Үшінші кезең соғыстан кейінгі 40-жылдар мен ХХ ға- сырдың бүкіл екінші жартысын қамтиды. Бұл кезеңде ортақ үрдіс — адамның ақыл-ойы мен техникалық прогрес- ке деген сенім айқын көрінді. Десе де, адам мен қоғамның, адам мен табиғаттың бір-біріне қарсы тұру проблемасының өзара түсіністік табуы да назардан тыс қалмады. Әрбір келесі онжылдық мәдениетке қандай да бір ерекше жа- ңалық қосып отырды. 60-жылдары жастар контрмәдениетін немесе жастар топтары мен ағымдарының (хиппи, панкалар және т.б.) антимәдениетін жасауға әрекеттенген “алпысшылдардың” феномені пайда болды.
ХХ ғасырдың бас кезінде джазды сауатсыз кезбе музыканттар орындаса, бүгінгі күні оны консерваториялардың, өнер академияларының үздік бітірушілері орындайды. Луи Армстронгтің, Бигстің, Элла Фитцжеральдтардың есімдері бүкіл дүниежүзіне әйгілі болып, олардың шығармашылығы үлгіге айналды. Бұқаралық мәдениет бастапқыда саудаға, коммерцияға арналды. Бұқаралық мәдениет — бұл өнеркәсіптік өндірістік 205 мәдениет.Кино 20—50-жылдары ең бұқаралық ойын-сауыққа айналды. 60—90-жылда- ры кино бұқаралық және фестивальдық киноға бөлінді. Бұқаралық мәдениеттің халықаралық сипаты бар, ол Америка мен Еуропада, Азия мен Африкада, Латын Америкасы мен Аустралияда да ұқсас заңдар бойынша дамиды, бірақ 70-жылдарға дейін оның басымдыққа ие болған елі АҚШ болды. Және әлі де дүниежүзілік нарыққа бұқаралық мәдениет туындыларының көпшілік бөлігін де АҚШ шығарады. 60—70-жылдары АҚШ пен Еуропада интернационал- дық стильден аударғанда жоғары технологиялар дегенді білдіретін “хайтек” стилі пайда болды, ол қоғамдық ғимараттар, спорттық және театр орталықтарын, көрме павильондарын (Париждегі Ж. Помпиду мәдени орталы- ғы) салу үшін пайдаланылады. ХХ ғасырдағы мәдениеттің түбегейлі бетбұрысы мүлдем жаңа бағыттар және ағымдармен қатар өсіп келе жатқан қарсы ағынның пайда болуынан: ескі бағыттар мен стильдердің жаңа классицизм, реализм, ретроның жаңа формаларында қайтадан жандануынан көрініс беруде. Олар суретшілер мен көрермендердің қазіргі ұрпағының қызығушылығынан тыс қалмайтынын дәлелдеуде.