8
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылдың 13
шілдесіндегі № 338 бҧйрығында анықталған.
Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері, функциялары мен
құқықтары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016
жылдың 13 қаңтарындағы №18 «Орта білім беру ҧйымдарында сынып
жетекшілігі туралы ережесі» бҧйрығында анықталған.
Осы Ереже сынып жетекшісіне оқу-тәрбие үдерісі аясында білім
алушылардың қызметін үйлестіру бойынша жүктелген функцияларын
айқындайды. Сондай-ақ білім
беру ұйымдары Жарғысымен,сынып жетекшілер
мектептік әдістемелік бірлестігі шешімімен айқындалады.
Мектеп формасы туралы
Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы
«14» қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдарында
міндетті мектеп формасына қойылатын Талаптар бекітілді.
Жоғарыда аталған Талаптар білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға
және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының
арасында әлеуметтік,
мүліктік және басқа да ӛзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған.
Орта
білім
беру
ұйымдарының
міндетті
мектеп
формасы
оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі,түсі
классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай
түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және
ашық емес түстерден таңдалады.
Мектеп формасы білім алушылардың
жас ерекшеліктеріне қарай
енгізіледі. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып
бӛлінеді. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде,
күнделікті жейде (қысқы мезгілде:
трикотаж жилет, водолазка).
Ұлдарға
арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып
тұрады.
Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық
жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға
арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып
тұрады.
Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті
формаға қосымша ақ жейдеден,
қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.
Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен
(спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды)
тұрады.
Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі
түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі.
Достарыңызбен бөлісу: