7.Жауын құрты.Ет-тері қапшығының құрылысы,жылжу маңызы Денесі созылыңкы, ұзындығы 0,5 ммден 3 метрге дейін. Сегменттері біркелкі (гомономды), саны 30-дан 600-ге дейін, кейде 7-9 болады. Бас қалақшасында - простомиумда көздері, антенналары, пальпалары дамымаған. Сегменттеріндегі параподиялары жойылып, тек сирек орналасқан қылтандары сақталған, сондықтан құрттарды азқылтандылар деп атайды. Әрбір сегменттінде 8 дана қылтаны болады, олар бүйір және құрсақ жағында жұптасып жатады. Денесінің соңында аналь бөлімі - пигидиум орналасқан. Жіңішке созылмалы кутикуланы түзетін тері эпителиясы кілегейлі без клеткаларына бай. Бұлар әсіресе белдеу төңірегінде көбірек. Эпителидің астында жақсы жетілген сырты сақина тәрізді, іші - тығыз орналасқан ұзына бойы бұлшықеттерден құралған тері-бұлшықет қапшығы жатады. Топырақта тіршілік ететін Lumbricidae жауын құрттарының ауыл шаруашылығында алатын маңызы зор. Олар топырақта індерін қазып, өсімдік тамырының топыраққа еркін жайылуына ықпалын тигізеді, судың, ауаның топыраққа еркін өтуін реттейді. Індерін қаза отырып топырақтың астыңғы қабатын жоғары бетіне көтеріп, қопсытып араластырады. Алға жылжи жүре топырақты жұтып алып, ішегінен өткізіп, сыртқа копролит деп аталатын нәжістерін шығарады. Олар топырақты қарашірікке байытады. 1 гектар жердегі құрттар жылына 10-30 тоннаға дейін топырақты құнарландырады. Сонымен қатар, індеріне жапырақ, шөп, өсімдіктердің қалдықтарын тасып, олардың тез шіріп, гумусқа айналуына әсер етеді. Жауын құрттары топырақтағы процестерге күшті әсер етеді. Жауын құрттары басқа жануарларға да жем.
8.Насекомдардың ауыз аппараты Қоректік заттардың түрлеріне және қоректену тәсілдеріне байланысты ауыз аппараты кеміргіш, кеміргіш — жалағыш, кеміргіш — сорғыш, шанышқыш — сорғыш, сорғыш, жалағыш тағы басқа типтес болып келеді. Насекомдардың басы акрон және 4 өсіндіден тұрады.1)жойылған; 2)жоғарғы жақ; 3)максила I(төменгі жақ);4)максила II(ерін).Жоғарғы ерін мен жоғарғы жақ сегменттелмеген,төменгі ерін мен төменгі жақ сегменттелген.Жоғарғы ерін мен жоғарғы жақтары буындалмаған.Жоғарғы жақтың ішкі жағы ара тәрізді.Төменгі ерін мен төменгі жақ бірнеше буыннан тұрады.Төменгі ерін –иек,иек асты,ішкі қалақша,сыртқы қалақша,қармалауыштар.Төменгі жақ-Негізгі буын,бағанаша,ішкі қалақша,сыртқы қалақша,жақ қармалауыштар.
Кеміргіш ауыз аппараты, насекомдардың ауыз аппараттарының ішіндегі ең байырғысы және алғашқы түрі. Түрлі қорекпен қоректенуге көшуіне байланысты насекомдардың ауыз аппараттары едәуір өзгерістерге ұшыраған, бірақ кеміргіш ауыз аппаратының негізгі бөліктері оларда сақталып қалған. Инеліктерге, тарақандарға, дәуіттерге, тікқанаттыларға, термиттерге, қоңыздарға және көптеген насекомдардың личинкаларына тән.
Сорғыш ауыз аппараты Төменгі жақтары тұмсыққа айналған.Қалған бөліктері редукцияға ұшыраған.Көбелектерге тән.
Жалағыш ауыз аппараты Шыбындарға тән.Астыңғы еріннің екі қалағы жалағыш,сүзгіш қызметін атқарады.Үстіңгі еріні астыңғы ерінді жауып,түтік түзеді. Төменгі жақтары мен жоғарғы жақтары жойылған.Жақ қармалауыштары сақталған.
Шаншып сорғыш ауыз аппараты Масаларға тән.Төменгі жақтары мен жоғары жақтары шанышқыш қылтанға айналған.Төменгі еріні соратын жіңішке түтікті құрайды.
Қандалада төменгі жақтың қылтанақтары соратын түтікке айналған.Үстіңгі ерін мен жоғарғы жақтары шанышқыш аппараты.
Кеміріп жалағыш ауыз аппараты Араларға тән.Жоғарғы жақ кеміреді.Төменгі жақ,төменгі ерін тұмсыққа айналған.