Әлеуметтік көмек
Облыста әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек халықтың әлеуметтік әлсіз тобына әлеуметтік қызметтердің кең спектрін: ақшалай төлемдер – бұл атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, азық-түлік себетінің құнынан аспайтын орташа жан басына шаққандағы табысымен аз қамтылған отбасылардан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар; мүгедектерге оңалтудың техникалық көмекші құралдарын және қызметтерді ұсыну, қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінен орын беру және т.б. көрсету түрінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік қорғау бағдарламаларын қаржыландыру мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қаражаттардың есебінен жүзеге асырылады.
2011 жылдан бастап 2013 жыл аралығында тіркелетін кедейлік деңгей 0,3 пайыздық тармаққа (0,7%-дан 0,4%-ға дейін) төмендеді.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының есебінде 1493 аз қамтылған отбасы (6044 адам) тұр, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 36,3%-ға аз (2011 жылы - 2345 отбасы, 8848 адам).
Аз қамтылған азаматтар санының төмендеуінің негізгі жолдары: еңбекке орналастыру, қамтудың белсенді шараларына тарту, кіші кредиттерді беру, халықтың жасырын табыстарын айқындау болып табылады.
Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру және қамтудың белсенді саясатын өткізу нәтижесінде, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2011 жылы 9908 адамнан 2013 жылы 6440 адамға дейін немесе 1,5 есеге төмендеді. Сонымен бірге, күнкөріс минимумының өлшемінен төмен табыстары бар халықтың үлесі 1,8 есеге кеміді (2011 жылы 3,5% 2013 жылы 2,0%-ға дейін). Жалпы 2013 жыл ішінде әлеуметтік жардемақыларды төлеуге 536,2 млн. теңге бюджеттік қаражаттар жіберілді.
Облыста 10 медициналық-әлеуметтік мекемелер жұмыс істейді (қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектер, 4 - психикалық-неврологиялық, 1 - психикалық-неврологиялық патологиясы бар мүгедек балалар үшін), 69 – жалғыз қалған қарттарға және мүгедектерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қызмет көрсету бойынша үйлерге баратын әлеуметтік көмек бөлімшелері, 3 – тұрғылықты жері белгісіз тұлғалар үшін әлеуметтік бейімделу орталығы. Психикалық-неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемеге зәру адамдардың саныңы ұлғайуына байланысты 2011 жылы «Қарағанды облысының Саран қ. Психикалық-неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемеге» КМК пайдалануға берілді. Сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізуге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлінуіне байланысты аудандар мен қалаларда үйге барып қызмет көрсететін әлеуметтік көмектің 5 бөлімшесі қосымша ашылған болатын.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарының бірі медицианлық, әлеуметтік және кәсіби оңалту қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Облысымыздың Қарқаралы қаласында бұрынғы аудандық аурухананың бос тұрған ғимаратының негізінде мүгедектерге арналған Оңалту орталығын құру бойынша жоба іске асырылуда. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының есебінде 55 мыңға жуық мүгедектер тіркелген.
Мүгедектерді әлеуметтік қолдауға 3 жыл ішінде облыстық бюджеттен 991,8 млн. теңге жұмсалды, оның ішінде әлеуметтік, кәсіби және медициналық оңалту бойынша іс-шараларды өткізуге 2011 жылы – 271,8 млн. теңге, 2012 жылы – 327,5 млн. теңге, 2013 жылы – 392,5 млн. теңге жұмсалды.
Облыста қолжетімді ортаны қамтамасыз етуге, өміршең қызметтерді қалпына келтіру үшін қажетті шарттарды құруға бағытталған Мүгедектердің өмір сапасын қамтамасыз ету және жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
Облыстың өңірлерінде мүгедектер ісі жөніндегі кеңестер, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасынан әкімнің қоғамдық кеңесі институты, мүгедектердің қоғамдық ұйымдары өкілдерін тарта отырып, паспорттауды өткізу үшін арнайы жұмыс топтары құрылған, әлеуметтік маңызы бар нысандарды паспорттау өткізілуде.
Халықты әлеуметтік қолдау саласындағы негізгі проблемалардың бірі жасы 18-ден асқан мүгедектерге арналған оңалту мекемелерінің болмауы болып табылады. Осы мәселені шешу үшін Қарқаралы қаласында бұрынғы аудандық аурухананың бос тұрған ғимаратының негізінде «Қарағанды облысының мүгедектеріне арналған оңалту орталығы» ҚММ құрылды. Бүгінгі күні ЖСҚ әзірленді және жөндеу жұмыстары жалғастырылуда.
Халықтың өмір сүру деңгейі
Облыста 2011-2013 жылдары барлық қалалар мен аудандарда бір адамға ортаайлық еңбекақыны төлеу 26,7%-ға өсті және 98 750 теңгені құрады. Барлық ауылдық аудандар мен Балқаш, Приозерск, Саран, Шахтинск қалаларында еңбекақыны төлеу мөлшері орташа облыстық мөлшерден төмен екенін атап өту қажет.
Денсаулық сақтау
Облыс аумағында 2014 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша 125 дербес медициналық ұйымдар жұмыс істейді, олардың 34 жеке және ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, 84-мемлекеттік ұйымдар. Тұрғындарға стационарлық медициналық көмекті 92 ауруханалық медициналық ұйымдар көрсетеді (8616 төсек, оның ішінде 8060 - мемлекеттік меншік түріндегі клиникаларда және 556- жекеменшік клиникаларда).
Жыл сайын тәулік бойы стационарлардың тиімсіз жұмыс істейтін төсектерін қысқарту және қайта бейіндеу жүргізілді. Тәулік бойғы стационарларды төсектермен қамтамасыз ету сәйкесінше (10 000 халыққа шаққанда) 2011 жылы 68,7-ден 2012 жылы 58,9-ге дейін азайды. Бұнымен қоса, амбулаторлық-емханалық ұйымдар жанындағы күндізгі стационарлар төсектерін жоспарлы кеңейту 1 000 тұрғынға 10,3 бастап (2011 ж.) 10,9 дейін (2013 ж.) жалғастырылды.
Соңғы жылдары (2011-2013) облыста 1 000 тұрғынға шаққанда негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің – (2011 ж) 17,40 –тан (2013 ж.) 18,08-ге дейін туу деңгейінің жоғарылауы, (2012 ж.) 11,27 –ден (2013 ж) 10,62дейін жалпы өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтануы, (2011 ж.) 6,73 –тен (2013 ж.) 7,01-ға дейін тұрғындардың табиғи өсімі коэффициентінің ұлғаюы жақсарғаны байқалды.
Алайда, ана мен баланың денсаулық деңгейінің жеткіліксіздігі, әлеуметтік елеулі аурулардың таралуы және тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен жетімсіз қамтамасыз ету, тұтастай алғанда, тұрғындар денсаулығының төмен деңгейін айқындайды.
Соңғы 3 жылда облыс тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы тұрақтанды, 2013 жылы 67,9 жасты құрады. Азаматтардың денсаулығына, олардың өмір сүру ұзақтығына әлеуметтік елеулі аурулар, жарақаттанулар мен уланулар, олардан болған өлім-жітімдер нақты әсерін тигізеді.
Қанайналым жүйесі аурулары (одан әрі - ҚЖА) мен одан болған өлім-жітімді төмендету мақсатында ауруларынан болған аталған ауру түрлерін ерте анықтауға профилактикалық тексерулер жүргізіледі. Облыста қазіргі заманғы жабдықпен жасақталған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) шеңберінде қызмет көрсетуді жүзеге асыратын облыстық кардиохирургия орталығы бар. ҚЖА сырқаттанғандарды амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдіктегі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жүргізіледі. Қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде 3 жыл ішінде ҚЖА-дан болған өлім-жітімді 100 мың халыққа шаққанда 2011 жылғы 459,4-тен 2013 жылы 311,3-ке төмендетуге қол жетті.
Ерте диагностиканы, сондай-ақ емдеу-профилактикалық жұмыстар мен эпидемияға қарсы шаралар сапасын жақсарту нәтижесінде туберкулезден болған өлім-жітім 100 мың халыққа шаққанда 2011 жылғы 12,6-дан 2013 жылғы 9,8-ге дейін азайды. Туберкулезбен сырқаттану 78,8-дан 2012 жылғы 74,7-ге дейін төмендеу тенденциясына ие болды. Сырқаттарға кезең-кезеңмен фтизиатриялық көмек көрсету жүйесін қалыптастыру жалғастырылуда, хоспистер, мәжбүрлеп емдеу бөлімшелері құрылды, балалардың туберкулезге қарсы шипажайлары жұмыс істей бастады. Туберкулезбен сырқаттану деңгейін қолдайтын негізгі факторлар халықтың көшіп-қонуы және облыста қылмыстық-атқару жүйесінің 10 пенитенциарлық мекемесінің болуы болып табылады.
Жазатайым жағдайлардан, жарақаттанулар мен уланулардан болған өлім-жітім деңгейі жоғары болып қалуда. Жарақаттанудың жоғарғы деңгейде сақталуының себебі облыс аумағындағы дамыған автокөлік жолдары желісі (оның ішінде республикалық мәні бар), автокөлік бірліктері санының айтарлықтай ұлғаюы, сондай-ақ өнеркәсіп өндірістері дамуының жоғары деңгейі болып табылады. Жазатайым жағдайлардан, жарақаттанулар мен уланулардан болған өлім-жітім көрсеткішінің 100 мың халыққа 2012 жылғы 98,1-тен 2013 жылғы 97,2-ге дейін төмендеу тенденциясы байқалады.
Соңғы жылдар ішінде нәрестелер шетінеуі көрсеткіші тұрақты болып қалуда, осылайша 2010 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 13,9-тен 2013 жылы - 11,2-ні құрады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 1 ана өліміне жол берілді, көрсеткіш 100 мың тірі туғандарға шаққанда 4,1-ді құрады. Соңғы жылдары облыста ана мен бала өлімін азайту жөніндегі «Тиімді перинаталдық технологиялар», «Балалар ауруларын кіріктіре жүргізу», «Қауіпсіз жүктілікті қамтасыз ету» Халықаралық бағдарламалары енгізілді. Аталған бағдарламалардың енгізілуіне байланысты ана мен бала өлім – жітімі көрсеткішіне қатысты оң тенденциялар байқалуда. Ұрықтың даму ақауын ерте анықтауға генетикалық және ультрадыбыстық скрининг жүргізу бағдарламасы табысты іске асырылуда.
АИТВ – инфекциясының таралу деңгейі бойынша облыс республикада бірден бір басты орындарға ие. 15 пен 49 жас тобындағы АИТВ - инфекциясының таралуы 2013 жылы 0,035 құрады (2012 жылы – 0,037). 15 пен 49 жас тобындағы аздаған таралу Бұқар жырау, Осакаров аудандарында байқалады. АИТВ-ЖИТС эпидемиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде инфекция ошағын оқшаулап, оның әрі қарай таралуына жол берілмеді.
Халықтың салматты өмір салты принциптерін қалыптастыру мақсатында «2008-2016 жылдарға арналған саламатты өмір салты» салалық бағдарламасы шеңберінде шаралар жүзеге асырылады. Жыл сайын саламатты өмір салтын насихаттау бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерді беруге қатысатын үкіметтік емес ұйымдар саны өсіп келеді.
Қауіптің тәртіптік факторларының таралу деректері бойынша 2013 жылы: темекі шегу - 22,5% (2012 ж. – 22,9%), ішімдік қолдану - 22,0% (2012 ж.– 23,9%). Дененің артық салмағынан зардап шеккендер үлесі 2013 жылы 30,0% құрады (2012 жылы – 30,0%).
Қарағанды облысының денсаулық сақтау саласында 2014 жылдың 1 қаңтарында 15 мың медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Халыққа медициналық көмекті 4 723 дәрігер, 10 138 орта медициналық қызметкер көрсетеді. Медицина кадрларының жетіспеушілігі проблемасы бар, әсіресе облыстың қалалары мен шағын аудандарында бұл проблема өзекті болып қалып отыр. Облыста 10 мың халыққа шаққанда дәрігер мамандармен қамтамасыз ету деңгейі 2013 жылы 33,9 (2012 ж. – 34,5) құрады. Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету 2013 жылы 74,0-ті (2010 ж. – 74,3) құрады. Бұдан әрі жыл сайын дәрігер мамандар тапшылығын 15-40 маманға азайту жоспарланды, оның ішінде ауылда – 10-12-ге. Сондай-ақ шетелде оқыту есебінен аса қажет мамандықтар бойынша мамандарға тапшылықты азайту жоспарланды (оқуға жолданғандардың жалпы санының 5-тен 15% дейін).
Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық процестер мен ағымдағы жағдайды талдау негізінде, денсаулық сақтау секторы үшін негізгі маңызды проблемалар анықталды:
- әлеуеуметтік – елеулі аурулардың таралуы және олардан болған өлім-жітімнің жоғары болуы.
-дәрігер мамандармен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі (әсіресе ауылдық елді мекендерде).
Білім беру
Мектепке дейінгі білім беру
Қарағанды облысында 2011 жыл мен 2013 жыл аралығында балабақша саны 6 бірлікке көбейіп, 192-ды құрады (2011 ж.-186), оның ішінде 144 мемлекеттік (2011ж.-137), 312 (2011ж.-312) шағын орталық жұмыс атқарды. Облыстағы мектепке дейінгі білім берумен қамту мәселесі құрылыс, білім ұйымдарын кеңейту мен қайта салу есебінен шешілуде. Балабақшалар жүйесін қалпына келтіру, шағын орталықтар ашу 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткішін 2011 жылмен салыстырғанда 97,1%-дан 2013 жылы 98%-ға дейін арттыруға септігін тигізді.
2013 жылы мектепке дейінгі балалардың саны 58 270 балаға дейін (2010 жылы – 39 635, 2011 жылы – 56 832 бала)артып келеді.
Мектепке дейінгі мекемелерге көп кезек Қарағанды, Теміртау қалаларында халықтың туылу көрсеткішінің жоғарлауынан орташа 2,6%-ға жоғары.
Мектепке дейінгі мекемелерде 4014 педагогтар қызмет етуде (2011 жылы - 4536).
Облыста жоғарғы және бірінші санаттағы педагогтардың үлесінің өсу тенденциясы 2011 жылы 25,2%-дан 2013 жылы 33,6%-ға дейін белгіленді.
Орта білім беру
2013 жылы облыста 171 708 бала санымен 539 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді (2011ж. - 564 мектеп, 171 856 бала). Үш жылда облыста күндізгі жалпы білім беретін мектептің жалпы саны 25 бірлікке азайды. Мектеп санының қысқаруының негізгі себебі облыс бойынша ауылдық аудандардағы ауылдық жергілікті тұрғындардың қалаға көшуі, сонымен қатар бала туу деңгейінің төмендеуіне байланысты аз қамтылған бастауыш мектептердің жабылуы болып табылады.
Талдау кезеңіндегі мектептердің жалпы санынан 47,5% шағын жинақты болып табылады (2011 жылы –338, 2012 ж- 334 мектеп). Облыста коррекциялық білім беру мекемелерінің желісі қарқынды дамуда, 2013 жылы бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша 10 арнайы түзету мектеп-интернаттары жұмыс істейді. Ерекше сұраныстары бар балаларға білім берудің барлық қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында кешенді жүйе жұмыс істеуде, мүгедек балаларға балабақшадан жалпы орта білімге дейінгі сапалы білім алуға мүмкіндік береді. 2 психология-медико-педагогикалық кеңес, «Үміт» дамуында қиындықтары бар балаларға арналған реабилитациялық орталығы және психолого-педагогикалық коррекция кабинеті жұмыс жасайды.
2013 жылы облыс мектептеріндегі мұғалімдер саны 18 992 адамды құрайды, 2011 жылмен салыстырғанда 169 адамға кем. Жоғары және бірінші біліктілік санаттылары – 52,3% (2011 ж. – 51,3%).
Облыстың барлық мектептері педагогикалық кадрлармен толығымен қамтамасыз етілген.
Облыста оқушы орнының тапшылығы мен үшауысымдылық мәселесі толықтай шешілген. Күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі облыстың барлық аймағында сақталып келе жатыр. Күрделі жөндеуді мектептің 45% қажет етіп отыр.
Мектептердің материалдық-техникалық қамтамасыз ету қазіргі заманға толық сәйкес келмей жатыр: 71%-типтік, 29% - бейімделген ғимараттарда, 3 мектеп апатты ғимараттарда орналасқан.
2011 жылдың аяғында облыс бойынша компьютерлік техниканың 15%-ы жаңартуды қажет етті, 2013 жылға аталған көрсеткіш –9,8%-ды құрайды.
2013 жылы 464 мектеп (86%) кең көлемді Интернет жүйесіне қосылған, «Білімал. Электронды балабақша. Электронды мектеп. Электронды кәсіптік лицей. Электронды колледж» біріңғай телекоммуникациялық желісін орнату және білімдік портал қондыру жұмыстары жүріп жатыр. Білім беру үрдісінде интерактивті технологияларды кеңінен қолдану үшін қолданатын сабақтың бір түрі - on-line сабақтар. Облыстың білім ұйымдары әрдайым осындай сабақтардың қатысушылары болып отырады. Қазақ және орыс тілдеріндегі электронды оқулықтары пайдаланылады. 2013 жылы облыста «e-learning» жобасы енгізілген білім беру ұйымының саны 87-ге артты.
Үш жылда жаңа үлгідегі пән кабинеттерімен қамтамасыз ету 11,1%-ға өсіп, 52,5% -ды құрады (2011 ж-41,4%).
Облыста білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.
Облыс мектептерінің 456-ында (84%) 143 547 бала үшін ыстық тамақтану ұйымдастырылған, бұл барлық оқушының 83,6% құрап отыр. Тегін тамақпен 17% оқушы қамтылған. Жағдайы төмен отбасыларының барлық балалары тегін тамақтанумен қамтамасыз етілген (17 043 бала).
Сонымен қатар, Приозерск (1-4 сыныптар), Сәтбаев (1 сынып) қалалары мен Жаңаарқа (1-2 сыныптар), Ұлытау (1-4 сыныптар) аудандарында жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржыға бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуде.
84 елді мекендердетұратын мектеп жасындағы 1600 баладан 900 бала үшін күн сайынғы тасымалдау ұйымдастырылған, 700-і апта сайынғы тасымалдаумен интернатта тұрады.
2013 жылы облыста жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бала саны – 4198, оның ішінде білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері – 1482. 2450 бала (2011ж. – 2983 бала) қамқорлықта және қамқоршылықта, 27 бала (2011ж. -54) Қазақстан азаматтарының отбасыларындағы патронатты тәрбиеде, 1721 (2011ж. -1555) білім беру, денсаулық сақтау жүйесінің және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің (2011 ж.-26) 27 мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленуде. Интернат мекемелеріндегі балалар саны 2011-2013 жылдарда 5 балаға азайды.
2013 жылы «Қолдау» жобасы қызметін жалғастыруда, аталмыш жобаның шеңберінде отбасына 174 бала берілді (58 бала асырап алынды, 43 бала отбасына қайтарылды, 71 бала қамқорлыққа алынды).
Техникалық және кәсіптік білім беру
Облыста 78 колледжі (2011 ж-89 бірлік) жұмыс істеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 2011 жылмен салыстырғанда 11-ге кеміді.
2011 жылдан 2013 жыл аралығында 11 колледж жабылды: 2 мемлекеттік мекеме қосу арқылы қайта құрылды, 2 филиал ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС 1 кәсіптік лицейі мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауына байланысты, 3 жеке меншік колледж - лицензиялық талаптарға сәйкес болмауынан, ЖОО жанындағы 3 колледж мемлекеттік университеттердің жеке меншік формасының өзгеруіне байланысты.
2013 жылы дайындық 86 мамандық бойынша жүргізілуде (2011 ж.-84).
2013 жылы облыста 17 технкалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 27 мамандық бойынша дуалды технология бойынша оқыту енгізілді.
Осы білім беру мекемелерінде 40% теоретикалық және 60% практикалық сағаты бойынша оқу бағдарламалары әзіреленген, практикалық оқыту жүргізу үшін облыс кәсіпорындарымен олардың базасын қолдану бойынша келісім шарттар қабылданған. Кадрларды техникалық және қызмет көрсетуші еңбекке даярлау мақсатында облыста ынтымақтастық жөнінде меморандумдар мен келісімдер жасалды.
Техникалық және кәсіптік білім беру орындарындағы оқушылардың жалпы саны 51 514 құрайды (2011ж. -56730). 2011 жылмен салыстырғанда білім алушылардың жалпы контингенті 5216 адамға азайды, оның ішінде мемлекеттік колледждерде 1428 адамға 34976-дан 33548 студенттерге дейін. Білім алушылар санының төмендеуі 90-жылдардағы туылудың азаюымен және оқушылардың қабылдауы жүргізілмеген колледждердің жабылуымен байланысты.
Инженерлік – педагогикалық жұмыскерлердің контингенті 4209 (2011жылы -3886) мұғалімнен тұрады, оның ішінде 1117 - жоғары, 816 - бірінші, 944 - екінші санатты, 537 өндірістік оқыту мамандары, оның ішінде 66 жоғары, 59 - бірінші, 139 - екінші санатты.
2013 жылы күндізгі бөлім түлектерінің саны 11 216 адамды құрады, 8672 колледж түлегі жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 4979 түлек мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алғандар.
Білім беру саласында талдау басты проблемаларды көрсетті:
- қалалардағы балалар кезектілігі;
- білікті кадрлар тапшылығы;
- оқушылар санының халықтың көшіп-қонуымен байланысты азаюы;
- балалардың құқығын қорғау бойынша білікті мамандардың жетпіспеушілігі;
- ТжКБ ғимараттарының ескіруі.
Спорт
2011 жылы облыста 46 спорт мекемесі жұмыс істеді, соның ішінде 40 БЖСМ, Ә.Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, «Олимпиада резервін даярлау орталығы» КМҚК, Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, 3 клуб – «Шахтер» ФК» АҚ, «Сарыарқа» ХК» ЖШС, «Карағанды» ВК» ЖШС. 2011 жылы басқарма ведомствосына «Тұлпар» ШФК ЖШС дене шынықтыру және спорт клубына, ал 2012 жылы «Арыстан» ХК ҚФ қосылды. 2013 жылдың соңында облыста 48 спорт мекемелері жұмыс істеді, соның ішінде 40 БЖСМ, Ә.Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, «Олимпиада резервін даярлау орталығы» КМҚК, Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, 5 клуб - «Шахтер» ФК» АҚ, «Сарыарқа» ХК» ЖШС, «Карағанды» ВК» ЖШС, «Тұлпар» ШФК ЖШС, «Арыстан» ХК ҚФ.
2011 жылдың қорытындылары бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың саны 372 864 адамды құрады (тұрғындардың жалпы санынан 27,5 %), 2012 жылы -900 адамға өсуімен 373 764 адам (27,7%), 2013 жылы – 380 205 адам (27,9%), өсім 6 441 адамды құрайды).
Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатындарды қамту бойынша оңтайлы нәтижелері барлық жастағыхалықты тартумен өткізілетін спорттық-бұқаралық ісшаралар, сонымен қатар жаңа спорт ғимараттарының құрылысы мен спорт секцияларын ашу есебіненкөрсетілген.
Облыста 2011 жылы спорт ғимараттарының саны алдынғы жылмен салыстырғанда 72 бірлікке артып, 2605 бірлікті құрады (оның ішінде 926 бірлігі - ауылдық мекендерде), 2012 жылы – 42 бірлікке өсіп 2647 бірлікті құрады (1011 – ауылдық мекендерде), 2013 жылы - 52 бірлікке өсіп, спорттық ғимараттардың саны 2 699 бірлікті құрады (1024 - ауылдық мекендерде). Қолданыстағы спорт ғимараттары санының өсімі көпфункционалды хоккей корттары, жасанды жабылулармен спорт алаңдарын орнату есебінен байқалады.
2012 жылы республикалық бюджет есебінен Жұмыспен қамту – 2020 Бағдарламасы бойынша Осакаров ауданының Осакаров к. стадионында жөндеу жұмыстары жүргізілген (26,2 млн. теңге). Шет ауданы Ағадыр к. БЖСМ шағын стадионына (25 млн. теңге), Қарағанды қ. жүзуден ОСМ жүзу бассейніне (9,3 млн.теңге), облыстық бюджет есебінен Қарағанды қ. жеңіл атлетикалық манежіне (180,5 млн.теңге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2011 жылы спорт секцияларының саны 1376 дейін ұлғайды, онда айналысатындар саны 34 422 адамды құрады, 2012 жылы - 2032 секцияның айналысатындар саны 78 808 адамды құрайды, 2013 жылы – 2275 секцияның 78312 адамды тартумен. Жаңа спорт ғимараттарын ашу жаңа секцияларды ашуға және спорт секцияларында айналысатын адамдардың жалпы санын тартуға алып келді.
2011 - 2013 жылдар аралығында облыста спорттың таратылатын түрлерінің өсімі байқалды. 2011 жылы облыста спорттың 65 түрі таратылған болса, оның ішінде 27-олимпиадалық спорт түрлері, ал 2012 жылы спорттың 75 түрі (соның ішінде 34 - олимпиадалық), 2013 жылы – спорттың 75 түрі (37 олимпиадалық).
Спортшылардың біліктілігін арттырудың жоспарланған сапалы көрсеткіштеріне қол жеткізілген. Спорт шеберлерінің жалпы санынан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің үлесін өсурі үрдісі 2011 жылы 16,5%, 2012 жылы - 17 %, 2013 жылы -17,5%-ға дейін көрсетілген.
2011 жылы «ҚР спорт шебері» спорт атағы облыстың 103 спортшыларына, 2012 жылы – 117 спортшыларға, 2013 жылы -118 спортшыларға берілді. Жоспарланған тапсырмалар орындалған, берілген атақ сандарының өзгеруі әрбір 4 жыл сайын олимпиада ойындарының өткізілуімен (қысқы және жазғы ойындардың арасы 2 жыл) және сәйкесінше олимпиада ойындарға дайындық мақсатында осы аралықтағы өткізілетін республикалық және халықаралық жарыстардың өсіміменбайланысты.
ҚР ұлттық құрамасына 925 спортшылары кірді (381 – негізгі құрам, 275 – жастар, 269 - жасөспірімдер), 2012 жылы - 1006 спортшылар (оның ішінде 374 – негізгі құрам, 319 – жастар, 313 - жасөспірімдер), 2013 жылы 986 спортшылар (325 – негізгі құрам, 294 – жастар, 367 - жасөспірімдер).
2011 жылы әр түрлі деңгейдегі 641 жарыстар өткізілген, оның ішінде 84 облыстық, 382 республикалық, 175 халықаралық. Жарыстарға 20 877 адам қатысқан, 6666 медаль иеленді, соның ішінде: 1 орын – 2427, 2 орын - 2024, 3 орын-2215.
2012 жылы әр түрлі деңгейдегі - 739 жарыстар өткізілген, оның ішінде 105 облыстық, 413 республикалық, 221 халықаралық. Жарыстарға 40894 адам қатысқан, 6298 медаль иеленді, соның ішінде: 1 орын – 2175, 2 орын - 1966, 3 орын-2157.
2013 жылы әр түрлі деңгейдегі 617 жарыстар өткізілген, оның ішінде 98 облыстық, 358 республикалық, 161 халықаралық. Жарыстарға 51 мыңнан аса спортшылар қатысқан, 6924 медаль иеленді, соның ішінде: 1 орын – 2268, 2 орын - 2130, 3 орын-2526.
2012 жылғы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында (Лондон қ.). ҚР ұлттық қоманда құрамында спорттың 4 түрінен 11 қарағандылық спортшы қатысқан. Бір алтын медаль иеленді.
Спорттың дамуын талдау спорт саласындағы бірқатар мәселелерді анықтады:
- халықаралық деңгейдегі ресми жарыстарда жоғарғы спорт нәтижелерін көрсететін спортшы және жаттықтырушы-оқытушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету бойынша нормативтік актілердің жетілмегендігі аталған сектордан кадрлардың азаюына әкеліп соғады және аталған бағытта жоғарғы біліктілікті мамандардың төменгі қызығушылығы байқалады;
- спорт ұйымарының және спорттық инфрақұрылымның (спорт базасы, спорттық ғимараттар) материалдық-техникалық жабдықталуының (спорттық құрал-жабдықтар) жетіспеушілік деңгейі.
- қазіргі уақытқа дейін салалық спорт клубтарын құру мәселелері шешілмеуде. Сонымен қатар тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға белсенді қатыспау мәселесі өзекті болып қалуда;
- қазіргі заманғы талаптарға сай келмейтін спорттың ғылыми базасының болмауы;
- білікті мамандардың жетіспеушілігі (ауылдық мекендерде спорттан әдіскерлердің, спорт ғимараттарының техникалық пайдалану мамандарының болмауы);
- Қарағанды қ. өзгеоблыстың қалалары мен аудандарындажеке дене шынықтыру және спорт бөлімдері жоқ.
Мәдениет
Саланың инфрақұрылымы. Облыстың мәдениет ұйымдарының желісі 2014 жылғы 1 қаңтардың жағдайы бойынша 649 нысанды құрайды, оның ішінде 332 кітапхана, 19 мұражай, 5 театр, 2 концерттік ұйым, 257 Мәдениет үйлері мен клубтар, 21 бейнемобиль, 7 мәдениет және демалыс саябақтары, зообақ, көрме залдары, кинотаетр, кинобейнепрокат, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция. Соңғы үш жылда жалпы облыс бойынша мәдениет нысандарының саны 5 бірлікке ұлғайды.
Мәдениет ұйымдарының қызмет көрсетуі. Үш жыл ішінде театрға келушілердің саны 11,2% ұлғайды, концерттік ұйымдардың көрермендері 3,9% ұлғайды, мұражайға келушілердің саны 7% ұлғайды.
2011-2013 жылдарға 7,8 мың спектакль мен концерттер өтті, 100 мың іс-шаралар, 25 археологиялық зерттеу, 34 тарих және мәдениет ескерткіштеріне жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыс мұражайларында 201-2013 жылдарға 31,6 мыңдай экскурсия, 1971 көрме, 3,5 мыңнан астам лекция жүргізілді, 26,4 мыңнан астам экспонатқа қол жеткізілді және 1806 жаңартудан өткізілді. Облыс кітапханаларының кітап қоры 6,7 мыңнан астам кітап данасынан тұрады, оның ішінде мемлекеттік тілде 1,8 мың дана.
Мәдени іс-шаралар өткізу. Облыстың мәдени өмірі әртүрлі байқаулар мен фестивальдарға толы. Көпшілік мәдени ойын-сауық бағдарламаларын өткізу дәстүрге айналды, жұрттың бос уақытын қызықты өткізіп қана қоймай, сонымен қатар жас өнерпаздарды жарыққа шығару және жұмыстың жаңа формаларын табу болып табылады. Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау жолына көп көңіл бөлінеді. Тәттімбет, Ж.Елебеков, Жас Қанат, Сарыарқа өнерпаздары атты байқаулар өте танымал. Жерлестеріміздің құрметіне шығармашылық кештер, байқаулар өткізу дәстүрге айналды.
2011 жылы әлеуметтік-маңызды мәдени іс-шаралары өткізілді: хор ұжымдарының «Ардагерлер ән салады» фестивалі, «Жаңа есімдер» балалар шығармашылығы фестивалі, «Кинолэнд» балалар кино фестивалі, «Кино және достар шығармашылығы» ұлттық мәдени кинофестивалі, «Ниет шығармашылығы» мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың санаттарына арналған фестиваль, күлкі және сатира фестивалі, жас орындаушылар және «Жас қанат» жетекші шоу-бағдарламасының шығармашылық жобасы, Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына және Астана қаласында Қарағанды облысының күндеріне арналған іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік мерекелерге әлеуметтік-маңызыды іс-шаралар, әр түрлі концерттік бағдарламалар, шығармашылық кештері.
2012 жылы К.Байсейітова мен Ж.Бектұровтың 100жылдығына арналған іс-шаралар; «Қош келдің, әз Наурыз» атты театрландырылған мерекелер; хор ұжымдарының «Ардагерлер ән салады» атты облыстық байқауы; облыс әкімінің және басқа да марапаттаулардың рәсімдері өткізілді. Сонымен бірге, мемлекеттік мерекелерге, меретойларға, шығармашылық кештер мен мәдениет және өнер қайраткерлерін еске алу кештері өтеді.
2013 жылы Қазақстанның халық суретшісі А.Исмаиловтың 100 жылдығына, Ф.Карибжановтың 100 жылдығына арналған іс шаралары және Қызылорда облысында Қарағанды облысының Мәдениет күндері өткізілді, сонымен бірге, фестивалдер, конкурстар, әлеуметтік-маңызы бар іс шаралар мемлекеттік мерекелерге, әр түрлі концерттік бағдарламалар, шығармашылық кештері.
Саланың өзекті мәселелері мыналар: тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау және жаңарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша жұмыс көлемі жетіспейді (мемлекеттің қорғауындағы жергілікті 1538 тарих және мәдениет ескерткіштерінің 48 ескерткіші ғана жаңартылған); мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қажеттіліктер сақталуда, әсіресе ауылда (79% нысан бейімделген ғимаратта, жалпы көлемнің 36% нысаны жөндеу жұмыстарымен қамтылмаған); театр-ойын-сауық ұйымдарын кадрмен қамтамсыз ету мәселесі қалады, мамандардың мамандандырылған кадры жетіспейді, әсіресе ауылдық жерлерде (кадр жетіспеушілігі 15% құрайды), жалақы төмен, саланың жеке қызметкерлерінің зейнетке шығуы тәртіпке сай емес, мамандық лауазымын көтеруге жағдай жасалмаған.
Мұрағат ісі
Қарағанды облысында 21 мемлекеттік мұрағат қызмет атқарады: филиалымен 2 облыстық, 18 қалалық және аудандық мұрағат. Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаттарында сақтауда тұрған Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 52 мың сақтау бірлігіне артты және 01.01.2014 ж. жағдай бойынша 2560 мың сақтау бірлігін құрады. Жыл сайын 40 мыңнан аса жеке және заңды тұлғалар мұрағаттық анықтамалар беру бойынша мемлекеттік қызметті тұтыну үшін мемлекеттік мұрағаттарға өтініш білдіреді. Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері облыстағы 1161 ұйымның ведомстволық мұрағаттары болып табылады, оның 260-ы мемлекеттік емес меншік түрінде. Ведомстволарда сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қоры басқарушылық құжаттамасының көлемі 400 мыңға жуық сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде мемлекеттік емес меншік түріндегі ұйымдарда 60 мың сақтау бірлігі. Бұл құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылдауды күтіп тұр. Ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі облыстық мұрағаттың алаңы кеңеюіне байланысты ғылыми-техникалық құжаттаманы мемлекеттік сақтауға қабылдау деңгейі артып отыр.
Мұрағат саласындағы негізгі мәселе ретінде келесілерді айтуға болады. Ақпараттық технологиялар ғасыры болса да қағаздық негіздегі құжаттама көлемі азаяр емес. Мұрағат қоймаларының мемлекеттік сақтауға тиесілі құжаттарды орналастыруға мүмкіндігі жоқ, жаңа заманауи мұрағат құрылысы қажет етіледі. Ақпараттық технологияларды қолдану саласында мұрағат қызметін жаңашаландыру баяу қарқынмен жүргізілуде. Жаңашаландыру үдерісі ойдағыдай іске асса қажетті ақпаратты іздестіру және жұртшылыққа ұсыну жұмыстары айтарлықтай жанданар еді. Маңызды мәселенің бірі жабылып қалған заңды тұлғалар құжаттарының сақталуын қамтамасыз етудің қанағаттанарлықсыз болуы. Осының салдарынан азаматтар зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін атқарған еңбегі жөнінде мәлімет алуға заңды құқығын жүзеге асыра алмайды.
Ішкі саясат
Облыста 8 саяси партия филиалы, 74 этномәдени бірлестік, 830 ҮЕҰ және 26 кәсіподақ ұйымы (олардың 17-сі Қарағанды облысының кәсіподақтар федерациясына кіреді), 186 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді.
Мүдделі құрылымдармен бірлесе отырып, жер-жердегі қоғамдық-саяси ахуал, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және алдын алу бойынша мониторинг жүргізу жүйесі жолға қойылған.
Қоғамдық-саяси, этносаралық ахуалды зерттеу, тұрғындардың мемлекет жүргізіп отырған саясатқа, мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасын, мемлекеттік саясаттың басым бағыттары туралы білу деңгейін, саяси күштердің орналасуын анықтау мақсатында жыл сайын 15 мыңнан астам адамды қамтыған 20-ға жуық әлеуметтік зерттеу жүргізіледі.
Сонымен қатар, тұрақты негізде елді дамытудың басты бағыттарын, стратегиялық бағдарламалық құжаттарды түсіндіруге бағытталған ақпараттық-насихаттау іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіледі. Социологиялық мәліметтерге сәйкес халықтың бағдарламалық құжаттар мен мемлекеттік саясатты дамытудың негізгі бағыттары туралы хабардарлығы – 86 %-дан асады.
Халыққа патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік рәміздерді насихаттап, оларды жаңа стандарттарға сай айырбастау бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыру саласындағы белсенді серіктес азаматтық сектор болып табылады. Күнделікті тәжірибе нәтижесінде ҮЕҰ заң жобаларын әзірлеуге, бағдарламаларды жүзеге асыруға, елді дамытудың маңызды мәселелері бойынша қоғамдық тыңдалымдар өткізуге кеңінен тартылды. Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығын дамыту үшін әр түрлі «диалог алаңдары» пайдаланылады, олардың арасында мемлекет пен ҮЕҰ серіктестігінің басымдықтарын анықтайтын ҮЕҰ-ның облыстық форумы дәстүрлі болып табылады.
2013 жылы облыстың үкіметтік емес ұйымдары Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша 13 жобаны жүзеге асыруда. «Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы ассоциациясы» ЗТБ, «Гендерлік ақпараттық-талдамалық орталық» ҚБ, «Лучик надежды» Мүгедек балаларға көмек көрсету орталығы» ҚБ, «Озарение» ҚБ, «Қарағанды облысы бойынша іскер әйелдердің ассоциациясы» ҚБ және басқалары едәуір белсенді әріптестер болып табылады.
Елбасының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берген тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік, ұлттық, кәсіптік және өзге де мерекелерді мерекелеуге дайындалу және өткізу тұжырымдамасының негізінде жергілікті жерлерде іс-шараларды өткізу жөнінде ұсынымдар әзірленуде.
Мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласының басты бағыттары бойынша қызметін әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылған.
Көрсетілген іс-шаралар шеңберінде жыл сайын ұлттық мәдениетті насихаттау және дамыту үшін этномәдени бірлестіктерге облыс әкімінің сыйлығын (2011 ж. – 17,2 млн. теңге, 2012ж. – 21,6 млн. теңге, 2013 ж. - 21,6 млн. теңге), сондай-ақ жыл сайын 3,5 млн. теңге мөлшерінде қаржыландыра отырып облыс әкімінің БАҚ қызметкерлеріне беретін сыйлығын бөлу қарастырылған.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға 2011 жылы – 17,5 млн. теңге, 2012 жылы – 18,8 млн.теңге, 2013 жылы – 27,1 млн.теңге бөлінді. Алғаш рет 2013 жылдан бастап ұзақ мерзімді жобалар жүзеге асырыла бастады.
Осы саланың басты проблемалары ретінде келесілерді айтуға болады: халық арасында ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізудің әдіснамасын жетілдіру, сондай-ақ «диалог алаңқайлары» қызметін қамтамасыз ету саласында әдіснамалық база құру қажеттігі бар; мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету практикасы жетілдіруді қажет етеді; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру саласында заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы проблемалар бар.
Ақпараттық саясат
Қарағанды облысының медиа-нарығында бүгінде 186 БАҚ тіркелген, оның негізгі бөлігін (78 %) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары, теле және радиоканалдар құрайды.
Мемлекеттік тапсырысты орындауға тартылған масс-медианың да саны артты. Мәселен, 2013 жылы Басқарманың желісі бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты 32 БАҚ орындады.
2012 жылдың қарашасында БАҚ ісі жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды. Оның қызметі мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысы мәселелерін, түйінді мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдарын талқылау болып табылады.
Мерзімді баспа басылымдар мен телевизиялық өнімдердің деңгейі артып, сапасы жоғарылауда, оған облыстағы қайта құрылып және жаңадан ашылып жатқан бұқаралық ақпарат құралдары дәлел бола алады. Интернет-сервисі бар БАҚ саны да артуда. Баспа басылымдарының таралымы дакөбейді.
Қазақстандықтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру аясында мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру үшін ақпараттық саладағы заңнамалардың сақталуын және БАҚ-тардың құқықтық мәдениетін көтеруді, журналистер қауымының этикалық нормаларды сақтауын қамтамасыз ету қажет (БАҚ-қа мониторинг жүргізу).
Ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін мыналар қажет: мемлекеттік электрондық БАҚ-тардың тақырыптық дифференциясы; мемлекеттік БАҚ-тарды жан-жақты жаңғырту; бұқаралық ақпарат құралдарының үйлесімді дамуына ықпал ету.
Облыстың ақпараттық кеңістігін кеңейту, халықты отандық телебағдарламалардың таралуымен 100 % қамтуды қамтамасыз ету үшін облыста сандық телерадио хабар таратуға көшу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 2011 жылы 348,0 млн. теңге, 2012 жылы – 388,9 млн. теңге, 2013 жылы – 419,9 млн. теңге мөлшерінде қаржы бөлінді.
Осы саланың басты проблемалары ретінде келесілерді айтуға болады:
-отандық ақпараттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің жеткіліксіздігі;
-БАҚ үшін мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде қаржыландыру тарифтері деңгейінің жеткіліксіздігі;
- Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамытудың жеткіліксіздігі.
Жастар саясаты.
Облыста 14-29 жас аралығында 352 920 жастар өмір сүруде. Бұл аумақтағы халықтың жалпы санының 25,9% құрайды. NEET үлесі 15-28 жастағы жалпы жастар 2013 жылы 6,8% құрады.
Жастар үкіметтік емес ұйымдары санының өсуі байқалады. 2011 жылы ҮЕҰ саны 73, 2012 жылы 79 болса, 2013 жылы жастардың 80 қоғамдық бірлестіктері тіркелген. Жастарды әлеуметтендіруде, жастар мәселелерін шешуде маңызды орынға ие. Мемлекет пен қоғамдық бірлестіктер арасындағы байланысты облыс әкіміне қарасты кеңес беру органы Жастар ісі жөніндегі Кеңес және Жастар бастамашылдығы орталықтары жүзеге асырады.
Облыста «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында мемлекеттік жастар саясаты белсенді жүзеге асырылуда.Нәтижесінде жас азаматтың қалыптасуы мен дамуына, оның шығармашылық әлеуетінің қоғам мүддесі үшін толық жүзеге асуына қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасалған.
Жастардың кәсіпкерлігін қолдау мақсатында ауылда Қарағанды облысы әкімінің грантын бөлу бойынша жұмыс жалғастырылды.Жалпы 2011 жылдан бастап 2013 жылар аралығында жалпы сомасы 15 млн. 500 теңгені құраған 115 грант берілді.
Жазғы демалыс кезінде оқушылар мен студент жастарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында студенттік құрылыс жасақтарының және «Жасыл ел» жасақтарының облыстық штабының жұмысы ұйымдастырылды. СҚЖ және «Жасыл ел» облыстық штабының жұмыс қорытындылары бойынша 2011 жылдың еңбек маусымында 3000 адам, 2012 жылы 3400 адам, ал 2013 жылы 3650 адам жұмыспен қамтылды. 2011-2013 жылдар кезеңіне жастар санының өсімі 650 адамды құрады.
Тұрақты жұмыс таппаған, жұмыспен қамту органдарына тіркелген жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектері үшін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 6 айлық мерзімге уақытша жұмыс орындары құрылады. 2013 жылы жастар тәжірибесі аясында 429 адам жұмыспен қамтылды. Жалпы үш жыл аралығында (2011-2013 жж.) 1370 адам жастар тәжірбиесі шеңберінде жұмысқа орналастырылды.
Оқушылар, студенттер, магистранттар арасында талантты жастарды анықтау мақсатында жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар саласында үздік ғылыми жұмыс олимпиадалары, сайыстары ұйымдастырылады. Жастар саясатын дамытудағы үлесі, ғылым саласындағы жетістіктері үшін жас ғалымдарға арнайы сыйақылар тағайындалған. Ғылыми қызмет жасауға - жаңа ақпараттық технологияларға, ғылыми жұмыстарды жариялауға, түрлі семинарлар мен конференцияларға қатысуға жағдайлар жасалған.
Облыста 2011 жылы БАҚ жастардың5жұмысы берілді, 2012 жылы 10, 2013 жылы БАҚ саны 11 құрады. Жастар саясатының облыс көлемінде жүзеге асырылуы жөнінде жаңалықтар «5 арна», «Бірінші Қарағанды», «Қазақстан-Қарағанды» телеарналарында тұрақты түрде шығып тұрады.
Жастар арасындасапалы білім алу, жұмысқа орналасу, баспана мәселелері өзекті болып қалуда. Соңғы жылдардағы жастар ұйымдарының саны артуына қарамастан оның ішінде 40% ғана өзінің белсенділігімен көрінуде. Жастардың 30% жастар ұйымдарымен өткізілетін іс-шараларға тартылуда.
Осыған байланысты, салыстырмалы серпінділікті жағымды сипаттайтын 15-28 жас аралығындағыжастардың жалпы санының NEET үлесі болып табылады.
2011 жылы NEET үлесі 8,8% құраған (2012 – 9,3%). 2013 жылдың қорытындысы бойынша көрсекіш 6,8% құрады. Осыған орай NEET үлесі 2% төмендегені байқалады.
Ол біріншіден мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру көптеген стратегиялық құжаттарға енгізілген және олармен қарастырылады, оның ішінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы, жұмыспен, баспанамен қамту, бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалары.
Қарағанды облысы 2013 жылдың қортындысы бойынша аталмыш контекстте Ақмола облысымен бөлісе отырып (6,8%) Республикада ортаңғы орынды алады (7 орын). Қазақстан Республикасы бойынша NEET үлесінің орташа көрсеткіші 8,0%. Көшбасшы орындарда – Ақтөбе (4,2), Батыс-Қазақстан (4,5), Қостанай (5,0) облыстары. Республиканың ортаңғы көрсеткішінен асып тұрған – Астана қ. (17,0), Маңғыстау (13,0), Қызылорда (10,9) және басқа облыстар.
Жастар арасында белсенді болып келесі проблемалар қалады:
сапалы білім алуға;
жұмысқа орналастыру проблемалары;
тұрғын үймен қамту.
Соңғы жылдары жастар ұйымдары санының ұлғайуына қарамастан, олардың тек 30% өздерінің белсенділігімен ерекшеленеді. Жастардың тек 40% жастар ұйымдарының іс-шараларына тартылған.
Тілдерді дамыту
Қарағанды облысында тіл саясаты Қазақстан халқы бірлігінің факторы ретінде толерантты тіл ортасын құруды қамтамасыз етуге, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, лингвистикалық капиталдың сақталуына және ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілер мен басқа санаттағы азаматтарды мемлекеттік тілге оқыту мақсатында облысымызда 01.01.2014 жылғы жағдай бойыншатілдерді оқытуға арналған 4 арнайы оқыту орталықтары: облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанындағы «Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығы» КМҚК, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері жанынан Балқаш қаласында «Тілдер орталығы» ММ, Жезқазған қаласында «Тілтану оқу-әдістемелік орталығы» ММ, Шахтинск қаласында «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы» КММ, сонымен қатар, Теміртау, Саран, Сәтбаев, Приозерск, Қаражал қалалары мен Абай, Бұқар жырау, Осакаров аудандарында барлығы 8 тілдерді оқыту курстары жұмыс істеді.
Оқыту курстарында 2011 жылы - 877, 2012 жылы – 1279, 2013 жылы – 1615 адам оқытылды.
Қазақ тілін үйренуге көпшілікті тарту мақсатында «Қазақстан-Қарағанды» облыстық телеарнасы арқылы «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешені негізінде «Тілашар» телеоқыту бағдарламалары ұйымдастырылып, көрермендерге ұсынылды. 2012-2013 жылдар аралығында барлығы 180 сабақ эфирге шықты. Сондай-ақ, тіл саясатын жүзеге асыратын ақпараттық орталық болып табылатын облыстық мемлекеттік органдарының сайттары қызмет етеді.
Облыс бойынша мемлекеттік қызметшілерді ағылшын тіліне оқытуға жағдай жасалған. Ағылшын тілін оқыту курстарына 2011жылы – 192 адам, 2012 – 388 адам, 2013 жылы – 534 тыңдаушы қамтылды.
Біздің алдымызға қойылған міндеттердің бірі – жергілікті атқарушы органдардағы құжат айналымын мемлекеттік тілге көшіру. Осы бағытта облыстың мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы кіріс және шығыс құжаттарының мемлекеттік тілде ресімделуіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлесі 2011 жылы - 82%, ал 2012 жылы - 87% құраса,2013 жылы 93%-ды құрады. Мемлекеттік тілде іс жүргізу жұмыстарына әдістемелік көмек көрсету бағытында мекемелердің аудармашылары мен қызметкерлерін аударма ісі мен ілеспе аудармаға машықтандыру жөніндегі оқыту курстары мен семинарлары ұйымдастырылды. Осы курстарға 2011жылы 32 адам, 2013 жылы 72 адам қамтылды.
Мемлекеттік тілдің рөлін нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар да жүйелі түрде атқарылуда. Осы бағыттағы жұмыстардың басты мақсаты - тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы іс-шараларға жастарды жаппай тарту және оларда қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру болып табылады.
Мемлекеттік тіл мен облысымызды мекен ететін этностардың ана тілдерін насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар: фестивальдер, байқаулар, олимпиадалар, семинарлар, конференциялар өткізіледі. Мемлекеттік тілді дамыту саласына үлес қосқан тұлғаларды ынталандыру мақсатында 7 номинация бойынша облыс әкімінің жыл сайынғы «Тіл жанашыры» сыйлығы тағайындалды.
Облыстағы көптілділіктің сақталуы үшін жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктері жанында ана тілдерін оқытатын 11 жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Жалпы білім беру мектептерінде поляк, татар және корей тілдерін оқытудың факультативті курстары ұйымдастырылған. Этникалық топтардың 560-тан астам өкілі ана тілдерін үйренуде. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді және ана тілдерін дамытуға бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды насихаттау және оның төңірегіндегі өзекті мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіледі. Облыстың телеарналарында «Тіл – тұғырым» және интеллектуалдық танымдық «Жаңғырық» арнайы телебағдарламалары арқылы 2011 жылы – 36, 2012 жылы – 30, 2013 -12 телехабар көрермендерге ұсынылды.
Жергілікті баспа құралдарында мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға арналған мақалалар тұрақты түрде жарияланады. Басылымдық БАҚ-да 2011 жылы – 300, 2012 жылы – 270, 2013 жылы - 336 мақалалар жарыққа шықты.
Мемлекеттік тілдің рөлі білім жүйесінде де күшейтілуде. 2013-2014 оқу жылында облыс бойынша 243 қазақ тілінде оқытатын мектеп, 189 аралас тілде оқытатын мектеп, 107 орыс тілінде оқытатын мектеп жұмыс істеді. Қазақ мектептерінде оқитын балалардың үлесі 50,5% құрайды. 968 өзге ұлт балалары қазақ мектептерінде білім алады.
Облысымызда 42 балабақша қазақ тілінде тәрбие береді, яғни қазақтілді балабақшалардың үлесі 21,8% құрайды; орыс тілінде тәрбие беретін балабақша саны - 28 (14,5%), аралас балабақша саны - 121 (63%). Балалардың 52% қазақтілді балабақшаларда тәрбиеленеді. Соңғы үш жылда қазақ тілінде тәрбие беретін балабақшаның саны 22% өсті. 1233 өзге ұлт өкілдерінің балалары қазақ топтарында тәрбиеленуде.
Қазақ тілін меңгеру деңгейі 2011 жылы 46%, ал 2012 жылы 52%-ды құраса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 58%-ға жетті.
Мемлекеттік тілді дамыту саласындағы өзекті мәселелер:
ересектерді оқыту жұмысында бір жүйедегі нормативтік талаптың жоқтығы;
мемлекеттік тілді дамытудың бірыңғай құқықтық-заңнамалық базасының жеткіліксіз қамтамасыз етілуі бірі болып отыр.
Құқықтық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыспен күрес
Облыста қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды есепке алу және тіркеудің толықтығын қамтамасыз ету, облыстағы қылмыстылықтың объективті статистикалық мәліметтеріне қол жеткізу және оларды анағұрлым шынайы тұрғысына келтіру бойынша қатал және мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілуде.
Облыстың барлық ІІО-да мәліметтерді прокуратура органдарына «on-line» режимінде жолдаумен қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды электрондық тіркеу жүйесі енгізілді. Әрбір тіркелген өтінішке полициямен азаматтарға талон-хабарлама беріледі. Азаматтар Прокуратураның «Call-орталығы» арқылы өздерінің өтініштерін шешу барысына қадағалау жасай алады.
Қылмыстарды есептен және тіркеуден жасырудың әрбір фактісі бойынша кінәлілерге ішкі істер органдарынан шығаруға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін қатаң тәртіптік шараларды қолданумен қызметтік тексерістер жүргізіледі.
Қабылданып жатқан шаралар қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды қабылдау мен тіркеу ресімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды шешу жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.
Қылмыстарды толық тіркеу жағдайында тергеушілер мен жедел қызметкерлердің жүктемесі бірнеше есеге жоғарылады.
Егер 2010 жылы жалпы және жалпы қылмыстық қылмыстылықтың тіркелуі абсолютті саны сәйкесінше 11111 және 9465 құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 19149 және 18203, ал 2012 жылы - 24358 және 24327, ал 2013 жылы – 28385 және 28133 дейін өсті.
Қазіргі уақытта «жалған» сәттілікті құру мақсатында полиция қызметкерлерін қылмыстарды тіркеуден жасыруға ынталандырған «қылмыстылықтың деңгейін төмендету» және «ашу пайызын жоғарлату» сияқты ескірген көрсеткіштерін жоятын полиция қызметін бағалау критерийлерге жаңа көзқарастар әзірленді.
Болжам жасалғандай, соңғы жылдар бойы қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде қылмыстылықтың статистикалық өсу тенденциясы қалыптасты. Облыстағы шынайы криминогендік жағдай бұрынғы әлеуметтік-қолайлы деңгейінде сақталуда. Оның жағдайына бұрын қабылданған (2006-2008ж. және 2011-2013ж.) Құқық бұзушылықтың профилактикасы және қылмыстылықпен күресудің аймақтық бағдарламалар позитивті ықпал етті.
Қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздік жай-күйдің индикаторы болып табылатын 2011-2012 жылдарда қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың жалпы санының өсуі да жоғарыда көрсетілген себептермен түсіндіріледі.
Сол уақытта, талдау көше қылмыстылықтың өсу қарқынын соңғы жылдары баяулатқанын көрсетті: 2010 жылы - 1106 (2009 жылмен салыстырғанда 6,5% төмен); 2011 жылы - 4285 (2010 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті); 2012 жылы - 5049 (62,2% өсу), 2013 жылы – 4318 (14,5% төмен).
Белгілі бір тұрақты төмендеуге қарамастан, соңғы екі жылдың ішінде травматикалық қаруды қолданумен жасалатын қылмыстар әлі де болса жеткілікті. 2009 жылы 4 осындай қылмыс жасалды, 2010 ж. – 11, 2011 жылы және 2012 жылы – 9 қылмыстан, 2013 жылы - 4.
Көрсеткіштің өсуіне ықпал ететін себептердің бірі бұл осындай қарудың біршама оңай қолға жетерлігі.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірқатар түйінді мәселелер бар:
- тұрмыстық қылмыстардың алдын алу жөніндегі шаралар жеткіліксіз болып отыр. Тұрмыстық жағдайда жасалған адам өлтірулер және денсаулыққа ауыр зиян келтірулердің көбісі әдетте, алкогольді асыра пайдалану нәтижесінде жасалады. Облыста бар мамандандырылған емдеу мекемелердің (АЕПМ) саны спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды мәжбүрлі емдеуге, сонымен оларды қоғамнан біраз уақыт оқшаулауға толық көлемде жіберуге мүмкіндік туғызбайды;
- көше қылмысын тоқтату үшін полицейлік автомобильді патрульдерінің саны жеткіліксіз, бейнебақылау жүйесін одан әрі жетілдіру қажет;
2010-2013 жылдары кіші қалаларда шағын жедел басқару орталықтарының жоқтығы, тәулік бойы режиміндегі полицияның стационарлық бекеттер жүйесін дамыту;
- құқықтық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың криминогендік үдерістерге профилактикалық ықпал етудің тиімділігін арттыру қажет;
- рецидивті қылмыстылығының деңгейі де елеулі, оның үлес салмағы 2012 жылы 12,3% құрады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалтудың толыққанды жүйесі жоқ. Осы себептен олардың көбісі қайталанған қылмыстарды жасап, қаңғыбастықпен айналысады;
- денсаулық сақтау органдарының қарауында тұрған медициналық айықтырғыштардың тапшылығы байқалады, облыста барлығы 4 осындай мекеме бар. Ауыр қылмыстардың жартысынан көп бөлігі тұрмыс негізде жасалады, әдетте алкогольді асыра пайдалану кезінде.
Егер өткен жылдары бойы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың саны тұрақты төмендегені байқалса, соңғы уақытта кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың өсуі орын алды: алдыңғы жылмен салыстырғанда 2010 жылы - 11,4% -ға (457 қылмыс); 2011 жылы - 2,6%-ға (445); 2012 жылы - 2%-ға (454). 2013 жылы көрсетілген қылмыстарды тіркеу 1,5%-ға (454 бастап 447 дейін) төмендегені байқалады.
Өсу себептердің бірі көрсетілген кезеңде жасөспірімдермен көп эпизодты қылмыстарды жасау болып табылады. Мүліктік сипаттағы қылмыстардың саны жиіледі, олар 14 жастан бастап 16 жасқа дейінгі аралықта кәмелетке толмағандармен жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау және тонаулар.
Осыған байланысты, «мектеп» полиция инспекторлары институтын дамытуды жалғастыру қажет, облыста олардың саны жеткіліксіз. Полиция инспекторы әрбір қалалық және ірі ауылдық мектептерде болуы керектігі көзделген. Бұл оқушылар арасында құқық бұзушылықтарды ертерек алдын алумен айналысуға мүмкіндік береді.
Жасөспірім қылмыстылығын алдын алу аясында кезек күттірмейтін шараларды қабылдауды талап ететін мәселелер жинақталды, олар:
- кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылары үшін облысымызда, сондай-ақ Республикамызда да білім берудің арнайы ұйымдардың санының аз болуы. Бүгін облыста небары 1 осындай ұйым Бұқар жырау ауданының Керней кентінде жұмыс істейді (еліміз бойынша – 10);
- білім беру органдары жүйесінде қылмыстық жауапкершілік жасына жеткенге дейін қылмыс жасаған жасөспірімдері, сондай-ақ, сотпен қылмыстық жауапкершіліктен және тәрбиелік ықпал ету шараларын қабылдаумен жазадан босатылғандар үшін ұстаудың ерекше режимімен арнайы ұйымдардың қажетті саны жоқ;
Нәтижесінде облыста жыл сайын қылмыс жасаған және қылмыстық жауапкершілікке тарту жасына жетпеген жүздеген бала жеткіншектердің ортасында қалып, басқа жасөспірімдерге кері әсерін беретіндері сөзсіз.
2010-2011 жылдарда облыста жасалған жол-көлік оқиғалардың жалпы саны төмендегені байқалды: 2010 жылы 14,4%-ға, өткен жылмен салыстырғанда 954 дейін төмендеді (2009 жылы - 1115); 2011 жылы - 11,5%-ға (844). 2012-2013 жылдары керісінше ЖКО санының 3,8% (876) және 18% (1034 дейін) өскені белгіленді.
Жол қозғалысы қатысушыларының көліктік тәртібі төмен болып қалуда. Соңғы жылдары облыстың жол-көліктік кешені қиын жағдайларда жұмыс істеуде. Автомобиль паркінің және қазіргі автокөліктердің жылдамдық сипаттамалардың өсу қарқыны көше-жол жүйесінің даму қарқынынан жоғары. Осы және басқа себептердің кешені 2012-2013 жылдары ЖКО санының өсуін ғана емес, сонымен қатар жол-көлік оқиғалардың ауыр салдарының жоғарлауын да алдын ала анықтаған.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында бірқатар мәселелер бар:
- республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығының елеулі бөлігі күрделі жөндеуді, жолдың жүру бөлігінің енін кеңейтуді, оларды тосқауыл қоршаулармен жабдықтауды, жол белгілермен жарақтауды қажет етеді. Жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайы өте қанағаттанарлықсыз күйде.
- жүргізушілерді дайындау жүйесі маңызды жақсартуды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |