Гүл тозаңы-аралардың белокпен қоректенуінің негізгі көзі.Онда аралардың қалыпты өсіп-жетілуіне қажетті барлық алмастырылмайтын және
алмастырылатын амин қышқылдары, витаминдер, ферменттер және әртүрлі минералдық заттар бар. Гүл тозаңы аралар үшін жақсы қорек. Тозаңды жинаған кезда аралар оған шамалы мөлшерде
балауыз немесе бал қосады, оны шағын сопақша күйінде аяқтарының шағын кәрзеңкелерінде және қылшықпен берік ұсталып тұрады. Кішкентай кәрзеңкелеріндегі тозаңның осы түйіршіктері барлық тозаңы деп аталады. Оң және сол балақ тозаңдарының салмағы бірдей, мұның келе жатқанда аралардың тепе-теңдік ұстауы үшін мәні бар. Ұяға әкелінген балақ тозаңын ара бұрын жұмысшы аралар шығарылған қуысқа тастайды. Мұндай қуыстардың
ішкі формасы цилиндрге ұқсайды, өйткені аралар шығарылғаннан кейінгі қалған піллалар бұрыштарын тегістейді. Қуыстарға салынған балақ тозаңды жас аралар нығыздаған кезде басымен түйгіш тәрізді әрекет етеді. Мықтап нығыздалған балақ тозаңдар қуыстың бәрін алмайды, олардың үстіңгі жағына аралар бал құяды.Тозаңның бал сіңірілген үстіңгі қабаты бал өтпейтіндей болады.Бактериялардың әсерінен қанты бар тозаңда сүт
қышқылы ашиды, соның нәтижесінде қуыстың ішін консервілейтін сүт қышқылы түзіледі.
Түрлі өсімдіктің тозаңдарының түсі әрқилы. Балақ тозаңмен жаңа гүл тозаңы түстері бойынша ажыратылады. Ара семьясының гүл тозаңына жылдық мұқтаждығы, оның күшіне және даму сипатына шамамен 10-нан 20 кг дейін ауытқиды. Аралар көктемде семьясының күшті өсіп көбейген кезеңінде гүл тозаңын тіпті көп жұмсайды. Егер бұл уақытта табиғатта өсімдік – тозаңшылар гүлдемесе, ұяда гүл тозаңының қоры болмаса, онда ара ұрығын өсіруді қысқартады., тіпті тоқтатуы да мүмкін.
Сүт- ара қорегінің барлық түрлерінің ішіндегі неғұрлым жұғындысы әрі құндысы. Жұмысшы аралардың осы бір сілекей бездерінің секреті жұмысшы аралар мен аталық аралардың төрт күнге дейінгі жас личинкалары үшін, ал аналық личинкалары үшін олардың бүкіл тіршілік бойына қорегі болып есептелінеді. Сүт личинкалары мен есейген жеке организмдердің өсіп жетілуіне қажетті белоктық заттарға, майға, қантқа, витаминдерге және минералдық заттарға бай. Оның бактерициттік қасиеті бар,бұл жас личинкалардың ауыруының алдын алу үшін мәні зор. Жаңа күйіндегі сүт, өткір қышқыл дәмі бар қою кілегей түсті келеді. Онда аналықтың жыныстық жағынан жетілуін жеңілдетіп және оның жыныс органдарында жұмыртқалардың жетілуіне себебін тигізетін заттар бар.