19. Кенелердің құрылысы. Тудыратын аурулары. Кенелер- өрмекші тәрізділердің 3 отрядын біріктіреді. Денелері 0,05 тен 13 мм жетеді, тойынған қан сорғыш кене денесі 30 мм дейін ұлғаяды. Дене бөліктері біртұтас болып біріккен. Дернәсілдеріның 3 жұп, нимфалары мен имагосының 4 жұп аяқтары бар. Денесімен қозғалмалы қосылған педипальпалары күрделі ауыз мүшесін, (басқа ұқсас) құрайды. Хелицерларының сырт пішіні әртүрлі, педипальпалары кене қармалағыштарын құрайды. Сезім мүшелері - денесіндегі көптеген қылтанақтары, лира тәрізді мүшелері мен көздері. Тармақталған кеңірдек тәрізді тыныс мүшелерімен, ал кейбір түрлері терісі арқылы тыныстайды. Кенелер дара жынысты буынаяқтылар. Оларда жыныстық диморфизм айқын байқалады. Кене отрядтары: шөпші кенелері, ең жабайы сатыдағылары. Ол жер шарының жылы аймақтарының орманды жерлерін мекендейді. Бұлар өте ұсақ топырақ бетіндегі жыртқыштар. Акариформдық кенелер денесі екіге протеросомаға, (алдыңғы жұп аяғы мен ауыз аппараты) және гистеросомаға (құрсағы мен артқы жұп 2 аяғы) бөлінген; паразитиформдық кенелер денесі құрсақ пен баскеудеден тұрады. Оның 4 жұп аяғымен ауыз аппараты, (басы) бар. Акариформдық кенелер құрамында қора, қышыма қотыр, жүн, қауырсын, су, өрмек сауыттылар, берішкенелері бар. Тоғышарформдық кенелер құрамына иксодид, аргазид және гамазидтер енген. Кенелер дерматиттер, қотыр ауруларын туғызады. Қан сорғыш кенелер көптеген ауру қоздырушыларын тасымалдайды, (энцефапиттер, туляремия, сібір жарасы т.б.). Кенелер көптеген таспа құрттардың аралық иелері, (аноплоцефалидтер).
20.Басаяқтылардың құрылысы Басаяқтылардың дене пішіні ұзынша — сопақ немесе ұршық тәрізді, торпеда тәрізді, таяқша және диск пішінді болып келеді. Денесі әдетге тығыршыкты және бүлшықетті, тек кейбір түрлерінде (Alloposus mollis) қоймалжың жұмсақ болады. Денесі бас, тұлға және түрі өзгерген аяқтан тұрады. Түлғасы қап тәрізді, артқы жағы үшкірленген (кальмар — Oegopsida-да) немесе дөңгеленген (каракатица - Sepia, сегізаяқ - Octopus-та), бүйірінде жұп немесе екі жұп жүзу қанаттары бар. Қанаттары ромб пішінді немесе дөңгеленген кішкене құлақтәрізді болып келеді, ал Sepia туысының өкілдерінде олар мантия бойында, алдыңғы жағынан басталып, артқы бөлімінде бірігіп кеткен енсіз жиекпен көмкерілген. Sepioteuthis-де мантия бойындағы қанаты ортасында жуандаған, Ctenopteryx cyprinoidesтың қанаттары балықтың қанаттарына ұқсас. Бас бөлімі түлғасынан айқын бөлінген, оның пішіні түлға пішініне сай — дөңгеленген, үзарған немесе дорзо-вентральді жалпайған. Бас бүйірлерінде орналасқан қызыл-сары, сары немесе жасыл түсті құбылмалы үлкен көздерімен және ауыз тесігін қоршап тұратын аяққармалауыштары немесе қолдарымен басаяқтылар басқа моллюскалардан ерекше.