Қаралды Тексерілді Бекітілді



бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі298,93 Kb.
#31563
  1   2   3
Лебяжі жалпы орта білім беру мектебі







Құрастырған: Мухамединова Ж.Қ.

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі


Аққу 2015 ж


Қаралды Тексерілді Бекітілді

ӘБ отырысы №1___________ ___________ ___________

ӘБ жетекшісі Ж.Қ.Мухамединова Инновация жөніндегі директордың Мектеп басшысы Е.А.Шакиров

орынбасары Г.А.Нуртазина « »_________ 2015ж. « » _________ 2015ж. « »_________2015ж.

Күні, айы, жылы Күні, айы, жылы Күні, айы, жылы

Түсінік хат

Қазіргі кезде біздің республикамыздың басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта елімізге шетел тілін еркін меңгерген, мектепті бітіргеннен кейін өз білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамдар қажет. Осыған дәлел болып табылатын Елбасы сөздері: «Ағылшын тілі-ХХІ ғасыр тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытып, әлемдік деңгейге шығаратын тіл»... «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл - мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал орыс тілін білу - ұлы байлық. Ағылшын ілгерілеушілік пен технологиялардың  тілі болғандықтан біз соны үйренуге тиіспіз»...


Бағдарлама Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, жалпы орта білім беру ғылыми –зерттеу институты даярлаған «Орыс, ұйғыр, өзбек тілді мектептердегі ағылшын тілінің мемлекеттік білім стандартының» негізінде жасалған. ҚР БжҒМ 2012 жылдың 23 тамыздың № 1080 бұйрығына сәйкес құрастырылды.

Ағылшын тілін оқытудың коммуникативтік мақсатын жүзеге асырудың алғы шарты-оқыту барысына коммуникативті бағдар беру. Демек, оқушыларды ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге және кітап арқылы жұмыс жасауға баулу қажет. Тілді практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулып, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кездерде шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру қөзделеді.

Ағылшын тілін оқыту барысында оның пән ретіндегі білімдік құндылығы екі бағытта көрініс табады: біріншіден, оқушылардың филологиялық білімін арттыру, екіншіден, олардың жалпы ой-өрісін кеңейту мақсаттары жүзеге асырылады. Оқушылар қарапайым, қысқа нұсқаулар сияқты материалдарды оқи алу және аудара алу біліктерімен қаруланады.

Оқушылардың жан-жақты дамуы және олардың тұлға ретінде қалыптасуы үшін тілдік материалмен жұмыс істеу сипаты мен сөйлеу біліктілігінің елеулі мәні бар. Шетел тілдері құралдарымен (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық) және сөйлесу іс-әрекетінің негізгі түрлетімен қарулана отырып, оқушылар танымдық белсенділік, дербестілік көрсетуі, қорытынды жасай алуы маңызды болып табылады.


Жалпы білім беретін орта мектепке арналған бағдарлама оқу пәнінің мазмұныны белгілеу формасы болып табылады және білім мазмұнын нақты оқу процесіне енгізу үшін оқу материалы деңгейіне аударылады, яғни жоспарланған мазмұнның оқу процесінде іске асырылуы үшін қызмет етеді. Сонымен қатар бағдарлама мұғалім мен оқушылардың іс – әрекетін анықтайтын нормативтік құжат болып табылады. Бағдарлама білім мазмұны арқылы оқыту мақсаттары жүзеге асырылатын нормативтік құжат белгісі түрінде және сабақта мұғалімнің сол мазмұнды ашатын қызмет құралы.

«Ағылшын тілі. 7 сынып» бағдарламасы 68 сағатқа жоспарланған (аптасына 2 сағат). Аталған бағдарламаны жасау қажеттілігі оқушылардың 7 сынып материалын меңгерілгендіктен туындап отыр. Себебі бұл сынып ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқытылуда. 5-сыныпта Кембридж баспасының «Messages 1», 6-сыныпта «Messages 2» (А1 деңгейі) оқыту оқулығымен жүзеге асты. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Кембридж баспасының «Messages 3» (А1 деңгейі) оқыту кешені негізінде іске асырылады. Аталған кешен келесі құралдардан тұрады:



  1. «Messages 2» Student’s Book

  2. Workbook with Audio CD/CD –rom

  3. Teacher’s Book

  4. Teacher’s Resource Pack

  5. Class Audio CD’s

  6. DVD and Activity Booklet

Ағылшын тілін оқыту мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне, баланың шынайы практикалық іскерлігі мен танымдық қабілеттерін дамытуын іске асыру мақсатында құрастырылған. Курс тек ғана білімділік компонентіне емес, баланың оқуға деген құштарлығын, қабілеттерін, мүмкіндіктері мен қызығушылығын арттыруға бағытталған. «Шет тілі» оқу пәні тіл, мәдениет танымы тәсілі болып табылатыны анық. 7- сыныптағы негізгі модульдердің тақырыбы бойынша оқушыларды Отбасылық, достық құндылықтармен таныстыру арқылы лексикалық тақырыптарды танып- білуді тереңдету басты назарға алынады. Осы тақырып негізінде оқушылардың кез- келген тақырыпта ауызекі сөйлей алуын, сөзбен жеткізе алуды басты назарға ұстайды.

7- сыныбына арналған оқыту бағдарламасының негізгі мақсаты –оқушылардың өзіндік ерекшелігіне қарай қабілетін аша отырып, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге, мәтін мазмұнын еркін оқуға, түсіну қабілеттерін қалыптастыру.



Каталог: uploads -> doc -> 12c7
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12c7 -> Мектеп жасындағы балалық шағы қазіргі педагогикада баланың психикасының қалыптасуы аса құнды және ерекше маңызды кезең ретінде қарастырылады
12c7 -> Сабақтың тақырыбы: Египеттегі ғылым мен мәдениет Сабақтың мақсаты
12c7 -> «Сәлем мектеп – бұл мен!» 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу үрдісін психологиялық сүйемелдеу Көкшетау 2016
12c7 -> Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың типі: интербелсенді сабақ Сабақтың әдісі: кейс әдісі
12c7 -> Сабақтың тақырыбы: Қуат. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет