1-кесте. 2016ж. аймақтарда мектеп жасындағы 100 000 балаға
шаққандағы суицидтер және суицидтік әрекеттер.
Аймақ
Суицидтер Әрекеттер
Ақмола
11,2
15,9
Ақтӛбе
8,3
22,2
Алматы
5,4
3,0
Атырау
4,2
14,1
БҚО
11,7
5,4
Жамбыл
4,5
10,7
Қарағанды
4,8
12,0
Қостанай
6,0
24,1
Қызылорда
5,8
7,7
Маңғыстау
3,1
7,6
ОҚО
5,5
8,1
Павлодар
2,0
24,0
СҚО
7,7
14,1
ШҚО
7,6
20,7
Астана қ.
3,9
28,5
Алматы қ.
2,4
17,7
Дерек кӛзі: ҚР ҚСАЕК, транспорттық аймақтарды есепке алмағанда, 21-С – арнайы аймақ.
Бұрынғы социалистік жүйедегі елдер арасында 10-14 жас
аралығындағы балалардың ӛз-ӛзіне қол жұмсау жағдайларын 2014 жылғы
салыстырулар бойынша ел ішіндегі суицидтік әрекеттер мен оқиғалардың
азайғанына қарамастан Қазақстан бұл ӛкінішті статистикада Қырғызстан мен
Ӛзбекстан мемлекеттерімен бірге лидерлер қатарында қалып отыр.
2017 жылдың 9 айында 129 суицид фактісі және 294 суицидтік әрекет
тіркелсе, 2016 жылдың 9 айында – 140 факт және 316 әрекет белгілі болған.
Осылайша, 2017 жылдың ағымдағы кӛрсеткіші 2016 жылдың сондай кезеңіне
қарағанда аз: суицид фактлері бойынша 7,8%-ға және суицид әрекеттері
бойынша 6,9%-ға айырмашылық бар.
Суицидтік жүріс-тұрысты аймақтар бойынша салыстырулардың
нәтижесі Павлодар, Қостанай, Ақмола облыстарында аяқталған суицидтер
санының айтарлықтай ӛскенін, оны жасауға әрекеттенулер БҚО, Алматы,
ОҚО, Қостанай, Қарағанды облыстарында арта түскенін кӛрсетеді.
Гендерлік арақатынас келесідей бӛлінген: ұлдар (65,7%-115 жағдай)
қыздарға (34,3% - 60 жағдай) қарағанда 2 есе кӛп ӛз-ӛзіне қол жұмсаған.
Сонымен қатар, суицидтік әрекеттердің кӛп бӛлігі қыздарда 79,6% (327
жағдай) байқалады, ұлдарда 20,4% (84 жағдай), айырмашылық 3,9-ға дейін.
Кӛбінесе бұлар ересек жасӛспірімдер.
Суициденттер құрамында 15-17 жас аралығы басым болып келеді, 111
факт немесе 63,4%. Ресми мәліметтерге сәйкес суицид себептерін талдау
кӛрсеткендей 4,5% суицид жағдайлары жалғыздық сезімі немесе бас тартуға
8
байланысты, 2,2% жағдайда отбасының ішіндегі қақтығыстарға байланысты
болған, сондай-ақ жақындарын жоғалту, қорқыныштар, қолайсыз тұрмыстық
жағдайлар да әсерін тигізген. Ӛкінішке орай, 53% жағдайда себебін анықтау
мүмкін болмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |