалық тепе-теңсіздігіндегі артта қалушылық салдарынан ішкі нарықтың импортқа тәуелсіздігін ұлғайту.

3.Қаржы-несие жүйесінің тұрақсыздығы күшінде құрылыс саласының тұралағанын сақтау.

4.Экономиканың шикізат бағдарын сақтау және тиісінше экспорттың шикізат бағдарын бекіту.

5.Туризм саласындағы инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі.

6.Шикізат базасының тозуы салдарынан елдің инвестициялық тартымдылығын жоғалту.

7.Негізгі капиталға инвестицияның төменгі капиталдарына байланысты, елді дамытудың қолда бар өнеркәсіптік-өндірістік әлеуетін жоғалту.

8.Әлемдік нарық конъюктурасының ықпалы.

В басымдығы.

1.Минералды-шикізат ресурстарын біріктіру және олардың заттық құрамын күрделендіру нәтижесінде кен өндіру көлемдерін қысқарту.

2. Жол шаруашылығын және көлікті дамытудың ағымдағы деңгейін сақтау кезінде бәсекелестік артықшылықтарды төмендету.

3.Инвестицияларды тартуға бағытталған қаражаттарды тиімсіз қолдануға байланысты мемлекеттік бюджеттің тікелей шығындары.

4. Қоршаған ортаға әсерін тигізетін қолда бар сынақтардың атмосфераға шығындылары

С басымдығы.

1.Көмір өндірудің тау-кен геологиялық және тау-кен техникалық жағдайларының нашарлауы.

2. Желілердің жоғары тозу деңгейінің сақталу кезінде халықтың өмір сүру сапасының және бизнесті жүргізу шарттарының нашарлауы.

3.Ауыл халқының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спортқызметтеріне бір қалыпты емес ену ауылдық аудандарда адамдық әлеуетінің деңгейін төмендетеді.

4.Ауылдық аумақтарды әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен жеткіліксіз қамтамасыз ету.

5.Индустриялық парк құрылысының аяқталу мерзімінің ұзаққа созылуына байланысты әртараптануды ұстау.




3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУ КӨРІНІСІ
Қарағанды облысы дәстүрлі экспорттық секторларда және көліктік-коммуникациялық пен энергетикалық кешеннің жаңғыртылған инфрақұрылымы бар (фармацевтика, құрылыс материалдары, АӨК) экономиканың басым салаларындағы инновациялық өндірістерде тікелей әртараптандыруды байланыстыратын серпінді өндіруші өнеркәсіп орталығы; экономикалық кеңістіктің оң серпінді сапасы және адамшылық әлеуетті дамыту шарттары бар өңір болады.
Негізгі индикаторлар:

Экономика:



  • Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, алдыңғы жылға қатысты %-бен, 2015 жылға - 104,0%;

  • Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі - 2015 жылы 101,5%;

  • Тау-кен өндірісі өнеркәсібі өнімін шығарудың және кеніштерді игерулердің НКИ - 2015 жылы 102,4%;

  • Өңдеуші өнеркәсіптің шығаратын өнімінің нақты көлем индексі - 2015 жылы 101,5%;

  • Энергияны көп қажететуді төмендету - ;

  • Электр энергиясын өндіруді ұлғайту - 2015 жылы 100,5%;

  • Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің НКИ - 2015 жылы 102,0 %;

  • ЖӨӨ құрылымында шағын және орта бизнес үлесін ұлғайту, 2015 жылы 20,8%;

  • Бөлшек сауданың нақты көлем индексі - 2015 жылы 106,4%;

  • Өнеркәсіпке негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі,2015 жылы 101,1%;

  • Инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі, 2015 жылы 9,5%;

  • Жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алуда жергілікті қамту үлесін 2015 жылы 66,2% ұлғайту;


Әлеуметтік сала:

  • Балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиелеумен қамту 2015 жылы 99%;

  • Типтік жастағы жастарды (14-24 жас) техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі 2015 жылы 19,7%;

  • Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2015 жылға қарай 68,5 жасқа дейін ұзарту;

  • Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы – 5,0%;

  • Күнкөрiс минимумынан төмен табысы бар халықтың үлесi 2015 жылы – 1,9%;

  • Арнауы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (оларды алуды қажет ететін тұлғалардың жалпы санында) 2015 жылы – 90%;

  • Әлеуметтік инфрақұрылымның паспортталған нысандарының жалпы санынан мүгедектер үшін енуге қамтылған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үлесі 2015 жылы – 15,0 %

  • Мәдениет саласының қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі (2009 жыл – 38%) 2013 жылға 75%, 2015 жылға 77% ;

  • Облыстың мемлекеттік тілді меңгерген халқының үлесі 2015 жылға қарай – 72 %;

  • Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың барлық жас топтарын қамтуды 2015 жылы – 0,9% ұлғайту;

  • Ішкі және кірмелі туризм үшін орналастыру орындарының санын 2015 жылы 167 бірлікке арттыру;

  • Ішкі және кірмелі туризм үшін жататын орын/тәулік беруді арттыру жолымен орналастыру орындарының толтыруын 2015 жылы 509 дейін төсек орын/тәулік арттыру;

  • Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара байланысын оң бағалайтын тұрғындар үлесін 2015 жылы 78% ұлғайту;

  • Жастарға қатысты мемлекеттік саясатпен халықтың қанағаттану деңгейі 14-29 жас аралығында2015 жылы 7,2%;

  • 15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі (NEET, ағылш. – Not in Education. Employment or training) 2015 жылы 6,0 %;

  • ЖКО қайтыс болғандардың деңгейін 2015 жылы -15,5 бірлікке төмендету (100 зардап шеккенге);

  • Отбасы-тұрмыстық қатынастар (10 мың. тұрғынға);

  • Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыстылықтың деңгейін 2015 жылы – 0,39 бірліккетөмендету (10 мың тұрғынға);

  • Қылмыстардың жалпы санынан, қылмыстарды жасаған кәмелеттік жасқа толмағандардың үлесін 2015 жылы 0,12% төмендету;

  • Рецидивті қылмыстылықтың деңгейін 2015 жылы 4,91 төмендету (10 мың халыққа);

  • Халықтың есірткіге тәуелді болу деңгейін төмендету, 2015 жылға 0,25 бірлік;

  • Тасқындармен су басуларға, өртерге қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі 2015 жылы -45%;


Инфрақұрылым:

  • Жергілікті телефон байланысының сандандыру деңгейін 100% жеткізу;

  • Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі алдыңғы жылға %, 2015 жылы– 107%;

  • Тұрғын үй ғимараттарды пайдалануға беру, жалпы алаңның ш.м. 2015ж. – 310 мың ш. м.;

  • Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылы 75% (2009ж. – 60%);

  • Жүк айналымы көлемі 2015 жылы – 9402 млн.тонна-км (2009ж. – 4588,4 млн.тонна-км);

  • Жолаушыларды тасымалдау айналымының көлемі 2015 жылы – 34672 млн.жолаушы-км (2009ж. – 13903 млн.жолаушы-км);

  • Халықты жылумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз ету деңгейін ұлғайту, 2015 жылға қарай 78%;

  • Орталықтандырылған сумен қамтуғарұқсаты бар халықтың үлесін 2015 жылға 67% ұлғайту;

  • Халықты субұру қызметімен қамтамасыз ету деңгейін 2015 жылы 55% ұлғайту.


Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары:

  • Дамудың жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендердің саны 2015жылы 53 бірлік;

  • Тіректі ауылдық елді мекендердің (агроқалашықтар) саны 2015 жылы 19 бірлік;

  • Зиянды заттардың жалпы шығарылуы жыл сайын 2015 жылға дейін 2 мың тонна шегінде төмендету;

  • Қатты тұрмыс қалдықтарының жалпы көлемінің ҚТҚ өңдеу үлесі 2015 жылы – 0,061%;

  • Қоршаған ортаға эмиссиясы үшін алынған жергілікті бюджеттің табыстарына экологиялық іс-шараларға бағытталған шығындардың арақатынасы 2015 жылы 3,4%;

  • Ормандарды және орман өсіру алаңы 2015 жылы 300 га;

  • Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңның ауыл шаруашылығы жерлерінің айналымына тартылған үлесті 2015 жылы 4,7% ұлғайту.


Мемлекеттік қызметтерді көрсету:

  • Халыққа әлеуметтік маңызды қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттандырылу деңгейі %;

  • Жергілікті атқарушы органдардың функцияларын (үдерістерін) автоматтандырудың орташа дәрежесі 2015 жылы 75%.

4. Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР мен нәтижеЛЕРДІң көрсеткіштері
1-бағыт «Экономика»

Өңірлік макроэкономика
Мақсаты: Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қолғабыс ету


п/п

Нысаналы индикаторлар/тікелей нәтижелердің көрсеткіштері ***

I кезең

II кезең

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

1

Нысаналы индикатор:

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, % алдыңғы жылға

106,4

101,2

103,2

103,8

104,0

1-міндет. Қосылған құнды тұрақты ұлғайту

1

Жалпы өңірлік өнімнің көлемі, млрд. теңге

2397,9

2459,0

2538,4

2735,1

2844,5

2-міндет. Тауарлар мен қызметтерге бағаларды өзгерту деңгейі

2

Кезең соңына инфляция деңгейі, %

8,2

7,0

7,4

6,8-8,0

6,0-8,0

3-міндет. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру

4

Номиналды (өлшемдері) ақшалай табыстардың өсу қарқыны

122,3

111,6

111,2

111,8

112,0


Қол жеткізу жолдары:

Жалпы өңірлік өнімнің өсіміне экономиканың барлық салаларында қалыптастырылған қосылған құнды тұрақты ұлғайту есебінен қолжеткізілетін болады.

Бұл міндеттерге жетістік Бірыңғай экономикалық кеңістіктің, өңіраралық кооперацияны Қазақстанның ішінде, сондай-ақ БЭК-тің шеңберінде дамыту және кеңейту шеңберінде жоспарланған.

Ақшалай-несиелік саясаттың шаралары экономикалық өсімді қолдауға мүмкіндік береді.



Инфляция деңгейін тежеу мақсатында апта сайын ауыл шаруашылығының жәрмеңкелерін өткізу, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың негізгі түрлеріне, ЖЖМ-ға, арнайы сауда орындарын ашу, негізгі өндірушілермен және өнім жеткізушілермен, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға және тамақ өнімдерін үздіксіз жеткізуге ең төменгі сауда үстемесі туралы сауда объектілерінің иелерімен жасалған меморандумдер бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
Өнеркәсіп
Мақсаты: Ұлттық және өңірлік экономикаларда бәсекеге қабілетті өндірістерде экономиканы жаңғырту және дамыту негізінде өнеркәсіптегі құрылымдық ілгерілеу




Нысаналы индикаторлар/Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері***

I-кезең

II-кезең

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1

Нысаналы индикаторлар:

Өнеркәсіптік өнімнің НКИ,%

102,8

97,6

102,1

102,0

101,5

2

Тау-кен өндірісі өнеркәсібінің өнімін шығарудың және кеніштерді игерулердің НКИ , %

102,8

110,7

122,2

102,7

102,4

3

Өңдеуші өнеркәсіп өнімін шығарудың НКИ, %

106,3

93,3

99,7

98,0

101,5

4

Энергияны көп қажет етуді төмендету, %

108,02

93,05

87,16

85,03

82,89




1-міндет. Өнеркәсіптің басым секторларын әртараптандырудың және бәсекеге қабілеттіліктің өсімін қамтамасыз ететіндерді дамыту

1.1

ЖАӨ -дегі өнеркәсіптің үлесі,%

49,4

50,2

47,0

48,1

48,9

1.2

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіп үлесі - %

79,6

78,6

64,7

63,6

64,9

1.3

Өнеркәсіп өнімінің көлемі млрд. теңге

1325,4

1336,1

1324,7

1461,7

1478,7




2-міндет. Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының азаймалы қуаттылықтарын толтыру

2.1

Металл кендерін өндірудің НКИ- %

91,8

138,5

123,1

120

117

2.2

Темір кендерін өндірудің НКИ- %

114,4

96,7

95,3

113,2

101,5

2.3

Түсті металдар кендерін өндірудің НКИ -%

89,7

145,4

126,3

108,8

101,2




3-міндет. Өнеркәсптегі құрылымдық ілгерілеуді қамтамасыз ету

3.1

ЖӨӨ -дегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі %

34,9

35,1

30,4

31,7

32,2

3.2

Өңдеуші өнеркәсіп өнімін шығару көлемі млн.теңге

1055249

1050692

953509,5

928624,4

989502,2

3.3

Өңдеуші өнеркәсіптегі өнімнің жалпы қосылған құнының ұлғаюы,%х

-

-

-

96,4

100,1

3.4

Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі, мың АҚШ долл./адамға.

85,5

118,9

94,0

93,0

102

3.5

Өңдеуші өнеркәсіп өнімі экспортының өсімі %

124,7

88,5

79,6

88,0

102,9

3.6

Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млн. теңге

2947,3

4866,7

4046,9

4082,0

4225,4

3.7

Тоқыма бұйымдарының өндiрiсi көлемі, млн.теңге

695

738,2

639,8

703,8

714,4

3.7.1

Киім өндірісінің көлемі, млн. теңге

2233

4 082,9

3 326,9

3 297,2

3 429,1

3.7.2

Былғары және оған жататын өнімдер өндірісінің көлемі, млн. теңге

19

45,6

80,2

80,9

81,9

3.8

Жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндірісінің НКИ - %

134,4

116,6

90,3

100,8

101,0

3.8.1

Тоқыма бұйымдарының өндiрiсiнің НКИ, %

132,9

105,7

103,9

103,0

102,0

3.8.2

Киім өндірісінің НКИ, %

134,8

118,3

77,9

87,0

100,2

3.8.3

Былғары және оған жататын өнімдер өндірісінің НКИ, %

134,8

өсім 3,7 есе

өсім 2,1есе

100,8

101,1

3.9

Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің өсімі, мың АҚШ долл./адамға

8,4

14,5

10,3

10,5

11,1

3.10

Химия өнеркәсібінің өндіріс көлемі, млн. теңге

18531

22775

21 158,1

19500

20000

3.11

Химия өнімдері өндірісінің НКИ, %

102,9

94,5

83,8

90,0

101,0

3.12

Химия саласындағы еңбек өнімділігінің өсімі, мың АҚШ долл./адамға

47,5

27,7

15

13,5

14

3.13

Химия өнімінің экспорт көлемі, мың АҚШ долл./адамға

28677,6

68152,6

52024,9

40000,0

41000,0

3.14

Резеңке және пластмассалық бұйымдар өндірісінің НКИ, %

103,7

97,9

90,5

70,0

102,4

3.15

Фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі, млн. теңге

549

585,3

535,6

541,0

542,0

3.16

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің НКИ, %

113,9

94,9

119,7

103,6

100,3

3.17

фармацевтика саласындағы еңбек өнімділігінің өсімі, мың АҚШ долл./адамға

21,1

21,6

18,4

18,5

18,9

3.18

Металл емес өзге минералдық өнімдер өндірісінің НКИ, %

112,4

127,3

123,7

110,4

107

3.19

2008 жылдың деңгейіне металл емес өзге минералдық өнімдер өндірісіндегі еңбек өнімділігінің өсімі, %

219,7

314,0

өсім 4,2есе

өсім 4,3есе

өсім 4,8есе

3.20

Металл емес өзге минералдық өнімдер өндірісінің экспорты, мың АҚШ долл.

1369,7

1790,8

3988,9

4600

5500

3.21

Металлургия саласының өндіріс көлемі, млн. теңге

834911,6

780582,4

681164,2

647865,4

781137,0

3.22

Металлургия өнеркәсібінің НКИ, %

103,8

90,9

94,5

90,0

93,7

3.23

Қара металлургия өнімі өндірісінің НКИ, %

108,0

83,3

101,4

120,2

102,0

3.24

Негізгі асыл және түсті металдар өндірісінің НКИ, %

99,1

96,3

88,9

73,5

100,0

3.25

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісінің НКИ, %

150,7

103,2

109,5

85

120

3.26

2008 жылдың деңгейіне металлургия саласындағы еңбек өнімділігінің өсімі, %

144

180

106

110

105

3.27

Машина жасау өнімдері өндірісінің НКИ, %

139,6

105,1

92,9

101,4

103

3.28

2008 жылдың деңгейіне машина жасау саласындағы еңбек өнімділігінің өсімі, %

132

197

189

205

215

Х- көрсеткіштер 2014 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар үшін көрсеткіштердің базалық тізбесіне енгізілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет