Аралық бақылау №2


Бас сегменттерімен санағанда жалпы 18-ге тең сегменттері бар жануарлар (өзен шаяны)



бет5/11
Дата22.05.2022
өлшемі54,67 Kb.
#144625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
зоо рк
Ойындар, Ақша агрегаты, Орыс тілі жауаптары docx, Сөж зоо, Глоссарий (1)
9.Бас сегменттерімен санағанда жалпы 18-ге тең сегменттері бар жануарлар (өзен шаяны)
Бас бөліміндегі сегменттерінің саны тұрақты, яғни барлық шаянтәрізділердің басы акрон және 4 сегменттен құралған. Антеннула - мұртшалардың бірінші жұбы басының алдыңғы бөлімінде, ауыз тесігінің алдында орналасады, бірқатар буындардан тұрады және негізінен бір бұтақты. Антеннулалар - сезу, әсіресе иіс сезу мүшелері, бірақ кейде жүзу үшін де жұмсалады. Акроннан кейінгі 4 сегменттердің әрқайсысында бір жұп түрі өзгерген аяқтары болады. Солардың ішінде бірінші сегменттің аяғы ұзарып антенна деп аталатын мұртшаға айналған. Бұлар мұртшалардың екінші жұбын құрайды және антенна II деп аталады. Бас аяқтарының екінші жұбы - мандибулалары - негізгі тамақ үгіту қызметін атқарады. Мандибулалардан кейін бастың 3-ші және 4-ші сегменттерінде 2 жұп астыңғы жақтары немесе бірінші және екінші максиллалары орналасқан. Олар негізінен протоподит буындарындағы шайнағыш өсіндері бар нәзік жапырақ тәрізді аяқтар түріңде болады. Шаянтәрізділердің әр түрлі формаларында кеуде және құрсақ сегментерінің саны бірдей емес, тек жоғарғы сатыдағы шаяндарда сегменттер саны тұрақты: кеуде бөлімінде - 8, құрсақ бөлімінде - 6. Бас сегменттерімен бірге санағанда жалпы саны 18-ге тең. Құрсақ бөлімінде аналь тесігімен аяқталатын аналь қалқаны немесе тельсоны бар. Кейбіреулерінің тельсонында айырша немесе фурка жасайтын жұп өсінділері орналасады.
10.Бауыраяқты моллюскалар.Кластың құрылыс ерекшеліктері,систематикасы,көбеюі мен дамуы.Маңызы
Бауыраяқтылардың 90000-нан астам түрі бар, көпшілігі теңіздерде, сондай-ақ тұщы сулар мен құрлықта және паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Бауыраяқтылардың дене тұрқы 2 — 3 мм-ден бірнеше сантиметрге дейін барады. Ең ірісі Hemifusus proboscidiferus, оның үзындығы бақалшағымен қоса 60 см. Сол сияқты теңіз қояны Aplysia-ның үзындығы — 25 см, Африкада мекендейтін құрлық ұлулары Achatina да ірі ұлулар қатарына жатады. Бауыраяқтылардың денесі үш бөлімге бөлінген: бас, аяқ, тұлға. Басы тұлға бөлімінен айқын бөлініп тұрады. Тіл пішінді жақсы жетілген аяғында кең жорғалағыш табаны болады. Тұлғасы дененің жоғарғы жағына қарай қап тәрізді өсіндіні түзеді, бұны ішкі қапшық деп те атайды. Барлық бауыраяқтыларға тән ерекшелік, ол құрылысының асимметриялы болуы. Бұлардың бақалшағы жақсы дамыған, кейбір кезде редукцияға ұшырауы да мүмкін.
Бауыраяқтылардың дене пішіні алуан түрлі, көпшілігінің денесі ұзынша және арқа жағы томпайып шығыңқы болып келеді. Жақсы жетілген басының бауыр жағында аузы, арқа жағында 1—2 жұп қармалауышы мен жұп көздері орналасқан. Екі жұп қармалауыштың бірінші жұбы сипап сезу қызметін атқарады, ал артқы қармалауыштың үстінде көзі орналасады. Басының алдыңғы бөлігі анда-санда ұзын тұмсықша ретінде созылып тұрады. Аяғы бұлшықетті және жорғалаушы табаны бар, ол дененің бауыр бөлімінің өсіндісі. Сондықтан да бұл ұлуларды бауыраяқтылар деп атайды. Аяғының жиырылуының нәтижесінде жануар субстрат бетінде баяу қозғалып жүреді. Әр алуан тіршілік етуіне байланысты аяғы да алуан түрлі модификацияға ұшыраған.
Бауыраяқтылардың сырттай ұрықтануымен қатар (қарапайым түрлерінде), көпшілігінде іштей ұрықтану дамып қалыптасқан. Жұмыртқаларын денесінен бөліп, ауада тез қатпайтын сүйық заттың — пілләнің ішіне салады. Жұмыртқаның бөлшектенуі көпқылтанды құрттардікі (Polychaeta) сияқты толық, біркелкі емес, спиральді, детерминативті. Бүларда да төрт макромен микромерлері күралады (А,В,С,Д және a,B,c,d) және Д бластомерадан, оның 4d ұрпағынан мезодерма қалыптасады. Төменгі сатыдағы алдыңғыжелбезекті ( Prosobranchia) моллюскалардың жұмыртқаларынан көпқылтанды құрттарға тән трохофора тәрізді личинка шығады. Ол ауыз үсті немесе прототрох деп аталатын кірпікшелі белдеулерінің көмегімен біраз уақыт судың жоғарғы қабатында жүзіп жүреді де, кейін метаморфозға үшырап, келесі желкен немесе велигер личинка сатысына ауысады. Жоғарғы сатыдағы алдыңғыжелбезектілер мен барлық артқыжелбезектілердің (Opisthobranchia) жұмыртқаларынан бірден желкен немесе велигер личинкасы шығады. Желкеннің ауыз алды бөлімінде, әрқайсысы толқынды кірпікшелер күлтесімен жиектелген (личинканың аты осыдан), 2—4, кейде 6 (Atlanta туысында) бүйір қалақшалары дамыған. Сонымен қатар, ауызының алдында қармалауыштары мен көздері, ауызының артқы, денесінің бауыр жағында аяқтың бастамасы мен статоцистер дамиды. Желкеннің арқа жағындағы эктодерма қабаты қалыңдап, кейін пайда болған ойыққа батып, оның түбінде бақалшақ безін түзеді. Бақалшақ безінің артында эктодерма қабаты қатпарланып мантия қуысының бастамасы мен қылаулатқышты жауып жатады. Өкпелілерде (Pulmonata) мантия қатпарлары денесінің оң жағында терендей түсіп, бірте-бірте алдыңғы ұшына өсуін жалғастырады. Төменгі сатыдағы бауыраяқтыларда мұның орнына мантия қуысының бастамасы, қылаулатқыш пен бақалшағы 180°-қа күрт айналады да ақырында қылаулатқыш дененің алдыңғы ұшында жатады. Желкен біраз уақыт суда жүзіп жүреді де, кейін су түбіне түсіп, ауыз алды кірпікшелер күлтесі редукцияланып, ересек түріне айналады. Жоғарыда сипатталған метаморфоз Prosobranchia мен Opisthobranchia класс тармағының өкілдерінде байқалады, ал Pulmonata класс тармағы өкілдерінің дамуы тікелей жүреді, яғни ұрықтың түрлене өзгеруі сатысы соңына дейін жұмыртқа қабығының ішінде өтеді де, сыртқа ересек түріне ұқсас моллюска шығады.
Бауыраяқтылардың беретін өнімдері басқа моллюскалармен салыстырғанда онша үлкен емес. Көптеген теңіз алдыңғыжелбезектілер (Prosobranchia) жеуге жарамды, мысалы, жағалық ұлу - Littorina, түтікті үлу — Buccinum undatum, пателлидалар - Patella. Еуропа елдерінде жүзім ұлуын (Helix pomatia) тамаққа қолданады. Бұл мақсатта оларды арнайы ұлу шаруашылығында өсіреді. Негізінде жүзім ұлуы ауыл шаруашылық зиянкесі болып есептеледі. Кейбір теңіз алдыңғыжелбезектілердің бақалшақтарындағы маржаны (інжу тәрізді, қабыршақты құбылмалы бағалы зат) әр түрлі әшекейлік заттарды, сәндік бұйымдарды, түймелерді өңдеуге қолданылады, мысалы, Turbo, Trochus, Haliotis —туыстарының бақалшақтары. Бауыраяқтылардың бақалшақтары, мысалы, Monetaria moneta, Cypraea annulus, Oliva flammulata, Achatina balteata, Conus arenatus Океания аралдарында, Африка, Америка аймақгарында, Гвинеяда, Оңтүстік, Шығыс, Орталық Азияда және ПІығыс Еуропада XX ғасырдың басына дейін “каури” және “пела” деп аталатын айырбас ақша орнына пайдаланылған. Кауриларды ақша ретінде қолдану туралы мәліметтер VII ғасырдан бастап ежелгі Үнді шежірелерінде кездеседі. Пайдалы жағымен қатар, бауыраяқтылардың зияны да күшті. Ауыл шаруашылық үшін Pulmonata класс тармағының құрлықтағы түрлері, атап айтқанда шырыштылар (Arionidae) тұқымдасының өкілдері, соның ішінде Deroceras reticulatus— ұзындығы 3 — 6 см-ге дейін жететін, темекі, жоңышқа, картоп, қызылша, күздік егістер және бақша өсімдіктерінің қауіпті зиянкесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет