15
Оныншы ереже.
Тәрбие жұмысы жоспарының құрылуына әрі
балалардың, әрі үлкендердің қатысуы мүмкін. Ӛйткені бұл
жоспар ата-аналар
мен балалардың ӛздеріне, басқаларға, мектептегі ӛмірге деген талаптары мен
пікірлерінің нақты деңгейін кӛрсетеді.
Мектептегі тәрбие жҧмысы жоспарларының тҥрлері
Мектептердің іс-тәжірибесінде әр түрлі жоспарлар жасалады,
оларды
келесідей жіктеуге болады:
Мазмұны жағынан :
Тәрбие жұмысының кешенді жоспары мектептің барлық бағыттары
бойынша тәрбие жұмысы мазмұнын жоспарлауға мүмкіндік береді
Тақырыптық
жоспары тәрбие жұмысының жеке бағытын жоспарлайды,
мәселен балалар жастар ұйымдарымен жұмыс жоспары және т.с.;
Арнайы
жоспар нақты
бір іс-шараны жоспарлайды, мәселен, жалпы
мектепішілік «Наурыз мейрамы» іс-шарасын ӛткізу.
Жоспарланған мерзімнің ұзақтығы бойынша
бөлінеді:
Ұзақ мерзімді (келешекке арналған): уақыттың ұзақ мерзіміне (бір жыл,одан
да кӛбірек);
Кезеңдік (мерзімді): тоқсанға, жартыжылдық;
Қысқа мерзімді: уақыттың қысқа бӛлігіне жұмыс жоспарланады (этап,
мерзімнің бӛлігі );
Жылдам: жақын арада нақты істер жоспарланады (бір күндік жоспар).
Жоспарлау ауқымы бойынша:
Жоспарлайтын жұмыста түрлі
сыныптардың оқушылары, параллельдер,
педагогтер, ата-аналардың қатысуы кӛзделетін жалпымектептік жоспарлар.
(мектептің тәрбие жұмысы жоспары);
Бастапқы ұжымдардың жоспарлары (сынып ұжымы жұмысының, клубтық
ұжымның жоспары).
Тәрбие
жұмысы жоспары нақты, тиімді және нәтижелі болуы үшін тәрбие
жұмысы жоспары жасалғанда оның дайындылық кезеңдерін сақтау қажет:
- келешек жоспарлауға ақпарат жинау;
- жиналған
ақпаратты талдау;
- жылдық жоспарға қажетті материалды іріктеу үшін шығармашылық топ құру;
-жоспардың ӛзін жазу;
- алған нәтижелерді шығармашылық топпен талдау;
- жылдық жоспармен педагогикалық ұжым мүшелерін таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: